1. Шиеленіс ұғымының мәнін ашыңыз. Іскери коммуникациядағы шиеленістің туындау себептерін көрсетіңіз. Келіссөз жүргізудің ұлттық ерекшеліктеріне тоқталыңыз



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата03.12.2022
өлшемі1.87 Mb.
#466372
1   2   3   4
10-апта шиеленіс

Жеке тұлғалар арасындағы 
шиеленістер екі немесе одан да көп 
адамдар арасында болады.
Мұндай шиеленістер өмірде жиі кездеседі. 
Топаралық шиеленістер – мүдделері қарама-қарсы
әлеуметтік топтар арасында орын алады.
Сыртқы ортамен шиеленіс белгілі бір топты құрайтын
индивидтерге сырттан қысым жасалатын кезде пайда
болады. 
Яғни, жоғары жақтан берілетін бұйрықтар, 
қабылданған ережелер әлгі топтың мүдделеріне
қарама-қайшы болатын жағдайдағы шиеленіс. Мұндай
жағдайда топ адамдары әлгі бұйрықтар мен ережелерді
қолдайтын институттармен шиеленіске түседі. 


Шиеленістің даму барысын мынадай сатыларға бөліп қарауға болады:
а) шиеленістің бастапқы кезеңі немесе оны өзара қақтығысуға дейінгі 
кезең деп те атауға болады. Бұл сатыда екі қарама-қарсы жақтың 
арасыңдағы қайшылық барынша өршиді. Субъектілер бұл уақытта нақты 
іс-әрекетке көшпес бұрын өз ресурстарын (яғни мүмкіндіктерін) 
шамалайды. Ондай ресурстарға материалдық құндылықтар, ақпарат, 
билік, мәртебе, сыбайластар, жақтаушылар, т.б. жатады. Бұл кезенде
сонымен қатар, әр жақ өздерінің мүмкіңдіктерін бір араға 
шоғырландырып, топқа біріге бастайды, іс әрекетке көшудің 
стратегиясын айқындайды. Бұл — шиеленістің бейбіт кезеңі.
Шиеленістің қақтығысу кезеңі.
Қарама-қарсы жақтардың қимыл-әрекетке 
көшуіне белгілі бір жағдай түрткі болады 
(инцидент). Кейде шиеленіс көп ұзамай аяқталуы 
да мүмкін. Оның себебі, бір жақтың күші басым 
түсіп, жеңіске жетеді де қақтығыс тоқтайды.


Шиеленісті жағдайдың шешімін табу
кезеңі.
Субъектілердің арасындағы
қақтығыстың тоқтауымен шиеленіс
аяқталады. Алайда, бұл жағдай көпке
созылмай, шиеленіс қайта басталуы
мүмкін. Шиеленіс толық шешімін
тапқанда ғана, оның толық аяқталуы
қамтамасыз етіледі.
Әрине, бұл қоғамдағы
барлық шиеленістер толық
шешіліп, келісім орнайды
деген сөз емес. Өмірде екі
жақтың уақытша келісімге
келуі немесе жартылай
шешімі табылатын
шиеленістер жиі кездеседі.


Қазір көбінде шиеленістерді дер кезінде шешуге тырысады. Оның
екі жолы бар.
1. Шиеленісті мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп
дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, 
ымыраға келуін айтады. Онда екі жақ бірін-бірі ұғынысып, өзара
кешірімділік жасап, ортақ келісімге келуге тырысады.
2. Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші
айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны
толық жойып жібергенде туады.


Шиеленіс себептері:
Шиеленістердің, себептері олардың пайда болу
қайнарларын анықтап, өткізілу серпінін белгілейді.
Шиеленіс себептері- бұл шиеленістің алдында болатын
құбылыстар, оқиғалар, фактілер, жағдайлар, және
әлеуметтік өзара әрекет ету субъектілердің белгілі
жағдайларында оны болдыруға септігін тигізеді.
Әлеуметтік-саяси және
экономикалық себептер
мемлекеттегі әлеуметтік-саяси
жене экономикалык жағдаймен
байланысты.
Әлеуметтік-демографиялық
себептер адамдардың жынысымен, 
жасымен, этникалық топтарға
қатыстығымен т.б. себептелген
адамдардың бекітпе және
сарындарындағы
айырмашылықтарды бейнелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет