№1 тақырыбы: Көмей, кеңірдек, бронхтардың анатомиясы. Қанмен қамтамасыздануы, нервтенуі. Жастық ерекшеліктері



бет2/7
Дата27.04.2022
өлшемі1.9 Mb.
#456782
1   2   3   4   5   6   7
5. Тыныс алу жүйесі-1

1. Жүзік-қалқанша бұлшықеті, m.cricothyroideus, жүзіктәрізді шеміршек доғасынан басталып, қалқанша төменгі мүйізіне бекиді- дауыс байламдарын кереді.
2. Латералды жүзік-ожау тәрізді бұлшықеті, m.cricoarytenoideus lateralis, жүзіктәрізді шеміршектің доғасынан басталып, ожаутәрізді шеміршектің processus muscularis-іне бекиді- дауыс байламдары жақындасып, олардың арасындағы саңылау тарылады.
3 . Артқы жүзік-ожау тәрізді бұлшықеті, m.cricoarytenoideus posterior, жүзіктәрізді шеміршектің табақшасынан басталып, ожаутәрізді шеміршектің processus muscularis-іне бекиді- дауыс саңылауы кеңейеді.
4. Қалқанша – көмей қақпашығы бұлшықеті, m. thyroepiglotticus – көмей кірісі кеңейтеді.
5. Ожау-көмей қақпашығының бұлшықеті, m.aryepiglotticus, көмей қақпашығын артқа қарай тартып, кірісін жабады.
6. Қиғаш ожаутәрізді бұлшықеті, m.arytenoidei obligui – көмей кіреберісі тарылтады.
7. Көлденен ожаутәрізді бұлшықеті, m.arytenoidei transversus – дауыс саңылауының тарылтады;
8. Қалқанша -ожаутәрізді бұлшықеті, thyroarytenoideus – -шаршы пішінді бұлшықет- көмей қуысы тарылады.
9. Дауыс бұлшықеті, m.vocalis, - дауыс байламдары босаңсиды.
К ӨМЕЙ ҚУЫСЫ, cavitas laryngis, көмей кірісі, aditus laryngis, арқылы ашылады. Оның бүйірлерінде алмұрттәрізді қалта, recessus piriformes, орналасады. Көмей қуысы пішіні жағынан құм сағатына ұқсайды-ортаңғы бөлігі қысыңқы, жоғары және төмен қарай кеңейген. Көмей қуысының жоғарғы кеңейген бөлімі көмей кіреберісі, vestibulum laryngis, деп аталады. Кіреберіс көмейге кірісінен қуыстың бүйір қабырғасында орналасқан plica vestibularis, деп аталатын шырышты қабықтың жұп қатпарына дейін созылады, соңғының қабатында lig. vestibularis жайғасады. Көмей қуысының ортаңғы тарылған бөлімі- меншікті дауыс аппараты, glottis, өте күрделі құрылған. Ол жоғарғы және төменгі бөлімдерден көмейдің бүйір қабырғаларында орналасқан екі жұп шырышты қабық қатпарымен бөлінген. Жоғарғы қатпар- бұл айтылып өткен жұп- plica vestibularis. Қатпарлардың бос жиектері кіреберістің саңылауын, rima vestibuli, шектейді. Төменгі қатпар, дауыс қатпары, plica vocalis, онда дауыс байламы, lig. vocale және дауыс бұлшықеттері, m.vocalis, болады. Plica vestibularis пен vocalis арасындағы ойыс көмей қарыншасы, ventriculus laryngis (Морганьи), деп аталады. Екі plica vocales арасында дауыс саңылауы, rima glottidis, түзіледі. Бұл саңылау- көмей қуысының ең тар бөлігі. Онда байламдар арасында орналасқан, жарғақаралық бөлік, pars intermembranacea, деп аталатын алдыңғы үлкен бөлімді және ожаутәрізді шеміршектердің дауыс өсінділері, арасында орналасқан артқы, кіші шеміршекаралық бөлікті, pars intercartilaginea, ажыратады. Көмейдің төменгі кеңейген дауысасты бөлімі, cavitas infraglottica, төмен қарай тарылып, кеңірдекке айналады.
К ЕҢІРДЕК, trachea, көмейдің жалғасы ретінде VI мойын омырқаның төменгі жиегі деңгейінде басталып, V кеуде омыртқасында аяқталып, сол жерде екі- оң және сол жақ бронхыға бөлінеді. Кеңірдектің бөлінетін жері кеңірдек айырығы, bifurcatio tracheae деп аталады. Кеңірдектің ұзындығы 9-11 см, көлденең диаметр 15-18 см. Кеңірдек қабырғасы фиброзды, сақиналы байламдармен, ligg. аnnularia, қосылған 16-20 толық емес шеміршекті сақиналардан тұрады; әрбір сақина шеңбердің 2/3 бөлігін ғана алып жатады. Кеңірдектің артқы жарғақты қабырғасы, paries membranaceus, ішінде бұлшықеттер болады. Мойындық бөлімі жоғары жағынан қалқанша безбен қамтылып, артқы жағынан өнешке жанасады, ал бүйір жақтарында жалпы ұйқы артериялары орналасады. Кеңірдектің кеуделік бөлімін алдынан төстің тұткасы, айырша безі, тамырлар жауып тұрады.
БРОНХТАР. Оң және сол басты бронхтар, bronchi principales dexter et sinister, bifurcatio tracheae тұрған жерден тік бұрыш жасай шығып, сәйкес өкпенің қақпаларына келеді. Оң жақ бронх сол жақ бронхтан кең. Сол жақ бронх оң жақ бронхқа қарағанда екі есе ұзын, оң жақ бронхта 6-8, ал сол жақ бронхта 9-12 шеміршекті сақина болады. Оң жақ бронх сол жақ бронхқа қарағанда тік орналасқан, сөйтіп, кеңірдектің жалғасы сияқты болады. Оң жақ бронх арқылы арттан алға қарай v.cava superior-ға қарай бағыттала, vena azygos өтеді, сол жақ бронхтың үстінде қолқа доғасы жатады. Кеңірдектің бронхтарға бөлінетін жеріндегі шығып тұратын кеңірдек қыры- сarina көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет