Жұмаділов Ғабдымұрат Қазыханұлы
«Ұржар колледжі» КММ
Арнайы пән оқытушысы
ШҚО, Ұржар ауданы, Таскескен ауылы
Пәні : Ауыл шаруашылығы машиналары
Сабақтың тақырыбы: Соқалар құрылысы мен жұмысы
Сабақтың мақсатының білімділік міндеті : Соқалардың жіктелуі, соқалардың құрылысын түсіндіру, оқушылардың қызығушылығын және
ойлау қабілетін, білім–білік дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін дамыта отырып заманауи талапқа сай іскерлікке баулу.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды адалдыққа, шапшаңдыққа өз бетімен еңбектенуге, ұжымдық жұмыс жүргізу арқылы бірлесіп жұмыс атқаруға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас
Пән аралық байланыс : Трактордың құрылысы, Астық комбайындары,Техникалық күтім жүйесі, Жөндеу жұмыстары
Көрнекілік: интерактивтік тақта, слайд.сұлбалар,оқулықтар
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: аудиторияның дайындығы, теориялық журнал бойынша
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
Жоспары:
1.Соқа туралы жалпы түсінік және олардың түрлері
2.Соқаны жұмысқа дайындау
3.Дискілі пышақпен шымаударғышты орнату
4.Еңбек қауіпсіздігін сақтау шаралары
Соқалар
Қазіргі трактор соқалары былайша жіктеуге болады:
Атқаратын жұмысына қарай - жалпы жұмыс және арнаулы жұмыс соқалары;
Корпус санына қарай –бір,екі,үш, төрт,бес,алты,сегіз және тоғыз корпусты;
Тракторға тіркелуіне қарай -тіркемелі, жартылай аспалы және аспалы;
Корпустарының қайырма формасына қарай- дақылдық;
Қайырмалы(жалпы жұмысқа арналған соқалар мен түренді сыдыра жыртқыштар),торлы қайырмалы (ылғалды және жабысқақ топырақты өңдейтін),жартылай винтті және винтті қайырмалы (тың және тыңайған жерлерді жыртатын) соқалар.
Жалпы жұмысқа арналған плугтар топырақты 27см тереңдікке дейін жыртуға қолданылады.Арнаулы плугтар ерекше операцияларға пайдаланылады.
Мысалы:
ПЛП-135 жолақты орман плугын орман дақылдары үшін топырақ дайындауға,өрттен сақтандыру және суару жолақтарын жүргізуге пайдаланады,сондай ақ ол жас ағаштар аралығында ашық алаң жасайды және осы кезде ұсақ бұталар мен түбірлерді қаза отырып,оларды бір жағынан жылжыту жұмысын да атқарады.
Плуг маркалары былайша оқылады:
ПН-аспалы плуг,
ПБН-батпаққа арналған аспалы плуг,
ПЛП-жартылай аспалы плуг;
ПСГ-гидрофицияланған бау- бақша плугы;
Соқа корпусы
Түрен-топырақ қыртысының астын тілуге арналған.Оны арнаулы болаттан жасайды.Түрендер трапеция немесе қашау тәрізді болады.
Қайырма-топырақ қыртысын аудару мен ұсақтауға арналған.
Егіс тақтайшасы (жақтау) соқаның жүрісін тұрақтандырады,тіректі бүйірлік күштерден жеңілдетеді,қарық қабырғасын құлаудан сақтайды.
Қайырма түрлері
Қайырмалар бет формасына байланысты дақылдық,цилиндрлі,жартылай винтті және винтті болып бөлінеді.Винтті және жартылай винтті қайырмалар топырақ қыртысын жақсы аударады.Оларды тың және тыңайған жерлерді, мысалы үш жылдық жоңышқаны жырту үшін қолданады.
Цилиндрлі және дақылдың формалы қайырмаларды жақсы игерілген мәдени егістіктерде қолданады.Бұл қайыриалар топырақты ұсақтаумен қатар аздап қыртысты да аударады.
Қайырманы үш қабатты болаттан жасайды.Оның сыртқы қабаттары көміртекті,ортанғысы аз көміртекті болаттан құралады да жылумен өңделеді.Бұл қайырманың әрі берік,әрі иілгіш болуына әсер етеді.
ПЛН-5-35 бес корпусты аспалы соқа
Соқаны жұмысқа дайындау
Соқаны жұмысқа дайындау шаралары жүйесіне-соқаны құрастыру дұрыстығы және техникалық жағдайы оның жұмыс тетіктерін орналастыру, тракторды дайындау және оны соқамен тіркестіру,агрегаттарды белгіленген жырту жағдайына әзірлеу жұмыстары жатады.
Соқадан шығарылып алынған жеке корпустардың құрастырылу сапасын, оларды бір-біріне тік бағытпен жүргізілген торлы сызығы бар көлденең, металл плитасына қойып анықтайды.Плита үстіндегі бағанаға арқалық бекітілген болуы керек, оған корпус тірегінің жоғарғы басын бекітеді.Плитадағы бақылау сызықтары арқылы корпус тірегіне бекітілген түреннің, қайырманың және егістік тақтайшаның жағдайларын анықтайды.
Дискілі пышақпен шымаударғышты орнату
Соқаның рамасына пышақ пен шымаударғыштың қондырылуын төмендегіше тексереді.Шымаударғышты биіктігі бойынша топыраққа 10…12см тереңдікке енетіндей етіп, ұстағышымен бекітеді.Бұл үшін шымаударғыш түрені пышағының жүзі, негізгі корпус түрені пышағының жүзінен 20 см тереңдікте жыртқанда 10см жоғары тұрады,ал 22см тереңдікте-12см-ге, тереңдікте – 15см және 27см тереңдікте 17см жоғары орналастырылады.
Негізгі корпус пен шымаударғыш аралығынан топырақ еркін түсуі үшін негізгі корпус түрені тұмсығынан,шымаударғыш түрені, тұмсығының, соқаның жүріс бағыты бойынша аралығы тіркемелі соқаларда 30...35см және аспалыларда 20...30см тең болуы тиіс.
Шымаударғыштың егістік кесіндісі, негізгі корпустың егістік кесіндісі жазықтығында жатуға тиіс,жыртылмаған егістік жағына ауыстыруы 15мм ге дейін болуы мүмкін.Дискілі пышақ шымаударғыштың алдына,корпустың сол жақтағы кесіндісінен алаң жағына қарай дисканың шығынқылығы 1…3см, ал шымаударғыш шетінен бір сантиметрдей болатындай етіп қондырылады.Дискі орталығы шымаударғыш түрені тұмсығының үстіне қондырылады.Дискі орталығы шымаударғыш түрені тұмсығының үстіне қондырылады, ал диск пышағы пышағы жүзінің төменгі нүктесі, оның тұмсығынан 2…3см төмен болуы тиіс.
Шым аударғыш –бұл алым ені 23см дақылдық жұмыс беті бір кішігірім корпус.Шым аударғыш топырақтың жоғары қабаты12см –ге дейінгі тереңдікте кесіп, ұсақтап, аударып, оны борозда түбіне салуға арналған.Соның нәтижесінде арамшөптер мен өсімдік қалдықтары көміліп қалады.
Пышақ- топырақты тік жазықтықта кеседі, топырақ қабатын жақсы аударуға ықпал жасайды, соқаның тұрақты жүруін және жырту тереңдігін бір қалыптылығын қамтамасыз етеді.Пыша дискілі, сапты және жалпақ болып бөлінеді.Диск пышағы өзінің өсінен еркін айналып тұруы қажет.Диск пышағы жүзінің қалыңдығы 0.4мм аспайды.Пышақ тірегі мен
Оның айырының еркін жүрісі тәжді шайба арқылы реттеледі.
Артқы тіреуіш доңғалағы жер жырту тереңдігін реттеуге арналған.Тиісті тереңдікке қою үшін тірекке белгілер жасалынған.Артқы тіреуіш доңғалағы тіректен (4), тұтқыштан (3), жартылай осьтен (10)және доңғалақ дискілі құрсаудан (12) тұрады.Түреуіш доңғалағы негізгі аралыққа орналасады.Оны жоғары көтеру немесе төмен түсіру винт тұтқасын бұрау арқылы орындалады.
Алдыңғы боразда доңғалақ механизмі корпустың тіреу жазықтығына қарай боразда доңғалағын орнатуға және реттеуге арналған, сондай-ақ соқаны жұмыс қалпынан тасымал қалпына келтіру( немесе керісінше) қызметін де атқарады. Алдыңғы борозда доңғалағының механизімі негізге аралыққа құрастырылады.
Соқаның жырту тереңдігін алаңда реттеу
Егер жырту кезінде трактордың алдыңғы дөңгелегін ашық қарықта жүргізетін болса, онда трактордың сол жақ және соқаның тірек дөңгелегінің астына тақтайша қояды.
Алқап жағдайында соқаны тексеру
Жұмысшы органдарын тексергеннен кейін плугты оның корпусының түрендерін жердің бетіне тиетіндей етіп, ал рамасы көлденең тұратындай етіп, терең алаңға орналастырылады.Трапециялы түрен жердің бетіне пышақ жүзінің барлық ұзындық бойымен түгел,ал қашау тәрізді түрен тек қана тұмсығымен тиюге тиісті.Қашау тәрізді түреннің оң жақ ұшы жер бетінен 10мм жоғары көтеріліп тұруы керек.Барлық корпустардың түрен пышақтарының жүзі бір-біріне параллель болады, ал түрен тұмсықтары мен олардың оңжақ ұштары параллель екі түзуде жатады.Алқап жағдайында мұны,ұзындық бойына шпагатты тартып қарау арқылы тексереді.Түрентұмсығы мен олардң оң жақ ұшының штангіден ауытқуы 5мм аспауы тиіс.Корпустардың егістік кесінді жазықтығы бір- біріне параллель болады.
Соқаның алым енін реттеу
Көп корпусты соқаның алым енінің дұрыс болуына қол жеткізу үшін, тракторды қарық шетінен жеткілікті қашықтықта жүргізу керек.
Жыртылған жердің сапасын тексеру
Жырту тереңдігін ашық қарықта жиырма жерден өлшейді.Берілген тереңдіктен ауытқу 2см мөлшерінде.
Қабаттың аударылу сапасын, өсімдік қалдықтарының көмілуін, ақтаңдақтың және қабаттың кесілмей қалуын диаганал бойынша тексеру.
Соқаға техникалық қызмет көрсету
Аусымнан кейінгі және маусымнан кейінгі техникалық қызмет көрсету қарастырылған.Аусымнан кейінгі техникалық қызмет көрсету-соқаны шаңнан,топырақтан, өсімдік қалдықтарынан тазартады, механизмдермен болттық қосылыстардың жөнділігін тексереді, қажет болған жағдайда түреннің жүзін ауыстырады.
Соқаларды сақтау орнына қою
Сақтауға қоярдың алдында соқаның техникалық күйін тексереді, кезекті техникалық қызмет көрсетеді.Бояуы кеткен жерлерді бояйды, жұмыстық мүшелердің беттерін және бұрандаларды тұмшалау майларымен майлайды.Соқаларды жабық жерлерде немесе арнайы алаңдарда сақтайды.
Еңбек қауіпсіздігін сақтау шаралары
Соқамен жұмыс істеуге арнайы куәлігі бар және еңбек қауіпсіздігін сақтау ережесі бойынша нұсқаудан өткен адам жіберіледі.
Түренді айырбастау және бөлшектерді қатайту жұмыстарын трактор маторы өшіп тұрған кезде орындау керек.
IV. Жаңа сабақты бекіту: Оқушыларға өткен тақырып бойынша сұрақтар қойып, өздеріне жауап бергізу, қиын сұрақтарды талқылай отырып, конспект жаздыру
Сұрақтар:
1. Соқа туралы жалпы түсінік
2. Соқалардың түрлері
3. ПЛН-5-35 маркалы соқаны талқылау
4. Соқаны дұрыс жұмысқа дайындау әдісі
5. Дискілі пышақпен шымаударғышты орнату тәсілі
6. Еңбек қауіпсіздігін сақтау шаралары
V. Жана сабақты қорытындылау
Сабақ барысында оқушылардың жауап бергеніне байланысты білімдерін бағалап,алған бағаларын айтып беру
VI.Үй тапсырмасын беру: Соқалар жұмысы мен құрылысы
Пайдаланылған әдебиеттер :Ауыл шаруашылығы машиналары
Ш.Н. Нұртаев,Е.Т.Сапарбаев, Воронов Ю.В
Ауылшаруашылық машиналары Н.Әліпбеков. Қ,Дүйсебаев, Ә.Байниязов
Достарыңызбен бөлісу: |