1. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және аудит жұмысының Ұйымдастырылуы



бет4/8
Дата07.07.2016
өлшемі0.72 Mb.
#183418
1   2   3   4   5   6   7   8

Баланс қаржылық есеп беруде үш элементті сипаттайды: активтер, меншікті капитал және міндеттемелер. Қалған екі элементі – табыс және шығын – қаржы-шаруашылық қызметі нәтижелері туралы есеп беруде көрсетіледі.

Және бұл баланс есепті кезеңнің басы мен соңындағы мезгіл мәліметтердің жиынтығы болып табылады, яғни онда осы балансты толтыру кезіндегі шаруашылық операцияларының жиынтығы жазылып отырады. Ол кәсіпорынның есепті кезең ішіндегі мүмкіндік жағдайын көрсетпейді. Бұл ең алдымен баланстың динамикалық баптарына қатысты, олар «материалдар», «дайын өнім», «тауарлар», «дебиторлық борыш» және басқалар. Мысалы, жыл соңында қолда бар өнім қорлардың үлес салмағының көп болуы мен дебиторлық борыштың айтарлықтай үлесі, мұндай жағдай жыл бойы осылай болды дегенді білдірмейді.

Бұл баланста кәсіпорынның активтерін сатып алуда тарихи бағаны қолдану принципі жүргізіледі, ол мүліктің жалпы алғанда нақты бағасын едәуір дәрежеде бұрмалайды. Баланстың жеке баптарына инфляциялық факторлар мен нарық коньюктурасының өзгерісі едәуір бұрмалаушылық әсерін тигізуі мүмкін.

Осылайша кәсіпорынның қаржы-шарушалық қызметінің нәтижесі туралы есеп, қаржылық есептің қалған екі элементі туралы – яғни табыс пен шығынар туралы мәліметтерден тұрады. ҚР Президентінің 1995 жылы 26 желтоқсандағы №2732 «Бухгалтерлік есеп туралы» заң күші бар Жарлығында, сондай-ақ ҚР-ның Ұлттық комиссиясының қаулысымен бекітілген бухгалтерлік есеп бойынша 1996 жылы 12 қарашада №2 қаржылық есепті дайындау және тапсыруға қажетті Концептуалдық негізінде айтылғандай, бұл элементттер кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштерін өлшеумен тікелей байланысты. Табыстар активтердің көбейюін немесе міндеттемелердің азаюын көрсетеді, ал шығындар – активтердің азаюын немесе есепті кезеңдегі міндеттемелердің көбеюін көрсетеді.

Табыстар мен шығындар баптарының арасына қойылған шектеулер тәжірибеде жалпы қабылданған болып табылады. Бұл шектеу, баптың қалыптасу көзі осы кәсіпорынның ақша қаражаттарын болашақта айналдыру мүмкіндігін бағалау барысында белгілі бір маңызға ие болады деген негізде жүргізіледі.

Сонымен, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаған кезде тек бухгалтерлік баланс мәліметтері ғана емес, сонымен бірге басқа да қаржылық есеп беру нысандарының көрсеткіштері, түсіндірме хаттағы мәліметтер және де есеп берудегі қосымша ақпараттар мәліметтері де қолданылады.

Қаржылық есеп берудің жаңа түрі, кәсіпорынның коммерциялық құпиясы болып табылатын ақпараттарына сүйенбестен, оның қаржылық жағдайын кешенді түрде талдауға мүмкіндік береді.




2.3 Ағымдағы активтерді талдаудың әдістері
Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашалық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі және сыртқы талдау деп бөлуді қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі ақпараттық көздері бар.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар: Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте кәсіпорынның шарушалық қызметін динмикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы кезеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметтерін жариялайды. Есеп берудің екінші түрі – басқару талдауы, бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнынның нормативтері туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп берудің ішіндегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша шығындар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады. Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашалық жүргізу деңгейін анықтау шығындары мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті жояды. Ішкі талдау басқару есебі, ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққа өту кезеңінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда жаңа амалдар қажет.

Бұрынғы қолданылып келген талдау әдістемесінде әртүрлі баптардың мәндерін, баланс бөлімі мен топтарының жиындарын олардың мөлшерлік көлемдерімен салыстыру, мөлшерден ауытқуын зерттеу, бұл ауытқулардың кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығына қарай әсер етуін зерттеу шешуші рөль атқарады. Жаңа қаржылық есептің маңызды ерекшеліктерінің бірі – онда жоспарлық көрсеткіштер мен нормативтердің жоқтығы болып табылады.

Нарық жағдайында қаржылық жоспарлау кәсіпорынға оның қызметі жөнінде көптеген параметрлерді сырттан бекітетін орталықтандарылған әкімшілік сипаты жояды. Ол, алдымен бәсекелестік нәтижесінде қарқынды өзгеріп отыратын нарытық конъюнктура жағдайында өзінің хал-жағдайын нығайтуға ұмтылатын кәсіпорынның шаруашалық әрекетінің икемді стратегиясы мен тактикасын жасауға қызмет етеді. Қаржылық қызметте нормативтерді пайдалану кәсіпорынынң өз еркінде, сондықтан нормативтер туралы ақпараттар, коммерциялық құпияға айналады. Жоспарланған нормативтерден ауытқуды талдау, кәсіпорынның ішкі талдауының құрамдас бөлігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп беруге негізделген қаржылық жағдайды талдау, сыртқы талдау сипатына ие болады, яғни бұл кәсіпорынынң қызметі туралы ақпараттардың шектеулі бөлігінен тұратын есеп мәліметтері негізінде осы кәсіпорынның мүдделі контрагенттерінің – меншік иесі немесе мемлекеттік органдардың берілген кәсіпорынның шегінде жүргізетін талдауы. Қаржылық жағдайды ішкі талдау әдістемесі, әрбір кәсіпорын үшін тек потенциялды әріптестерін бағалау мақсатында ғана емес, сонымен қатар қаржылық есепті сыртқы пайдалаушылардың көзқарасы тұрғысынан алғандағы өзін-өзі бағалау үшін де қажет.

Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырады. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:


  1. көлденең талдау;

  2. тікелей талдау;

  3. трендтік талдау;

  4. салыстырмалы талдау;

  5. факторлық талдау;

  6. қаржылық коэффициенттер әдісі.


Көлденең (уақытша) талдау – есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдерімен салыстырғандағы бухгалетрлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.

Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштері және баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.

Тікелей және көлденең талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан да есептік бухгалтерлік үлгі құрылымы секілді оның жеке көрсеткіштерінің динамикасында сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.



Трендік талдау барлық көрсеткіштер 100 пайыз деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендік талдау әрбір есеп позициясын бірқатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткішердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, ал одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.

Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған әдісі әртүрлі қаржылық коэффициентерді пайдалану болып табылады.



Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициенттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.

Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффициенттерді талдаудың пайдалылығы оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл – қатынастарды талдаудың ең қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының ішкі және сыртқы факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономикалық жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалар. Қатынастарды үлкен байыптылықпен талдау қажет, өйткені тек бір ғана фактор алымына да, бөліміне де әсер етуі мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі өткен кезеңдегі, теориялық дәлелдеп салалық қатынаспен салыстырылады. Қатынасты талдау болашаққа бейімделуі тиіс.

Қатынасты талдаудың рөлін асыра бағалаудың да қажеті жоқ, себебі олардың әмбебап мәні болмайды және диагностика үшін индикатор болып табылмайды. Әлдеқайда тереңдетілген талдау, қатынас негізінде жасалған шешімдерді әрқашан қолдай бермейді, себебі олардың деңгейіне келесілер әсер етеді, жекелеген кәсіпорындардың ерекшеліктері орташа салалық мәліметтер. Сондай-ақ, өткен жылдардағы нақты қол жеткізілген деңгейдің қолайсыз болуы немесе оның сол өткен жылдар жағдайы үшін қолайлы болып, бірақ қазіргі және болашақтағы жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуі әсер етеді.

Қаржылық талдауды салыстырмалы көрсеткіштер негізінде жүргізудің шетелдік тәжіриебесін механикалық түрде көшіріп алу, көп жағдайда тиімсіз, себебі бұл жағдайда біздің кәсіпорындардың өз ерекшеліктеріне назар аударылмайды. Нәтижесінде бір көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы туралы берілген кеңестер кейбір кезде расталмайды. Дегенмен, қаржылық жағдайды талдау барысында салыстырмалы көрсеткіштерді зерттеу қажет болады, себебі ол болып жатқан жағдайларды түсінуге және де оларды тек ағымдағы мезетте ғана емес, сонымен қатар болашақта да дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Әлдеқайда кең таралған және зерттелген көрсеткіштерге мыналар жатады: өтімділік, қаржылық тұрақтылық, табыстылық және іскерлік белсенділік.



Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау – бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткішерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың көрсеткіштері орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашалық аралық талдау болып табылады.

Факторлық талдау – бұл жекелеген факторлардың қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде – тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол – кері болуы мүмкін.

Жоғарыда көрсетілген әдістермен қатар, қаржылық жағдайды талдауда экономикалық (элиминирлеу, баланстық үйлесу және тағы басқа), содай-ақ экономикалық және математикалық статистиканың (топтау, орташа және салыстырмалы шама, графиктік және индекстік әдістер, корреляция, регрессия және тағы басқа) дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Белгілі бір экономикалық ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану кәсіпорынның қаржылық жағдайына терең талдау жасауға және шаруашалық кәсіпорынының қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, жағдайын жақсартуға байланысты ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді.

Айта кеткен жөн, кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізудің дәйектілігі жөніндегі басылып шығарылған әдістемелік зерттеулердегі авторлардың ұсыныстары оқырмандардың назарын аударады.

Жалпы редакциясын В.И.Стражева басқарған, Беларусь Республикасының Мемлекеттік экономикалық университетінің авторлар ұжымы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды алдымен оның активтері мен пассивтерін талдаудан бастау ұсынылады, содан кейін кәсіпорынның төлеу қабілеті мен қаржылық тұрақтылғын, сондай-ақ активтердің қайтарымдылығын талдауға және оның қаржы жағдайын қысқа мерзімді болжауға кеңес беріледі.

Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаудың соңғы әдістемесін А.Д.Шеремет пен Р.С.Сайфулин ұсынады. Ол талдаудың келесі бөліктерінен тұрады: қаржылық жағдайдың жалпы бағасы және есепті кезеңдегі оның өзгерісі; кәсіпорынынң қаржылық тұрақтылығын талдау; баланс өтімділігін талдау; кәсіпорынның іскерлік белсенділігін және төлеу қабілетін талдау.

Қаржылық жағдайды және оның есепті кезеңдегі өзгерісін салыстырмалы аналитикалық баланс-нетто бойынша бағалау, сондай-ақ қаржылық тұрақтылықтың абсолюттік көрсеткіштерін талдау, олардың ойына, кәсіпорынынң қаржылық жағдайын талдаудың басқа бөліктерін дамытуға тиісті оның негізгі бастапқы пунктін құрайды. Баланс өтімділігін талдау, тұақтылықты талдаудан туындап, ағымдағы төлеу қабілеттілігін бағалап, болашақтағы төлем қабілеті мен қаржылық тепе-теңдіктің сақталу мүмкіндігі туралы қорытынды жасауға тиіс.

В.А.Андреев (20) және В.В.Ковалев кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалауға байланысты жұмысты екі модульді құрылым түрінде ұйымдастыруды ұсынады: экспресс-талдау және тереңдетіп талдау. Экспресс-талдаудың негізгі мақсаты – бұл шаруашалық кәсіпорынының даму динамикасын және қаржылық жағдайын бағалау болып табылады. Оның шеңберінде қойылған мақсатқа көрнекті және жай кол жеткізуге мүмкіндік беретін негізгі көрсеткіштердің аздаған санының динамикасына есеп, бақылау және талдау жүргізіледі.

Тереңдетіліп нақтыланған талдау экспресс-талдаудың бөлек тәртібін кеңейтеді, толықтырады және дәлелдейді. Оның мақсаты – шаруашалық кәсіпорынының қаржы жағдайы туралы, оның өткен есепті кезеңдегі қызметінің нәтижесі, сондай-ақ кәсіпорынның болашақтағы даму мүмкіндіктеріне соңғы толық баға дәрежесі аудитордың өзінің ықыласына байланысты.

Қорыта айтқанда, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдауда аудиторлы түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдануға еркі бар. Оларды ұтымды пайдаланып, осы талдауды жүргізудің дәйектілігіне байланысты дұрыс әдісті таңдай отырып, аудитор қаржылық жағдайға терең, жан-жақты әрі кешенді талдау жүргізе алады, сондай-ақ объективті және анық баға береді, қаржылық тұрақтылықтың нығаюы мен кәсіпорынның табыстылығының өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды.

3. Кәсіпорынның активтерінің құрамы мен құрылымын талдау
3.1. Активтердің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлеріің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді талдау барысында осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкндік береді.

Активтердің өсуі кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін испаттайды.

Алайда, кәсіпорын мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгей баланстық есептің ноиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық құнын құру барысында жүргізіледі.

Отандық есептік-аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтанда олардың құнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз.

Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың таратылуына талдау жасау үшін келесі 4-аналитикалық кесте құрылады.

Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының есепті жылы 9406 мың теңгеге немесе 28,9-ға артқандығын көруге болады. Бұл кәсіпорынның әрі қарайғы дамуын көрсететіндіктен, оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алайда активтерді талдай отырып, олардың қалай таратылғанын және есепті жылы неге көбірек көңіл бөлінгенін, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобльділігін анықтау қажет. Ол үшін, ең алдымен кәсіпорынның өндірістік потенциалының көлемін анықтау қажет, ол туралы арнайы оқулықтарда түрлі көзқарастар кездеседі. Бірінші әдістеме бойынша оның құнына негзгі құралдардың, өндірістік қорлардың, аяқталмаған өндірістің, өсімдегі және бордақылаудағы малдар құндары қосылады.

Екінші әдістемеде кәсіпорынның өндірістік потенциалын анықтайтын активтер құрамына жоғарыда көрсетілгендерге қосымша, аяқталмаған күрделі қаржылар және қондырылатын жабдықтар құны қосылады. Бұл әдістеме кәсіпорындарда болып жатқан даму процесін әлдеқайда дәл сипаттайды. «Шаруашылық тәжірибесінің мәліметтері негізінде, өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің келесі шегі, яғни К  0,5 қалыпты болып есептеледі» - деп жазады А.Д.Шеремет пен Р.С.Сайфулин. Көрсеткіштердің мәні ең төменгі мәннен аз болған жағдайда, кәсіпорынның есепті кезеңдегі қызметінің қаржылық нәтижелері активтерді меншікті қаражат есебінен толықтыруға мүмкіндік бермейтін болса, өндірістік мақсаттағы мүлікті арттыру үшін ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарын тартқан жөн.

Екінші әдістеме бойынша анықталған өндірістік потенциал құны біз талдау жүргізіп отырған кәсіпорындарда жыл басында – 20143 мың теңгені, жыл соңында – 20855 мың теңгені құрайды, яғни 712 мың теңгеге немесе 3,53 пайызға өскен. Баланс активтерінің жалпы құнындағы өндірістік потенциал үлесі есепті жылы 13,37 пункте кемігенмен жыл соңында 49,71%-ды құрады, бұл өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің қалыпты мәніне сай келеді.

4-кесте мәліметтері көрсеткендей қаражаттарды ұзақ мерзімді және ағымдағы активтер арасына тарату жыл аяғына соңғылардың пайдасына шешілді. Егер ағымдағы активтердің үлесі жыл басында 15,32 пункте аз болса (42,34-57,66), жыл аяғында ол ұзақ мерзімді активтер үлесінен 4,66 пункте асып кетті (52,33-47,67) және 52,33%-ды құрады. Ағымдағы активтердің өсуі ұзақ мерзімді активтердің өсуінен 9 есеге артық (59,32:6,56) болып отыр.

Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу коэффициентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін сипаттайды. Коэффициент мағынасы артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмысты қамту және кредиторлармен есеп айырсу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағы жағымды өзгеріс болып табылады – яғни мүлік әлдеқайда мобильді болады, бұл оның айналымдылығының жылдамдығын және оны пайдалану тиімділігінің өскендігін көрсетеді.

Талдау жүргізіп отырған кәсіпорындарда бұл коэффициенттің деңгейі жыл басында 1,42 (13781: 32551), ал жыл соңында 0,52 (21956:41957) құрады.

Кәсіпорын активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш – мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенті. Ол ағымдағы активтер құнын ұзақ мерзімді активтер құнына бөлу арқылы анықталады.

Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті көлемі, кәсіпорынның салалық ерекшеліктеріне байланысты. Өндірістік кәсіпорындарда берілген көрсеткіштің деңгей 0,5-тен төмен болмауы тиіс.

Талданып отырған кәсіпорында бұл көрсеткіш деңгейі жыл басында – 0,73 (13781: 18770), ал жыл аяғында – 1,1(21956:20001) құрайды. Бұл коэффициент деңгейі мобильді қаражаттардың өсу қарқыны иммобильді қаражттардың өсу қарқынынан артуының нәтижесінде өсіп отыр. Есепті жылы біріншілер, яғни мобильді қаражатар 1,6 есеге (21956: 13781), ал екіншілері – 6,6-ға (20001:18770 100) ғана өскен. Кәсіпорын ең төменгі қаржылық тұрақтылыққа, кәсіпорын міндеттемелері кепілдендірілген түрде ағымдағы активтермен өтелген жағдайда қол жеткізеді және келесі шарттың орындалу осы тұрақтылықтың белгісі болып табылады: ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер қатынасының коэффициенті қарыз капиталы мен меншікті капитал қатынасының коэффициентінен артық болуы керек.

Әрі қарай кәсіпорынның мүліктік жай-күйінде қандай сапалық өзгерістер болғанын зерттеу қажет. Бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасын құрайтын және негізгі қорлары болып саналатын, оның өндірістік потенциалының маңызды элементінің жағдайын зерттеу қажет.

Кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі құралдардың нақты құнының үлес салмағының өзгеруі, ерекше назар аударады. Өйткені бұл көрсеткіш кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы басты бағыт болып табылады. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы жиынтығындағы негізгі құралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активтерінің барлық сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиіс.

Біздің мысалымыз бойынша баланс валютасындағы негізгі құралдардың қалдық құнының үлесі жыл басында – 57,27-ды, ал жыл соңында – 46,7-ды құрайды, яғни бұл көрсеткіштің теориялық мәніне 3,53 пункт сәйкес келмейді. Негізгі құралдардың жалп ықұнындағы оның активті бөлігінің үлесін анықтау өте маңызды және де бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасының дамуындағы жағымды кезең болып табылады. Оның үлес салмағының өсуі қор қайтарымдылығының өсуіне әкеледі. алайда біздің кәсіпорында негізгі құралдардың активті бөлігінің үлес салмағы жыл соңында жыл басындағы 0,33-ке қарағанда, 0,29-ды құрады. Негзгі құралдардың активті бөлігінің үлесінің 0,04 пунктке кемуі, олардың өсу қарқынының барлық негізгі құралдардың өсу қарқынынан айтарлықтай дәрежеде арта қалуының нәтижесінде болып отыр. Барлық негізгі құралдар құны – 23,9-ға өскен кезде оның активті бөлігінің құны тек 5,9-ға өскен. Бұл әрине кәсіпорынның материалды-техникалық базасының дамуындағы жағымсыз кезеңі ретінде қарастырылуы тиіс.

Негізгі құралдардың техникалық жағдайын сипаттайтын маңызды көрсеткіш – бұл осы негізгі құралдардың тозу сомасының оның белгілі бір кезеңдегі бастапқы құнына қатынасы арқылы анықталатын тозу коэффициенті. Біздің кәсіпорынымызда негізгі құралдардың тозу коэффициенті жыл басында - 0,63, ал жыл соңында - 0,68 құрайды, яғни 0,05 пункте өскен. Бұл мәліметтер, негізгі құралдардың сапалық тозуын айтпай-ақ, олардың 2/3-ден көбі табиғи тозғандығын және ескіргендігін көрсетеді. Кейбір экономистердің бағалаулары бойынша 50-дан жоғары тозу коэффициенті жағымсыз құбылыс болып табылады. Осыған байланысты кәсіпорын басшылығы осы кәсіпорынның материалды-техникалық базасын нығайтуға және жаңартуға қатаң көңіл аударуы тиіс.

Әрі қарай, келесі 5-аналитикалық кестені құрастыра отырып, ағымдағы активтердің құрамы мен құрылмын талдау қажет:



Кәсіпорынның ағымдағы активтерінің құрамы мен құрылымы



Көрсеткіштер

Жыл басында

Жыл соңында

Өсуі(+), кемуі (-),






Сомасы, мың тг.

Үлес салмағы, 

Сомасы, мың тг.

Үлес салмағы, 

1

Ағымдағы активтер, соның ішінде:

    1. Тауарлы-матер-иалдық қорлар

    2. Дебитоарлық борыш

    3. ақша қара-жттары және қысқа мерзімді инвестициялар

    4. Басқа да ағым-дағы активтер

13781
11153

1165

1463
-


100
80,93

8,45

10,62
-


21956
17617

1671

1425
1243


100
80,24

7,61

6,49
5,66


+59,3
+57,9

-43,4

-2,6
+566


Келтірілген мәліметтер кәсіпорын активтерінің жалпы алғанда жағымды динамикасын көрсетеді, оларды жеке элементтер тұрғысынан зерттеу келесіде қортындыларды жасауға мүмкіндік береді. Ең мобильді активтер – яғни ақша қаражаттары мен қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бір жылда 38 мың теңгеге немесе 2,6-ға азайған.

Ағымдағы активтердің ең мобильді бөлігінің, олардың құнына қатынасы арқылы анықталатын айналым қаражаттарының мобильдік коэффициенті 1,6 есеге азайған және 6,49-ды құрайды. Бұл коэффициент, ағымдағы міндеттемелерді өтеуге бағытталатын қаражаттардың жалпы сомасындағ төлеуге дайын қаражаттардың үлесін көрсетеді.

Ең мобильді қаражаттардың үлесін көрсетеді.

Ең мобильді қаражаттар сомасының азаюы және айналым қаражаттарының мобильдік коэффициентінің жылдам төмендеуі кәсіпорынның төлеу қабілетінің нашарлағанын сипаттайды деп айтуға да болар еді. Алайда, нарық жағдайында айналым қаражаттарының төмен мобильділігі әрдайым тері бағаланбайтындығын да ескерген жөн. Есеп айырысу шотында қаражаттар қалдығының аздаға сомасының бар болуы немесе олардың болмауы әлі де болса кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін көрсетпейді.

Кәсіпорынның материалдық айналым қаражаттары есепті жылы 57,9-ға өскен және ол жыл аяғында 17617 мың теңгені құрады. Олардың үлесі 0,69 пункте азайғанымен оның көлемі әлі де болса өте жоғары болып отыр. Бұл жағдай, материалды айналым қаражаттарының құрамында сұранысы жоқ немесе шектеулі сұранысқа ие болатын және де сол себептен өтімділігі төмен болып табылатын басы артық және қалып қойған материалдық құндылықтар, дайын өнімдер, нормадан тыс шикізат қорлары, материалдар, аяқталмаған өндірістер жоқ па, соны анықтау үшін олардың құрамы мен құрылымына тереңдетілген талдау жүргізуді қажет етеді. Біздің кәсіпорынымызда материалдық ағымдағы активтер негізінен дайын өнім есебінен көбейген, олардың көлемі жыл аяғында 14538 мың теңгені құрады, бұл жыл басындағымен салыстырғанда – 0,9 есеге көп. Осы мерзімде өндірістік қорлар 9,5-ға азайған.

Есепті жылы дебиторлық борыш та әжептеуір өскен. Егер оның көлемі жыл басында – 1165 мың теңгені құраса, жыл аяғында ол – 1671 мың теңгені құрайды немесе 43,4-ға өскен, алайда ағымдағы активтер құрамындағы оның үлесі 0,84 пунктке азайды.

Дебиторлық борыш неге мұнша өскендігін және бұл бапты не үшін түсіндіру керектігін, зерттеп, қарыздарды өтеудің болашағын бағалау және егер болған жағдайда олардың құрамындағы күмәнді қарыздарды анықтау қажет. Кейбір қолма-қол ақшалардың кемуі едәуір дебиторлық борыштың салдары болып табылады. Алайда, айта кеткен жөн, ақша қаражаттарының бір бөлігі есепті жылы ұзақ мерзімді инвестицияларға бағытталған, олардың көлемі жыл аяғында 504 мың теңгені құрайды, бұл жыл басымен, яғни 128 мың теңгемен салыстырғанда 3,9 есеге көп.

Өтімді емес, өтімділігі төмен тауарлы-материалдық құныдылықтардың бар болуы, дебиторлық борыштың әсіресе, оның күмәнді бөлігінің үлкен мөлшерде болуы айналым қаражаттарының айналымдылығын бәсеңдеуіне әкеліп соқтырады және кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері әсерін тигізеді.

Осылайша, мүліктің және ағымдағы активтердің мобильділігінің өскеніне қарамастан, кәсіпорын басшылығы оның құрамындағы өзгерістредің негізділігін және оның себептерін бағалау қажет, сондай-ақ кәсіпорынның ағымдағы активтерінің жалпы сомасында маңызды көрсеткіштердің бірі болып саналатын және оның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын дебиторлық борышты талдауға басты назар аударуы қажет.

Айта кеткен жөн, кәсіпорынның қаржы жағдайына дебиторлық борыштың нақты бар болуы емес, оның көлемі, қозғалысы және түрі, яғни бұл борыштың пайда болу себебі әсер етеді. Дебиторлық борыштың пайда болуы кредиторлық борыш сияқты ақшаны аудару арқылыесеп айырысу жүйесі кезеңіндегі шаруашылық қызметтегі объективті процесс болып табылады. Дебиторлық борыш барлық уақытта есептулер тәртібінің бұзылуы нәтижесінде туындап, барлық уақытта да қаржылық жағдайды нашарлатады деуге болмайды. Сондықтан да, оны меншікті қаражатты толығымен айналымнан шығару деп есептеуге болмайды, өйткені оның бір бөлігі банктік несиелендірудің нысаны болып табылады да кәсіпорынның төлме қабілеттілігіне ешбір ықпал етпейді.

Кәсіпорынның дебиторлық борышы қалыпты және өөткелмеген болып екіге бөлінед. Өтелмеген дебиторлық борышқа, төлеу мерзімі өтіп кеткен есеп айырысу құжаттары бойынша тиеліпп жіберілген тауарлар үшін қарыздар жатады. Өтелмеген дебиторлық борыш айналым қаражаттарының заңсыз бұрмалауын және қаржы тәртібінің бұзылуын көрсетеді. Осыған байланысты талдаушы оның құрылымын зерттеу негізінде өтелмеген дебиторлық б орышты анықтауы тиіс.

Дебиторлық борыштың құрам және құрылымымен толық танысып шыққаннан кейін оны нақты құны бойынша бағалау керек. Себебі дебиторлық борыштың барлығы бірден өндіріліп алмауы мүмкін. оның қайтарымдылығы өткен тәжірибенің, сондай-ақ ағымдағы жағдайлардың негізінде анықталады. Бухгалтерлік тәуекелдің мәні, сол өткен кезең тәжірибесі болашақтағы зиянға сай келмеу мүмкін немесе ағымдағы жағдайлар толығымен ескерілмей қалуы мүмкін. нәтижесінде зияндар елеулі дәрежеде болады. талдаушы дебиторлық борыштың қайтарылу ықтималдылығын анықтаудың және оны дайындаудың дұрыстығы мен нақтылығын білуі керек.

Қарыздардың қайтарылмау пайызы бірнеше жылдардың орташа мәліметтері бойынша есептеледі. Мысалы, есептеу үшін 3 жылдың мәліметтері алынған, олар: 1,9, 3,3 және 6,8-ды құрайды. Үш жыл үшін дебиторлық борыштың қайтарылмауының орташа пайызының 4,0-ға тең. Алайда, оны зерттеліп отырған кезеңдерге ұғынбай таратуға болмайды. Нақты жағдайларды ескерту қажет, мысалы, қатарылмайтын пайызының байқалған өсу бағытын. Сондықтан, келесілерді зерттеу қажет:



  • Бір немесе бірнеше негізгі қарз тұлғалардың үлесіне қайтарылмайтын дебиторлық борыштың қанша пайызы келеді (бұл пайыз қайтарылмайтын қарыздың шоғырлануын сипаттайды);

  • Негізгі қарыз тұлғалардың ішінде біреуінің борышты төлемеуі, кәсіпорынның қаржы жағдайына әсер ете ме;

  • Қалыптасу мерзімі бойынша дебиторлық борышты қалай бөледі;

  • Ескі вексельдерді ұзарту дебиторлық борыштағы вексельдердің қандай үлесін көрсетеді;

  • Тұтынушының пайдасына жеңілдіктер (бағасын кеміту) мен басқа да жағдайлар есепке алынған ба, мысалы, оның өнімді қайтару құқы.

Дебиторлық борыштың өтімділік және сапалық көрсеткіштерін зерттеу маңызды болып табылады.

Сапа дегеніміз – бұл осы қарызды толығымен қайтарып алу ықтималдығы, ол қарыздың қалыптасу мерзіміне байланысты болады. тәжірибе көрсеткендей, дебиторлық борыштың мерзімі қаншалықты ұзақ болса, оны қайтарып алу ықтималдылығы соншалықты төмен болады.

Дебиторлық борыштың мөлшерлі мезгілін сипаттау үшін, оларды пайда болу мерзімі бойынша топтастыру керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет