1. Пәннің сипаттамасы



бет1/3
Дата22.09.2022
өлшемі213.5 Kb.
#461126
  1   2   3
29.Өсімдіктер жануарлар микроағ әртүрлігі (1)


1. Пәннің сипаттамасы: Өсімдіктер, жануарлар және микроағзалар биоәртүрлілігі биологиялық білімі бар мамандарды дайындау саласындағы қосымша пәндердің бірі. Өсімдіктер және жануарлар экологиясы пәнін оқу арқылы – өсімдіктердің және жануарлардың әртүрлі тіршілік ету орталарына байланысты бейімделушіліктерін, ортаның экологиялық факторларының, заңдылықтарын білу құзыреттілігіне ие болады. Қоршаған орта мен ағзаның әрекеттесуінің жалпы заңдылықтарын, өсімдіктерге, жануарларға факторлардың сандық және сапалық әсерінің заңдылықтарын оқып -үйренеді. Курста мына мәселелер қарастырылады: түр, популяция туралы түсінік.
Қоршаған орта мен ағзаның әрекеттесуінің жалпы заңдылықтары. Өсімдіктерге, жануарларға факторлардың сандық және сапалық әсерінің заңдылықтары. Түр, популяция туралы түсінік қалыптастыру.
2. Пәннің мақсаты: Қоршаған орта мен ағзаның әрекеттесуінің жалпы заңдылықтарын, өсімдіктерге, жануарларға факторлардың сандық және сапалық әсерінің заңдылықтарын оқып –үйрену.Түр, популяция туралы түсінік,қоршаған орта мен ағзаның әрекеттесуінің жалпы заңдылықтары, факторлардың сандық және сапалық әсерінің заңдылықтары қарастырылады.
3. Пәннің міндеттері:
- Өсімдіктер, жануарлар және микроағзалар биоәртүрлілігін оқуда білімді кеңейту;зертханалық жұмыстарда өсімдіктердің экологиялық топтарын анықтауға оқып -үйренеді;
- Дәріс сабақтарында курстың басты теориялық негізі ашып көрсетіледі. Тәжірибелік- сарамандық сабақтар студенттерді әдістемелік іскерлік қалыптасуына мүмкіндік беретін белгілі бір нақты әдістемелік міндеттер мен мәселелерді шешу әдістерін талдауды қалыптастырады;
- Сабақтың мақсатын анықтай білу, өсімдіктер және жануарлар экологиясын, олардың ортамен байланысының заңдылықтарын меңгеру.Экологиялық факторлардың өсімдіктер мен жануарлардың ағзасына әсерін білуде тәжірибелер жүргізу шараларын меңгереді.
4. Пререквизиттер:
1) Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы;
2) Омыртқасыздар зоологиясы;
3) Өсімдіктер систематикасы;
4) Омыртқалылар зоологиясы.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет