1. Маршруттық кітапша. Туристік жорықтың жасалу жолы



бет4/6
Дата03.01.2022
өлшемі375.64 Kb.
#450413
1   2   3   4   5   6
22a2ba30-e30f-482b-a536-b5309de9564e

Топтық құралдар:

1. Шатырлар;

2. Балта;

3. Тамақ пісіруге арналған қазан;

4. Сіріңке, шам, фонарь;

5. Пышақ;

6. Дастархан;

7. Ожау қасық;

8. Сүлгі;

9. Аптечка;

10. Карабин – 30 дана;

11. Негізгі жіп – 3х40 м;

12. Репшнур;

13. Карта сызуға арналған құралдар;

14. Компас – 3 дана.
ТУРИСТ ГИГИЕНАСЫ

Балаларға жорық кезінде кездесетін қансорғыш және улы жәндіктерден (маса, сона, кене, ара, жылан т.б.) сақтану шараларын, денеден күн өткенде, суға батқанда, түрлі жарақат алғанда, суық тигенде, үсігенде, ас қорыту жолдары ауырғанда, күйгенде медициналық көмек көрсету керектігін және жуыну, дене, аяқ, тіс тазалығын күтіп ұстау құралдарын үнемі алып жүру керектігін ескерту керек.

Сонымен қатар, жорық кезіндегі негізгі ауру - сырқаттар - қажалу мен сүйел. Ол үшін аяқ киім судай жаңа болмауы керек. Шұлық пен шұлғау дұрыс киіліп, таза болуы қажет.
ТАМАҚТАНУ

Азық – түлік дайындау кезінде туристердің саны жорықтың өткізілу уақытымен ескеріледі. Азық – түлік жеңіл, әрі құнарлы болуы керек. Жорық кезінде міндетті түрде 3 мезгілдік аспен қамтамасыз етіліп отыруы керек. Себебі, жорық кезінде адам қажетті энергиясын өзінің жасаған іс-әрекетіне байланысты жоғалтып отырады.

Физикалық жүктемесіз жұмысты орындайтын қызметкерге немесе оқушыға тәулігіне 2500-3000 ккал жеткілікті болса, жорықта, оның қиындығына байланысты 3300-4000, тіпті 7000-8000 ккал жетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет