1.ПӘН ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР:
Пән оқытушысы:Сырымбетов С.Т.,аға оқытушы, serim2017@mail.ru,конференцияның ID номері - 2095249584
ПӘННІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ:
Көптеген өнеркәсіп салаларының қарқынды дамуы және барлық шаруашылық салалары ауқымының артуы, сонымен қатар тұрмыстық химия мен автокөліктерді кеңінен пайдалана отырып, урбанизациялану биосфераға табиғатқа жат химиялық заттардың бөлінуіне соқтырып отыр.Неғұрлым ертерек жүргізілген токсикологиялық зерттеулер жоғары уытты, аса қауіпті заттарды, тіпті бүкіл технологиялық процестерді уыттылығы, қауіптілігі неғұрлым төмен заттармен, тиімділігі бірдей технологиялық желілермен алмастырумен байланысты орынсыз шығындардың алдын алуға мүмкіндік береді.Сондықтан, өндірістік токсикология бойынша болашақ мамандардың біліктілігін арттырудың маңызы өте зор .
«Токсикология негіздері» пәні студенттерді жаңа әдістермен, токсикология ғылымдарының негіздерімен, ғылыми жетістіктермен, токсиметрия заңдылықтарымен, токсикологиялық заттарды зерттеу әдістерімен, тағамдық биотехнология, тағамдық және микробиологиялық медициналық өндірісі жайлы токсикология мәнін үйретеді. Студенттердің алған білімі болашақта ғылыми зерттеу орындарында өндірісте жұмыс істеуге көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |