Құрастырушылар: Садыкова Г. С. Абдукаримова Ж. М шымкент 2010ж. Кафедра мәжілісінде қаралды және бекітілді



Дата15.07.2016
өлшемі89.02 Kb.
#200474
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Техникалық және орта кәсіби білім беру факультеті

Терапия бакалавриат кафедрасы

ІШКІ АУРУ ПӘНІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ


Мамандығы: 0301000 «Емдеу ісі»

Біліктілігі: 0301013 - «Фельдшер»

Курсы: 3

Семестрі: 6
Құрастырушылар:

Садыкова Г.С.

Абдукаримова Ж.М

ШЫМКЕНТ 2010ж.

Кафедра мәжілісінде қаралды және бекітілді

«_____»_______________

«______» хаттама



«Бекітемін» Кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор _____ Бекмурзаева Э.Қ.
1 Сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Жедел және созылмалы бронхиттер.

2. Сағат саны: 4 сағат 180 мин (100%)

3. Сабақ түрі: тәжірибелік

4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: - студентерді тыныс алу жуйесімен ауратын науқастарды сұрастыру, қарау, пальпация жасауды үйрету.

тәрбиелік:- студентерге созылмалы бронхиті бар науқастарды дұрыс күтім жасауды таныстыру.

дамыту: - жөтел ұстамасы кезінде алғашқы көмек көрсетуді дағдыландыру



5. Оқыту әдісі: Кіші топпен жұмыс

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютерлер,электронды тест.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: дидактикалық және көрнекті құралдар;

қағазбен басып шығарылған тесттер;оқу фильмдері; тақырыптық плакаттар, кестелер



б) оқыту орны: оқу бөлме.

7. Әдебиеттер:

Негізгі:


Қазақ тілінде:

1. Ішкі аурулар. Б.С. Калимурзина. - 2005.

Орыс тілінде:

1. Внутренние болезни: учебник: в 2-х т. + CD. Мухин Н.А., Моисеев B.C., Мартынов А.И. - М., ГЭОТАР-Медиа, 2009. Т. 1 - 672с; Т. 2 - 592 с.

2. Терапия с курсом ПМСП. Смолева Э.В - Ростов-на Дону «Феникс», 2008.

3.Внутренние болезни. В.И.Маколкин, С.И.Овчаренко. – М., Медицина, 2005г.

Қосымша:


1. Акушерство и гинекология. Г.К. Степанковский, Б.М. Венцковский. - М., 2008.

2. Лекарственные средства. Машковский М.Д. - М., 2009.

3. Новые технологии в образовательном процессе. УчебнН-методическое пособие. Муминов Т.А., Даулетбакова М.И. - Алматы, 2003.

4. Синдромная патология дифференциальная диагностика и фармакотерапия. Г.Д. Тобулток. - М., 2006.

5. Скорая медицинская помощь. Руководство для фельдшеров А.Л. Верткий. - М., ГЭОТАР-Медиа, 2007. - 400 с.

6. Терапия с курсом ПМСП. Э.В. Смолева. - Ростов-на Дону, «Феникс», 2008.

7. Туберкулез легких и его дифференциальная диагностика (клиникН-рентгенологический атлас). В 2-х т. Муминов Т.А. -Алматы, 2003.- 808 с.

8. Фельдшер скорой помощи. Шелехов К.К. - «Феникс», 2007.

9. Болезни оргонов дыхания. Палеев Н.П. - М. - Медицина. - 2000. - 728 с.

10. Фельдшер общей практики. Э.В. Смолева, Степанова Л.А. - «Феникс» 2003.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (6%)

• Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

• Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

• Сабақтың мақсаты мен міндеті.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (15%)

Білімді тест арқылы бағалау



10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (30%)

Созылмалы бронхит – ең кемінде соңғы екі жыл, қатарынан 3 ай қақырықты жөтелмен білінетін бронхтардың қабыну үрдісі.

I. Экзогендік себептері:


  1. активті немссе пассивті темекі тарту;

  2. ауаның түрлі поллютанттармен ластануы;

  3. кәсіптік зиянды ықпалдар;

  4. ауа-райының жағымсыздығы;

  5. инфекциялық ықпалдар.

II. Эндогепдік себептері:

  1. жедел респирациялық кеселдермен жиі ауыру;

  2. ауаның кондиционерлену бұзылысына өкелетін мұрын-кемекейдің аурулары;

  3. зат алмасу бұзылыстары;

  4. бронх тармақтарының жергілікті қорғаныс жүйесінің кемістіктері;
    туа біткен бейімдеуші кемістіктер (α-антитрипсіннің тапшылығы, т.б.).

Клиникалық көрінісі. Негізгі шағымдар: жөтел, қақырық тастау және ентікпе. Созылмалы бронхиттің ең ерте белгісі — таңертеңгілік жөтел. Ұйкыдан тұрып, кимылдай бастағанда жөтелу. Бұл мукоциллиарлық транспорттың түнгі мезгілдегі шамасыздығының белгісі. Бронхиттің жаңа басталған шағында жөтел салқын, ылғалды маусымдарда күшейіп, жазғы уақыттарда тыйылады. Кейіннен жөтел тәулік уақытымен санаспай жиіленеді. Егерде ұсақ бронхтар басым зақымданса (рефлексогендік зоналары жоқ), жөтел болмайды, тек қана ентікпе мазалайды.

Аурудың өршу фазасында, жөтелдің рефлексогендік аймактарының сезімталдығының артуынан жөтел күшейеді және әртүрлі тітіркендіргіш ыкдалдардан жөтел ұстамалары пайда болады. Мысалы ауа температурасының күрт өзгерістері — жылыдан салқынға шығу немесе салқыннан жылы жерге кіру, ауаның тітіркендіргіш заттары. Үздіксіз және булықтырып қииалдыратын қақырықсыз жөтел ұсақ бронхтардың басылуына, кілегейдің кідіруіне және эмфизема мен брон-хоэктаздардың тез дамуына соқтырады. Мүндай жөтелдің қорғаныс қасиеті жоқ, сол себентен оны тыю керек. Булықтырып, киналдыратын қақырықсыз жөтел обструкциялық синдромның болуын және жөтеддің рефлексогендік аймақтарының қатты тітіркенуін көрсетеді.

Созылмалы бронхиттің, кай түрі болсын, өршу кезінде бронхтық обструкция синдромы пайда болуы мүмкін.

Диагностикасы. Көбінде, өршу фазасының өзінде, қанның жалпы анализінде айтарлықгай өзгерістер болмайды. Аурудың айқын өршуінде лейкоцитоз, ЭТЖ-ның ұлғаюы байқалады. Эмфизема мен тыныс жетіспеушілігінде эритроцитоз бен гемоглобин деңгейлері жоғарылайды. Биохимиялық анализдер көбіне калыпты, кейде фибриногеннің, ииал кышқылдарының көбеюі және С-реактивті белоктың, диспротеинемияның болуы ықгимал.

Аурудың өршу фазасында қақырықтың мөлшері мен іріндігі кобейеді. Кақырықта нейтрофильдердің, ДНК талшықгарының саны, қышқыл мукополисахаридтердің мөлшері көбейеді, ал лизоцим азаяды. Міндетті түрде, қақырықгың себіндісінен флораның түрін және микробтардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтайды.

Аурудың алғашқы кезіндегі ренттендік зерттеудегі өзгерістер шамалы. Эмфизема мен бронхтардың бойында фиброз дамығанда өкпе эмфиземасының, пневмофиброздың тор тәрізді көріністері және өкпе өрнегінің деформациясы анықталады .

Бронхоскопияда — жалпылама эндобронхиттің (катаральді, ірінді, атрофиялық, гипертрофиялық, фибриндік-жаралы) көріністері тән.

Бронхография арқылы бронхоспазмды — "қыл тәрізді бронхтар", кілегейдің іркілісін - бронхтардың толу кемістігін, бронхтың "үзілуін" сипаттайтын белгілерді көруге болады.

Сыртқы тыныс функциясын тексергенде бронхтық обструкцияның басты белгілері анықталады: ФТШК, Тиффно индексінің төмендеуі және пневмотахометрия арқылы — тьныс шығару күшінің азаюы.

Емі.


Этиологиялық себептерін жою

Тағаммен емдеу. Созылмалы бронхитом ауыратындарға витаминдері жеткілікті, баллансы келтірілген диета ұсынылады. Диетаға жас көкөністерді, жемістерді, шырындарды қосқан тиімді.

Ірінді бронхитте қақырықпен бірге белок жойылады. Мұндай да диета белокқа бай болуы тиіс және альбумин, аминоқышқылдар қоспасы (полиамин, нсфрамин, альвезин) тамшылатып енгізіледі. Өкпетекті жүректің декомиенсацияланған сатысында N10 емдәм беріледі (энергиялық сапалылығы сақталған, бірақ тұзы мен сүйықтық мөлшері шектелген, калийдің мөлшері көбейтілген).

Антибактериялық ем.

Қақырық түсіргіш дәрмектер. Созылмалы бронхиттің емінде ең тиімдісі — мукорегуляторлар: бромгексин, ласольван, амброксол.

Бронходилататорлар — метилксантиндер және холинолитиктер

Позициялык дренаж. Позициялық (постуральдік) дренаж - қақырық түсуін жеңілдететін дененің белгілі бір калпында жату..

Дезинтоксикациялык ем. Созылмалы іріңді бронхиттің өршу кезеңінде дезинтоксикация максатымен 400 мл гемодез, глюкозанын. 5% ерітіндісін тамшылатып енгізеді және сусынды мол ішкізеді.

Иммундық модуляция және бронхөкпе жүйесінің жергілікті корганыс куатын күшеиту емі. Иммундык модуляция емі жалпы және жергілікті иммунитеттін куатын арттырады.

Физиотерапия.



11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 62 мин (35%)

• Тест тапсырмаларын орындау

• Ситуациялық есептер шығару

• Муляжда жұмыс жасау

1.Түнгi жөтел ... тән.

а) туберкулезге

б) созылмалы бронхитке

в) пневмонияға

г) ронхиалды демікпеге

д) бронхоэктазға

2.Қақырықтағы алқызыл қанның болуы...тән.

а) өкпе туберкулезiне

б) созылмалы бронхитке

в) пневмонияға

г) бронхиалды демікпеге

д) бронхоэктазға

3.Сау адамның 1минуттағы тыныс жиiлiгi:

а| 16-20 рет

б| 10-15 рет

в| 20-30 рет

г| 30-40 рет

д| 40-50 рет

4.Өкпе гангренасы – бұл:

а| өкпе ұлпасының қуыс түзе отырып iрiңдеуі

б| бронхтың шырышты қабатының қабынуы

в| аллергиялық ауру

г| бронх деформациясы және кеңеюi

д| бронхтардың кеңеюi

5.Сұр-жасыл үш қабатты қақырық ... тән.

а| өкпе гангренасына

б| бронхиалды демікпеге

в| крупозды пневмонияға

г| өкпе туберкулезiне

д| өкпе рагына

6.Бронхиалды демікпесінде перкуссияда ... дыбыс тыңдалады.

а| қораптық

б| тұйықталған

в| өкпелiк

г| тимпаникалық

д| ашық өкпе

7.Ысқырықты сырылдар ... тән.

а| бронхиалды демікпеге

б| өкпе абсцессiне

в| жіті пневмонияға

г| бронхоэктазиялық ауруға

д| өкпе гангренасына

8.Пневмонияны тудыратын фактор:

а| суықтау

б| шаршау

в| жарақат

г| эмоционалдық стресс

д| семiру

9.Бронхиалды демікпе ұстамасындағы науқастың мәжбүрлi жағдайы:

а| қолға күш түсiрiп отыру

б| сол жақпен жату

в| көтерiлген аяқпен көлденең орналасу

г| аяқтарын түсiрiп отыру

д| басын төмен, аяғын жоғары көтерiп жату

10.Экспираторлық ентiкпе:

а| тыныс шығарудың қиын болуы

б| тыныс алудың қиын болуы

в| тыныс шығару және алу

г| мұрын мен тыныс алу

д| стридорозды тыныс



жағдайлық есептер

1. 60 жастағы науқас ауруханаға жөтел, қақырық тастау, ентігу, әлсіздік, субфебрилді температура, тез шаршауға швғымданып жолықты. Қақырығы іріңді. Ентігу бастапқы тек физикалық жүктемеден кейін болса, кейін тыныштық күйде де байқала бастады. Жүрек шектері оңға қарай ығысқан, екінші тонның қкпе артерия үстінде акценті бар. Өкпе үстінде қорап дыбысы, тынысы әлсіреген, құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі. Науқаста ... болуы мүмкін.

а) пневмония

б) бронхтық астма

в) өкпенің қатерлі ісігі

г) ТЭЛА


д) созылмалы обструктивті бронхит, өршу сатысы

2. 40 жыл темекі тартқан науқаста жөтел, қан аралас қақырық тастау, жарты жыл ішінде дене салмағының 20 кг дейін төмендеу, әлсіздік, физикалық жүктеме кезінде ентігу, нейтрофилез, тромбоцитоз және ЭТЖ жоғарылауы ... туралы айтуы мүмкін.

а) пневмония

б) бронхтық астма

в) өкпенің қатерлі ісігі

г) ТЭЛА

д) созылмалы обструктивті бронхит, өршу сатысы



12. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (10%)

  • Созылмалы бронхиттің қауіп факторлары.

  • Жедел бронхиттің клиникалық белгілерінің ерекшеліктері.

  • Созылмалы бронхиттің емі.

  • Созылмалы бронхит кезінде физикалық реабилитация және күтім.

  • Жедел бронхит кезінде диетотерапия және алдын алу.

13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (2%)

• Оқушылардың білім деңгейін бағалау.



• Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.
14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (2%)
Н-1 бөлім 1, Н-3 гл 1,

Қ-9 бөлім 3, Қ-8 бөлім 4

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет