1 Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың теориялық негіздері



бет1/5
Дата08.12.2022
өлшемі105.85 Kb.
#466830
  1   2   3   4   5
курсовой 2 (копия)


Жоспар

1 Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың теориялық негіздері 


1.1 Сатып алушылармен және тапсырыс берушілердің бухгалтерлік есебінің экономикалық мазмұны
1.2 Басқа да дебиторлық қарыздардың есебі және болашақ кезеңнің есебі 
2. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың аудиті
2.1 Кәсіпорындағы сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің есебі
2.2Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің есебінің жетілдіру жолдары
3. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің есебі «Темір» ЖШС үлгісінде
3.1«Темір» ЖШС.нің ұйымдастырушылық. экономикалық сипаттамасы
3.2 Дeбитoрлық борыштар есебін ХҚЕС сай жүргізу
3.3 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің есебін 1С:Бухгалтерия бағдарламасында жүргізу

4.Қорытынды

5.Пайдаланылған әдебиеттер тізім
Stud.kzКіру


Начало формы
Конец формы
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі және аудиті Темір ЖШС үлгісінде
Скачать

Жұмысты толықтай көру 




  • Жоспар

  • Кіріспе

  • Әдебиеттер

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

1 Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8


1.1 Сатып алушылармен және тапсырыс берушілердің бухгалтерлік есебінің экономикалық мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2 Басқа да дебиторлық қарыздардың есебі және болашақ кезеңнің есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15

2 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің есебі «Темір» ЖШС үлгісінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24 


2.1 «Темір» ЖШС.нің ұйымдастырушылық. экономикалық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
2.2 Кәсіпорындағы сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің есебі...30 
1.3 Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...46

3 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің есебінің жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..50


3.1 Дeбитoрлық борыштар есебін ХҚЕС сай жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ..50
3.2 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің есебін 1С:Бухгалтерия бағдарламасында жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .54

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..60 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..62 

Пән: Бухгалтерлік іс 


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс 
Тегін: Антиплагиат 
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .


... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

1 Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың


теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.1 Сатып алушылармен және тапсырыс берушілердің бухгалтерлік есебінің
экономикалық
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..8
1.2 Басқа да дебиторлық қарыздардың есебі және болашақ кезеңнің
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

2 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің есебі Темір ЖШС


үлгісінде ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.1 Темір ЖШС-нің ұйымдастырушылық– экономикалық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
2.2 Кәсіпорындағы сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің есебі...30
1.3 Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп
айырысудың
аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .46

3 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің есебінің жетілдіру


жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..50
3.1 Дeбитoрлық борыштар есебін ХҚЕС сай
жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ..50
3.2 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің есебін 1С:Бухгалтерия
бағдарламасында
жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 54

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .


... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .60

Пайдаланылған әдебиеттер


тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .62

Кіріспе


Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Дебиторлық борыштар - бұл
басқа заңды тұлғалардың немесе жеке азаматтардың шаруашылыққа
берешек қарыздары. Дебиторлық борыштар шаруашылықтың ішінде және
сыртқы сыртқы заңды тұлғалармен және жеке азаматтармен де пайда болады.
Есептеу әдісін қолданып қолма-қол емес есеп операциялары кезінде
дебиторлық борыштардың пайда болуы заңды құбылыс болып табылады.
Дебиторлық борыштар есебі өзіне мынадай элементтерін біріктіреді.
Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудыңі
есебі; басқада дебиторлық борыштардың есебі;болашақ кезеңдердің есебі;
күдікті борыштар бойынша резервтердің есебі;
Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға
сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері сондай-ақ аванс ретінде алдын ала
төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары – Дебиторлық борыштары Алынуға
тиіс шоттар деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар
заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін алынатын
уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті
борыштар және ұзақ мнрзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді.
Бұл борыштардың есебі Алынуға тиісті шоттар бөлімінің шоттарында
есептеледі.
Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын өтелінетін
дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың
катарына жататындар:
- ағымдағы активті сатып алуға төленген аванстық алдын ала
төленген төлем;
- тапсырылған берілген шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;
- вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;
- негізгі ұйымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі
операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;
- ұйымның лауазымды адамдарының тұлғаларының дебиторлық борышы:
- басқадай дебиторлық борыштар.
Дебиторлық қарыз айналыстан қаражатты айыратындығын көрсететін
болғандықтан, шаруашылық жүргізуші субъектілер бірінші кезекте олардың
айналымдылығын талдайды. Әдетте, дебиторлық қарыздың айналымдылығы 30-дан
90 күнге дейін тең болады, егер де осы мерзімнен асып кетсе, онда оны
мерзімі өтіп кеткен деп санайды.
Кәсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома
басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексель бойынша төлейтін ресми
берешегі болып есептелінеді. Алынуға тиісті шоттар бойынша шоттар
дебиторлық борыштар иелік ету хұқығымен қоса, заңды құқығымен байланысты
актив болып саналады. Қорытындылап айтатын болсақ дебиторлық борыш
дегеніміз, бұл – иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты
активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.
Диплом жұмысының мақсаты – зерттеу объектісі ретінде алынған
дебиторлық борыштар соның ішінде: сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің
есебі, күмәнді борыштар, дебиорлық борыштар есебінің аудитін қарастырып,
зерттеу болып табылады. Қандай да бір ұйымдар болмасын бухгалтерлік есепті
ұйымдастыруда ең қажеттіліктердің бірі болып дебиторлық борыштар болып
саналады, яғни барлық ұйымдарда міндетті түрде борыштар есептелінеді.
Дипломдық жұмыстың міндеті – Темір ЖШС-нің қызметінің экономикалық
жағдайына баға беру, сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің есебін
есептеу тәртібін ашу, сонымен бірге кәсіпорынның қаржылық жағдайын және
төлем қабілеттілігін жақсарту үшін, кәсіпорынның шаруашылық қабілетінің
соңғы нәтижесін жақсартуға бағытталған резервтерді ашу және нақты іс
шаралар жетілдіру болып табылады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығына кәсіпорындардағы дебиторлық
берешектерге байланысты тәжірибелік зерттемелер мен кешенді сұрақтардың
шешімдеріне теоретикалық-әдістемелік негіздерін жатқызуға болады.
Жұмыстың тәжірибелік мәні кәсіпорынның экономикалық дамуында
кәсіпорынның дебиторлық борыш сұрақтары бойынша басылымдарда кәсіпорын үшін
жоғары деңгейде үлкен көңіл бөлінетіні болып табылады.
Бухгалтерлік есеп мәліметтері басқару жүйесінің негізі болып табылады.
“Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы” заңының талаптарына
сәйкес ұйымның басшылары өз қажеттеріне сай келетін есепке алу жүйесін,
бухгалтерлік есеп беруді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Дипломдық жұмыста Темір ЖШС-нің мәліметтерін негізгі ала отырып,
ізденіс жасалды.
Дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлімнен және қорытынды мен қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы жұмыс сатып алушылар мен тапсырыс
берушілер бойынша есеп айырысу мен оның аудитін теориялық жағынан және
тәжірибелік мәліметтер негізінде оның толық сұрақтарын қарастырады.
Бірінші бөлімде сатып алушылар мен тапсырыс берушліердің түсінігі және
олардың түрлерінің теориялық негіздері қарастырылады, екінші бөлімде –
зерттеліп отырған кәсіпорынның негізгі экономикалық көрсеткіштері, есеп
саясаты сипатталады; дебиторлық борыштар есебінің ерекшеліктері
көрсетіледі, ал үшінші бөлімде кәсіпорынның дебиторлық борыштардың
жетілдіру жолдары қарастырылады.

1 Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың


теориялық негіздері

1.1 Сатып алушылармен және тапсырыс берушілердің бухгалтерлік есебінің


экономикалық мазмұны

Дебиторлық борыш – кәсіпорынға (ұйымға, мекемеге) шаруашылық қарым-


қатынас жасаудың нәтижесінде басқа бір заңды немесе жеке тұлғаның берешек
болған борышы. Бұл бір кәсіпорынның айналымдағы қаржысын екінші бір ұйым
немесе жеке адамның пайдаланғандығын көрсетеді.
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің есебі – кейде қаржы тәртібін
бұзудан, тауарды, қаржыны талан-таражға түсіруден, күрделі құрылысқа
байланысты қарыздардан т.б. құралады. Дебиторлық берешектердің өсуі
кәсіпорынның қаржы жағдайын ауырлатады. Осыған байланысты экономикада
қоданылып жүрген есеп айырысу – несие қатынастарының тәртібі. Дебиторлық
берешектің өсіп кетпеуін қадағалап отырады. Дебиторлық берешек дер кезінде
өндіріліп алынуға тиіс. Егер өндіру мерзімі өтіп кетіп, дебиторлық берешек
шығыстан шығарылған жағдайда, бұл мерзімді өткізіп алған адамдар тиісінше
жауапқа тартылады.
Дебиторлық борыш – деп белгілі бір қарым-қатынасқа байланысты заңды
және жеке тұлғалардың шаруашылық субъектісінің алдындағы сатып алған
тауарлары, субъектінің оларға көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ
жұмысшылар мен қызметкерлердің субъектіден аванс ретінде алған немесе
несиеге, қарызға алған тауарлары мен материалдары үшін қайтаруға тиісті
борыштарын айтады. Осы субъектіге берешек борышы бар кәсіпорындар мен
ұйымдар, сондай-ақ жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады [1].
Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын (өтелінетін)
дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептелінеді. Олардың
қатарына жататындар:
• ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген)
төлем;
• тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;
• вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;
• негізгі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестігі
арасындғы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;
• акционерлік қоғамның лауазымды адамдарының (тұлғаларының) дебиторлық
борышы;
• басқадай дебиторлық борыштар.
Дебиторлық борыштар – бұл заңды тұлғалардың немесе жеке азаматтардың
шаруашылыққа берешек қарыздары. Дебиторлық борыштар шаруашылықтың ішінде
және сыртқы заңды тұлғалармен және жеке азаматтармен де пайда болады.
Есептеу әдісін қолданып, қолма-қол емес есеп айырысу операциялары кезінде
дебиторлық борыштардың пайда болуы заңды құбылыс. [2]
Өтелетін (алынатын) уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар
ағымдағы алынуға тиісті борыштар және ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар
болып екіге бөлінеді.
1210 "Cатып алушылар мeн тапcырыc бeрушілeрдің қыcқа мeрзімді
дeбитoрлық бeрeшeгі"
1220 "Eншілec ұйымдардың қыcқа мeрзімді дeбитoрлық бeрeшeгі"
1230 "Қауымдаcтырылған жәнe бірлecкeн ұйымдардың қыcқа мeрзімді
дeбитoрлық бeрeшeгі"
1240 "Филиалдар мeн құрылымдық бөлімшeлeрдің қыcқа мeрзімді дeбитoрлық
бeрeшeгі"
1250 "Қызмeткeрлeрдің қыcқа мeрзімді дeбитoрлық бeрeшeгі"
1260 "Жалдау бoйынша қыcқа мeрзімді дeбитoрлық бeрeшeк"
1270 "Алуға арналған қыcқа мeрзімді cыйақылар"
1280 "Өзгe қыcқа мeрзімді дeбитoрлық бeрeшeк"
1290 "Күмәнді талаптар бoйынша рeзeрв"
2100 Ұзақ мeрзімді дeбитoрлық бoрыш бөлімшecінің кeлecідeй
шoттарында жүргізілeді:
2110 Cатып алушылар мeн тапcырушылардың ұзақ мeрзімді берешегі
2120 Eншілec ұйымдардың ұзақ мeрзімді дeбитoрлық берешегі
2130 Аccoциацияланған жәнe бірлecкeн мeкeмeлeрдің ұзақ мeрзімді
дeбитoрлық берешегі
2140 Филиалдар мeн құрылым бөлімшeлeрдің ұзақ мeрзімді дeбитoрлық
берешектері
2150 Қызмeткeрлeрдің ұзақ мeрзімді дeбитoрлық берешек
2160 Жал бoйынша ұзақ мeрзімді дeбитoрлық берешек
2170 Алынуға тиіcті ұзақ мeрзімді cыйақылар
2180 Баcқадай ұзақ мeрзімді дeбитoрлық берешек [3].
Дебиторлық борыштардың ішінде субъектінің шаруашылық қызметінде жиі
кездесетінін – дайын өнімдерді (жұмыс, қызмет) және тауарларды сату
операциялары. Баланста көрсетілген дебиторлық борыштар баптарының ішіндегі
үлесі жағынан ең қомақтысы.
Сондықтан сатып алу және тапсырыс берушілермен есеп айырысуды
тексерген кезде бағдарламада келтірілген сұрақты жан-жақты қамтып, ауқымын
кеңейте түсу үшін мынандай мәселелерді анықтап алу қажет: өнім сатуға сатып
алушылармен және тапсырыс берушілермен шарт жасалғандығын; түгендеу
(салыстыру) актілерімен есеп айырысу құжаттарымен расталған сатып
алушылардың борыштарының нақтылығын; сатып алушылармен және тапсырыс
берушілердің борыштарын; бөлімшесінің шоттары бойынша жүргізілген
синтетикалық (жіктеу) есептің дұрыстығын анықтап алу.
Мұндай жағдайда аналитикалық (талдау) есеп мынандай мәселелерді
қамтамасыз етуге міндетті: вексельдермен қамтамасыз етілген ақша
қаражаттарының түсу мерзімі әлі жетпеген, сатып алушылармен және тапсырыс
берушілермен есеп айырысулар бойынша борыштардың мәліметтерін алу
мүмкіндігін, дисконтталған вексельдер мен ақша қаражаттарының мерзімінде
түспегендігіне қарамастан, банктен өткен дисконтталған вексельдерді;
сатып алушылармен және тапсырыс берушілердің борыштары бөлімінің шоттары
бойынша бухгалтерлік есеп корреспонденцияларының дұрыс берілгендігін:
сатып алушылармен және тапсырыс берушілердің борыштары бөлімінің шоттары
бойынша аналитикалық есеп жазуларының № 11 журнал-ордердегі, Бас кітаптағы
және баланстағы жазулармен сәйкестігін; талап ету мерзімі өткен дебиторлық
борыштардың дұрыс шығысқа шығарылғандығын қамтамасыз етуге міндетті. [4]
Субъектінің басшысының қабылдаған шешіміне сәйкес талап ету мерзімі
өткен дебиторлық борыштар шығысқа шығарылып, күдікті қарыздар резервінің
шоттарына жатқызу арқылы жабылады. [5]
Дебиторлық берешек ұйымның айналысынан қаражатты алаңдатады, оның
қаржы жағдайын нашарлатады. Оны уақтылы өндіріп алу –
ұйым бухгалтериясының аса маңызды міндеті. Талап ету мерзімі өткеннен кейін
дебиторлық берешек залалға жатқызылып, есептен шығарылуға тиіс.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлағалардан оларға
сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала
төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары –1200 дебиторлық борыштар (алынуға
тиісті шоттар) деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы
бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынатын)
уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті
борыштар және ұзақ ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге
бөлінеді. Бұл борыштардың есебі Алынуға тиісті шоттар бөлімінің
шоттарында есептелінеді.
Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын (өтелетін)
дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың
қатарына жататындар:
• Ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген)
төлем;
• Тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;
• Вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;
• Негізгі ұйымдар мен еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар
негізінде туындаған дебиторлық борыштар;
• Ұйымның лауазымды адамдарыны (тұлғаларанының) дебиторлық борышы;
• Басқадай дебиторлық борыштар.
Кәсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома
басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексеь бойынша төлейтін ресми
берешегі болып есептелінеді. Алынуға тиісті шоттар бойынша борыштар
(дебиторлық борыштар) иелік ету құқығымен қоса, заңды құқығымен байланысты
актив болып саналады [6].
Қорытындылап айтатын болсақ дебиторлық борыш дегеніміз, бұл – иелік
ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активке қамтылған
алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.
Ұйымның қаржы қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына
дебиторлық борыштардың айналымы жатады. Яғни дебиторлық борыштардың
есептелген уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны.
Ұйымның дебиторлық борышы оған байланысты кірісті алынған жағдайда ғана
анықталады [7] .
Дебиторлық борыштар сатылған өнімдер мен тауарлардың құнынан баға
жеңілдіктерін және қайтарылған тауарлардың құнын алып тастағандағы қалдық
сомасы бойынша есептелінеді. Бір жылдан астам уақыт бойы алынбаған
дебиторлық борыштар ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар болып есептеледі.
Дебиторлық борыштардың пайда болған (есептелінген) уақыты мен өтелу
уақытының арасындағы мерзімге байланысты пайыздар бойынша кіріс көп
жағдайларда ескерілмейді. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын сатқанда кейде
сатып алушыларға баға жеңілдіктерін береді.
Ұйымдардаң мұндай қадамға баруының басты себебі сатып алушыларды
қызықтыру арқылы сатылатын тауарларының көлемін арттыру болып табылады.
Сонымен қатар баға жеңілдіктерін пайдалану ұйымының күмәнді борыштарының
сомасын қысқартуға үлкен әсер етеді. Халықаралық тәжірибеде баға
жеңілдіктері (скидки) терминімен (сөзімен) бірге сауда жеңілдігі термині
(сөзі) қатар қолданылады. Өз экономикасын нарықтық жолмен жүргізіп келе
жатқан елдердегі ұйымдар сауда жеңілдігін қолдануының мақсаты баға
жеңілдіктерін пайдаланғандағы жағдаймен бірдей деп айтуға болады [8].
Кейбір жағайларда сапаның төмендігінен немесе тауарлардың ақау болу
себебінен сатылған тауарларды қайтаруға тура келеді. Мұндай тауарларды
қайтарып алу сатушы ұйымдар үшін тиімсіз болады. Сондықтан да кәсіпорын
сатып алушы заңды немесе жеке тұлғаның осы тауарлар бойынша борыш
сомаларының мөлшерін қысқарту туралы. Талабын қабылдауға келісуіне тура
келеді. Әрине аталған жеңілдікті жасау ұйымның келіп түсуге тиісіт
табыстарының көлемін азайтатындағы сөзсіз. Бұл жағдайда ұйымның
бухгалтериясында жасалынған жеңілдік сомасына:
Дт: 6030 баға шегерімі – шоты
Кт: 1210 алынуға тиісті борыштар – шоты
Түріндегі бухгатлтерлік жазуы жэазылады.
Егер сатылған тауар ұйымға қайтарылған болса, ол үшін жазылатын
бухгалтерлік жазу мына түрде бейнеленеді:
Дт: 6020 Сатылған тауралардың қайтарылымы – шоты
Кт: 1210 Алынуға тиісті борыштар – шоты
Кәсіпорындардың бухгалтериясы дебиторлық борыштар есебін жүргізу
барысында мына төменде аталған құжаттарды қолданады:
Нөмірі 7 Журнал-ордер – 1250 Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың
борышы деп аталатын шотының кредиті бойынша;
Нөмірі 9 Журнал-ордерге қосымша тізімдеме – 1610 Берілген аванстар
шотының дебиті бойынша;
Нөмірі 10 Журнал-ордер – 1290 Күдікті қарыздар бойынша резерв,
1620Алдағы кезең шығындлары шоттарының несие (кредиті) бойынша;
Нөмірі 11 Журнал-ордер – 1210 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің
борышы шотының және 1220 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық
борышы шотының кредиті бойынша жүргізіледі.
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер және басқадай дебиторлармен есеп
айырысудың есебі бойынша жоғарыда аталып өткен тіркелімдерден басқа
дебиторлық борыштардың есебіне талдамалық есептің карточкалары, ажырату
парақшалары (қағаздарын), бухгалтерлік анықтамалары және тағы да басқа
тіркелімдер (құжаттар) қолданылады. Жалпы есеп тіркелімдерін толтыру
шаруашылық операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулардың
жиынтығын анықтау үшін керек [9] .
Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарында (соның ішінде Америка
Құрама Штаттарының бухгалтерлік есеп стандарттарында) ұйымның бухгалтерлік
есеп жұмысын жүргізу барсында қолданылатын барлық бланкілері үшін міндетті
ортақ есеп беру формалары қарастырылмаған.
Есеп нысанын таңдау құқығы толығымен бас бухгалтердің құзырында, яғни
ол алғашқы құжаттарды топтастырудың ең қарапайым әдісін таңдап, шоттар
корреспонденциясын жүргізуге міндетті. Шоттарға келетін болсақ, оларға
негізгі есеп тіркелімдерінде үнемі қатысатын, эпизодтық болып бөлінеді және
олар басқадай операцияларда қолданылады.
Дебиторлық борыштар шоттарныда есептелінетін сомаларлың дұрыстығы мен
олардың толықтығын бақылау үшін түгендеу жүргізу керек, ол құжаттар бойынша
шоттарды корреспонденцияланатын щоттармен салыстыру арқылы жүргізіледі.
Мұндағы басты мақсат – әрбір шоттағы сомалардың сәйкестігі мен дұрыстығын,
толықтығын анықтау болып табылады.
Дебиторлық борыштар - бұл басқа заңды тұлғалардың немесе жеке
азаматтардың шаруашылыққа берешек қарыздары. Дебиторлық борыштар
шаруашылықтың ішінде және сыртқы сыртқы заңды тұлғалармен және жеке
азаматтармен де пайда болады. Есептеу әдісін қолданып қолма-қол
емес есеп операциялары кезінде дебиторлық борыштардың пайда болуы
заңды құбылыс болып табылады [10].
Дебиторлық борыштар есебі өзіне мынадай элементтерін біріктіреді.
Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудыңі
есебі; басқада дебиторлық борыштардың есебі;болашақ кезеңдердің есебі;
күдікті борыштар бойынша резервтердің есебі.
Дебиторлық борышты есептеудегі басты мәселе сату мерзімін анықтау болып
табылады, яғни сатып алушы ларға тиеліп жіберілген немесе жөнелтілген
тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) қашан сатылғанын тануында. Бухгалтерлік
есептің көзқарасымен қарағанда, тауарлардың тиелуі мен мен сатып алушыға
қаржылық және есеп айырысу құжаттарының ұсынылуы, тауарлардың сатылғандығы
деп танылады.
Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу операциялары
арнаулы тізімдемелерде есептелініп, онда сатылған айналымнан тыс активтер,
қаржылық инвестициялар, тауарлы-материалдық құндылықтар бойынша шот
фактуралары немесе басқадай есеп айырысу құжаттары жинақталып,
топтастырылып бөлек көрсетіледі. Тізімдемелердегі жазулар – шоттар,
фактуралар немесе олардың орнына қолданылатын басқадай құжаттар негізінде
активтердің топтары бойынша жазылады [11] .
Тізімдемелердің бағандарында сатып алушылар (тапсырыс берушілер)
бойынша ай басындағы қалдықтар көшіріледі және бұйымдардың аттары немесе
топтары бойынша сатылған активтердің сандық мәліметтері көрсетіледі. Сатып
– алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы шотының бөлімше шоттарының
кредиті бойынша операциялардың есебі үшін № 11 журнал-ордер қолданылады.

Кесте 1
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары шоты бойынша


жүргізілетін операциялар

№ Операциялардың мазмұны Дебет Кредит 


1 Тиеп жіберген тауарға, өнімге, көрсетілген
қызметке есептелінген сатып алушы, тапсырыс 1210 6010 
берушілердің борышы
2 Тиеп жіберген тауарға, өнімге, көрсетілген
қызметке есептелінген қосылған құн салық сомасы 1210 3130 
3 Борыш сомасы бұрын алынған аванс сомасынан 3510 1210 
шегерілді
4 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден есеп
айырысу шотына келіп түскен сома 1030 1210 
5 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің 3320-3330 
борыштары олардың кредиторлық қарызы есебінен , 1210 
өтелінді 3210
6 Сатылып (тиеп жіберілген) тауар, өнім, 1210, 
көрсетілген қызмет үшін алынған вексель 1280 2120-2130
7 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер берген
вексельдері үшін борыштарын төледі 1030 1280 

Тауарларды сату және сатып алу кезіндегі барлық қатынастар, жеткізу


келісімдері, консигнация жайлы келісімдер мен сату және сатып алу
келісімдері, сондай-ақ келісім-шарттарымен және тағы бас құжаттар құқықтық
рәсімделуі қажет. Келісімнің және соған сәйкес есептің басты объектісі
тауар болып табылады. Сондықтан келісім шартта тауарлардың сипаттамасы
толығымен көрсетіліп, оның бағасымен келісілген жалпы құны алынып өтуі
қажет. [12]
Дебиторлық қарыз айналыстан қаражатты айыратындығын көрсететін
болғандақтан, шаруашылық жүргізуші субъектілер бірінші кезекте олардың
айналымдылығын талдайды. Дебиторлық қарыз айналымдылығы 30-дан 90 күнге
дейін тең болады, егер осы мерзімнен асып кетсе, онда оны мерзімі өтіп
кеткен деп санайды.
Сондықтан кейінгі кездері дебиторлық қарызды талап ету құқын
факторингалық компанияларға жүктейді.
Факторингілік операциялардың есебі. Факторинг, басқаша айтқанда,
қаржылық агент болып табылады және үшінші тұлға ретінде қарызды өндіріп
беру үшін қызмет етеді [13].
Ондай қаржылық агент болып банктерде басқа да несиелік, коммерциялық
ұйымдар бола алады, бірақ олар аталған қызметті жүзеге асыру үшін лицензия
болуы керек. Бірақ кез келген еәсіпорын немесе ұйым факторинг қызметімен
шұғылданбас бұрын екі жақтың да несие қабілеттілігін тексереді және
көрсеткен қызметі үшін, өз құқын беоген кәсіпорын автоматты түрде төленуге
тиіс. Бұл арада өзінің дебиторлық қарызды талап ету құқын берген кәсіпорын
мен факторинг компаниясы келісім-шартқа отырады. Ондай келісім-шарт ашық
та, жабық та болуы мүмкін.
Сатылған өнімнің, тауарлардың, істелінген жұмыстардың және
керсетілген қызметтердің нақты өзіндік құнына сәйкес мына төмендегідей
шоттардың корреспонденциясы жасалады: 7010 "Сатылған дайын өнімнің
(жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны"шоттары дебеттелі де, 1320 "Дайын
өнімдер", 1330 "Алынған тауарлар", 8110 "Негізгі өндіріс", 8210 "Өз
өндірісінің шала өнімдері", 8310 "Қосалқы өндіріс" және баска шоттары
кредиттеледі. Қаржылық инвестицияларды, материалдык емес активтерді,
негізгі құралды сатқан кезде тиесілі шығастар шоттары дебеттеліп, актив
шоттары кредиттеледі [14].
Сатылған (жөнелтілген) өнімнің, тауардың, атқарылған жұмыстың,
керсетілген қызметтердің сату құнына 301-шоты дебеттеледі де, 6010
"Сатылған дайын өнімнен (жұмыстардан, қызметтерден) түскен табыс", 6010 "
Алынған тауарларды өткізуден түскен табыс" және басқа шоттары
кредиттеледі.Сатып алушыларға және тапсырыс берушілерге төлеу үшін берілген
есеп айырысу-төлем құжаттарын төлегеніне карай 1032 "Валюталық шотындағы
нақты ақша", 1030 "Есеп айырысу шотындағы нақты ақша, 1010 "Кассадағы нақты
ақша" шоттары дебеттеледі де, 1210" Алынуға тиісті қарыздар" шоты
кредиттеледі.
Егер сатып алушылар мен тапсырыс берушілер шартқа сәйкес жабдықтаушыға
аванс төлесе (1030, 1010-шоттардың дебеті, 1610 "Тауарлы-материалдық
қорларымен жабдықтау үшін алынған аванстар" шоттардың кредиті), онда сатып
алушылар мен тапсырыс берушілер төлеген аванс сомасын шегеріп барып төлем
жасайды.
Баға мен сатудан берілген жеңілдіктер 6310 "Сатудан жасалған
жеңілдіктер", 6030 "Бағадан жасалған жеңілдіктер" деген шоттары дебеттеліп,
1210 шоты кредиттеледі, ал қайтарылған тауарға 6020 "Сатудан қайтарылған
тауарлары" шоты дебеттеліп, 1210 шоты кредиттеледі. Осыған сәйкес,
бұрындары есептелген ҚҚС да түзетіліп жазылады. Айдың аяғындағы 1210 -шоты
бойынша сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өздеріне келген
(босатылған) тауарлы-материалдық қорлар және орыңдалып, қабылданган
жұмыстар мен қызметтер үшін өтелмеген борыштың калдығын көрсетеді [15].
Дебиторлық қарыз айналыстан қаражатты айыратындығын көрсететін
болғандықтан, шаруашылық жүргізуші субъектілер бірінші кезекте олардың
айналымдылығын талдайды. Әдетте, дебиторлық қарыздың айналымдылығы 30-дан
90 күнге дейін тең болады, егер де осы мерзімнен асып кетсе, онда оны
мерзімі өтіп кеткен деп санайды.
Сондықтан кейінгі кездері дебиторлық қарызды талап ету құқын
факторингалық компанияларға жүктейді.
Факторингалық операциялардың есебі. Факторинг, басқаша айтқанда,
қаржылық агент болып табылады және ол үшінші тұлға ретінде қарызды өндіріп
беру үшін қызмет етеді [16].
Ондай қаржылық агент болып банктерде баска да несиелік, коммерциялық
ұйымдар бола алады, бірақ, олар аталған қызметті жүзеге асыру үшін
лицензиясы болуы керек. Бірақ кез келген кәсіпорын немесе ұйым факторинг
қызметімен шұғылданбастан бұрын екі жақтың да несие қабілеттілігін
тексереді және көрсеткен қызметі үшін, өз құқын берген кәсіпорын автоматгы
түрде төлеуге тиіс. Бұл арада өзінің дебиторлық қарызды талап ету құқын
берген кәсіпорын мен факторинг компаниясы келісім-шартқа отырады. Ондай
келісімшарт ашық та, жабық та (конфиденциалды) болуы мүмкін.

1.3 Басқа да дебиторлық қарыздардың есебі және болашақ кезеңнің есебі



Басқадай дебиторлық қарыздарды (борыштарды) есепке алу 1280 "Басқалай,
дебиторлық қарыздар" бөлімшесіндегі шоттарда жүргізіледі.
Дебиторлық қарыздардың әрбір түрі бойынша есепке алуды ұйымдастырудың
жайын қарастырып көрейік.
"Өтелуі тиісті қосылған құн салығы" (1420-шот). Бухгалтерлік есепте
қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша есеп айырысуды көрсету үшін 1420 "Өтелуі
тиісті қосылған құн салығы" шоты қолданылады.
1420-шотының дебеті бойынша 3310 "Жабдықтаушылармен және
мердігерлермен есеп айырысу", 3370 "Басқа да" шоттарының кредитімен
корреспонденциялана отырып, алынған тауарлы-материалдық құндылықтарды,
атқарылған жұмыстарды және керсетілген қызметтерді бейнелеп, ондағы
акцептелінген шоттары бойынша ҚҚС көрсетеді.
Тауардың, жұмыстың, қызметтің есебінен қосылған құн салығы алынады,
ондағы айналымы салық салу үшін пайдаланады, егер де:
- тауар (жұмыс, қызмет) алушы қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуші
болып табылса;
- жабдықтаушы Қазақстан Республикасында ҚҚС төлеуші болып табылады
сатылған тауарға (жұмысқа, қызметке) берілген шот-фактураның негізінде.
Қосылған құн салығының (ҚҚС) сомасы зачетқа жатқызылатын болып
табылады, егер де:
- тауарды (жұмысты, қызметті) алушы қосылған құн салығын төлеуші
болса;
- төленген салық сомасы кеден заңдылығымен сәйкес келсе, яғни жүк
кеденінің декларациясында керсеткендей болса;
- төлем құжатында көрсетілген салық сомасы салықтың төленгенін
қуаттайтын болса;
- темір жол және авиа билетінде көрсетілген салық сомасы салық заңына
сәйкес сомада болса;
- тұрғын-үй қызметінде пайдаланатын құжаттарында көрсетілген сома
салық сомасымен сәйкес келсе;
- бақылау-кассалық машинасынан алынған чектердің сомасы салық
сомасымен сәйкес келсе [17].
Алумен байланысты төлеуге жататын ҚҚС болса олар, зачетқа жатпайды,
егерде:
- тауарлар (жұмыстар, қызметтер) кәсіпкерлік қызметке жатпайтын
шараларды жүргізумен байланысты болса;
- тұрғын-үй қорларындағы ғимараттар болса, қонақүй ретінде
пайдаланатын ғимараттардан басқасы;
- жеңіл автомобиль, негізгі құрал ретінде алынған болса;
- тегін алынған мүліктер (тауарлар, жұмыстар, қызметтер).
Есептік кезең өткеннен кейін, ҚҚС бойынша зачетқа рұқсат етілген
сомасы, 1420 шоттың кредитінен 4320 шоттың дебетіне есептен шығарылады.
Бұрындары зачетқа жатқызылған ҚҚС сомасы зачеттан шығарып тасталады, ол
кезде, 4320 шотының дебетінде және 1420 шотының кредитінде көрініс табады,
бірақ қызыл жазумен жазылады. Бұл жағдайда, 1420 шотында ҚҚС сомасы не
өндіріс, не тауардың құнына есептен шығарылады.
Есептелінген проценттер 2170 "Есептелінген проценттер" шотында есепке
алынады. Бұл шотта есептелінген проценттер бойынша дебиторлык қарыздар
жөніндегі ақпараттарды табуға болады (ұсынылған заемдар, вексельдер,
негізгі кұралды жалға алу және т.б.) [18].
Алынуға тиісті проценттік үстеме төлем 2170 "Есептелінген проценттер"
шотының дебеті және 6120 "Акциялар бойынша дивиденттер және процент
түріндегі табыстар" шотының кредитінде көрсетіледі.
Есептелінген проценттердің төленуі 1040 "Есеп айырысу шотындағы қолма-
қол ақша", 1010 "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша", 1050
"Ел ішіндегі валюталық шотындағы қолма-қол ақша" және т.б. шоттардың дебеті
және 2170 "Есептелінген проценттер" шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
2170 "Есептелінген проценттер" шоты бойынша аналитикалық есеп - қарыз
(займ) алушы, вексель ұстаушы, жалға алушы және т.с.с. кәсіпорындар бойынша
және уақыттың өтуімен туындаған проценттік қарыздары бойынша айналым
ведомосында немесе соған ұксас машинограммасында жүргізіледі.
2150 "Жұмыскерлердің және басқа тұлғалардың қарыздар" шотында
дебиторлық қарыздардың келесі түрлері есепке алынады: есеп беруші
тұлғалармен есеп айырысу бойынша; жұмыс істеушілерге кредитке сатылған
тауарлары бойынша ұсынылған заемдар; материалдық шығынды өтеуі бойынша.
Өнеркәсіптік-шаруашылық қызметі барысында кәсіпорын өз қызметкерлерін
қызмет бабымен іс-сапарға жібереді, дүкендерден кеңсе жабдықтарын сатып
алады, почта арқылы жіберілген ақшаларды және басқа да шығындарды төлейді.
Бұл шығындардың үнемі банк мекемелері арқылы нақты ақшасыз есеп-айырысу
жолымен төленуі мүмкін емес. Сондықтан да жоғарыда аталған және басқа да
шығындарды төлеу үшін қызметкерлерге қолма-қол ақша беріледі және олар сол
алған ақшасына есеп беруі тиіс [19].
Аванс тек басшының жарлығымен және нақты қажеттілік жеткен кезде есеп
беруге тиісті адамдарға және қызмет бабымен жіберілетін тұлғаларға
беріледі. Есеп беруі тиісті адамдарға берілген сомалар оны қуаттайтын
құжаттарының негізінде жұмсалады және белгіленген мерзімде бухгалтерияға
тапсырады (толтырылған аванс құжаты төменде келтірілген).
Аванс есептерін бухгалтерия тексереді, сонан соң оларды субъектінің
басшысы бекітеді. Дұрыс рәсімделмеген аванс есептері және оларға қоса
тіркелген құжаттар қайта рәсімдеу үшін есеп беруші адамдарға қайтарылады.
Есеп беруге тиісті адамдар өздеріне берілген аванстарды толық
қайтармаса, онда ол олардың сомасы жалақысынан біртіндеп немесе түгелдей
ұсталады. Аванс құжаттары бойынша артық жұмсалған сома еңбеккерлерге
кассадан беріледі [20] .
Іс-сапары бойынша жұмсалған шығыстардың есебі. Іс-сапар шығыстары деп
кәсіпорын басшысының жарлығы бойынша белгілі бір мерзімге қызмет бабының
тапсырмасын орындау үшін қызметкерлердің (еңбеккерлердің) басқа кәсіпорынға
бару үшін алған қаражатын айтады. Ол алдын-ала жасалған еңбек шартымен,
Қазақстан Республикасының "Еңбек туралы" заңымен қаралған шаралар бойынша
беріледі. Іс-сапар шығыстары өтелетін шығыстар қатарына жатады.
Қазақстан Республикасының аясында іс-сапарда жүргендерге екі ең
төменгі есептік көрсеткіштер (ТЕК) деңгейінде тәулік ақысы тәленеді,
демалыс және мейрам, сондай-ақ жолда болған күндері де қоса есептелінеді.
Нақты іс-сапар орнына барған және сол жерден шыққан күндері бойынша
іссапар куәлігіне белгі соғады. Егер де еңбеккер бірнеше мекен-жайларға
жіберілсе, сол барған жерлері бойынша түгел белгі соғуы тиіс. Іс-сапарға
шыққан және келген күндері куәлікте көрсетілген күнмен сәйкес келуі тиіс.
Әдетте, іс-сапар мерзімі жолда жүрген уақытын есепке алмағанда қырық күннен
аспауы керек.
Іссапарға жіберілген қызметкердің үй-жайды жалдауына кеткен шығындары
негізінен ұсынылған құжаттардың негізінде, бірақ Қазақстан Республикасының
Қаржы Министрлігі бекіткен мөлшерден артық емес көлемде өтеледі [21].
Іс-сапар бойынша өткізілген аванстық қүжаттар бойынша белгіленген
норматив деңгейінде және тиісті кұжаттармен дәлелденген жағдайда: іссапарда
көрсетілген жеріне дейін және кері жүрген жолына кеткен нақты шығындарымен
қоса броньға кеткен шығыстары да қоса алынады.
Егер де қызметкерлер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға
жіберілсе, басшының бұйрығымен қоса оның мерзімі, мақсаты, орны анықталады.
Іссапар шығыстары еңбеккерлерге қай елге барса, сол елдің валютасына
алдын-ала қаралған смета бойынша төленеді, ал егер де ондай валюта болмаса,
онда еркін-конверттелетін валюта беріледі.
Келгеннен кейін бес күннің ішінде алған аванс бойынша есеп беру керек.
Мысал. "Цемент" ААҚ-ның бұйрығы бойынша бас бухгалтердің көмекшісі
Москваға, содан соң Ұлыбританияға 15 күнге, яғни 5 каңтар мен 19 каңтар
аралығына 2014 ж. іс-сапарға жіберді делік. АҚШ долларының бағамы бойынша
ұлттык валютаға шаққанда қаңтардың 15 күні ол (15.01.2014 ж.) 175,6 тенгені
құраған, ал 19 күні (19.01.2014 ж.) ол 178,2 теңгеге жеткен, сондай-ақ фунт
стерлингтін бағамы да 19 күні 217,91 теңге болған (1 фунт стерлинг үшін).
Жалпы әкімшілік – шаруашылық шығындары және қызметтегі іс-сапарлары
үшін есеп беруге тиісті тұлғаларға берілген сомаларға: 1250 шоты
дебеттелініп, 1030, 1010 шоттарының тиістілері кредиттелінеді.
Жұмысшыларға берілген займ қарыз сомаларына: Дт 1250 Кт 1010,1030
Есепті кезеңде жоғалған, бүлінген немесе іздеуге салынған
жетіспеушіліктерге кінәлі тұлға табылып және оның төлеуге тиісті сомасына:
Дт 1250 Кт 3350
Есеп беруге тиісті тұлғалар өздерінің борыштарын өтеген уақытта:
Дт 2410, 3730, 1310, 1330, 1350 Кт 1250
Есеп беруге тиісті тұлғалардың аванс ретінде алған сомаларының
пайдаланғаннан қалған қалдығы, жетіспеушілік бойынша кінәлі адамдардың
төлеген сомалары, жұмысшылардың алғаг қарыз сомаларының қайтарылуы ақша
қаражаттары шоттарына келіп түскенде:
Дт 1030, 1010, 3350 Кт 1250.
Есеп беруге тиісті тұлғалардың субъектінің есебінен шығарған
шығындарының сомасына:
Дт 7010, 7210, 8110 Кт1250.
Жабдықтаушыларға олардан алынған ақау материалдарды қайтаруға
байланысты дебиторлық борыштың пайда болуына:
Дт 1280 Кт 1310, 1320, 1330.
Банктегі шоттан қателесіп, есептен шығарылған сомаға:
Дт 1280 Кт 1030.
Құны акцептелген, төленген тауарлы-материалдық қорлармен айналымнан
тыс активтер қоймаға келіп түскенде, олардың жетіспеушілігі мен бағалардың
сәйкессіздігі нәтижесінен болған, сондай-ақ арифметикалық қателіктерге:
Дт 1280 Кт 3310.
Төтенше жағдайлардан болған залалдардың орнын толтыру бойынша
дебиторлық борыштың пайда болуына:
Дт 1280 Кт 7510.
Сонымен қатар 334 шотта төленуге тиісті жал төлемдері жайлы
ақпараттар, бюджетке және бюджеттен тыс ұйымдарға артық төленген сомалар,
жабдықтаушылармен мердегерлерге деген шағым талап сомалары, тауарлы-
материалды қорлардың жетіспеушілігі, өсімақылар, тағы да басқалар
есептелінеді [22].
Күмәнді дебиторлық берешек пен оны бағалау.
Қазіргі таңда сатылған тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін
уақытылы есеп айырыса алмай немесе алынуға тиісті сомалардың бір бөлігі
ғана өтеліп, қалған бөлігінің алынбай қалуы іс-тәжірибеде жиі қездесетіні
белгілі. Жалпы борышкердің белгіленген мерзім аралығында төлем жасай алмау
фактісі осы берешек соманың жабылмай қалатындығын білдірмейді. Мұндай
жағдайлардың алғашқы нысандары болып борышкер кәсіпорынның банкрот болыр
қалуы немесе ол субъектінің таралуы, сондай-ақ борышты талап ету
мерзімінің өтіп кетуі табылады. Сатып алушылардың келісім-шартқа сәйкес
белгіленген мерзімде төлемеген шоттары күмәнді қарыздар деп аталады.
Күмәнді қарыздарға – уақытысында төленбеген, жабылмаған және де тиісті
кепілдікпен қамтамасыз етілмеген дебиторлық борыштар жатқызылады. Қазақстан
Республикасының заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық
берешек күдікті қарыз болып саналынады. Өтелу-өтелмеуі белгісіз, күмән
тудыратын борыштардың есептен шығарудың екі тәсілі бар [28] .
Біріншісі- тікелей есептен шығару әдісі, мұнда шығындар заңда қаралған
төлемді талап ету мерзімі өткеннен кейін есептен шығарылады.
Екіншісі – резервтік әдіс, бұл жағдайда шығындарды өтеу үшін алдын ала
резервтік қор қарастырылады.
Салық кодексіне сәйкес күмәнді талаптар - Қазақстан Республикасының
заңды және жеке кәсіпкерлері - резиденттеріне, сондай-ақ Қазақстан
Республикасында тұрақты мекеме арқылы іс-әрекет жасайтын заңды тұлғалар-
резидент еместерге тауар өткізу, жұмыс орындау, қызмет көрсету нәтижесінде
пайда болған және талап пайда болр сәттен бастағанда үш жыл ішінде
қанағаттандырылмаған талаптар; сонымен қатар өткізілген тауарлар,
орындалған жұмыс, көрсетілген қызметтер бойынша пайда болған және Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес салық төлеуші-дебиторды банкрот деп тануға
байланысты қанағаттандырылмаған талаптар да күмәнді деп танылады.
Егер күмәнді дебиторлық болуы ықтимал және бағалануы мүмкін болса, оны
шотта көрсету қажет. Салыстыру принципі бойынша дебиторлық берешектің
кезеңде күмәнді шығындары мойындалуын талап етеді. Болжанатын дебиторлық бе
операциялық іс-әрекеттен болған шығыс - күмәнді борыштар шығыстары
көрсетіледі [24].
Егер күмәнді дебиторлық берешек күтілмесе, онда кірістер мен алынуға
шоттарға ешқандай түзетулер талап етілмейді, ал дебиторлық берешек үмітсіз
мойындау кезеңіне есептен шығарылады. Мұндай амал тікелей есептен шығару
тәсілі деп аталады.
Егер күмәнді дебиторлық берешек ықтимал (мерзімі біткен) және есепке
алынуы мүмкін болса, есепті кезең соңында түзету жазбасын жасау талап
етіледі. Мысалы субъект 15000 теңге сомасында күмәнді дебиторлық берешекті
күтсе, күмәнді ( бойынша шығынды көрсететін мынандай проводка енгізіледі:
7440 Жалпы және әкімшілік шығындар шот дебеті 1420 Күмәнді борыштар
бойынша резерв шот кредиті 15000.
Кез келген ұйымдарды алып қарасақ та олардың барлығы да қай шоттардың
төленбейтіндігін алдын-ала болжап білуі мүмкін емес. Дегенмен де қаржылық
есеп беруі кезінде жыл бойы жұмсалған шығындарды жабатын сомаларды анықтау
қажет. Бұл уақыттағы бағалаудың салдарынан елеулі айырмашылықтардың да
пайда болуы ықтимал. Жалпы халықаралық тәжірибеде күмәнді қарыздарды
бағалау үшін мынадай екі әдісі қолданылады:
- несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелінген пайыз әдісі
(қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп беруде);
- дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі
(бухгалтерлік баланста).
Мұндағы бірінші аталған әлісті мақсаты күмәнді дебиторлық борыштар
нәтижесінде туындаған шығындарды дұрыс есептеу болса, екінші әдістің
мақсаты дебиторлық борыштардың твзв өзіндік құнын дұрыс есептеу болып
табылады. Көптеген ұйымдарда бұл екі тәсілдердің екеуі де қолданылады.
Жоғарыда аталаған несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелген
пайыз әдісіне тоқталатын болсақ, бұл әдіс сәйкестік принципіне бағытталған.
Мұнда күмәнді борыштардан шеккен нақты шығындар мен несиеге сатудан
алынатын таза табыстан есептелген пайыз арасындағы қатынастардың орташа
пайызы тәжірибеге сүйне отырып есептеледі. Содан кейін бұл пайыз күмәнді
қарыздар көлемін анықтау үшін есеп берукезеңіндегі сатылған нақты өнімге
қолданылады [25].
Күмәнді борыштар бойьшша резерв құру тәртібі Табыс 5 бухгалтерлік
стандарттарымен және оған күмәнді борыштар бойынша резерв құру тәртібі
әдістемелік ұсыныстармен реттеледі. Күмәнді борьпптар бойынша резерв есепті
соңында өткізілген дебиторлық берешекті түгендеу қорытындылары негізінде
құрылады. Күмәнді борыштарды бағалау жөнінде екі тәсіл бар: өткізу,
орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет көлемінің проценті тәсілі, төлеу
мерзімі бойынша шотарды есептеу тәсілі[26].
Есеп айырысуды бақылаудың ықпалды тәсілі дебиторлық және кредиторлық
берешектердің, кірістік құжаттарды тіркеудің дұрыстығына функционалдық
аудитті уақтылы өткізу, тіркелген құжаттарды төленген құжаттармен салыстыру
болып табылады. Бұл тұрғыдан қарағанда, кірістік ордерлер бойынша алынған
ақшаны сіңіріп кетуді жеңілдететін жағдайларды анықтау қажет. Кассалық
ордерлерді төлегенде және төлеушінің қолына құжат беруді тіркеудің жоқтығы
немесе шоттардың төленбеуін атап өту маңызды.
Дебиторлық берешекте, әсіресе, көбіне теріс пайдаланулар жасалады.
Дебиторлық борышты көбінесе, кәсіпорын еңбеккерінің берешегін жедел өндіріп
алу теріс пайдалануға кедергі келтіретін маңызды шара болып табылады.
Ордерлерді дұрыс тіркеу мен түбіртекті тікелей кассаға беру, бухгалтерияға
төленбеген кірістік ордерлер қайтаруды бақылау жазбалардың анық
сенімділігін арттырады және теріс пайдалануды болдырмайды. Ақшаны сіңіріп
кетумен күресу ең алдымен барлық мүмкін жағдайларда қолма-қол ақшасыз есеп
айырысу жүзеге асуын талап етеді [27].
Кәсіпорындар арасындағы есептесулер әдетте қолма-қол ақшасыз аударым
тәртібімен банктер арқылы жасалады. Банктер арқылы жасалатын есептік және
кредиттік операциялар арнайы ережелермен реттеледі. Алайда есеп айырысудың
іс жүзіндегі жүйесі кәсіпорынның (банктің қатысуымен және қатысуынсыз)
теріс пайдалануды жасау мүмкіндігін толықтай болдырмайды. Оларды негізінен
басшылар, бухгалтерия мен кәсіпорынның қаржы қызметкерлері жасайды. Заңсыз
іс-әрекеттер банк шотынан көшірмені өңдеуде жалған жазумен және бұл
операцияларды есептік регистрге жазу сипатында болады [28] .
Тексеру мен соттық-бухгалтерлік сараптау материалдары бойынша мұндай
теріс пайдалануларды тексеру оларды мынадай сызба (схема) бойынша жіктеуге
мүмкіндік береді.
1. Банктен алынған қолма-қол ақшаны иемдену (сіңіріп кету).
2. Түскен ақшаны жасыру мен иемдену үшін ағымдағы шот бойынша
операцияларды есепте толық көрсетпеу.
3. Есеп регистрлерінде жиынтықты дұрыс есептемеу.
4. Анық емес мәтіндегі шоттар негізінде жабдықтаушыларға ақша аудару.
5. Жасанды заңды мен жеке тұлғаларға ақша аудару және т.с.с.
Дебиторлық берешек үш топқа бөлінеді: алынуға тиісті шоттар, алынған
вексельдер және басқалар[29].
Алынуға тиісті шоттарға: ақшалай қаражатқа, тауарға, көрсеткен
қызметке және субъектілердің ақшалай емес активтеріне деген тілек-талаптары
кіреді. Дебиторлық берешек алынуға тиісті шоттарды төлеу мерзіміне немесе
борышты өтеу күтілетін күніне қарай ағымдық және ұзақ мерзімді болады.
Әдетте дебиторлық берешек шот-фактуралармен расталады. Алынған вексельдер
бабы ресми борыштық міндетемелермен расталады [30].
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар жүйесінде дебиторлық берешектің
пайда болуы субъектінің шаруашылық іс-эрекетіндегі объективті процесс болып
саналады. Дебиторлық берешек пайда болу сипатына қарай қалыпты және
ақталмайтын делініп бөлінеді. Субъектінің өндірістік-шаруашылық іс-
эрекетінің барысында, сондай-ақ есеп айырысудың қолданыста жүрген
нысандарымен пайда болғандары қалыптыға жатады. Мысалы, субъектіге шартқа
сәйкес орындалған жұмыс үшін 156700 теңге сомасында, ҚҚС сомасы - 25072
теңге шот ұсьнылады. Бухгалтерлік есепте бұл операция мынадай жазбалармен
көрсетіледі:
1. Орындалған жұмыстардың келісім-шарттық құнына:
2110 Алынуға тиісті шоттар шот дебеті.
6010 Өнімді (тауарды, жұмысты, қызметті) өткізуден түскен табыс шот
кредиті - 156700.
2. ҚҚС сомасына:
2110 Алынуға тиісті шоттар шот дебеті 3130 ҚҚС шот кредиті -
25072.
3. Шотты төлеу келісім-шартқа сәйкес 30 күннен соң:
1040 Ағымдық корреспонденттік шоттардағы ұлттық валютадағы ақша шот
дебеті. 2110 Алынуға тиісті шоттар шот кредиті - 181772.
Мерзімінде төленбеген дебиторлық берешек ақталмайтын болып саналады.
Ол есеп жэне қаржы тәртібін бұрмалаушылықтар, ұйымдағы және бухгалтерлік
есеп жүргізудегі кемшіліктер, тауарлық-материалдық қорларды жіберуді
бақылаудағы босаңсулар салдарынан пайда болады [31].
Қазақстан Республикасындағы барлық шаруашылық субъектілеріндегі
табысты есептеу тәсілімен айқындайтышдықтан, күдікті борыштар бойынша
резерв құру қажеттілігі туады. Олар тәуекел қоры болып табылады, сол немесе
басқа борыштың өтелмей қалуынан сақтандырады. Бухгалтерлік баланста
дебиторлық берешек күмәнді борыштар бойынша резервті есептеп шығару үшін
көрсетіледі.
Өнеркәсіптік-шаруашылық қызметі барысында кәсіпорын өз қызметкерлерін
қызмет бабымен іс-сапарға жібереді, дүкендерден кеңсе жабдықтарын сатып
алады, почта арқылы жіберілген ақшаларды және басқа да шығындарды төлейді.
Бұл шығындардың үнемі банк мекемелері арқылы нақты ақшасыз есеп-айырысу
жолымен төленуі мүмкін емес. Сондықтан да жоғарыда аталған және басқа да
шығындарды төлеу үшін қызметкерлерге қолма-қол ақша беріледі және олар сол
алған ақшасына есеп беруі тиіс [32] .
Аванс тек басшының жарлығымен және нақты қажеттілік жеткен кезде есеп
беруге тиісті адамдарға және қызмет бабымен жіберілетін тұлғаларға
беріледі. Есеп беруі тиісті адамдарға берілген сомалар оны қуаттайтын
құжаттарының негізінде жұмсалады және белгіленген мерзімде бухгалтерияға
тапсырады (толтырылған аванс құжаты төменде келтірілген).
Аванс есептерін бухгалтерия тексереді, сонан соң оларды субъектінің
басшысы бекітеді. Дұрыс рәсімделмеген аванс есептері және оларға қоса
тіркелген құжаттар қайта рәсімдеу үшін есеп беруші адамдарға қайтарылады.
Есеп беруге тиісті адамдар өздеріне берілген аванстарды толық
қайтармаса, онда ол олардың сомасы жалақысынан біртіндеп немесе түгелдей
ұсталады. Аванс құжаттары бойынша артық жұмсалған сома еңбеккерлерге
кассадан беріледі.
Іс-сапары бойынша жұмсалған шығыстардың есебі. Іс-сапар шығыстары деп
кәсіпорын басшысының жарлығы бойынша белгілі бір мерзімге қызмет бабының
тапсырмасын орындау үшін қызметкерлердің (еңбеккерлердің) басқа кәсіпорынға
бару үшін алған қаражатын айтады. Ол алдын-ала жасалған еңбек шартымен,
Қазақстан Республикасының "Еңбек туралы" заңымен қаралған шаралар бойынша
беріледі. Іс-сапар шығыстары өтелетін шығыстар қатарына жатады [33].
Қазақстан Республикасының аясында іс-сапарда жүргендерге екі ең
төменгі есептік көрсеткіштер (ТЕК) деңгейінде тәулік ақысы тәленеді,
демалыс және мейрам, сондай-ақ жолда болған күндері де қоса есептелінеді.
Нақты іс-сапар орнына барған және сол жерден шыққан күндері бойынша
іссапар куәлігіне белгі соғады. Егер де еңбеккер бірнеше мекен-жайларға
жіберілсе, сол барған жерлері бойынша түгел белгі соғуы тиіс. Іс-сапарға
шыққан және келген күндері куәлікте көрсетілген күнмен сәйкес келуі тиіс.
Әдетте, іс-сапар мерзімі жолда жүрген уақытын есепке алмағанда қырық күннен
аспауы керек.
Іссапарға жіберілген қызметкердің үй-жайды жалдауына кеткен шығындары
негізінен ұсынылған құжаттардың негізінде, бірақ Қазақстан Республикасының
Қаржы Министрлігі бекіткен мөлшерден артық емес көлемде өтеледі.
Іс-сапар бойынша өткізілген аванстық қүжаттар бойынша белгіленген
норматив деңгейінде және тиісті кұжаттармен дәлелденген жағдайда: іссапарда
көрсетілген жеріне дейін және кері жүрген жолына кеткен нақты шығындарымен
қоса броньға кеткен шығыстары да қоса алынады [34] .
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет