1-тақырып. Бастауыш мектепте «Жаратылыстану» білім беру саласын оқыту әдістемесі» оқу пәнін оқыту мақсаты мен міндеттері



Дата27.10.2023
өлшемі18.29 Kb.
#481752
Жаратылыстану 3-аптаның тапсырмасы


1-тақырып. Бастауыш мектепте «Жаратылыстану» білім беру саласын оқыту әдістемесі» оқу пәнін оқыту мақсаты мен міндеттері
Сұрақнама:

  1. «Жаратылыстануды оқытудың теориясы мен технологиясы»- педагогикалық ғылым.

  2. Жаратылыстану оқытудың теориясы мен технологиясының басқа ғылымдармен байланысы.

1.Жаңартылған мазмұндағы "Жаратылыстану" пәнін оқыту әдістемесі курсы болашақ мамандарға балаларды қоршаған ортамен таныстырудың теориялық және әдістемелік мәселелерінен білім беруге арналған. Бұл курсты меңгерген мамандар мектепке дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстырудың мазмұнын, көлемін, оны ұйымдастырудың формалары мен әдістерін, әртүрлі жастағы топ балаларымен жұмыс істеуді үйренеді. Оқыту мен тәрбиенің жаңа технологияларын меңгереді. Осы жастағы балаларға қоршаған ортадан беретін білім негізінде олардың ойлау қабілеттерін, байланыстырып сөйлеу шеберліктерін дамыта отырып, тіл дамыту, шығармашылыққа жетелеу талаптарын орындау да қамтамасыз етіледі. 
Бұл курсты нәтижелі меңгеру үшін студенттердің мектептегі базалық пәндерден (өсімдіктану, жануартану, география, экология, химия, физика, астрономия т.б.) ұғымы болу керек. Курстың мазмұны философиямен, жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланыста жүзеге асады. Болашақ тәрбиешілерді дайындауда қойылатын басты талаптардың бірі - Қазақстан республикасының табиғат ерекшеліктері мен оның дамуын, табиғатты қорғау жолдарын меңгеру.Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын (соөж) және өздігінен орындайтын жұмыстары (сөж) кезінде әртүрлі топтағы балаларды қоршаған табиғатпен таныстырудың мазмұны, әдістері талқыланады. Семинарлық сабақтарды әдістемеге байланысты жүргізіліп отырған жаңа бағыттағы педагогикалық, психологиялық зерттеулерді, белгілі педагогтардың туындыларын, алдыңғы катарлы іс-тәжірибелерді саралап, оны студенттер өз іс-тәжірибесінде қолдануға төселеді. 
Жоғары оқу орындарында оқылатын «Жаратылыстануды оқытудың теориясы мен әдістемесі» пәні педагогиқалық ғылымдар саласына жатады. Себебі, бұл пән болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін оқушыларға өздерін қоршаған ортадан білім беруге дайындайтын болғандықтан, олардың психологиялық, жекебастық ерекшеліктеріне сүйене отырып, білім берудің тиімді әдіс-тәсілдерін меңгертуге арналады. Бұл пән өз мазмұнында бастауыш сыныпта жаратылыстануды оқытуға байланысты зерттеулер және оның даму тарихын, бастауыштағы жаратылыстану пәнінің бағдарламасын, оқулығын, олардың құрылымын, мазмұнын, білім берудің формасы мен әдістерін толығымен талдайды. Қазіргі таңдағы жүргізіліп отырған зерттеулер жүйесімен, олардың тиімді тұстарын пайдалану мәселелерін қамтиды. Әдістемелік пәндерге тән жағдай, міндетті түрде дидактиқалық принциптермен байланысты қаралады және сол принциптерге сүйенеді. Болашақ мұғалімдерге балалардың жаңа білімді меңгеру заңдылыктарын, берілетін білімнің сыныптар аралық байланысын, алған білімді жаңа жағдаяттарда қолдану шеберліктерін шыңдауы осы пәнді оқу арқылы жүзеге асады.Жаратылыстану әдістемесі басқа әдістемелік пәндер сияқты алдыңғы қатарлы мұғалімдердің озық тәжірибелеріне сүйенеді. Сонымен қатар тиімді және оқушылар белсенділігін көтеретін жаңа технологияны қолдануды саралайды. Алдыңғы қатарлы тәжірибелерді қолдану арқылы мұғалімдер үнемі өз әдісі мен тәсілін жетілдіруге мүмкіндік алады. Осы тұста күнделікті ақпараттық технологияларды да қолдануға көңіл бөледі.
Жоғары оқу орындарында «Жаратылыстануды оқыту теориясы мен технологиясы» пәнін студенттерге меңгерту тек лекция оқумен шектелмейді. Оны өз мәнінде студенттердің меңгеруі семинарлық, сарамандық сабақтар, өзіндік жұмыстар орындау мәселелерімен байланысты жүзеге асады. Бұл пәнді оқуда семинарлық сабақтарда теориялық материалдар тереңдетіліп, қосымша әдебиеттерді талдау жұмыстары орындалса, сарамандық сабақтарда жаратылыстану әдістемесінің теориялық тұстарын өз тәжірибелерінде пайдалану, яғни сабақ жоспарын жасау, сабақ типтерін анықтау, тақырыпқа байланысты мақсат қоя білу, сабаққа керекті көрнекіліктер дайындау сияқты жұмыстар атқара отырып болашақ мамандардың кәсіптік шеберліктері шыңдала түседі. 
Жаратылыстану әдістемесін меңгеру кезінде студенттер оқушыларда ғылыми ұғымды қалыптастырудың жолдарын, оны жүзеге асыру әдістерін оқып үйренеді. Жаратылыстану әдістемесі табиғатқа жүргізілетін бақылаулар түрлерімен, оны ұйымдастырудың жолдарымен, табиғатты қоргау туралы Заңдарды жүзеге асыру мүмкіндіктерімен студенттерді таныстырып қана қоймай, келешекте осы мәселелер бойынша оқушылармен жүрғізілетін жұмыстар түрлерін дайындап жаттығады. Жаратылыстану пәнінің зерттеу түрлеріне теориялық, әдістемелік әдебиеттермен танысып, оны саралау, бақылау, педагогикалық эксперимент, эксперимент нәтижелерін өңдеу, қорытындылау, озық тәжірибелерді жинақтау, педагогика мен психология ғылымдарының жетістіктерімен танысып, оны өз тәжірибесіне енгізу жатады. 


2.Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәні көптеген ғылым салаларымен байланысты. Ең алдымен студенттер мектеп курсында өткен табиғаттану, ботаника, жануартану, тәнтану, тіршіліктану , астрономия және т.б. пәндерінен алған білімдеріне сүйенеді.Сонымен қатар – Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәні бұрынғы курстарда оқылған жаратылыстану негіздері және физиология пәндерінен білім негіздерін пайдалана отырып оқытылады, гуманитарлық пәндердің көзделген мақсаттарын сәйкестендіреді. 
Жаратылыстану пәні мынадай: педагогика, психология, валеология, мектеп жасындағы балалар физиологясы пәндерімен тығыз байланыста оқытылады. Осы білім негізінде дүниенің даму заңдылықтарын түсінетін жеке тұлғаны қалыптастыруға болады.
Жаратылыстану пәні болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығын жетілдіру үшін енгізілді. Бұл пәннің теориялық негізі студенттер оқыған жаратылыстану циклі мен педагогика және психология пәндері болып табылады. Бұл пәннің көп бағыттылығы, көп пәнділігі және олардың арасындағы пәнаралық байланыс, оқытудағы жүйелілік және болашақ ― «Жаратылыстану» пәнінің мұғаліміне қажетті білім мен білік деңгейі көрсетілген. 


Тапсырмалар:
Тапсырма 1. Педагогика ғылымдарын топтастыру сызбасын құрыңыз.
Тапсырма 2. Оқу пәні ретінде педагогика дамуының негізгі кезеңдерін көрсетіңіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет