1. Основные тенденции развития тяжелого машиностроения в Казахстане



бет1/20
Дата02.12.2022
өлшемі87.08 Kb.
#466281
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
ЭССЕ жауаптары


1.Основные тенденции развития тяжелого машиностроения в Казахстане
Қазақстандағы ауыр машина жасауды дамытудың негізгі үрдістері
Қазақстанның машина құрылысы саласы өте кешенді болып келеді және Индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес [1] автокөлік құрылысы, мұнай-газ машина құрылысы, ауылшаруашылық машина құрылысы, тау-кен машина құрылысы, электро-техникалық машинақұрылысы сияқты секторларды қамтиды, бұл бағдарлама аясында осы салаларға мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Отандық машинақұрылысы саласының дамуының оң динамикасы бола тұра, өкінішке орай, әлі де көптеген шешімін таппаған мәселелер сақталуда. Машинақұрылысы саласы білікті кадрлардың тапшылығы бар салалардың бірі, оның себептері - оқу бағдарламасының өндіріс талаптарына сәйкес келмеуі, мамандықтардың мәртебесінің төмендігі, еңбек ақының төмендігі. Осы мақсатпен АҚШ, ЕҚ, Қытай сияқты елдердің мысалында машинақұрылысының әлемдік нарығын зерттеу негізінде, Қазақстанның машинақұрылысы саласының дамуын талдау жасау және машинақұрылысының отандық нарығының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу өзекті болып тұр. Зерттеу әдістері. Зерттеу барысында бақылау, салыстыру, өлшеу, талдау және дедукция әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижелері және қорытындылары. Отандық машинақұрылысы өнімінің шетелдік аналогтармен салыстырғанда бәсекеге қабілетсіздігінің негізгі себептері - республика кәсіпорындарының көпшілігінде ескірген өндіріс технологиясын қолдануға, импортталатын жабдықтаушы материалдарды, энергия тасымалдағ ыштарды және т.б. пайдаланудың аса жоғары үлесіне байланысты оның өзіндік құнының жоғары және сапасының төмен болуы. Одан бөлек, отандық зауыттардың өнімінің үлкен бөлігі моральдық ескірген және шетелдік аналогтарға қарағанда техникалық және пайдалану көрсеткіштері бойынша артта қалады. «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ («ААМЖЗ» АҚ) 1941 жылдың 17 қарашасында Алматыға көшіріліп әкелініп, Луганск паровоз жасау зауытының үш цехы негізінде құрылған. 1942 жылдың наурыз айында зауыт өндірістік құрал-жабдықтарын құрастырып, жөндеп, майданға қажетті қорғаныс өнімдерін – бомба, мина және снарядтар шығара бастады.1946 жылдан зауыт бейбітшілік өнімдеріне қатысты прокат (илеу) жабдықтарын шығаруға кірісті. 1951 жылы 84 түрлі өнімдерге қосымша тегістеу, созу стандарын 1/650, 1/750, 6/350 игерді. Осы жылдан бастап зауыт алғашқы халықаралық нарыққа экспортқа қадам басты.1982 жылы ААМЖЗ шығаратын өнімдерінің номенклатурасында (атауында) 300-ден артық, әр түрлі машина жасау жабдықтары болып, өнімдер әлемнің 32 елдеріне экспортқа шықты, соның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Германия және т.б. Бүгінде «ААМЖЗ» АҚ Қазақстанда машинажасау жағынан жетекші ірі кәсіпорындар қатарында болып келеді, сапа менеджмент жүйесі ISO 9001:2008 халықаралық стандартына сай сертификатталып және кездесе қоймайтын ерекше технологиялар мен жоғары деңгейлі мамандарға ие болуда.
Алматы ауыр машина жасау зауыты клиенттердің нақты қажеттілігіне көңіл бөле отырып, өнімдердің жоғары техникалық сипаттамасына үйлесімді, тиімді және нақты шешімдер ұсынады. Өндіріс саласындағы көпжылдық тәжірибе,  мамандардың біліктілігін арттырып, әрбір тапсырыс бойынша бағдарламалар жұмысын тәмамдап ұсынуға: жобалаудан бастап өндіруге дейін және шығарған өнімдердің сервистік қызмет көрсетуіне «ААМЖЗ» АҚ -ы мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет