4.Гректердің натурфилософиясы.Милет және Элей мектебі
Натурфилософия (
Eng
. nature-табиғат, philosophy-философия) — табиғат
философиясы; табиғатты біртұтас қарап, үстірт пайымдау арқылы
түсіндіретін ілім. Натурфилософия ерте заманда, ғылыми танымның
бастапқы кезеңдерінде елеулі орын алып, философияның тарихи
қалыптасуының алғашқы формасы болды. Натурфилософия ұғымының
шығуы стоиктерден (Сенека) басталады. Ежелгі грек натурфилософтары
ғылым тарихында едәуір рөл атқарған бірқатар болжамдар ұсынды, оның
ішіндегі маңыздыларының бірі – атомистік болжам (
атомизм
). Кейіннен
Натурфилософия физика немесе физиология, яғни табиғат жөніндегі ілім деп
аталды.
Орта ғасырларда философияда геоцентризм түсінігінің орын алуына орай
Натурфилософия ғылымы ой-
өрістен
христиан
,
ислам
және
иудей
теологияларына ауысты. Қайта өркендеу
дәуірінде Натурфилософия
Дж.
Бруно
,
Б.Толезио
,
Дж.Кампанелла
,
Дж.Кардано
,
Ф.Парацельс
,
Ф.Патрици
есімдерімен байланысты
пантеизм
,
гилозоизм
негізінде дамыды. Бұл
кезеңдегі Натурфилософия табиғатты біртұтас қарау принципін ұсынып,
бірқатар терең мәнді диалектикалық қағидалар (мысалы, өзгерістің қайнар
көзі қарама-қарсы бастамалардың күресінде деген ілім) тұжырымдады. Бірақ
табиғатты түсіндіру астрологиялық, алхимиялық, мистикалық түсініктерге
толы болды.
Милет мектебі –
ежелгі Грекиядағы
көне
философиялық
мектеп (б.з.б. 6
ғасыр). Негізгі өкілдері –
Фалес
,
Анаксимен
,
Анаксимандр
.
Ионий
аймағындағы (
Кіші Азияның
батыс
жағалауы)
Милет қаласының
атымен аталған. Милет мектебі
ежелгі
грек
философиясының
негізін қалады.
Милет
философтары
құбылыстың
мәніне байсалдылықпен қарап, барлық заттар
біртұтас алғашқы негізден пайда болған, әр алуан
құбылыстардың
ар
жағында онан өзгеше заттардың мәні (“алғашқы негіз”) бар деп білді. Милет
мектебі өкілдері көңіл аударған басты мәселе – әлемнің негізін
іздеу.
Фалестің
пікірінше, әлемде барлық заттар судан пайда болған.
Тіпті
жердің
өзі
су
бетінде қалқып жүрген жалпақ
дөңгелек.
Анаксимандр
дүниенің негізі –
су
немесе басқа бір зат емес,
белгісіз, байыпталмайтын бастама –
апейрон
деп білді. Дүние пайда болып,
жойылып жатады, ал мәңгі өзгермейтін, жойылмайтын тек
апейрон
ғана. Ол
әлемнің түрлері көп болатынын болжады.
Анаксимен
дүниенің негізі ауа деп
есептеді. Оның көзқарасы бойынша, ауаның қоюлануы мен
сұйықталуынан
су
,
жер
,
тас
, от пайда болған. Милет мектебі
кейінгі
грек
ойшылдарының дүниетанымдық көзқарастарына зор ықпал
етіп,
ежелгі Грекияда
философтар ойдың әрі қарай дамуына елеулі әсер етті.
Достарыңызбен бөлісу: |