1 Көпқұдайшылық Дайындаған: Әбу Салих Қазақстани Аударған: Азамат Махыпбек ұлы



Дата23.02.2016
өлшемі246 Kb.
#11203



«Исламға» сайтының материалдары бойынша
(1)


Көпқұдайшылық

Дайындаған: Әбу Салих Қазақстани

Аударған: Азамат Махыпбек ұлы

«Исламға» сайтының басшылығы тексерген
Екінші басылым

Толықтырылып, түзелтілген нұсқасы

Кайр 2006ж

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен.
Оны дәріптеп әрі Одан жәрдем мен кешірім сұрап жалбарынатын Аллаһқа барлық мақтау мен мадақтар болсын. Жанымыздың жамандықтары мен жаман іс-амалдарымыздан Аллаһқа сиынып, Одан пана тілейміз. Кімде-кімді Аллаһ тура жолға бастаса, онда оны ешкім де адастыра алмайды. Ал кімде-кімді адастырса, онда оны тура жолға салар ешкім жоқ. Біз Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ екеніне, Оның серігі жоқ әрі жалғыз екеніне куәлік етеміз, сондай-ақ Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік етеміз.

WWW.TOISLAM.COM сайтынан Әбу Салих бауырымыздың таңдап, жинақтап әрі толықтырған баспа күйіндегі бір топ дәрістер жиынын қалың мұсылман жұртшылығы назарына ұсынамыз. Бауырымыздың осынау еңбегі үшін оған алғысымызды айтып, оған Аллаһ екі дүниеде де жақсылық беруін сұраймыз. Мұхаммедке, оның отбасына және оның сахабаларына Аллаһ тағаланың салауаттары мен сәлемдері болсын!
«Исламға» сайтының басшылығы.

WWW.TOISLAM.COM


Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен.
Әлемдердің Раббысы Аллаһқа барлық мақтау мен мадақтар болсын, әрі Мұхаммедке, оның отбасына және оның сахабаларына Алла тағаланың салауаттары мен сәлемдері болсын!

Ұлы Аллаһ тағала мейірімін төгіп, кейбір бауырларымыздың ат салысуымен осыдан төрт жыл бұрын «Исламға» деген сайт ашылған болатын. Дыбыс күйдегі Ислам жайындағы мағлұматтардың көптігі - бұл сайттың құндылықтарының бірі болып табылатын. Алға қойылған негізгі мақсат – дініміз ең алғашында пайғамбарымыз Мұхаммедке  қалай түсірілген болса, қалың жұртшылыққа дінімізді тура сол қалпында жеткізу еді.

Бұл сайттағы лекциялар бүкіл жер бетіндегі орыс тілдес мұсылмандар арасында өте кең таралып кетті. Ізінше әртүрлі ұсыныстар, өтініштер, алғыс хаттар және әлемдердің Раббысы Аллаһқа шүкіршілік айтқан тақырыптағы хаттар келіп жатты.

Көбіне осы сайттағы лекцияларды жазбаша түрде шығару жөніндегі өтініштер келетін еді. Алайда, бауырларымыздың оқып өткен сайттағы лекциялары мен дәрістері дайындық ретінде шағын ғана қағаз бетіне түсірілгені болмаса, үлкен көлемде қағаз бетіне түсірілмеген болатын. Дәрістердің жазбаша түрін талап еткен хаттар легі толастамағаны үшін мен Аллаһтан жәрдем сұрап, иман келтірген бауырларымыздың өтінішін орындауға бел будым.

Менің атқарған істерім:

1) Дыбыс күйіндегі материялдардан дәрістер мен лекциялар стилінен алыстамай, тыңдаушыға қалай жеткізілген болса, тура сол қалпында баспаға шығару. Мағынаның дәл болуы үшін, сондай-ақ сөздерді қайталамау мақсатында кейбір жерлері сәл ғана қысқартылып, кейбір сөздері ауыстырылды.

2) Қысқаша толықтырулар мен түсініктемелер енгізілді.

3) Лекциялардағы аталып өткен аяттар мен хадистерге сілтеме жасалды. Хадистердің алынған жерінің бір-екеуін ғана атап өтумен шектелдім.

Бұл еңбегім тегін таратылып, жалпы осы атқарған ісімнің құқығы өзімде қалады.

Аллаһ тағаладан Оның есімдері мен сипаттары арқылы осы ісімді пайдалы етуін, әрі бұл еңбегім үшін үлкен сый беруін сұраймын. Мұхаммедке, оның отбасына және оның сахабаларына Аллаһ тағаланың салауаттары мен сәлемдері болсын!1


Әбу Салих.

Һижра жыл санағы бойынша зул-Хижжаның 8-і, 1426 жыл.
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен.
Оны дәріптеп әрі Одан жәрдем мен кешірім сұрап жалбарынатын Аллаһқа барлық мақтау мен мадақтар болсын. Жанымыздың жамандықтары мен жаман іс-амалдарымыздан Аллаһқа сиынып, Одан пана тілейміз. Кімде-кімді Аллаһ тура жолға бастаса, онда оны ешкім де адастыра алмайды. Ал кімде-кімді адастырса, онда оны тура жолға салар ешкім жоқ. Біз Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ екеніне, Оның серігі жоқ әрі жалғыз екеніне куәлік етеміз, сондай-ақ Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік етеміз.

Бүгінгі дәрісті: «Тәубе етпейінше Алла кешірмейтін іс бар ма»?

«Оны істеген адамға жәннәтқа кіру тыйым салынатын іс бар ма»?

«Істеушісін мәңгі тозаққа кіргізетін іс бар ма»?

«Адамның барлық жақсы істерін түк болмағандай күлге айналдырып жіберетін іс бар ма»?

«Әлемдердің Раббысы Ұлы Аллаһ тағаланы ашуландыратын іс бар ма»? -дегендей сұрақтармен бастағым келіп отыр.

Жауабы йә, бар! Бұл іс – жаратылысты жаратушыға теңеу немесе әлемдердің Раббысы Аллаһ тағалаға серік қосу деп аталады. Басқаша айтсақ – ширк. Өкінішке орай бұл біздің уақыттағы көптеген мұсылмандардың істеп жүрген ісі...

Ширк – ең үлкен күнә. Бүгінгі әңгімеміздің өзегі де осы болмақ. Біз де осыған байланысты біраз мәселелерді қарастырып өтеміз.



  1. Ширктің қауіптілігі.

  2. Ширктің шығуы.

  3. Ширк түрлері.

  4. Шынайы түрде Аллаһты жалғыз деп танушылардың артықшылығы.

Ал енді әрбіріңіз өз жүрегін ақиқатты қабылдауға дайындап, ыңғайластыра берсін. Себебі бүгінгі дәріс тақырыбы өте маңызды, әрі Ислам дінінің негізі болып табылады.
1) Ширктің қауіптілігі.
Бауырларым! Шын мәнінде ширк – ең үлкен әділетсіздік. Надандықтың ең төменгі нүктесі. Сол үшін де барлық пайғамбарлар мен елшілер өз шақыруларын шынайы түрде Аллаһты жалғыз деп білуге шақырумен бастаған. Ал шынайы түрде Аллаһты жалғыз деп білу ширкке қарама-қарсы нәрсе. Олар дәл осы ширкті жек көргендей еш нәрсені жек көрмеген. Құрандағы және пайғамбарымыз Мұхаммедтің  сүннетіндегі біз байқайтын ең үлкен қорқытулар – ширкпен айналысушыларға байланысты қорқытулар. Кемшіліктен пәк Ұлы Аллаһ тағала өз кітабында:





«Шын мәнінде Аллаһ тағала Оған серік қосқанды кешірмейді. Әрі одан өзгесін кімге қаласа кешіреді. Ал кімде-кім Аллаһқа серік қосса,

онда ол үлкен күнә жасады»2- деген.

Сондай-ақ тағы бір аятта:







«Шын мәнінде кімде-кім Аллаһқа серік қосса, оған Аллаһ тағала жәннәтты харам етеді. Оның орны тозақ оты. Сондай-ақ залымдар

үшін жәрдемші болмайды»3-дейді.

Ең жақсы адамдар - пайғамбарлар туралы Аллаһ тағаланың не дегеніне қарап көріңіз:





«Егер олар ортақ қосса еді, әлбетте олардың істеген амалдары

жойылып кеткен болар еді»4-дейді.

Ал енді Алла тағала өз жаратқандары ішіндегі ең жақсы жаратылысы Мұхаммедке  не дегенін қарап көріңізші:







«Шын мәнінде саған әрі сенен бұрынғыларға: «Егер Аллаһқа ортақ қоссаң әлбетте амалың жойылады және анық зиянға ұшыраушылардан боласың»-деп уахи етілді. Аллаһқа ғана құлшылық қыл және

шүкіршілік етушілерден бол»5-деген.

Аллаһ елшісінің өзі де бізге ширктің қауіпті екенін ескерткен. Имам Бұхаридің хадистер жинағында пайғамбарымыз : «Кімде-кім Аллаһқа серік қосқан күйде о дүниелік болса, онда ол отқа кіреді»-дегені келтірілген. Сонда Абдулла ибн Масғуд : «Ал кімде-кім Аллаһқа серік қоспай өлетін болса, онда ол жәннәтқа кіреді»-деген6.

Сондай-ақ, имам Муслим Жәбир ибн Абдулла  сөздерінен мына хадисті келтіреді. Пайғамбарымыз  бір кісіге: «Кім Аллаһқа серік қоспаған күйі өлсе, ол жәннәтқа кіреді. Ал кім Аллаһқа серік қосып о дүниелік болса, онда ол отқа кіреді» -деп айтқан7.

Муаз ибн Жәбәл  бірде Аллаһ елшісімен  бірге есекке мінгесіп келе жатқанда, одан пайғамбар  «Әй, Муаз! Аллаһ тағаланың құлдарындағы хақысы және құлдардың Аллаһтағы хақысы туралы білесің бе?»- деп сұрағанын әңгімелейді. Сонда Муаз: «Аллаһ пен Оның елшісі оны артық біледі»-деп жауап қатады. Пайғамбарымыз : «Аллаһ тағаланың құлдарындағы хақысы-құлдардың тек Аллаһқа құлшылық қылып, Оған серік қоспауы. Ал құлдардың Аллаһтағы хақысы-кімде-кім Аллаһқа серік қоспаса, сол адамды азаптамауы»8-дейді.

Әбу Зәррдың  сөзін имам Бұхари мен имам Муслим келтіреді. Пайғамбар  : «Маған Жәбрәйл келіп мені жақсы хабармен қуантты. Шынында менің үмметімнен кімде-кім Аллаһқа серік қоспаған күйі о дүниелік болса, онда ол жәннәтқа кіреді»-дейді. Сахаба пайғамбарымыздан : «Мейлі ол зинашы болып және ұрлаған болса да ма?»-деп сұрағанда оған: «Мейлі ол зинашы болып және ұрласа да»9- деп жауап берген.

Сайд ибн Мусайб әкесінің сөздерін жеткізіп: «Пайғамбардың көкесі Әбу Талиб қайтыс болар шақта оған пайғамбарымыз келеді. Ол жерде Әбу Жәһл мен Абдулла ибн Умайя ибн Муғира болады. Сонда Аллаһ елшісі көкесіне: «Көке! Лә иләһә илла Аллаһ (Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ) деп айтыңызшы. Шын мәнінде осы сөздер арқылы мен Қияметте сіз үшін шапағатшы бола алармын»-дейді. Сонда Әбу Жәһл мен Әбу Умайя: «Әй, Әбу Талиб! Сен әкең Абдул Мутталибтің жолынан бас тартпақшысың ба?»-дейді. Әбу Талиб: «Жоқ, мен Абдул Мутталибтің жолындамын»-деп, Лә иләһә илла Аллаһ (Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ) деп айтудан бас тартады. Сонда Аллаһ елшісі : «Аллаһпен ант етемін, мен сіз үшін міндетті түрде Аллаһтан кешірім сұраймын»-дейді». Сонда Аллаһ тағала мына аяттарды түсіреді:







«Мүшріктер жақындары болса да, олардың тозақ иелері екендігі анықталғаннан кейін пайғамбар да мүміндер де ол мүшріктер үшін

жарылқау тілеулеріне болмайды»10
2) Ширктің шығуы.

Ширктің ең алғашқы белгілері Нұхтың  қауымында шыға бастағаны белгілі. Абдулла Ибн Аббас  жеткізген бір хабарда Нұх пен Адам  арасы он ғасыр болған дейді.11 Осы уақыт аралығында адамдар шынайы түрде Аллаһтың бірлігін мойындаған күйде өмір кешеді. Алайда осыған қарамастан олардың жағдайлары толық жақсы болды деуге келмейтін. Бастапқы кезде кішкене қарама-қайшылықтар шыға бастайды да кейін бұл үлкен дау-дамайларға ұласады. Соғыстар мен тартыстар белең алады да адамдарға пайғамбарлар жіберіледі. Сондай-ақ, жіберілген пайғамбарлар ісін жалғастырып жүретін ізгі адамдар да болатын.

Бұхаридың хадистер жинағында Уад, Суағ, Иәғус, Иәғуқ, Наср деген ізгі-салихалы жандар жайында айтылған.12 Олар қайтыс болған кезде шайтан келіп, адамдарға: «Оларға ескерткіштер орнатыңдар. Сендер жаман іс істеуге бет алған кезде сендерді тоқтатып, ескерту жасап отыратын ұлы адамдар еді ғой. Оларға ескерткіш орнатыңдар. Сол ескерткіштерге қараған уақытта осы салихалы жандардың ізгі істері естеріңе түсіп, өздерің де осы кісілердей болуға тырысатын боласыңдар»-деп сыбырлайды. Арада жылдар, жыл артынан ғасырлар өтеді. Бұл ескерткіштер қандай мақсатпен орнатылғанын білетін қаракөз қариялар дүниеден өтіп кетеді. Сонда шайтан қайтадан адамдарға келіп: «Шын мәнінде бұл ескерткіштер сендердің ата-бабаларыңның құдайлары болатын. Ата-бабаларыңның дінінен бас тартпай, олар қалай құлшылық қылған болса сендер де солай құлшылық қылыңдар»-дейді. Шайтанның бұл азғыруына мастанған адамдар осы пұттарға құлшылық ете бастайды. Аллаһ тағала өз мейірімімен бұл адамдарды қараңғылықтан жарық нұрға, көпқұдайшылықтан таухидке шығарғысы келіп, оларға «Пұттарды тастап тек жалғыз Аллаһқа құлшылық қылыңдар»-деп шақырушы Нұхты  жібереді. Ол адамдарды Аллаһтың бірлігіне күндіз-түні, жасырын-жария түрде шақырады. Алайда, күндіз-түні дінге шақырып, ширктен арашаламақшы болған Нұхтың  сөздеріне олар құлақ аспай, одан бетер көкірек керіп:



«Олар: «Тәңірлеріңді тастамаңдар. Уад, Суағ, Иәғус, Иәғуқ, Насрды тастамаңдар»-деседі»13

Сонда Нұх  Аллаһ тағалаға жалбарынып:





«Раббым! Жер жүзінде кәпірлерден ешбір тұрғын қалдырма»14-дейді.

Аллаһ тағала Нұхтың  дұғасын қабыл етіп, Құранда баян етілгендей қауымын жермен-жексен қылады.


















«Ал бұйрығымыз келіп пештен15 су атылған шақта былай дедік: «Ол кемеге әрбір жұптан бір жұп және біздің сөзіміз өткендерден өзге жанұяңды шығар. Әрі иман келтіргендерді де ал». Негізінде онымен бірге иман келтіргендер өте аз ғана еді. Ол: «Кемеге отырыңдар. Оның жузуі мен тоқтауы Аллаһтың атымен болады. Әлбетте, Раббым- Кешірімді, Мейірімді»-деді. Ол кеме оларды таудай толқындармен алып жүрді. Нұх өзінің бір шетте қалып қойған ұлына дауыстап: «Әй, ұлым, бізбен бірге отыр. Ол кәпірлермен бірге қалма!»-дегенінде ол: «Мен өзімді судан сақтайтын бір таудың басына шығып алармын»-дейді. Нұх: «Бүгін Аллаһтың әмірінен сақтаушы ешкім жоқ. Тек Өзі рахым еткендерді сақтайды»-дейді. Сол кезде араларын толқын басып, баласы суға батушылар арасына қосылды. Кейін: «Әй, жер, суыңды жұт. Әй, аспан, сен де тоқта»-делінді де су тартылды. Бұйрық орындалып, кеме Жуди тауы басына келіп тоқтады да: «Залым елге өлім болсын!!!» - делінді»16

Жер беті залымдардан тазарғаннан кейін арада біраз жылдар өтіп бұл кеселге Ад қауымы душар болды. Олар Аллаһтан өзге заттарға құлшылық ете бастады. Аллаһ тағала өз мейірімімен бұл адамдарға Һудты  жіберді. Һуд  өз қауымына мына сөздермен тіл қатты:





"Әй, қаумым! Аллаһқа құлшылық қылыңдар. Сендердің Одан

өзге құлшылық лайықты тәңірлерің жоқ"17-дейді.

Алайда Һудтың  қауымы тәкәппарланып, пайғамбардың айтқан сөздеріне құлақ аспайды. Сөйтіп Аллаһ тағала оларға қатты боран жіберіп, оларды жермен-жексен қылады.

Ширкке белшесінен батып, осынау бір лас нәрсеге былғанған келесі қауым-Сәмүд елі. Аллаһ тағала оларға Салихты  жібереді. Салих  өз халқын күндіз-түні, жасырын-жария түрде тек жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық қылуға шақырады. Алайда бұлар да тәкәппарланып, кеуде керіп еді, Аллаһ оларға қатты дауыс жіберіп, оларды да жоқ қылды.

Бұл нәрседен Ибраһим  халқы да аман қала алмады. Олар әртүрлі пұттарға, ғаламшарларға, айға, күнге табына бастайды. Қайырымды әрі Мейірімді болған ұлы Аллаһ тағала оларға мейірімін төгіп, оларға ескертуші ретінде Ибраһимді  жіберіп, одан салихалы ұрпақ тарайды. Себебі одан кейінгі пайғамбарлардың барлығы да Ибраһимнің баласы Исхақтан тарайды. Ал екінші ұлы Исмайлден пайғамбарлардың ең абзалы Мұхаммед  тараған.

Кейін бұзауға табынған Исрайл ұрпақтары шығып, олардың бұл істерін Мұса  мен Һарұн  тыяды. Ал енді бір тобы Ұзайырды «Құдайдың баласы» деп соған табынады.

Одан кейін келе Исаға  табынған христиандар шығады. Сондай-ақ, ширк Амр ибн Лухай әл-Хузағи деген адамның себебімен арабтарға да келіп жетеді.

Әбу Һурайра  пайғамбарымыздың  : «Мен Амр ибн Лухай әл-Хузағидың ішек-қарнын сүйреткен күйі отта болғанын көрдім»18. «Ол Ибраһимнің дінін ең алғашқы өзгерткен адам»19-дегенін естіген. Бұл-араб түбегіне пұттарды ең алғаш алып келген адам. Ал одан кейін пұттар бірте-бірте көбейе береді. Көбейгені сонша, тіпті оларды Қағбаның жанына, Қағбаның айналасына тіпті Қағбаның ішіне орналастыра бастайды. Адамдар жалғыз Аллаһқа құлшылық етуді қалдырып, енді тастарға ғибадат ете бастайды. Әбу Раджа Әл-Утариди: "Надандық дәуірінде біз тастарға құлшылық ететінбіз. Егер бірінші тастан артық тас тауып алсақ болды, ескісін қалдырып жаңасына көшетінбіз. Ал енді мүлдем тас таба алмаған жағдайда топырақтан бір төбешік жасап, ол жерге қой әкеліп, сол төбешік үстіне сауатынбыз. Кейін сол төбешікті айналып тауап20 жасайтынбыз..."21-деп әңгімелейді.

Ал енді оларға Аллаһтың мейірімі түсіп, тура жолды көрсеткісі келгенде оларға Аллаһты бір деп танушылардың имамы Мұхаммедті  жіберді. Ол пайғамбардың шақырғаны «Жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық ету. Одан өзге тәңір жоқ, әрі Ол ғана құлшылыққа лайық. Ал сендердің ғибадат етіп жүрген нәрселерің естімейді де көрмейді. Ешнәрсені сезбейді де еш жәрдем бере алмайды» деген шақыру болатын. Сонда оның  бұл сөзіне құлақ аспай көкірек кергендер пайда болады. Олар:





"Тәңірлерді бір-ақ тәңір еткісі келе ме? Шынында

бұл өте ғажап нәрсе!"22-деп айтатын.

Осыдан бастап кәпірлер пайғамбар  мен сахабаларды қинап, мазақтап, тас лақтырып әртүрлі азаптарға душар етіп, пайғамбардың  шақыруына қолдан келгенінше қарсыласып бағады. Алайда, бұл әрекеттер кәпірлерге еш пайда бермейді. Керісінше, мұсылмандар иманның тәттілігін сезініп, дінге шақыруда одан сайын күшейіп, бұл жолда сабыр сақтау керек екендігін, жеңістің келетіндігін, әрі адамдар Аллаһ дініне топ-топ болып кіретінін түсінді. Сөйтіп, Аллаһты жалғыз деп білу басқа діндер үстінен үстемдік алды.

Бірақ та, уақыт өте келе адамдар арасындағы көптеген дау-дамайлар оларды шынайы түрдегі таухидтен алыстата бастап, ширк жаңа толқынмен жайыла бастады. Аллаһ мейірімі түскендерді қоспағанда, тіпті кейбір мұсылмандардың өзі де бұдан аман қала алмады. Қазіргі кезде ширк тасқа табыну түрінде ғана емес, сонымен қатар діни әмірлерді Аллаһқа емес басқаға арнау сияқты түрде кіріп кетіп жатыр. Мысалға айтар болсақ, Аллаһтан өзгеге дұға жасау, Аллаһтан өзгеге құрбан шалу, Аллаһтан өзгемен ант ішу тағы басқа нәрселер. Бұндай мысалдармен уақытымызды кетірмей-ақ қояйық. Далаға шығып, мұсылмандарға қарасаң көретін нәрсең жеткілікті емес пе? Ауру адам Аллаһтан емес әулие-сымақтардан шипа сұрайтынын көреміз. Біреу құрбан шалса Аллаһқа емес бір әулиеге арнап жатады. Біреу берекет сұраса, Аллаһтан емес ата-баба әруақтарынан сұрап жатады. Әрине, бұл нәрсеге Аллаһ мейірімі түскендердің қатысы жоқ.

Үндістанға қараңыз. Қазіргі таңда ол елде Аллаһтан өзге табынатын 100000000-ға жуық сиыр бар деседі. Бұл әрбірімізді де қобалжытып, ойландыратын нәрсе. Себебі біз Аллаһты жалғыз деп танушылармыз. Ал біздің міндет - Аллаһтың жалғыздығын, таухидтың жарық нұрын адамдарға жеткізу.


3) Ширктің түрлері.

Бауырлар, ширк екі түрлі болады. Үлкен және кіші ширк. Үлкен ширк-ол біреуді немесе бір нәрсені Аллаһқа теңеу. Оттағы көпқұдайшы мүшріктер өздерінің құдайларына не айтатынын Аллаһ тағала Құранда былай баяндайды:





"Аллаһпен ант етеміз, біз анық адасуда болыппыз. Сендерді әлемдердің Раббысына теңейтін едік"23- дейді мүшріктер.

Яғни олар біреулерді бір нәрседе әлемдердің Раббысына теңеген еді. Ол көпқұдайшылар Аллаһтан өзге жәрдем бере алатын біреу бар деп сенген. Өлілер мен пұттардан көмек сұрап, дұға жасайтын. Аллаһтан өзге біреу оларға зияндық жасай алады деп ойлап, қорқатын болған. Олар талдар мен тастардан бата тілеп, құрбандықтарын Аллаһқа емес пұттар мен әулиелерге арнайтын. Міне осы жерде сәл кідіріс жасап, тоқтағым келіп тұр...

Бірде мен пойызда бір адамдармен дін жайында сөзге келіп қалдым. Оларға Исламға дейінгі арабтар арасында кең жайылып кеткен көпқұдайшылық жайында әңгімелеп бердім. Адамдардың ағаштар мен тастардан бата сұрайтынын, құрбандықтарын пұттар мен әулиелерге арнайтынын, ер адамдар сақалдарын бір нәубет келе ме деп қорқып байлап қоятынын, ал әйелдер болса көз тиюден қорқып көзмоншақ тағатынын айтып отырдым. Осы кезде бір адам маған: «Мұсылмандар бұл нәрсені жасамай ма?!»-деді. Мен үндеместен аузыма құм толды... Мен не дей аламын...? Азияның мыңдаған тұрғындары «Арыстанбабқа түне, Қожахметтен тіле» деген ұранды ұстанып алып, әулиелерден жәрдем сұрау үшін Түркістанға ағылып барып жатса әрі Аллаһтан өзгелерге арнап құрбан шалып жатса мен не демекпін? Татарстанның мыңдаған тұрғындары бұрын сол жерде тұрып кеткен жандардың аруақтарынан жарқын болашақ сұрау үшін Бұлғарға ағылып жатса мен не дей аламын? Кавказдың мыңдаған тұрғындары өздерінің шейхтерінен Қияметте жәрдем беріп шапағат етуін сұрау үшін солардың мазарларына, қабірлеріне барып жатса біз не дей аламыз? Әрбір үш мұсылманның бірінің мойнында көз тимесін деп немесе ауру шалмасын деп қорқып тағып алған көзмоншақ-тұмары бар болса біз не дей аламыз? Мен әрбір мұсылманды ес жиюға шақырамын. Себебі бұның бәріне лайықты-ол Аллаһ қана. Ол ғана сақтай алады! Тек Ол ғана жәрдем бере алады! Тек Ол ғана жауап береді! Құрбан шалынуға, дұға жасалуға тек Ол лайықты!

Имран ибн Хусейн былай деп әңгімелейді: «Бірде пайғамбар бір адамның қолынан сары (мыс) сақинаны байқап қалады да одан: "Сен бұны не үшін тағып жүрсің?"-деп сұрайды. Ол: "Мен оны әлсіздік шалмасын деп тағып жүрмін"-дейді. Сонда пайғамбар : "Жылдам шеш! Ол тек сенің әлсіздігіңді арттырады. Ал егер де сен осы сақинамен өлетін болсаң, онда құтылмайсың»-дейді"24 .

Имам Ахмад Уқба ибн Амрдың айтқан мына хадисін келтіреді. Пағамбар  :"Тұмар25 таққан адамның соңын Аллаһ қайырлы етпейді. Көзмоншақ таққанға Аллаһ пана болмайды"26-деген. Хадистің басқа риуаятында: "Кім тұмар тақса онда ол ширк жасады"27-делінген.

Имам Тирмизи мынандай хадис келтіреді: «Бірде Аллаһ елшісі сахабаларымен бірге Хунайнға жол тартады. Олармен бірге жақын арада Ислам қабылдаған мұсылмандар болады.



Кенет, көпқұдайшылар көпке дейін жанынан шықпай, әркез бата сұрай отырып қару жарақтарын ілетін (Зәт әл-ануат деген) бір талдың жанынан өтіп бара жатқанда жақын арада Ислам қабылдаған мұсылмандар: "Иә, Аллаһтың елшісі! Біз де олардыкіндей Зәт әл-ануат болуын қалаймыз"-дейді. Сонда Аллаһ елшісі : "Аллаһу әкбар! Бұл бұрынғылардың салты. Жаным қолында болғанмен ант етемін, сендер Исрайл ұрпақтарының Мұсаға айтқан сөзін айтып тұрсыңдар:



"Бұлардың тәңірлері сияқты бізге де тәңір жасап бер. Мұса оларға: "Шынында сендер надан қауымсыңдар"- дейді28.

Шынында сендер бұрынғылардың салтымен жүресіңдер29"-дейді Аллаһ елшісі .

Имам Муслим Алиден : "Аллаһ тағаладан басқаға құрбан шалғанды Аллаһ тағала лағынеттеген"30-деген хадисті келтіреді.

Имам Ахмадта пайғамбар  : "Бір шыбынның себебінен бір адам жәннәтқа, ал екіншісі отқа кірген"-дейді. Адамдар одан: "Иә, Аллаһ елшісі, бұл қалай?!"-деп сұрайды. Сонда пайғамбар : "Бірде екі адам бір дінсіздер тайпасының жанынан өтіп бара жатады. Жанынан өтсең міндетті түрде соған құрбан шалу керек болған бір пұттары бар екен. Сонда пұтқа табынушылар екі жолаушының біріне: "Әйтеуір бір нәрсені құрбандыққа шал"-дейді. "Менде құрбан етерлік ештеңе жоқ"-дейді әлгі адам. Әлгілер қоярда-қоймай: «Тым болмаса бір шыбынды құрбан ет»-дейді. Ол адам шыбынды құрбандыққа шалып еді, оған жолын әрі қарай жалғастыруға рұқсат береді. Осы үшін ол отқа кірген.

Кейін отқа табынушылар екінші жолаушыға: "Сен де бірнәрсе болса да құрбандық ет"-дейді. Сонда ол: "Мен тек қана Аллаһқа құрбан шаламын"-дегенінде оның басын кесіп алады. Ал ол болса жәннәтқа кіреді"31-деген хадис келген.

Ат-Табари былай дейді: "Пайғамбар уақытында мұсылмындарға әртүрлі зияндықтар жасайтын екіжүзді адам болған. Сонда мұсылмандардың кейбіреулері: "Бұл екіжүзді адамға қарсы пайғамбарымыздан көмек сұрайық"-дейді. Бұл хабар пайғамбарымыз құлағына жеткен кезде ол : "Менен емес, Аллаһтан көмек сұрау керек"32-дейді..

Сол үшін де кімде-кім біреуді немесе бір нәрсені махаббатпен, қорқып, үміттеніп, ұлықтап, құрбан шалу арқылы Аллаһқа серік етіп қосатын болса, онда ол үлкен ширк жасаған болып есептеледі. Ал Аллаһ тағала ол жайында Құранда:



«Аллаһ тағала өзіне серік қосылуды кешірмейді. Ал бұдан өзгенің бәрін қалаған адамына кешіреді»33-деген.34

Ширктің екінші түрі - кіші ширк. Бұл ширкке көзге көрінуге тырысу, яғни рия жасау, Аллаһтан өзгемен ант ету, «Аллаһ және сенің қалауыңмен...» дегендей сөздерді айту сияқты нәрселер кіреді.

Имран ибн Хусәйн пайғамбарымыздың : «Шын мәнінде сендер үшін қорқатын нәрселерімнің ішіндегі ең қорқыныштысы сендер кіші ширк жасап қоя ма деп қорқамын»-дейді. Адамдар оның не екенін сұрағанда пайғамбар : «Бір істі көзге көріну үшін атқару»35-дейді.

Әбу Һурайра пайғамбарымыздың  : «Қиямет күні ең бірінші сұраққа түсетіндер ол-Құран оқушы, Аллаһ жолында күресуші және өз мүлкін құрбан етіп, садақа жасаушы.



Білім іздеп, Құран оқушы адамды алып келіп, оған берілген нығметті көрсетіп, оның істеген істері жайында сұрайды. Сонда ол: «Мен Құран оқып, оны басқаға үйреттім»-дейді. Сонда оған: «Сен жалған сөйлейсің. Сен ол істі тек «Қари» (яғни «оқымысты») деп айту үшін оқыдың. Ол айтылды»-делінеді де оны отқа қарай бетімен апарады.

Аллаһ жолында күресушіні алып келіп, оған берілген нығметті көрсетеді де одан істеген істері жөнінде сұрайды. Сонда ол: «Мен жауыммен Сенің жолыңда күрестім, Сен үшін, иә, Жаратушым!»-дейді. Оған: «Сен жалған айттың. Сен тек сені «Батыр» деп айту үшін күрестің. Ол айтылды»-делінеді де оны да отқа қарай бетімен апарады.

Сосын мал-мүлкін құрбан етіп, садақа таратқан адамды алып келіп, оған берілген нығметті көрсетіп, оның істеген істері жайында сұрайды. Сонда ол: «Мен садақа бердім»-дейді. Сонда оған: «Сен жалған айттың. Сен бұны «Жомарт» десе екен деп атқардың, ал ол айтылды»-делінеді де оны бетімен отқа тастауды бұйырады»36-деген хадисін келтіреді.

Ан-Насай мынандай хадис келтірген. «Бірде пайғамбарға яһудилердің бірі келіп: «Сендер ширк жасайсыңдар. Сендер «Егер Аллаһ және сен қаласаң»-деп айтасыңдар және де Қағбамен ант етесіңдер»-деп айтады. Осыдан кейін пайғамбар «Қағбаның Иесімен ант етемін» және «Егер Аллаһ қаласа сосын сен» деп айтуды бұйырады».37

Сондай-ақ пайғамбар : «Аллаһтан өзгемен ант еткен ширкке түседі»38-деген.

Сабағымызды аяқтамастан бұрын Аллаһты жалғыз деп білуші адамның артықшылығы жайында айтып өту дұрыс болар. Сол үшін де өмір бойы еш серік қоспай жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық қылушы, Аллаһты жалғыз деп білушілерді қуандыратын кейбір хадистерді еске алып өтейік.


4) Шынайы түрде Аллаһты жалғыз деп танушылардың артықшылығы.
Имам Бұхари мен имам Муслим Убада ибн Самиттен  мынандай хадис келтіреді. «Кімде-кім Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ, әрі Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі деп, әрі Иса Оның құлы әрі елшісі және Мариямға салған сөз әрі Оның рухы деп, жәннәтты хақ деп, тозақты хақ деп куәлік етсе онымен болған істеріне қарай Аллаһ оны жәннәтқа кіргізеді»-деген, сондай-ақ хадистің басқа нұсқасында: «Оның алдында жәннәттың жеті есігі болып, Аллаһ тағала оны ол қалаған есігінен кіргізеді»39-делінген.

Сондай-ақ Аллаһ елшісі : « Аллаһ тағала «Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық зат жоқ» деп шынайы түрде Аллаһпен жүздесуді қалап куәлік келтірген адамға тозақ оты тиюін харам етеді»40-деген.

Имам Ахмад, Тирмизи және Хаким Абдулла ибн Амр ибн Астан  мынандай хадис жеткізеді: «Қиямет күні бір адамды алып келеді де оған күнәлары жазылған тоқсан тоғыз кітап көрсетеді. Ол кітаптардың көптігі сонша адамның көзі жетпестей болады. Сонда оған: «Сенің ақталатындай бір нәрсең бар шығар?!»-делінеді. Ол: «Жоқ ей, Раббым!»-дейді. Сонда оған: «Сен бүгін реніш көрмейсің»-делінеді. Сосын «Лә иләһә илла Аллаһ» деп жазылған бір парақ қағазды алып келеді де оны таразының бір жағына, ал кітаптарды таразының еінші жағына қояды. Сонда бұл бір парақ кітаптардың барлығын басып кетеді».41

Шынымен де егер бұл керемет сөздер шын жүректен, шынайы ықыласпен айтылса оған тең келер нәрсе жоқ қой!!! Сол себепті де Аллаһтан жәрдем сұрап, ширк сынды қатерлі дерттен аман сақтауын тілеп, бұл індетке жоламауға тырысқанымыз абзал болмақ!!!



Мұхаммедке, оның отбасына және оның сахабаларына

Аллаһ тағаланың салауаттары мен сәлемдері болсын!


Жақында баспаға шығатын лекциялар:


«Исламға» сайтының материалдары бойынша

WWW.TOISLAM.COM

(2)


Намаз оқуыңа не кедергі?

Дайындаған: Әбу Салих Қазақстани

Аударған: Азамат Махыпбек ұлы

«Исламға» сайтының басшылығы тексерген




«Исламға» сайтының материалдары бойынша

WWW.TOISLAM.COM

(3)

Ықылас

Дайындаған: Әбу Салих Қазақстани

Аударған: Азамат Махыпбек ұлы

«Исламға» сайтының басшылығы тексерген





«Исламға» сайтының материалдары бойынша

WWW.TOISLAM.COM

(4)
Жүректерді тазарту

Дайындаған: Әбу Салих Қазақстани

Аударған: Азамат Махыпбек ұлы

«Исламға» сайтының басшылығы тексерген




«Исламға» сайтының материалдары бойынша

WWW.TOISLAM.COM

(5)

Ғайбат

Дайындаған: Әбу Салих Қазақстани

Аударған: Азамат Махыпбек ұлы

«Исламға» сайтының басшылығы тексерген





1 Пайғамбарымыздың есімі аталған жерде «» деген белгі қойылған. Яғни: «Саллаллаһу аләйһи уа сәлләм» деген сөз. Мағынасы: «Оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын» деген сөз.

2 Ниса сүресі, 48-ші аят.

3 Мәйда сүресі, 72-ші аят.

4 Әнғам сүресі, 88-ші аят.

5 Зүмәр сүресі, 65-66-шы аяттар.

6 Бұхари (1238), Абдулла ибн Масғудтан.

7 Муслим (93).

8 Бұхари (5967), Муслим (30).

9 Бұхари (3222), Муслим (94).

10 Тәубе сүресі, 113-ші аят.

11 Ибн ‘Атый «Әл Мухаррарул Уажиз» (2/207), Қуртуби «Әл-Жәмиғу ли ахкамил Қуран» (2/30).

12 Бұхари (4920), Ибн Аббас  сөзінен Ато былай деп жеткізеді: «Уад, Суағ, Иәғус, Иәғуқ, Наср-бұлар Нұх қауымындағы салихалы жандар есімдері. Олар қайтыс болғаннан кейін шайтан адамдарға солар үшін ескерткіштер орнатуды, сондай-ақ оларға сол адамдардың есімдерін беруді азғырады да бұл азғыруды адамдар орындайды. Бұл ескерткіштерді орнатқандар қайтыс болмағанша бұл мүсіндерге ешкім де құлшылық жасамайтын еді. Сөйтіп, уақыт өте келе ескерткіштердің не үшін қойылғаны ұмытылып, адамдар оған құлшылық ете бастайды».

13 Нұх сүресі, 23-ші аят.

14 Нұх сүресі, 26-шы аят.

15 Алла тағала суға нан пісіретін пештен ағып шығуын бұйырады. Бұл Нұхқа топан судың басталғанын білдіретін белгі еді. Бұл Хасан Әл-Басридың айтқан пікірі. Сондай-ақ ‘Атый мен Мужаһид те осы сөзді Ибн Аббастан  келтірген. «Жәмиғул ахкамил Қуранды» қараңыз, Қуртуби.

16 Һуд сүресі, 40-44 ші аят.

17 Һуд сүресі, 50-ші аят.

18 Бұхари (3521).

19 Албани "Сахихул-Жәмиғ" (2580), ибн Аббас  сөзінен алынған нұсқа.

20 «Тауап» айналу деген мағына береді. Бұл ғибадаттың бір түрі болып табылады.

21 Бұхари (4376).

22 Сад сүресі, 5-ші аят.

23 Шұғара сүресі, 97-98-ші аяттар.

24 Ахмад (4/445). Ибн Мажә (1167). Хадисті жеткізушілердің бірінің сенімділігі жөнінде әртүрлі ойлар бар. Хаким хадисті дұрыс деп есептейді, әрі онымен Әз-Зәһәби келіседі. Албани "Дағиф ибн Мәжә" деген жинағында бұл хадистің сахих /дұрыс/ деген дәрежеге жетпегенін айтады.

25 Бәле-жаладан сақтайды деп ілінген кез-келген нәрсе «тұмар» болып есептеледі.

26 Ахмад (4/154). Албанидың "Силсиләту әд-дағифа" деген жинағында бұл хадис сахих дәрежесіне жетпеген. (12/66). Бұл хадистің әлсіздігін атай отырып, сондай-ақ, жоғарыдағы хадистегі әртүрлі пікірді негізге ала отырып, осы жерде имам Ахмад (1/381), Әбу-Дауд (5/219) тағы басқалары келтірген мынандай сахих /дұрыс/ хадисті атап өткен жөн болар. Ибн Масғуд  пайғамбарымыздың : "Шын мәнінде (егер онда көпқұдайшылықтың белгілері болса) дем салу, тұмар–ширк болып табылады"-деген сөзін келтіреді.

27 Ахмад (4/156).

28 Ағраф сүресі, 138-ші аят.

29 Тирмизи (5/218), Әбу Уақид әл-Ләйсиден.

30 Муслим келтірген хадис бөлігі. (1978).

31 Ахмад. "Әз-зуһд". Тариқ ибн Шиһабтан. Хадис дұрыстық дәрежесіне жетпеген.

32 Ат-Табарани (10/109). Убада ибн Самиттен.

33 Ниса сүресі, 48-ші аят.

34 Ширктің негізі- жарату, басқару, билеу, ризықтандыру, тірілту, өлтіру сияқты «Жаратушының істерінде жаратылған нәрсені жаратушыға теңеу». Біреуді немесе бір нәрсені құлшылыққа лайықты деп Аллаһқа теңеу. Сонымен қатар біреуге Аллаһ тағаланың есімдері мен сипаттарын тағу арқылы теңеу. Жоғарыда айтып өткеніміздей ширк екіге бөлінеді:

  1. Үлкен ширк. Бұл адамды Исламнан шығаратын ширк түрі. (Діннен шығарылу үкімі Қасиетті Құран мен пайғамбарымыз  сүннеті қойған шарттар бойынша жүзеге асады.)

  2. Кіші ширк. Бұл ширк түрінің үлкен ширктен айырмашылығы бұл ширкті істеуші адам кәпірлерге ұқсатылмайды әрі діннен шығып кетпейтіндігінде Құран мен пайғамбар сүннетінде  нұсқаулар келтірілген.

Лекцияда айтылып өткен ширк түрлері адамдар арасында өте кең тарап кеткен, әрі олардың арасында кіші ширк те үлкен ширк те болуы мүмкін. Аллаһтан өзгеге құрбан шалу да үлкен ширк болып есептеледі.

Ал адамның «Бұл тұмардың өзі мені көз тиюден, ауру-сырқаттан сақтайды немесе қорғайды»-деп тұмар тағуы, сақина тағуы, көзмоншақ ілуі үлкен ширк болып есептеледі. Ал егер адам «Бұл нәрсе арқылы Аллаһ мені сақтайды»-деп тағатын болса, онда кіші ширк болады. Себебі ол адам Аллаһ тағала шариғатта да күнделікті өмірде де себеп етіп жаратпаған нәрсені себеп деп санайды. Бір нәрсені тек екі жағдайда ғана себеп деп білуге болады:

- Егер сол нәрсенің себеп екеніне Құран және сүннетте анық дәлелдер келген болса. Мысалы: Шариғатта қан шығару (яғни бұл халық арасында «сүлік салу» деп аталады) немесе ара балын аурудан емделу үшін себеп етіп қолдануға болатындығына нұсқаулар келген. Сол себепті бұл шариғат бойынша себеп екендігі анық.

- Егер өмірлік тәжірибиелер арқылы бір нәрсенің себеп екендігі әрі өзінен кейін айқын із қалдыратыны анықталса сол нәрсені себеп дей аламыз. Мысалы: Оттың жылытатыны, судың салқындататыны, дәрігер тағайындаған дәрінің емге шипа болатыны сияқты кейбір заттар өзінен кейін айқын із қалдыратын себептер болып табылады.

Ал егер адам белгісіз бір нәрсені себеп деп тауып, ол өзінен кейін айқын із қалдырмаса, бұл жағдайда оның істегені ширк болып есептеледі. Себебі ол адам Аллаһ тағала себеп етпеген нәрсені себеп етіп алған.

Ал имам Тирмизидің Әбу Уақид әл-Ләйсиден келтірген хадисінде айтылған берекет сұрау мәселесіне келсек, ол «табаррук жасау», яғни «Шексіз жақсылық пен берекет сұрау» деп аталады. Ал ол жақсылықты беруші әрі оны таусылмайтындай етіп жасаушы ол Аллаһ қана. Бұған қасиетті Құран дәлел болады. Аллаһ тағала Құранда:



تَبَارَكَ الَّذِي نَزَّلَ الْفُرْقَانَ عَلَى عَبْدِهِ

«Құлына жақсы мен жаманды ажыратушы Құранды түсірген Аллаһ өте жоғары»-деген. (Фурқан сүресі, 1-ші аят.) Осы жердегі «өте жоғары», яғни «табарака» деген сөзге Ибн Аббас : «Берекет жіберуші» деп тәпсір жасаған. (Тафсир Бағауй).

وَبَارَكْنَا عَلَيْه وَعَلَى إِسْحَقَ

«Өзіне де Ысхаққа да береке бердік» (Саффат сүресі, 113-ші аят.) Бұдан өзге де аяттар бар.

Береке жайында сөз қозғап түсіндіре кетсек, белгілі бір мезгіл берекетті бола алады. Мысалы Рамазан айы. Бұл айды Аллаһ тағала берекелі етіп жаратқандығы жайында Аллаһ тағала көптеген жерде хабар берген. Яғни, Аллаһ осы айда жасалатын құлшылықтар сауабын басқа кездегіден бөлек етіп көбейтеді. Сондай-ақ бір мекен берекелі бола алады. Мысалы Меккедегі Харам мешіті. «Бұл мешіт берекелі екен»-деп сол жер топырағын басымызға төгіп, сипалап, қабырғасына денемізбен үйкеленуіміз керек деген сөз емес, керісінше бұл мекеннің берекелілігі сонда, егер адам ол жерде намаз оқыса, Қағбаны тауап етіп айналса, Аллаһқа дұға етсе оған деген шексіз жақсылықтар әзірленеді. Әрі бұл жақсылықтар әрдайым жалғасып тұрады.

Сондай-ақ бір адам берекелі болуы мүмкін. Ал бұл қасиетке тек мүмин адам ғана лайықты. Себебі пайғамбар  хадисінде: «Шын мәнінде талдардың ішінде берекесі мүминнің берекесіндей болатын тал бар» деген. (Бұхари 5444). Сол үшін де кез-келген мүмин бойында береке бар. Яғни істеген ісінің, иманының, Исламының, Аллаһты мадақтауының, сүннетке еліктеуінің берекесі бар. Осы аталып өткеннің көптігіне қарай сол мүминнің жақсылығы да көбейеді. Ал енді ісі емес, денесі берекелі болатындар-пайғамбарлар ғана. Мысалы пайғамбарымыз Мұхаммед  денесі. Себебі сахабалар пайғамбар денесінен, шашынан, тер тамшыларынан, қолданған дәрет суынан берекет алатын болған. Ал қалған мұсылмандарға келер болсақ, олардың бойында да берекет бар екендігіне дәлел келмеген. Біреудің сахабалар денесінен береке алған деген ешбір дәлел келмеген. Біздің кезіміздегі берекет сұрау деген ширк түрінің көбейіп кетуі өлген марқұмдар қабірлеріне барып қабір қабырғасын сипау немесе топырағын тәбәрік етіп алу сияқты түрлері жайылып кеткен. Егер адам бұны «Аллаһ осы арқылы береке береді» десе, онда ол кіші ширк жасаған болады. Ал егер адам сол қабірді, тасты, немесе талды өзі берекет береді деп білсе, онда ол үлкен ширкке түскен болады.

Он екінші беттегі Табарани келтірген хадиске қарасақ, «жәрдем сұрау» деген құлшылық екенін байқаймыз. Себебі пайғамбар  ол адамның шамасы жетіп тұрса да ең әуелі жәрдемді Аллаһтан сұраған жақсырақ болатынын айтқан. Адамның қолынан келетін нәрсені біреуден сұрау кейде рұқсат етіледі. Ал жаратушы Аллаһтан өзге ешкім істей алмайтын нәрсені біреуден сұрау үлкен ширк болып табылады. Бұл хадис дұрыстық дәрежесіне жетпеген, алайда хадисте айтылған ой Құран мен сүннетке еш қайшы келмейді.



35 Ахмад. «Муснад». (5/428) Махмуд ибн Ләбидтен.

36 Тирмизи (2304).

37 Ан-Насаи, (7/6) Қутайладан.

38 Тирмизи (5/253). Омар ибн Хаттабтан .

39 Муслим (28).

40 Бұхари (5401).

41 Тирмизи (2563).



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет