«Солтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орынға ішкі (Солтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ мемлекеттік қызметкерлер арасындағы) конкурс жариялайды
1. Көлік және жолаушыларды тасымалдау бөлімінің басшысы
(1 бірлік), санаты D-О-3, лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет атқарған жылдарына байланысты 109932 теңгеден 148242 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға, жолаушылар тасымалын басқару, жолаушылар көлігін дамыту саласындағы бағдарламаларды әзірлеуге қатысу. Жолаушылар тасымалымен қызмет көрсету бойынша тендерлер ұйымдастыру. Жолаушыларға автокөлік қызметін көрсету бойынша тендер жеңімпаздарымен шарттарды және өзге де құжаттарды дайындау. Жолаушылар тасымалы бойынша қызмет көрсетуге арналған шарттарды тасымалдаушылардың орындауына бақылауды жүзеге асыру. Тұрақты автомобиль бағыттарын әзірлеу жөнінде аудан және Петропавл қаласының әкімдіктерімен жұмыс. Жолаушылардың автомобиль тасымалын талдау және ұйымдастырудың тәжірибесін қорытындылау, оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу. Бөлім қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыру және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына бақылауды жүзеге асыру. Басқарма басшысы айқындайтын өзге де функцияларды жүзеге асыру. Халыққа уақтылы және сапалы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
-
Жоғары білім: «Техникалық ғылымдар және технологиялар» (көлік, көліктік техника және технологиялар), «Қызметтер» (тасымалдауды ұйымдастыру, көлік қозғалысы және пайдалану), «Құқық», немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, статистика, маркетинг).
-
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
-
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын ортақ талаптар:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын, Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі талаптары. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.
«Автомобиль көлігі туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарды білу, осы саладағы өзге де нормативтік құқықтық актілерін және техникалық регламенттерін білу.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі. Қонкурс комиссия жұмысының айқындылығы және әділдігін қамтамасыз ету үшін оның отырыста байқаушылар мен сарапшылардың қатысуына жол беріледі.
Қажетті құжаттар тізбесі:
-
уәкілетті орган белгіленген нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Азаматтар олардың біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылым дәрежесі мен атағын беру туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми жарияланымдары, олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтерді) ұсына алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күннің ішінде тапсыру қажет. Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберген немесе электронды пошта арқылы trans@sko.kz электронды түрде, не «Е-gov» электронды Үкімет порталы, не «е-қызмет» біріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттар қабылданады. Электрондық пошта, не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат кешіктірмей құжаттардың түпұсқаларын тапсырулары тиіс.
Конкурсқа қатысуға құжаттар мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: 150000, Петропавл қаласы, Интернационал көшесі, 61-үй, 315-кабинет, тел. 8 (7152) 466685.Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Солтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-де, олардың әңгімелесуге жіберілгені туралы хабарламаны алған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде Петропавл қаласы, Интернационал көшесі, 61-үй мекенжайында, 304-кабинетте өтеді.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Анықтамаларды 8 (7152) 466685, факс 8 (7152) 338765
телефондары арқылы алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |