1. Сауат ашу кезінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары



Дата22.10.2022
өлшемі38.42 Kb.
#463269
түріҚұрамы
СӨЖ.Сауат ашу кезеңіне арналған оқу материалдарының құрылысы мен мазмұны


 1.Сауат ашу кезінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары.
2.Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысының түрлері.
3.Сауат ашу кезеңіне арналған оқу материалдарының құрылысы мен мазмұны.

1 сурак
Бұл кезеңнің негізгі мақсаты –сауат ашу кезеңінде берілген білім негіздерін одан әрі жетілдіріп, оқушыларды екінші жарты жылдықта «Ана тілі»пәнінен оқытуға даярлау. Ана тілі пәні құрамында оқу, тіл дамыту, жазу және грамматика мен емле салалары енеді. Грамматика ана тілінің ең күрделі саласы және ол балалардың ақыл –ойын дамытуда өте маңызды қызмет атқарады. Өйткені, оқушыларға тілдің құрылымдық жүйесін меңгерту, оның заңдылықтарын білгізу осы грамматика арқылы жүзеге асады. Бұл кезеңдегі оқу материалдарының басты ерекшелігі – мұнда өзара байланысты мәтіндер беріледі. Байланысты мәтіндермен жүргізілетін жұмыс оқу қарқынын жетілдіруді, мәтін мазмұнын бірден қабылдап түсінуді, әрбір сөйлемді өзіне тән дауыс ырғағымен оқуды талап етеді.


Қазақ бастауыш мектептерінде оқыту ісінің негізін қалаған Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов ағартушы ғалымдар әдістемелік еңбектерінде оқушылардың сауат ашу кезінде сөздік қоры мен сөйлеу дағдысын қалыптастыруға баса назар аударады.
Сауат ашу кезіңде оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту мәселелері Т.Шонанұлының, Ж.Аймауытовтың, М. Жұмабаевтың еңбектерінде де қозғалады.Кейінірек қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеген Қ.Жұбанов, Г.Бегалин, С.Жиенбаев, Ш. Сарыбаев, И. Ұйқыбаевсекілді ғалымдар осы мәселеге ерекше мән береді.
Тіл дамыту жұмысы сауат ашу кезеңінде де жүргізіле береді.
Сауат ашу кезінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының бастауыш мектептің басқа сыныптарындағы тіл дамыту жұмыстарынан ерекшелігі – оқыту ісіндегі талдау және жинақтау ісінің бірлігінде.
Тіл дамыту үш түрлі салада жүргізіледі: сөздік жұмысы; сөйлем құрастыру; байланыстырып сөйлеуге үйрету. Сөздік жұмысын жүргізуде екі түрлі мақсат алға қойылады:бірі оқылған сөздің мағынасын түсіндіру, сол арқылы оқушыларды саналы оқуға баулу, олардың ойлау қабілеттерін жетілдіру, екіншісі – жаңа сөздер үйрету барысында, яғни жаңа сөздер үйрету арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту, сөйлем құрастыруға үйрету.
Бастауыщ мектепте тілді оқыту барысы мынадай мәселелерді қамтиды:

  1. Оқуға үйрету;

  2. Сөздік қорын, оқушылардың логикалық жүйелікті қамтитын байланысын сақтап сөйлеуін дамыту;

  3. Фонетиканы,сөз құрамын және грамматиканы (морфология, синтаксис) меңгерту;

  4. Графикалық, пунктуациялық дағдыларды қалыптастыру.

Оқыту ісі барысында қолданып жүрген негізгі әдістер төмендегідей:
Мұғалім сөзі;

  1. Әңгіме әдісі (сұрақ -жауап)

  2. Тілдік фактілерді талдау грамматикалық талдау;

  3. Жаттығулар орындату;

  4. Көрнекі құралдарды пайдалану (сызбалар, кестелер, суреттер,компьютер,т.б.);

  5. Кітаппен жұмыс істеткізу;

  6. Топ серуен;

  7. Тест өткізу.

Тілдегі дыбыстардың құрамын, жасалу,жүйеленуін игергеннен кейін дауысты дыбыстардың буын құрайтыны жалғасады. Сөзді буынға дұрыс бөлу жазуда да, оқуда да, салауаттылыққа үйретеді. Сөзді буындап үйрену арқылы жазып келе жатқанда сөз жолға сыймай қалғанда дұрыс тасымалдауға болады. Сөйлемдегі сөздерді түгел буындап, талдағанда сызықша арқылы бөлінеді. Дауысты дыбысты созып оқыса, буынмен екінші буын араласып, оқуда, жазуда, тасымалдауда қате кетеді. Мысалы:мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, деген сөйлемді алсақ: мен – бір буынды сөз, тасымалданбайды. Жаз – баймын, жазбай-мын, жаз-бай-мын – үш бұынды сөз, екі жолмен тасымалданады;
Ө-леңді, өлең-ді – үш буынды болғанмен, бір жолмен ғана тасымалданады.
Жалпы фонетикалық талдауға дыбыстық, буын құралдарына талдау, буын түрлеріне, дыбыс үндестігі мен буын үндестігіне қарай және екпін қойып талдау кіреді. Фонетикалық талдауда балалар дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады, жазылған сөздердегі дауысты, дауыссыздыбыс астын сызып қояды, сөздің ауызша және жазбаша буын жігін, дыбыс құрамын айтады. Сөздердегі жеке-жеке дыбыстарды мөлтіксіз айыра білу арқылы әріп қалдырмай жазылуға төселеді. Фонетикалық тақырыптарды толық игергенде толық талдау жасалып, оқушы білімін бекітуге болады. Толық талдауға білімділік, тәрбие мәні бар тұтас сөйлемдер алынып таладнады. Толық талдау дегеніміз – сол тақырыптан алған білімді жинақтау, жүйелік дәлелдеу. Оқушы толық талдауды жүргізгенде әуелі тұтас сөйлемді буындап оқып, буындап жазады. Тасымалдау үлгісін көрсетеді, астысызылған бір сөзге толық дыбыс құрамына талдау жасайды, дыбыс үндестігі мен буын үндестігіне бағынып және бағынбай тұрған сөздерді дәлелдейді, екпін түсіреді. Оқушы берілген сөзге дыбыстық талдау үшін берілген сөзді жазады, сөзде қанша буын барын анықтайды, сөзге неше дауысты неше дауыссыз дыбыс барын жазады, дыбыстарды түрлеріне қарай ажыратады. Мысалы: жеміс сөзі. Же-міс екі буын, бес әріп екі дауысты, екі дауыссыз бар, ж – дауыссыз, ұяң; е – дауысты, жіңішке; м – дауыссыз, үнді; і- дауысты, жіңішке; с – дауыссыз, қатаң.
Осы жердегі бастауыш сыныптарда оқылатын пәндер арасындағы байланысқа назар аудара кетейік.Тышқан, жапалақ, қарлығаш, маса, бидай зат аттары, табиғат объектілері. Мұның ішінде балалар түгелдей біле қоймайтын жаңа сөздермен таныс болады. Тышқанның бірнеше түрлерінің бар екендігі түсіндіріледі. Сөйтіп оқушылардың сөз байлығы артады. Зат есімге жататын бұл сөздер кім? не? деген сұрақтарға жауап береді. Ал миллион деген сандар математикалық ұғымдар, ол сандарды жазып көрсету үшін математиканың (арифметиканың) негізі болып табылатын 0 (ноль) және 1-9 арасындағы цифрларды пайдаланамыз. Сөйтіп осы бір сөйлем арқылы ана тілі, қазақ тілі, математика арасындағы байланысты көріп отырмыз.
Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев 2050-стратегиялық бағдарламасында 10 түрлі қатерлі сын туралы айтты. Соның біріншісі «тарихи жаһанданудың жеделдеуі». Елбасы бұл жерде алғашқы қауымдық қоғам (жүз мың) жылды, құлдық қоғам 5000 ( бес мың) жылды,феодалдық қоғам 1300 (бір мың үш жүз) жылды бастан кешірсе капиталистік қоғам 700 (жеті жүз) жылды бастан кешіріп отыр. Қоға осы дамуынан жанылыспаса жаңа қоғамның пайда болуы алыс емес екендігін меңзейді. Сол себепті дүние жүзі халықтар санының демографиялық өсуі туралы мысалдар келтірді. ХХ ғасыр басындағы 2 млрд халық саны аяғында яғни, 2000 ж 6 млрд болды. Осы халықты асырау жердің мойнына жүктеле ме? Ол өзінше мәселе. Бұл жерде біздің айтпағымыз математикамен тарихи өзгерістің байланысы.

2 сурак
1. Оқу сабақтарында, экскурсияларда табиғат құбылыстарын бақылап үйренеді (маусымдық өзгерістерді). Жылдың әр маусымындағы өзгерістерді салыстырады, жалпылайды және көктемнің, жаздың, күздің, қыстың белгілері жөнінде қорытынды шығарады. Маусымдық, өзгерістердің себептерін түсіндіреді (күннің сәулесі мен жылуына байланысты). Табиғат календарын жасайды. Жыл маусымдарына қарай, адамдардың бау-бақша-дағы, егістіктегі, мал шаруасындағы қызметінің өзгерістерін байқайды. 


2. Адамдардың тұрмысы мен қызметінде білімнің ролі туралы қарапайым елес қалыптасады. Оқу әрекетінің негізгі ережелерімен танысады, танымдық ойындар ойнайды, жұмбақтар шешеді, тату болу, сәтсіздіктерге күлмеу, оқудағы өздерінің және жолдастарының табыстарына қуану т. б. с. с. үйренеді. 
3. Оқушы режимінің негізгі бөлімдерімен танысады. Оқулықтарды, оқу жабдықтарын ұқыпты үстауға дағдыланады, ертеңгіліктерге қатысады (Кітап мерекесі», «Әліппемен кездесу», «Әліппемен қоштасу» т. б.). 
4. Қоғам өмірімен танысады. Отаны туралы, туған жері, елі, халқы туралы, оның басынан өткен уақиғалар мен бүгінгі жайы және болашағы, салт, дәстүрі туралы, түрлі мейрамдар және оларды неге мейрамдайтынымызды т. б. біледі.
5. Адамдардың еңбектерін бағалауға үйренеді, мектеп мүлкін сақтау, киімдерін күту, нан, басқа да тағамдарды төгіп-шашпау, ағаштардың бұтақтарын сындырмау, жер бетінде шыққан көгалды таптамау т. б. с. с. біледі және сондай әрекеттерге дағдыланады. 
6. Мектептегі және қоғамдық орындардағы мінез-құлық нормаларымен танысады. Жақсы деген немене, жаман деген немене екенін айырады. Кішіпейілділік, мейірімділік, адалдық, қарапайымдылық т. б. с. с. қасиеттерінің не екенін, олардың мәнін түсінеді. 
7. Көшеде жүру тәртібімен, жол ережесімен танысады. 
8. Санитарлық-гигиеналық ережелерді орындауға үйренеді. 
Бұл жұмыстар сабақ үстінде де, сабақтан тыс уақытта да жүргізіледі. 


І сұрақ
3 cұрақ
Сауат ашу пәнін оқытудың негізгі мақсаты - баланы қысқа мерзім ішінде сауаттандыра отырып, хат таныту, яғни оқу мен жазуды үйрету, тілін, ой-өрісін дамыту.
«Әліппе» оқулығын әзірлеуде психология, педагогика, лингвистика ғылымдарынын жетістіктері ескерілген. Оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері мен оқыту технологияларының элементтері пәнге сәйкес колданылған, атап айтқанда, дамыта оқыту технологиялары, ықпалдастырып (интеграция) окыту, деңгейлеп окыту (міндетті денгей және мүмкіндік деңгей).
Окулық мазмұны коммуникативтік іс-әрекетке, танымдылыкка, ана тіліне қызығушылыққа негізделген.
Оқулықтың құрылымы сауат ашудың дәстүрлі үш кезеңіне сәйкес құрылған: I) әліппеге дейінгі кезең; 2) әліппе кезеңі; 3) әліппеден кейінгі кезең
Әрбір кезеңнің өзіндік оқыту мақсаты бар: әліппеге дейінгі кезеңнің мақсаты - балаларды сауат ашуға дайындау, яғни сөздін қорын байыту, ауызша байланыстырып сөйлеу тіліне үйрету, жазу дағдыларына даярлау; әліппе кезеңінің мақсаты — тіліміздегі дыбыстар мен олардың әріптерін меңгерту, менгерген әріптерді пайдалана отырып. буын, сөз, сөз тіркесі, сөйлем, шағын мәтін оқытып үйрету; әліппеден кейінгі кезеннің мақсаты - әр түрлі мәтіндерді еркін буындап және тұстас сөзбен оқуға үйрету, оқу дағдыларын калыптастыру.
Осы мақсаттарды жүзеге асыруға сәйкес шсу материалдары осы үш кезеңнің өзіндік ерекшеліктеріне қарай ұсынылған.
Әліппенің алғашқы беті Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балаларға арнау сөзімен ашылады. Сонымен катар, Ақорда мек бәйтеректің суреттері берілген. Бұлар Балаларды отансүйгіштік, Республикамызды кұрметтеу, қастерлеу, мақтан тұту сезімдеріне баулиды.
Мектепке келу, оқушы атану - бала өміріндегі үлкен жетістік, Бала үшін де, ата-анасы үшін де зор қуаныш. Дегенмен, бала үшін жаңа ортага бейімделу, жаңаща тәртіпке бағыну, окушылық міндеттерді атқару, жауапкершіліктің жүктелуі, оқу әрекетімен шұғылдану, карым-қатынас жасайтын адамдардың өзгеруі сияқты бірқатар өзгерістерді бастан кешіруге тура келеді. Бала мектепке әр түрлі ортадан (отбасынан, балабақшадан) келеді, яғни тәрбиесі де әркалай болады. Сол себепті балалардын өзін-өзі ұстай білуі, айнала қоршаған орта туралы түсінігі, адамдармен карым-қатынас жасауы әркилы денгейде болып келеді. Ал мұның өзі мұғалімге үлкен жкауапкершілік жүктейді.
Сондыктан да әліпппеге дейінгі кезеңде ұсынылатын оқу материалдары бала өмірімен байланыстырыла беріледі. Басты тақырыптар ретінде мектеп, сынып іші, мектептегі коғамдық мүліктер, оку-техникалык кұрал-жабдыктар, денсаулық сақтау, спорт алаңы, дұрыс тамактану, асхана, күн тәртібі, көшеде жүру ережесі, бағдаршам кызметі, көлік түрлері, кітапхана, жан-жануарлар, аңдар, кұстар. жеміс-жидектер, көкөністер, отбасы мүшелері туралы бейнелі, сюжетті суреттер такырыптық жүйе арқылы ұсынылған. Осы тақырыптар негізінде баланың тілін, ойын дамытуға, сөздік корын байытуға, ауызша дұрыс байланыстырып сөйлеуге үйрету максаты көзделеді. Оқушыларға «сөйлем», «сөз», «буын», «дыбыс» туралы алғашқы ұғымдар практикалык жолмен нақты мысалдар арқылы беріледі. Аталған тілдік ұғымдардың әрқайсысына тән сызбасы таныстырылып, олармен жұмыс жүргізуге үйретіледі.
Сауат ашудын әліппе кезеңі - аса күрделі де жауапты. Бұл кезеңде окушылар ана тіліндегі барлық дыбыстар және олардың әріптерімен танысып, оқуға, жазуға үйренеді.
Окулықтағы әліппе кезеңіндегі дыбыстар мен олардың әріптерінің тізбесі мынадай:
1) а, т, п. н, ғ, р, л, у;
2) ш, й, о, қ, д, м, б, с, ы, ж, ү, н;
3) е, к, і, ө, и, э, е, ү, г;
4) ю, х, һ, в, ф, ё, з, щ, д, ч, ъ, ь.
Әліппе оқулығында тіліміздегі дыбыстар мен олардың әріптерінің, тізбесін осылайша ұсынудың өзіндік себебі бар. Өйткені мұндағы көзделетін мақсат балаға әрбір дыбысты таныстырып, оның әрпін үйретіп қана қоймастан, осы танысқан әрпін қатыстырып, неғұрлым көбірек буын, сөз, сөз тіркесі, сөйлем, тіпті шағын мәтін окытып үйрету. Сондықтан да баланың алғашқы тілдік сауатын ашу үшін әліппе әзірлеудің сыры мен құпиясы осында жатыр.
Әліппенің құрылысы мен мазмұнын, даярлық кезеңіндегі оқу материалдарының жоспарлану үлгісін, сауат ашу кезеңіне арналған оқу материалдарының құрлысы мен мазмұнын талдау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет