1. ОҚытушы туралы мәліметтер



бет1/59
Дата14.03.2024
өлшемі6.76 Mb.
#495467
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
umkd filo2024






1.ОҚЫТУШЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР:


1.1. Оқытушы туралы мәлімет: Т.М. Садыкова, Х.А. Амед
1.2.Философия кафедрасы: ауд.2708, тел. 38-40-01
1.3.Гуманитарлық факультет


2. Курстың қысқаша сипаттамасы.
Пәнді оқыту мақсаты:
Философияны дүниені танып-білудің ерекше формасы ретінде түсінуін қалыптастырып, олардың келешек кәсіби қызметтері аясында оның негізгі тараулары, мәселелері мен әдістері туралы тұтас білім беру.
Пәнді зерделеу міндеттері:
Білім алушылардың қоғамдық сананы жаңартудағы және қазіргі заманның жаһандық міндеттерін шешудегі философияның рөлін түсіну аясында білім алушылардың философиялық-көзқарастық және әдістемелік мәдениет негіздерін игеруі;
студенттердің бойында философиялық рефлексияны, өзін-өзі сараптау және адамгершіліктік өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру;
ғылыми зерттеу қабілеттерін дамыту, интеллектуалдық және шығармашылық әлеует қалыптастыру.
Пәнді оқыту нәтижелері:



Код

ББ бойынша қалыптастырылатын оқыту нәтижелері (кодтар)

Пәнді оқыту нәтижелері

1

Философияның тарихи дамуы негізінде онтология мен метафизиканың негізгі мазмұнын сипаттау;

Философия тарихын, әсіресе көне грек философиясындағы онтологистердің негізгі идеяларымен танысу арқылы онтология мен метафизиканы айқын ажырата алу.
Онтологиядағы болмыс, уақыт-кеңістік және ғұмыр, мән секілді іргелі түсініктер туралы алғашқы түсінікке ие болу. Әсіресе дүниенің шындығы, Құдайдың бар-жоқтығы, адам өмірінің мән-мағынасы, ғарыштың құрылымы туралы күрделі мәселелерді алғашқы деңгейде пайымдай бастау.
Сөйтіп студенттер бұл пәнді ары қарай оқуға метафизикалық негіз қалыптастыру.

2

Нақты дүниені философиялық зерделеудің ерекшелігін түсіндіру;

Философиялық ойлау мен зерделеудің өзіндік ерекшелігі оның рационалдығы мен сынилығы екенін ұғынып, философиялық сипаттау, анализдеу, пайымдау жасау, дәлелдеу жүйелерін, әсіресе логикалық аргумент келтіру амалдарын игере алу.
Әсіресе түпнұсқа философиялық мәтіндермен сыни жұмыс істеуді, өз ойын қисынды жеткізе алуды іске асыру.

3

Дүниеге көзқарасты табиғи және әлеуметтік әлемді философиялық зерделеу мен зерттеудің нәтижесі ретінде негіздеу;

Нақты дүние, яғни табиғат, қоғам және адам тақырыбындағы нақты мәселелер іргелі онтологиялық түсінік алғышарты бойынша арнаулы қарастырылып, түрлі құбылыстар мен олардың өзара байланысын танудың моделдерін айқындай алу.
Әсіресе мәлім мәдениет контекстіндегі жеке дүниетанымын негіздеуге қажетті түрлі нақты білімдер мен құбылыстарға талдау жасауды үйреніп, шашыраңқы ойлаудан жүйелі түрде ойлауға өтуді сынақ ете бастау.

4

Дүниені танып-білудің ғылыми және философиялық әдістерін жіктеу;

Ғылымның ерекшелігі оның да философия секілді рационалдығымен қатар, нақты анализдеу мен эксперимент арқылы белгілі бір құбылыстар жүйесін айқындаудың ортақ ережелерін қарастыру болғандықтан, студенттер ғылыми түсіндіру-түсіну жүйесі туралы білімін жаңарту.
Студенттер ғылымды ғылыми пәндерді үйрену барысындағы жеке тәжірибелерімен ғана түсініп қоймай, енді оны философиялық деңгейде ұғына алу.
Ғылыми ойлау қабілетінің, ғылыми түсіндіру логикасының ерекшеліктерін игерген студент жалпы ғылымдар туралы ғана емес, өз мамандығы туралы түсінігін де жаңа деңгейге көтеру.

5

Мифологиялық, діни және ғылыми дүниетанымның ерекшеліктері мен мазмұнына түсініктеме жасау;

Мифология адамзаттың балалық кезеңінде еркін қиялмен табиғат пен өмірді символды мағынада жандандырып бейнелеуі екенін түсінумен қатар, студент қазіргі заманның өзінде әлеуметтік ойлау жүйелерінде көптеген мифологиялық сарқындар сақталып отырғанына назар аудару.
Дін идеологиялық сенім формасы ретінде мәлім мәдени контекстің туындысы екенін, дінді түсіну үшін сол дін пайда болған қоғамдардың тарихи ерекшеліктеріне назар салуға тура келетінін білу.

6

Негізгі дүниетанымдық ұғымдардың мағынасы мен рөлін адамның қазіргі әлемдегі жеке және әлеуметтік болмысының құндылықтары ретінде негіздеу;

Құндылықтарға талдау жасауды үйрену үшін адам өмірі үшін аса маңызды істер мен міндеттерге жеке-жеке айқындап, салыстыру жасау.
Адам дүниетанымын құраған ұғымдар мағынасын ашу үшін герменевтикалық және функционалдық анализ әдіснамаларымен танысатын болады және белгілі бір деңгейде практикадан өткізеді. Бұл практиканы әсіресе ғылыми зерттеу мен оқыту тәжірибелермен бірлестіре қарастыру.

7

Медиамәтіндер, әлеуметтік-мәдени және жеке тұлғалық жағдайлардың философиялық қырларына этикалық шешімдерді қабылдау және негіздеу үшін талдау жасау;

Медиамәтіндердің қазіргі қоғамдағы рөлін айқындау, ақпарат қоғамы сыйлаған түрлі мүмкіндіктерді игеру, оқу және ғылымдағы академиялық адалдық пен тазалыққа баулу секілді талаптар бір деңгейде қарастыру.
Іс-әрекет пен сөздің этикалық нормаларға сай келуі, жан дүниенің ашықтығы мен еркіндігіне мүмкіндік беру, басқа адамдардың құқы мен құрметіне мән беру секілділер студенттерге оқылатын дәрістердің тәрбиелік мағынасын ашу.

8

Қазіргі жаһандық қоғамның өзекті мәселелеріне қатысты өзінің адами ұстанымын қалыптастыру және сауатты дәйектеу;

Философия дәрісі арқылы студент қазіргі заманның райын мен ерекшелігін танып, ұлттық мәдени құндылықтарын негіз еткен күйде үйлесімді жаһандану талпыныстары дәріптелетін болады. Қоғамдық сананы жайлаған әралуан үйлесімсіз үдерістерге сын айтылып, оларды түзетудің амалдарын қарастыру.

9

Кәсіби саладағы мәселелердің философиялық мазмұнын анықтау үшін өзекті болып саналатын зерттеу жүргізіп, оның нәтижелерін талқылауға ұсыну.

Студенттер дүние-өмірдегі түрлі ауқымды, іргелі және өзекті мәселелер туралы сұхбаттасуды, пікірталас жүргізуді үйрене алу, әсіресе өз көзқарасын логикалық мүлтіксіз деңгейде жазбаша жеткізу дағдысын меңгеруге машықтанып, тіпті негізгі мәселелерді академиялық жазба деңгейінде қорытындылау.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет