Психологиялық- педагогикалық практикум



бет1/32
Дата26.09.2023
өлшемі381.59 Kb.
#478617
түріПрактикум
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
семинарға қосымша материалдар




Психологиялық- педагогикалық практикум практикалық - әлеуметтік психология ғылымның бір бағыты ретінде. Практик психолог іс - әрекетінің негізгі бағыттары. Әлеуметтік - педагогтың психологиялық құзіреттілігі. Алдын алу және ағарту, кеңес беру. әртүрлі психологиялық педагогикалық мәселелерді шешу. Білім беру үрдісін жобалау және болжалдау. Педагогикалық психологиялық жаңа технологияларды меңгеру. Білім беру мәселелерін шешу мақсатында психологиялық-педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру. Психолгиялық-педагогикалық әсер ету түрлерін меңгеру; дискуссия, шеберханалар, педагогикалық консилиумдар, іскери және ұйымдастырушылық ойындар.
Студенттерді заманауи практикалық психология пәнінің құрылымымен, әдіснамалық негізімен, тұлғаның қалыптасуының жас ерекшелік аспектілерімен, диагностика және түзету жолдарымен таныстыру. Ғылымның қолданбалы тұрғысының маңызын және оның диагностика, түзету, дамыту, оқыту, тәрбиелеу, сондай-ақ, денсаулық сақтаудағы мүмкіндіктеріне көз жеткізу.
Курстың мақсаты Кәсіби маман ретінде студенттердің қалыптасуында «Психологиялық - педагогикалық практикум» пәнінің ғылымдар арасында алатын орнын және тәжірибелік білім білік дағдылардың маңызды екендігін түйсіндіру. Әлеуметтік қызметкердің іс-әрекетіндегі негізгі жұмыс бағыттары туралы жүйелі білімді қалыптастыру және алдын алу, ағарту сондай-ақ, тұлға дамуының әрбір кезеңінде диагностикалау және түзету, дамыту жұмыстарын іске асыру.
Пәннің міндеттері:

  • «Психологиялық – педагогикалық практикум» пәнінің мазмұны мен теориялық негізін ашу.

  • «Психологиялық - педагогикалық жаңа технологиялардың негізін ашып, тұлға дамуының әрбір кезеңінде диагностикалау әдістерін меңгеру.

  • Білім беру жүйесінде әлеуметтік-педагогикалық-психологиялық іс әрекеттің әрқандай түрлерін ұйымдастыра білу.

  • Әртүрлі тұжырымдамалардың жалпы және бірегей әдістерімен таныстыру. Ойлаудың кәсіби маңызды түрін дамыту, әлеуметтік көмек көрсетуде байқампаздық мұқияттылықты қалыптастыру.

  • Әлеуметтік-психологиялық дамудың заңдылықтары мен механизмдерін және әлеуметті қызметкердің адамдармен өзара қарым -қатынасын меңгеру. Аталған пәнді оқыған соң студентке қажетті

білім:

  • Психологиялық түзету негіздерін және тұлға дамуының негізгі механизмдерін;

  • Тұлға дамуының әртүрлі кезеңдерінде психологиялық диагностикалаудың негізін білуі тиіс;

  • Психологиялық ағарту, алдын алу және кеңес беру іс-әрекеті негіздерін білуі тиіс;

  • оқытудың тұжырымдамалық негізін тәжірибе арқылы біріктіруді ж.т.б.

Білік :

  • тұлғаның онтогенездік дамуындағы мәселелерді түзету барысында теориялық білімін іс жүзінде көрсете білу;

  • Білім беру поцессін жобалау және болжай білу;

  • Әлеуметтік – педагогикалық – психологиялық әсер тудің әрқандай түрлерін ұйымдастыра білу және педагогикалық – психологиялық консилиумұйымдастыру, дискуссиялар, педагогикалық шеберханалар, іскери ойындар, өзін өзі тану бойынша тренингтер;

  • Диагностиклық жұмыстарды кәсіби сауатты жүргізе білу және оларды өңдеп, интерпретациялай білу;

  • Қарым – қатынас ерекшелігін ескере отырып, үлкен аудиториямен жұмыс ұйымдастыра білу (педагогтармен, ата-аналармен, әртүрлі жастағы балалармен ж.т.б.)

  • Нормативті құжаттармен жұмыс істей білу.

Дағды:

  • Алған теориялық білімін тәжірибеде іске асыруда құзіретті болу;

  • Білім көздерімен жұмыс істей білу және пәнді өзбетінше жүйелей алу;

  • Диагностика жұмысын іске асыруда әдістемелерді дұрыс таңдай білу;

  • Болашақ маманға қажетті кәсіби ойлуды қалыптастырып, кәсіби сапасын көтеру. (байқампаздық, эмпатия сезіну, толеранттылық,құзіреттілік, бағалаудан аулақ болу ж.т.б.)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет