Пландеп кішігірім жер бөлігінің масштабпен сызылған бейнесін айтады. Планда жер бетінің қисықтығы (дөңестігі) еске алынбайды, яғни жер беті жазықтық ретінде қабылданады.

Жер бетінің үлкен аймақтарын немесе барлық жер бетін қағаз бетіне кескіндеу, яғни картасын жасау үшін, алдымен оның кіші бөліктерінің планын жасайды. Əрі қарай графикалық жолмен тор көз құрады да, оған жер бетіндегі құрылымдардың сұлбасын жəне жер бедерін салады. Осындай ретті əдіспен жер бетінің үлкен аймағын қағазға түсіру (бейнелеу) картадеп аталады.

Жергілікті аймақты картаға түсіргенде карта беті жазықтыққа емес, сфералық бетке сəулеленеді. Нəтижесінде карта бетіне түсірілген жер сұлбасының, құрылымдардың толық геометриялық ұқсастығы сақталмайды, жəне де олардың тұрақты масштабы болмайды, себебі сфералық бетке жазықтықты жиырылымсыз жəне оның үзілмелі тұстарын жазып кескіндеу мүмкін емес. Осы кемшіліктер карта мен планның басты айырмашылығын көрсе- теді. Планның кез келген тұсында масштаб тұрақты болады. Сонымен карта дегеніміз – Жер бетінің барлық немесе оның аумақты тұсының деңгейлік дөңестігін есепке ала отырып, кішірейтілген, қағазға түсірілген кескіні (бейнесі).