1. ООН мыңжылдық декларациясы және «Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы



Дата19.09.2024
өлшемі13.45 Kb.
#503782
түріБағдарламасы
thtrrr


1. ООН мыңжылдық декларациясы және «Ақпараттық Қазақстан – 2020»
мемлекеттік бағдарламасы.
Бүгінгі ақпараттандыру заманында қазіргі өмірді ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес. Ақпараттық революцияның екпінді дамуы нәтижесінде ақпарат мемлекеттік басқарудың басты ресурсына айналды. Тіпті ақпараттық мемлекет деген жаңа термин пайда болды. ҚР Президентінің жарлығымен 2013 жылы 8 қаңтарда «Ақпараттық Қазақстан -2020» Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Осы мақалада біз оның негізгі міндеттері мен бағыттарын толық анықтауға тырысамыз.
Ақпараттық қоғамда басты ресурс ақпарат болып табылады, дәл осы ақпаратқа ие болу негізінде әр түрлі процестер және құбылыстар туралы кез келген қызметті тиімді және оңтайлы құруға болады. Ақпараттық қоғамды дамытудың негізгі белгілері компьютерлердің болуы, компьютерлік желілерді және сондай-ақ күнделікті қызметте ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдаланатын, ақпараттық салада қамтылған халықтың санын дамыту деңгейі болып табылады.
Ақпараттық қоғам дамыған және қол жетімді инновациялық және ақпараттық технологиялардың дамыған және қол жетімді инновациялық және ақпараттық технологиялардың инфрақұрылымы есебінен халықтың хал-ахуалының жоғары деңгейіне жетуге бағытталған.
Қазақстан өз кезегінде жаһандық ақпараттық қоғамның қалыптасу процесіне барынша үлес қосуда. Сол себепті барлық қажетті шарттарды тудыру үшін «Ақпараттық Қазақстан - 2020» Мемлекеттік бағдарламасы әзірленген, олар біздің елдің ақпараттық қоғамға толыққанды ауысуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
2. Мыңжылдық декларацияның тұрақты даму мақсатының жетістіктері
және АКТ – дың арасындағы байланыс.
Мыңжылдық Даму Мақсаттары (МДМ) - 2000жылдың қыркүйегінде Нью-Йорк қаласында Мыңжылдық Саммитінде БҰҰ мүше мемлекеттердің қабылдаған Мыңжылдық Декларациясына негізделген сегіз халықаралық даму мақсаттары.
-193 БҰҰ мүше елдерінің барлығы және 23 халықаралық ұйым
-2015 жылға дейін дамудың келесі негізгі мақсаттарына қол жеткізуге келіскен:
-Шектен шыққан кедейлік пен аштықты жою
-Жалпы бастауыш білім беруді қамтамасыз ету
-Гендерлік теңдікті қолдау пен әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту
-Балалар өлімін азайту
-Аналарды қорғауды жақсарту
-Ғасыр дерттерімен (АИВ/ЖИТС және туберкулез) күрес
-Экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету
-Даму мақсаттарында жаһандық әріптестік қалыптастыру

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет