1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы


Қазақ филологиясы кафедрасы



бет44/65
Дата03.01.2022
өлшемі0.91 Mb.
#451506
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   65
руханият силлабус (1)

Қазақ филологиясы кафедрасы

Тақырыбы: Фольклордың бастау бұлағы мен халықтық тағылымы. Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған жазбаларындағы ел бірлігі тақырыбы

Сағат саны:1

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Фольклордың танымдық, эстетикалық және утилитарлық (қолданбалы) қызметі.

  2. Қазақ фольклорының поэтикасы мен тарихилық сипаты.

  3. Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі эпикалық дәстүр.

  4.  Жырға арқау болған негізгі мәселелер - елдің тәуелсіздігі, береке-бірлігі.

Әдістемелік нұсқау: Венн диаграммасы.

Күтілетін нәтиже.

Студент жасай алады:



  • оқылып жатқан проблема бойынша білімін өзектендіру;

  • салыстырып отырған түсінік пен құбылыстың ортақ және жеке ерекшеліктерін анықтау, белгілеу;

  • өз ойларын талдау және сараптау (шеңбер ішіндегі жазудың көмегімен);

  • ойлау логикасын дамыту;

  • таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі

Жүзеге асыру қадамдары

1-қадам: ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын қиылысқан шеңберге жазу




дикие

2-қадам: дәстүрлі оқыту мен интербелсенді оқытуға ортақ қасиеттерді жазамыз.

3–қадам: ерекшеліктерін топта салыстыру.

4- қадам: салыстыру нәтижесіне презентация жасау.


Тақырыбы: Әл-Фараби, Қ.А.Ясауи, Ж.Баласағұн, А.Йүгінеки мұрасындағы түркілік таным. Жыраулар поэзиясындағы ұлттық идея мен рухани үндестік

Сағат саны: 1

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Әбу-Насыр әл Фарабидің «Риторика» трактатында айтылған ой-тұжырымдардың құндылығы.

  2. Жүсіп Баласағұнның «Құтты біліг» жинағындағы шешендік шеберлік.

  3. Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» жинағындағы даналыққа құрылған қазына.

  4. Қожа Ахмет Яссауидің ғибратқа толы толғаулары.

  5. Ахмет Югнакиде дала табиғатына лайық ой-пікірлері.

  6. «Көшпенділер философы» Асан қайғының толғаулары.

  7. Жыр, жырау, толғау деген сөздердің мағыналық байланысы мен ерекшеліктері.

  8. Жыраулар поэзиясындағы дидактикалық толғамдар.

Әдістемелік нұсқау: «Семантикалық карта» әдісі.

Күтілетін нәтиже. Студент жасай алады:

  • бұрын меңгерілген білімді обьектінің анықталған семантикалық сипатына қарай салыстырады;

  • анықтайтын обьектінің қандай семантикалық сипатқа ие болатынын болжайды;

  • семантикалық картадағы мақұлдау немесе түзету белгілеріне қарап, анықталатын обьекті туралы болжамы жайында рефлексия жасайды;

  • мәтінмен жұмыс жасау дағдысын дамытады;

  • ақпаратпен жұмыс жасауға ынталы болады;

  • таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі.


Тақырыбы: ХІХ ғасырлағы қазақ әдебиетіндегі Ұлт мұраты және руханият. Хакім Абайдың адамгершілік мұраттары

Сағат саны: 1

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. 1. ХІХ ғасыр әдебиетінің саяси-әлеуметтік, көркемдік негіздері.

  2. Шернияз, Шортанбай, Махамбет, Дулаттардың ақындық мектебінің басты идеялық нысанасы.

  3. Қазақтың ағартушы, демократ ақын-жазушыларының шығармаларына өзек болған мәселелер: қазақ елінің тұрмысы, әлемдік өркениет жаңалықтары.

  4. Абай поэзиясының жанрлық қырлары, өлең құрылысы, сөз өрнегі.

  5. Абайдың қара сөздері.

  6. Абайдағы дін, дүниетаным мәселелері.

Әдістемелік нұсқау: «Кілттік сөздер» немесе «Тірек сөздер арқылы әңгіме» (сурет бойынша) әдісі.

Күтілетін нәтиже. Студент жасай алады:

  • талдайды, болжайды, қиялдайды;

  • әңгімелеуде өз болжамын шығармашылық тұрғыда жеткізеді;

  • жаңа ақпаратпен жұмыс жасау барысында ықыласты болады;

  • өз болжамының сәйкес келуін немесе сәйкес келмеуіне рефлексия жасайды;

  • таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі.

Жүзеге асыру қадамдары

1-қадам: оқытушы мәтіннен бірнеше тірек сөздерді тақтаға жазады. 2-қадамдары: «а»нұсқасы: «миға шабуыл» әдісі бойынша бұл терминдерге жалпы түсінік беруге және мәтінде бұл терминдер қалай көрініс табатынын болжауға жұптарға 5 минут уақыт беріледі. «б»нұсқасы: оқушыларға топта немесе жеке берілген сөздерді қатыстырып әңгіме құрастыру, өз болжамдарын жазу ұсынылады.

3-қадам: берілген мәтінмен танысу барысында «өз» болжамы мен берілген «түпнұсқаны» салыстыру. 4-қадам: студенттер берілген тірек сөздерге қайта оралып, табылған сәйкестіктер мен үйлесімсіздікті талдау.
Тақырыбы: Алаш әдебиеті – тәуелсіз ұлт руханиятының негізі. Қ.Жұбановтың қоғамдық-ағартушылық қызметі мен ғибратты ғұмыры.

Сағат саны: 1

Тақырыптың негізгі сұрақтары:


  1. А. Байтұрсынұлы – қазақ жазуының реформаторы.

  2. Ә.Бөкейхановтың публицистикаларындағы ұлттық руханият мәселесі.

  3. «Алаш» зиялыларының тәлім-тәрбиелік идеялары.

  4. Шәкәрім Құдайбердиевтің «Үш анық» атты еңбегіндегі «ар ілімі» идеясы.

  5. Қ.Жұбановтың өмірі мен қызметі.

  6. Профессор Қ.Жұбанов – сан қырлы талант иесі.

  7. Жұбановтану мұрасының зерттелуі мен зерделенуі.

  8. Жұбановтар әулеті.

Әдістемелік нұсқау: Ұйымдастыру бөлімі. Топтарға бөлу. «Алты қалпақ» әдісі.

Күтілетін нәтиже.

Студент жасай алады:



  • ұсынылған проблема, жасалған жұмыс бойынша өз ойына талдау жасай білу;

  • ұсынылған проблема, жасалған жұмыс бойынша өз көзқарасына рефлексия жасай білу;

  • ұсынылған проблема, жасалған жұмыс бойынша толыққанды, жан-жақты түйіндеме жасай білу;

Жүзеге асыру қадамдары:

1-қадам: класты 6 топқа бөлу, әр топ қалаған телпегін «өлшеп көріп» берілген проблема бойынша өз көзқарастарын айтады:

«Ақ телпек» à СТАТИСТИКАЛЫҚ (проблемаға қатысты деректерді талассыз келтіреді);

«Сары телпек» à СӘТТІЛІК (сәтті кезеңдерді айтады);

«Қара телпек» à СӘТСІЗДІК (оқып жатқан проблеманың сәтсіз тұстарын айтады);

«Көк телпек» à АНАЛИТИКАЛЫҚ (талдау жасайды, топтар не үшін? Неге? Неге байланысты? деген сұрақтарға жауап іздейді);

«Жасыл телпек» à ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ («ақылға сыйымсыз» идеялар мен болжамдар айтады );

«Қызыл телпек» à СЕЗІМТАЛ (топ оқиғаны оқу барысында, бастан кешірген сезімдерін тұжырымдайды).

2-қадам: әр топтың жасаған жұмысы барысында телпек түріне байланысты атқарған қызметі бойынша презентацияға дайындық.

3-қадам: топтардың жұмыстары бойынша презентация.


Тақырыбы: М.Әуезов және жалпыадамзаттық құндылықтар. Аймақтық әдебиеттанудың идеологиялық маңызы мен бағыт-бағдары.

Сағат саны: 1

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. М.Әуезовтің шығармашылық өнегесі мен адамдық бейнесі.

  2. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Абайдың ақындық-даналық тұлғасы.

  3. Мұхтар Әуезов шығармаларындағы жалпыадамзаттық құндылықтар.

  4. Қазақ фольклорындағы Ақтөбе топырағы ізі.

  5. Ақтөбе аймағындағы ақын-жырау поэзиясы үлгілері (ХY-ХІХ ғғ).

  6. ХХ ғасырдағы Ақтөбе аймағының қаламгерлері.

Әдістемелік нұсқау: «Сатылау»( ранжирование) әдісі.

Күтілетін нәтиже

Студент жасай алады:

  • жағдайды талдау және бағалау;

  • өлшемдерін анықтау;

  • дәлелдеу;

  • әртүрлі көзқарастарды қарастыру;

  • идеяларды ұсыну;

  • таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі

Жүзеге асыру қадамдары:

1-қадам: «Миға шабуыл» - әр оқушыға проблеманы жеке ұсыну. 2 -қадам: ұсынылған проблеманы маңыздылық деңгейіне қарай әр оқушыға жеке сатылай беру. 3-қадам: нұсқаларын топта салыстыру. 4 -қадам: әрқайсысы өз көзқарасы бойынша дәлелдер келтіру. 5-қадам: ыңғайлы нұсқаны таңдау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет