1 Карипова М. Р



Pdf көрінісі
бет122/159
Дата27.12.2023
өлшемі3.61 Mb.
#488150
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   159
Экономикалық-теория.-Карипова

1. 
Фискалдық қызметі – мемлекеттік бюджеттің табыстарын қамтамасыз ету, 
бұл мемлекеттің ерекше бақылауы мен ықпалында болады. 
2. 
Реттеушілік қызметі – макроэкономикалық үдерістерді, жиынтық сұраныс пен 
жиынтық ұсынысты, экономикалық өсудің қарқыны мен жұмысбастылықты реттеу. 
3. 
Бөлу қызметі ұлттық табысты, жеке және заңды тұлғалардың табыстарын, 
капиталды және инвестициялық ресурстарды бөлу және қайта бөлу. 
4. 
Әлеуметтік қызметі салықтар, салықтық жеңілдіктер және салық 
мөлшерлемелері арқылы мемлекеттің халық алдында әртүрлі әлеуметтік міндеттемелерді 
дәстүрлі түрде орындауы. 
5. 
Ынталандыру қызметі – жеке және заңды тұлғалардың экономикалық 
мүдделеріне сай жеңілдіктер мен сыйақылар, тыйым салушы және шектеуші 
мөлшерлемелер түрінде көрінетін салық механизмінің әртүрлі құралдарын қолдану. 
6. 
Бақылау қызметі – құқықтық механизмдерге жүгіне отырып мемлекеттік билік 
пен заң күшіне бағыну негізінде мемлекет пен бизнес, мемлекет пен халық арасындағы 
салық қатынастарының дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету және оны қорғау. 
Салық жүйесі мемлекеттің сәйкес келетін заңдылық актілеріне негізделеді. Осыған 
байланысты салық элементтерін анықтауға болады. Салық элементтері: 
1. 
Cалық субъектісі немесе салық төлеуші – заң арқылы салық төлеу міндеті 
жүктелген адам. 
2. 
Салық объектісі – салық салынатын және есептелетін табыс немесе мүлік 


106 
(жалақы, пайда, құнды қағаздар, жылжымайтын мүлік, т.б.) 
3. 
Салық көзі – есебінен салық төленетін табыс. 
4. 
Салық мөлшерлемесі – салық салу бірлігіне келетін салықтың көлемі 
(табыстардың ақша түріндегі бірлігі, тауардың өлшем бірлігі және т.б.). 
Салық мөлшерлемесінің келесідей түрлері бар: 
1. 
Тұрақты салық мөлшерлемелері табыстар көлеміне байла- нысты емес салым 
бірлігіне абсолюттік сомамен белгіленетін мөлшерлемелерді білдіреді. 
2. 
Үдемелі салық мөлшерлемелері табыстың өсуіне байланысты артып отыратын 
салықтың орташа мөлшерлемесін білдіреді. 
3. 
Кемімелі салық мөлшерлемелері табыстың өсуіне байланысты төмендей беретін 
салықтың орташа мөлшерлемесін білдіреді. 
Қазақстан Республикасының жаңа Салық Кодексінде салықтардың, алымдардың және 
төлемдердің келесідей түрлері бекітілген: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет