1: Практикалық психология пәні, мақсат-міндеттері


Психотерапевт қызметіндегі психологиялық ерекшеліктері



бет4/54
Дата04.11.2022
өлшемі119.14 Kb.
#463993
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
1-45 практик псих

7. Психотерапевт қызметіндегі психологиялық ерекшеліктері
Психотерапия (гр. psyche — жан + therapeia — емдеу). Қысқаша айтқанда психотерапия адамды (пациентті) психологиялық құралдардың ықпалымен емдеу дегенді білдіреді. Психотерапия — кең өрісті мағынасы бойынша сау адамдарға (клиенттерге) әр түрлі психологиялық қиын жағдайларға немесе психикасын өңдеуге көмекті қажетсінгенде жәрдем беруді іздейтін ғылым саласы. Ондай көмектерді жеке-дара немесе топты формада маман ұйымдастырады. Қазіргі кезде психотерапия адамның, тұлғааралық қатынастың, топтық үрдістердің болмысына байланысты әр түрлі теориялық-әдіснамалық бағыттары — психоаналитикалық, необихевиористік, когнитивтік, гуманистік, нейролингвистикалық бағдарламалау (НЛБ) және т.б. бар. Психотерапия — психология мен медицина аралығындағы, адамдарға іс жүзінде әсер ету әдістері мен теориялық білімдер саласы. Психотерапия ауру адамдарды емдеу мақсатында қолданылатын психологиялық құралдар ережелерін қарастырады және оларды зерттейді, сипаттайды. Психотерапия адам әр түрлі психикалық ауруға, жүйке ауруына және т.б. эмоциялық тұрақсыздық күйіне ұшырағанда, оның көмескіленген ойлау жүйесі мен сана-сезімін ауызша және әсерлі қимыл-әрекетпен ықпал ету арқылы емдеудің жүйесі. Психотерапия кеселге ұшыраған адамның өзіне және қоршаған ортасына деген дұрыс қатынасты қалыптастыруға бағытталады. Психотерапияның клиникалық тәсілдері — гипноз, аутогендік жаттығу, иландыру, өзін-өзі иландыру, зейнелі терапия. Емші мен аурудың өзара түсінісуі, отбасы мен ұжымдағы сыйластық шипагерліктің әрбір адамға деген оң ықпалын арттырады. Адамдар арасындағы жағымды мінез-құлықтар әлсіреген адамның өзін-өзі дұрыс тануына себепші болады.[1]


8.Гештальттерапияның негізгі ережелері
Гештальт-терапиясы — әлемдік тәжірибелік психологиядағы кеңінен танымал және тиімді бағыт. Адамгершілік психология түрлерінің бірі болып табылатын гештальт-терапиясы жеке тұлғаның дені сау психологиялық ұстанымының күшеюіне, тұлғалық сана-сезімнің кеңеюіне бағытталған және анық көрінетін қызметтік бағыттылығы бар. Көптеген бағыттар мен тәжірибелік психология мектептер түйісуінде пайда болған гештальт-терапиясы тәжірибелік психология мектептерінің ең таралған және қол жетімді мектептерінің бірі болды.
Ф.Перлз, бағыттың негізін қалаушы бастапқыдан науқас қоғамда дені сау тұлғаның өмірмен күресу мәселесін қойды. Сондықтан гештальт-терапияның көп қырлы техникасы жеке тұлғаның психологиялық көмегін қамтамасыз етуге, адамның оның өткен және болашақтағы ауырлықтан босауына және оның «МЕНІНІҢ» »қазіргі» жеке тұлғалық өмірінің бай өзгеріске толы әлемге қайтуына бағытталған. Пёрлз ерте балалық естеліктердегі фрейділік «қопаруларды» қате және тиімсіз деп санап, классикалық психоталдаудан бас тартты. Перлз адамға және оның психологиялық мәселелеріне өткен өмірдің (тіпті ертедегі бабалық естеліктер), сондай-ақ ең алдымен осы күнгі және белгілі мөлшерде күтілетін оқиғалар әсер етеді деп санады. Гештальт сөзі неміс тілінен тұтас бейне деп те ауларылады, сондай-ақ құрылым, осындай кең мағынада деп ұғынылады. Гештальтпсихология, гештальт-терапия сияқты, психология (әсіресе психотерапия) тұлғаның жеке бөлшектерімен, оқшауланған психикалық үдерістермен, психологиялық әсер ету факторларымен айналыспай, оларды бірыңғай кешенде және өзара байланыста қарастыру керек деген тұжырымдамадан шығады. Батыста гештальт-терапия кәсіби емес психотерапевттер арасында неғұрлым кең таралған болып табылды. Оны психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, педагогтар қысқа мерзімде ғана игеріп алады. Негізгі ұғымддар: Осында және қазір. «Сені өткен немесе болашақ емес, бүгінгі күн толғантсын». “Осында өмір сүр”. Қолыңда жоқпен емес, барымен жұмыс жаса. Пішін және фон. Перлз тұтастай қабылдау мүмкіндігін, клиентке әсер ететін барлық ішкі және сыртқы факторлардың өзара әрекеттесу есебін нақтылай отыра,осы тұтас суретте пішін мен фонды бөліп көрсеткен. Осындай кешенді көзқарас неғұрлым объективті бағалауға көмектеседі және гештальт элементтерінің әрқайсысы, оның ішіндегі кемшілік болып табылатыны да, кешенде психикалық бейімделудің маңызды факторы және басқа элементтердің өзара әрекеті болуы мүмкін. Ақыл-ойдың кеңеюі. Бұл термин психотерапияның басқа да түрлерінде кең таралды, тіпті филисофия мен педагогикада. Оның мәні клиентке шешілмейтін жағдаятты басқа қырынан (немесе әр түрлі жақтардан), сонымен қатар одан шығу жолын көруге мүмкіндік туғызу болып табылады. Неғұрлым кең мағынада ақыл-ойдың кеңеюі адамның өз өміріне және өмірдегі өз-өзіне тұтастай басқаша қарауға, кедергілерді төтеп беру жолдарын ғана емес, сонымен бірге толық өзін-өзі іске асыру мүмкіндігін көруге жағдай туғызады. Қарама-қарсылықтармен жұмыс. Келесі қағида - қарама-қарсылықтармен жұмыс. Біздің қабылдау қалыптармен «кірленген». Сезімдердің амбиваленттілігі. Бұл кез келген психикалық дені сау адамның қалыпты қасиеті, мәселен, қызғанышта біз бір мезгілде жақсы көреміз және жек көреміз. Дәл сондай балалардың ата-анасына, ата-аналардың балаларына, ағалары мен сіңлілері қатынастарында және т.б. кездесе алады. Аяқталмаған іс — гештальт-терапияда жеке тұлғаны өзертіп, жаңа қақтығыстар тудырып, оның актуальды мінез-құлыққа әсер ететін кідіртілген сезімдер айқындалады. «Аяқталмаған іс» тұжырымдамасына сәйкес әрекет етілмеген эмоциялар болып жатқанды актуальды тану үдерісіне кедергі келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет