Сабақ жоспары сабақ тақырыбы: Қимыл-әрекетке үйрету Модуль /пән атауы



Дата20.11.2023
өлшемі29.69 Kb.
#483771
түріСабақ
№ 12 мінез-құлық


«Orda» жоғары колледжі


Бекітемін
Тілдер бөлімінің
жетекшісі
___________ Р.А.Ускинбаева
«___» ___________ 2023 жыл


САБАҚ ЖОСПАРЫ


Сабақ тақырыбы: Қимыл-әрекетке үйрету
Модуль /пән атауы: КМ 04-09 Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі
Дайындаған педагог: Ләзи А.Б
«____» _________ 2023 жыл


1. Жалпы мәліметтер:
Курс: 4 Оқу жылы: 2023-2024 Топ: Мт-9-10
2. Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды дене жаттығуларына үйрету жолдарын білу
Міндеттері: Дене шынықтыру мәдениетінің әлеуметтік-педагогикалық негіздерін меңгеру
Сабақ типі: Аралас сабақ
Сабақ түрі: Теориялық сабақ
3. Күтілетін нәтижелер: Дене тәрбиесінің негізгі ұғымдарын біледі, дене жаттығуларына үйрету жолдарын біледі.
4. Сабақтың барысы: Дене тәрбиесін оқыту жайында түсінік, қимыл-әрекетке үйрету жолдары жайында түсінік беру


5. Қорытындылау: Қимыл әрекетке үйрету кезеңдерімен таныстыру
6. Бағалау: Қарапайым бағалау
7.Үй тапсырмасы: Дене жаттығуларын үйрету

11 Қимыл-әрекетке үйрету


Қимыл-әрекеттердің күрделілігіне қарай тұтас та, бөлшектеп те үйретуге болады.


Тұтас үйрету әдісі жаттығуларды бөлшектемей толық үйрету кезінде мынадай жағдайларда қолданылады.
- қарапайым қимыл-әрекетке үйрету кезінде;
- дене қуаты және техникалық дайындығы жоғары оқушылармен жүргізілетін жаттығу сабақтарында;
- қимыл-әрекетті бөлшектеп үйретуге болмайтын, бөлшектесе техника негізінің сапасы болмайтын жағдайда;
- бұрын үйренген жаттығуларды жетілдіруде.

Жаттығуларды бөлшектеп үйрету әдісі кезінде қимыл-әрекетті бөлшектеп жеке-жеке меңгеріп, сонан соң бәрін қосып толық қайталайды. (Мысалы, гимнастика сабағындағы алға аунап түсу, басқа тұру, жанға айналу жаттығуларының техникасын жеке-жеке үйреніп, меңгергеннен кейін толық қайталау және т.б.).


Күрделі қозғалыс техникасын үйренуді жетілдіруге жақындататын жаттығулар қолданылады. Мұндай жаттығулардың техникасы негізгі, күрделі жаттығудың бөлшектеріне ұқсас болып келеді. Бұл жаттығулар біртұтас түрде, оқушыларға түсінікті және қолайлы болуы керек.


Дене тәрбиесіне оқыту дегеніміз адамның дене қуатына және психологиялық жетілуіне бағытталған арнаулы білім жүйесі мен қимыл-әрекетке үйрету, оны меңгеру процесі.Дене тәрбиесіндегі үйретудің нәтижесі-дене қуаты білімі болып келеді. Қозғалысқа үйрету теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады.
Теориялық материалдарды оқыту. Теориялық мағұлматтың көлемі мен мазмұны жалпы педаготық принциптермен анықталады. Дене тәрбиесінің әлеуметтік қажеттілігі туралы мағұлмат.Мединицалық-биологиялық мағұлматтар. Қимыл-әрекетке үйрену алдында оқушы оның ережелері,адам денесінің қозғалу заңдылықтары,арнайы терминология туралы мағұлмат алуы керек.


Теориялық мағұлматтар алу кездері
Қимылтәжірбиелілігі,арнайы оқулық, сөз әне көрнекі қабылдау, мұғалімнің әлһрекеті,кино және бейнефилъмдер көрсету т.б.
Теориялық мағұлматтарды баяндау кіріспе сабақтар мен оқу материалдарын үйрену кезінде жүзеге асады.
Қимыл-әрекетке үйрету үш кезеңнен тұрады: таныстыру,үйрену, жетілдіру кезеңдері.
Қимыл-әрекетін таныстыру кезеңі
Бұл кезеңнің міндеті-оқушыларға үйренетін жаттығу туралы түсінік беру және соны үйренуге ынтасын ояту. Түсіну,ұғыну процесі қалыптасу кезеңінде бір-біріне байланысты үш кезең пайда болады. 1 Үйрену міндеттерін ұғыну. Оқушының міндетібір сабақта (мысалы,шаңғымен сырғанауға үйрету) немесе бірнеше сабақта (мысалы,шаңғымен екі адамды, кезекпе кезек таяна сырғанау тәсілі) орындауды ұғыну.
Оқушылар тәсілдің негізін түсінуі керек, ал бөлшектерін келесі оқыту кезеңдерінде үйренеді.
2Орындау жобасын құру.Бұнда оқытушы қимыл тәжірибесі мен білімін ұсынады,ал оқушыда сол арқылы жаттығуды қалай орындауға болатыны туралы қисынды бейнелі түсінік қалыптасады.
3Қимылды бөліп немесе тұтас орындау. Қимылды орындап көру танысу кезеңінің бастапқы элементі.Орындап көру арқылы оқушы өзміндетін қаншалықты ұққанын, қозғалысқа үйрену міндетін қалай құрғанын тексеруіне болады. Қимыл-әрекеттің күрделігіне байланысты жаттығуды бөліп немесе тұтас орындауға болады.
Қарапайым жаттығуды бөлшектеп орындаған жөн. Қозғалыс тәсілін тұтас орындағанда оқушы қате жіберсе, бөлшектеп орындау қолдану қажет.


Қимыл-әрекетке үйрету кезеңі.
Бұл кезеңнің міндеттері, оқушыларға тәсіл негізін үйрету, оны тұрақты орындауға жеткізу және осылар арқылы қимыл ептілігін қалыптастыру. Оқушының әрбір қозғалысқа ықылас сала орындайтын қимыл әрекетін қимыл әрекетін қимыл ептелігі диміз. Қимыл ептілігі қалыптасуының өзіне тән мынадай белгілі бар:
1 Қимыл әрекетін орталық жүйке жүйесінің бақылауымен дағдысыз басқару.
2 Жаттығуды тұрақты дұрыс орындамау.
3 Әр түрлі жаңылдыратын себептерге қарсы тұра алмаушылық.
Құрылым жоспары бойынша үйрету кезеңі екі бөлімнен тұрады.
Қимыл ептілігі.Оқытушы бұл бөлімде оқушылардың жаттығу тәсілінің негізіне,пайда болған қателерді жоюға,жаттығу орындаудағы дене сіресуін болдырмауға үйретеді. Физиологиялық тілімен айтқанда орталық жүйке жүйесінің артығырақ жайыла қозуы, бірінші әрекеттен кейін қозу қозғалыс орталығына ауыса шоғырланады. И.П Павловтың зерттеуі бойынша динамикалық стереотип қалыптаса бастайды,ол жүйке процестерінің жаттыққан жүйесі,шартты рефлекс механизмі бойынша пайда болады. Оқушыларды бұл мезгілде артық қозғалыс жоғалады, қимыл еркінделе бастайды, жаттығуды орындау амплитудасы үлкейді, сенімділік пайда болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет