1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»



бет1/91
Дата13.09.2023
өлшемі343.11 Kb.
#477421
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91
1. Саясат – о амды мірді саласы. С ну – саяси былыстар, са


1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология» термині сөзі ежелгі гректің «политика» - мемлекеттік және қоғамдық істер, мемлекетті басқару өнері деген мағынаны білдіреді, яғни мемлекетті басқару ісі, шеберлігі дегенді білдіреді. Саясат – қоғамның маңызды төрт саласының (саясат, экономика, әлеуметтік сала, мәдениет) бірі, ол билікпен, басқарумен байланысты сала.
Қазіргі кезеңде саясаттануда саясат туралы бірнеше түсініктер бар: 1. Саясат – бұл мемлекеттер, таптар, әлеуметтік топтар, ұлттар арасындағы билікті иелену, жүргізу және ұстап тұруға байланысты туындайтын қатынастар. 2. Саясат – бұл мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің әлеуметтік топтар (таптар, ұлттар), мемлекеттердің өз күштерін саяси билікті нығайту немесе иелену мақсатында шоғырландыруға бағытталған қатынастар саласы. 3. Саясат – топтардың, индивидтердің, мемлекеттердің саяси билік арқылы жалпы маңызы бар мүдделерді жүзеге асырумен байланысты іс-әрекет саласы.
Саясат (саяси сала) қоғамның барлық элементтерінің шоғырлануын, қоғамның тұтас организм ретінде өмір сүруін қамтамасыз ететін оның басты салаларының бірі.
С\тың басты мәселесі – билік, ал мазмұны билік үшін күрес. Саясат қоғ-ң дұрыс қызметі және оның өмірін қамтамасыз ету үшін қажет және сол үшін п/б. Сондықтан саясат қоғамның қажетті әрі маңызды элементі болып табылады. Жалпы алғанда, саясат адамның табиғатынан туындаған. Оны мына тізбек арқылы көрсетуге болады: адам – қоғам – билік – мемлекет – саясат. Яғни адам жалғыз өзі өмір сүре алмайды, ол өз қажеттіліктерін қанағаттандыру басқа адамдармен қарым-қатынас жасайды, басқа адамдармен бірігіп, қоғамды құрайды. Қоғам пайда болғаннан кейін оны басқаратын билік қажет, ал билік жүргізетін ұйым, бұл мемлекет б.т. Ал мемлекеттің ішкі және сыртқы функцияларын ішкі, сыртқы саясат д.а.
Cаясаттың маңызы мен рөлі оның функцияларынан көрінеді: 1) күрделі, жіктерге бөлінген қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті, ұйымдасуды қамтамасыз ету; 2) қоғамның жалпы мақсатын анықтау, оны жүзеге асыру үшін бұқараны ұйымдастыру және ресурстарды жұмылдыру; 3) тапшы және барлығына қатысты құндылықтар мен игіліктерді авторитарлы түрде бөлу; 4) топтық жанжалдарды болдыртпау және оларды реттеу; 5) әлеуметтік субъектілерді байланыстыру.
Саясаттың түрлері. Субъектісіне қарай мемлекеттік саясат, партиялық саясат, әлеуметтік топтың саясаты, ұйымның саясаты, нақты жеке адамның саясаты (қала мэрінің саясаты) деп көрсетуге болады. Алайда саясат дегенде көбінесе мемлекеттің саясаты түсініледі. Мемлекеттік саясаттың да бірнеше түрлері бар: экономикалық саясат, әлеуметтік саясат т.б. Мемлекеттің функцияларына қарай ішкі және сыртқы саясатты көрсетуге болады.
Саясат қоғамның басқа салаларымен: экономика, мораль, құқық, діни, рухани салалармен тығыз байланысты. Саясат басқа салаларға үстемдік етпеуі тиіс, сонымен бірге тек саясат қана қоғамның өмір сүруінің барлық буындарының (салаларының) тиімді жұмыс істеуі үшін жағымды жағдайлар жасай алады және жасауы тиіс. Қоғамдық өмірдің түрлі салаларын басқара отырып, саясаттың өзі де көптеген факторлардың: әлеуметтік-экономикалық, этноұлттық, жаһандық факторлардың ықпалына ұшырайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет