1 пән Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі


Сабақ, сабаққа қойылатын талаптар



бет7/27
Дата27.05.2024
өлшемі117.77 Kb.
#501932
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
Моа ГОС нов

Сабақ, сабаққа қойылатын талаптар.

Сабақ, оның құрылымы. Сабақтың типтері.
Сабақ – орта мектепте оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі. Сабақ оқыту жұмысын ұйымдастырудың мақсатын, мазмұнын, оқытудың әдістері мен жабдықтарын сипаттайды. Негізгі сипаттамалардың ішінде сабақтың мақсаты негізгі роль атқарады. Оқушыларға математикалық білім, білік, дағды қалыптастыру – оқытудың білім беру мақсатынан туындайды. Мұғалім әрбір сабақтың тәрбие берерлік мүмкіндіктерін барынша мұқият талдауы қажет. Сабақтың мақсатына сай оқу мазмұны таңдап, реттеледі. Сабақтың мақсатын дұрыстап қою мұғалімнің оқу бағдарламасына, оқулыққа, әдістемелік құралдарға, дидактикалық материалдарға сүйеніп оқу материалын тиімді түрде таңдап алуына мүмкіндік береді. Оқу пәні «математиканың» ерекшелігі мектеп оқулығындағы белгілі бір тақырыптың логикасын сақтай отырып, оның мазмұнын сабақ түрінде баяндау. Оқытуға үйлесімді әдістерді таңдап алу өте қиын әдістемелік мәселе. Педагогикалық әдебиетте оқытуға үйлесімді әдістерді таңдау туралы ұсыныстар бар. Сондай ұсыныстардың бірі: егер әдіс өзіне байланысты төмендегі шарттардың ең болмағанда біреуін қанағаттандыратын болса, онда таңдап алынған әдіс оқытуға үйлесімді, яғни, а) сабақтың мақсатына сай; б) үйренуге тиісті материалдың ерекшелігі (қиындығы, жаңалығы, сипаты); в) сынып оқушылардың ерекшелігі; г) кабинеттің дидактикалық материалдармен, көрнекі, техникалық құралдармен жабдықталуы; д) сабақ кестесі бойынша сабақтың өтілу мерзімі, сынып оқушыларының саны сияқты шарттар; е) мұғалімнің дара ерекшелігі (мінезінің сипаты, әр түрлі әдістермен қарулану деңгейі, оның сынып оқушыларымен қарым–қатынасы). Сабақтың құрылымы деп оның тұтастығы мен әр алуан варианттылығын, негізгі көріністерінің сақталуын қамтамасыз ететін сабақ элементтерінің жиынтығын айтады.Математика сабағының құрылымы ұғымын пайдалана отырып, көптеген мүмкін жағдайлар ішінен сабақтың негізгі кезеңдерін бөліп аламыз:1.Сабақтың мақсатының қойылуы; 2.Жаңа материалмен таныстыру; 3.Жаңа материалды бекіту, а) ақпаратты еске түсіру және сондағы әрекеттің тәсілі; б) білімін көтеру, оны шығармашылықпен қолдана білу; 4.Оқушының білім, білік дағдысын тексеру; 5.Алынған білімді жүйелеу және жалпылау (тақырып, тарау бойынша). Сабақтың құрылымын талдағанда сабақтың мақсаты басты роль атқарады. Сабақтың мақсаты оның құрылымын анықтайды және сабақтың кезеңдерінің арасындағы байланысты орнатады, сабақтың бір бүтіндігін қалыпқа келтіреді. Сабаққа қойылатын ең негізгі талаптардың бірі – оның мақсаттылығы. Математиканы оқыту әдістемесі жөніндегі әдебиеттерден ең алғаш сабақтың дидактикалық мақсаттары, бұдан соң математиканың мазмұны арқылы тәрбие берудің, оқушы білімін жетілдіруді көздейтін негізгі мақсаттар туралы ұсыныстарды табуға болады. Сабақтың мақсаты оқушыға түсінікті болуы керек. Сабаққа қойылатын екінші бір басты талап сабақ мазмұнын дұрыстап орналастыра білу. Математика сабақтарындағы ең маңызды мәселе–оның мазмұны. Қарастырып отырған пәнді логикалық тұрғыда терең бейнелеу керек. Тек математика сабағының мазмұны арқылы білім, білік, дағды қалыптасады және математикалық фактілерді, математикалық әдістерді қолдану арқылы сабақ мазмұнын дамытуға болады. Егер сабақты жаңа тақырыпты түсіндіру жоспарланған болса, онда сабақты дедуктивтік ой қорыту жолымен дәлелдеу, талдау жасап, оқушылардың қаншалықты меңгергенін білу үшін мұғалім мақсатты жұмыстармен айналысады. Сабаққа қойылатын үшінші талап – сабаққа қажетті жабдықтар мен әдістерді, оқытудың тәсілдерін, сабақ кезінде тәрбие берудің тиімді әдістерін таңдап алу. Сабаққа аса қажетті жабдықтарды, әдістер мен тәсілдерді таңдап алу мұғалімнің шеберлігіне байланысты жұмыс. Сабаққа қойылатын төртінші талап – оқушылардың оқу әрекетін әр түрлі формада ұйымдастыру. Өз бетінше білім алу, өзін-өзі бақылау, бағалау, оқу әрекетін жекеше ұйымдастыруды дамыту талабын алға қояды және сабақтарда оқушылар көрнекіліктерді қолданады және топтық жұмыс формасын пайдаланады. Ғылыми–техникалық прогресстің жедел дамуы, ғылым мен өндірістің біте қайнасуы ой еңбегін одан әрі жетілдіруді талап етеді. Оқу конференциялары сабақ кестесі бойынша бөлінген уақытта бүкіл сыныпта өткізіледі. Оқу конференцияларында математикалық ұғымдардың даму тарихы математикалық әдістердің тәжірибеде қолданылуы және т.б. оқулық немесе ғылыми әдебиеттерден оқушылар өздігінен оқып түсіне алатын материалды қарастырған жөн. Белгілі бір тақырып немесе тарау бойынша білімді жүйелеуге және қорытындылауға арнайы конференциялар ұйымдастыруға болады. Конференцияларды ұйымдастыру және өткізу кезеңдерінде мұғалім: 1.конференцияның мерзімін, қарастырылатын мәселелер мен олардың міндеттерін анықтайды; 2.оқушыларға арналған әдебиеттерді іріктейді; 3.оқушыларға таңдаған тақырыптарын үйлестіріп, баяндамалардағы басты мәселелер бойынша кеңес береді; 4.оқушылардың даярлығын ұдайы тексеріп, тиісті нұсқаулар береді.Семинар сабақтары оқушылардың өздігінен білім алуына, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеуге, пәнге ынтасын арттыруға, ғылыми әдебиеттермен өздігінен жұмыс істеу іскерліктерін дамытуға көмектеседі. Семинарлардың мақсаты алған білімді қайталау, жүйелеу және есеп шығаруға қолдана білу іскерліктерін дамыту болып табылады. Мұнда мұғалім негізінен мақсатын, міндетін және жоспарын түсіндіреді, реферат даярлайтын оқушыларға жеке тапсырмалар мен кеңестер береді. Өткізілу тәсілдеріне қарай семинарлар әңгімелеу, рефераттар мен баяндамаларды талқылау, есеп шығару қамтылатын аралас типті және комплексті болып бөлінеді. Комплекс сипаттағы семинардың негізгі мақсаты – математиканың басқа пәндермен байланысын қорытындылау мен жүйелеу.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет