Кальцитриол Са2+ мен фосфаттардың реттелуіне катыса
отырып,
гормональдық қызмет аткарады,
ішекке кальцийдің
сіңірілуін, сүйек тінінің кальцийленуін, бүйрекке кальций
мен фосфаттардың реабсорбциялануын стимулдейдін Са2+
концентрациясы төмендегенде кальцийдің сүйектен
шығуын стимулдейді.
Кальцитонин сүйек кемігінің жасушаларының өcyi мен
дифференциациясын ретгеуге қатысады. Ол
антитоксикалық
және антиканцерогенді әсер керсетеді.
Авитаминозы:
Д витаминінің авитаминозы балаларда рахит ауруына
шалдықтырады. Бұл кальцийдің жетіспеушілігінен жүзеге
асады. Ең алдымен остеогенез бұзылады: аяқ-қол
сүйектерінің (стеомаляция- сүйектің жұмсаруы нәтижесінде
қисаюы), бассүйектің (баланыц еңбегінің бітпеуі) жіне кеуде
суйегінің деформациясы, тic жарудың кеш байқалады.
Бұлшык еттің гипотониясы (iш ұлғаюы) дамиды, жүйке-
бұлшық еттік қозу (сәби басын көп козғалтатындықтан,
желке тұсындағы шашы түсіп калады) күшейеді, cipecпe
пайда болуы мумкін.
Ересектерде кальцийдің жетіспеуі кариес және
остеомаляцияға, ал қарт кісілерде остеопороз
(остеосинтездің бұзылуына байланысты сүйек тінінің
тығыздығының төмендеуі байқалады. Суйектің
бейорганикалық матриксінің бұзылуы Д витаминінің
тапшылығы сүйек тінінен кальцийдің шайылуының
кушеюімен және бүйрек каналдарында кальций
реабсорбциясының бұзылуымен түсіндіріледі.
Тәуліктік қажеттілігі: 0,02 мг
Тағам көздері: жануар текті тағамдарда: сары майда, жұмыртка
сарысында, балық майында кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: