1-тарау Қазақстан Республикасының миграция туралы статистикалық көрсеткіштер жүйесі


Халықаралық миграцияны статистикалық органдарда есепке ал



бет2/4
Дата25.02.2016
өлшемі0.57 Mb.
#19964
1   2   3   4

2.1 Халықаралық миграцияны статистикалық органдарда есепке ал

Қазіргі кезде барлық ішкі мигранттардың 60%-ке жуығы үйленбеген 16 жастан 29 жасқа дейінгі жастарға тиеді.Осы жастағы топтар қазақ жастары арасында үлкен орын алады.Бұлардың тұрмыс құруымен бала тууды кейінге қалдырады бұған жұмысқа тұруды және тұрғын проблемалары әсер етіп отыр.

Мигранттардың арасында үйленбеген еркектердің көп болуы көшіп келген региондағы тұрғындардың жыныстық-жастық құрылымдарының бұзылуына әкеп соқтырады.Бұл аудандарда семья құрудыңмүмкін емес болғандығынан тұрғындардың қайта қайту ағыны болады.Миграцияның жыныстық құрылымының территориялық бөлінуі кезінде ескерген жөн,себебі бұл сол региондағы демографиялық процестердің келешекте даму ағынына тікелей әсер етеді.

Мысалға-Қазақстанның ірі қалаларында жас бала туу жасындағы әйелдер саны көп Алматының өзінде әйелдер 100 мыңға көп оның ішінде 22 мыңы қазақ әйелдері.

Сонымен қатар ішкі миграция жұмыссыздыққа әкеліп соқтырады.

Жастар арасында қарқынды өсіп жатқан жұмыссыздықты жою үшін арнайы құрылған және кең торабты кәсіби техникалық училище (ПТУ),СУЗдар және ВУЗ сиақты оқу орындарының көп болуы қажет.Бірақ қазіргі кезде біз мұндай торабтардың азайып кетуін байқап отырмыз.Айта кететін жай миграция процестерінде ең басты орынды прописка мен тұрғын үй мәселелері алып отыр.Сондықтан негізінен мигранттар өздерінің таныстарының немесе туыстарының үйінде тұрып жатыр.»Қазақстандағы миграцияны басқару туралы»қаулы жергілікті халыққа жағымды жағдай жасай отырып пропискаға тұру және одан шығуды реттейтін және бақылайтын процедуралары туралы заңдарды қамтуы тиіс.

Миграциялық ағымдардың құрылуына басты орындардың бірін бұқаралық ақпарат құралдары алады.Мигранттардың жаңа тұрғын орындарына ағылып келуіне әсер ететін факторлардың бірі-ол жаңа орын туралы ақпараттармен қамтылуы.Нарықтық экономикалық жағдайдағы миграциялық прогресс нарықтық шарттармен реттелінеді.Мұндай жағдайларда да миграциялық процестерді басқарудың бүтіндей жүйесі қажет.Бұл негізінен сыртқы миграцияға байланысты ,яғни республиканың келушілерге квота белгіленуі тиіс.Қазақстанның миграциялық саясаты экологиялық келімсектерге арнайы статус берілуі керек.Ол келімсектерге Арал маңынан келгендер,Семей ядролық полигоны аймағынан келгендер,сонымен қатар мүмкін болатын жер сілкінісі аймағынан келгендер және ауыр экологиялық салдары болатын ірі авариялар болуы мүмкін болатын аудандардан келгендер жатады.Егер мұндай процестерді реттемей өзінің табиғи ағымын жіберсек,ол кіру жерлерінде әлеуметтік-экономикалық проблемаларды әбден туғызуы мүмкін.

Мүмкін болған жағдайда Қазақстан қалаларында эммиграцияны шектеу қажет.Себебі,мұндай процестер ауыл жастарының қалаға ағылып келуіне байланысты әлеуметтік тығыздылыққа өмірлік және еңбекпен қамтылу ауырлығына әкеліп соқтырады.Орта Азиядағы және Кавказдағы ұлтаралық қкқтығыстар салдарынан қашқандар Қазақстан Республикасының қалаларында баспана табуға тырысады.

Қазақстан Республикасында еңбек нарығының құрылуымен эммигранттар оның бір бөлігі болып табылады.Сол арқылы эммигранттардың жұмыс күші туралы ақпараттар базасын құрып,мұндай ақпараттармен әр түрлі региондармен алмасын жұмыс күшін қажет ететін аймақтарға мигранттарды бағыттау мүмкіншілік туады.Миграциялық қызметтің мүмкін болатын миграциялық қақтығыстары туралы болжамдары болу керек.Кез келген тілдік,территориялық,психологиялық экстрелизм жергілікті халықтармен мигранттар арасында қақтығыстарды туғызады.Республикадағы саяси тұрақтылық елдегі екі негізгі этностардың(орыс және қазақ)арасындағы қатынастарға байланысты.

Адамдардың жаппай миграциясы территорияда тұрғындарды қайта бөлуге әкеліп ірі әлеуметтік проблемаларды туғызып ұлттық шаруашылықты шығындандырады.Қазақстандық ауылдық демографиялық құрылымы бірте-бірте есеіріп нашарлап барады.Күшті ауыл шаруашылық базасызҚазақстандық қалалар өзінің дамуында күрделі урбанизациялық жолымен кетуі мүмкін.Басқарудың әкімшіл-әміршіл жүйесі өзінің кез келген сатысында жергілікті халықтың қалалар арасындағы миграциясына кедергі жасап ақырында туылуға әсер етті.Кейбір қалаларда қазақ тұрғындарының туылуы жекеленген жастық көрсеткіштер бойынша орыстарға қарағанда төмен.Бұл жоғарыда айтылып кеткен әкімшіл-әміршіл жүйенің қолданған шараларының нәтижесінде қазақ ұлтының өкілдеріне уақтысында тұрмыс құра алмағандықтарынан немесе осы тұрмыс құруға қажетті әлеуметтік жағдайлардың болмағандықтан бала тууын шектеу,үш баладан артық тумау менталитеттің қазақ отбасыларды қалыптасуында болады.

Реттелмеген миграция тұрғылықты халықтың жыныстық-жастық құрылымын бұзып,жыныстық теңсіздікке әкеліп,нәтижесінде кейбір аймақтарда әйелдердің саны көп болып,ол кейбір аймақтарда еркектердің саны көп болып жаңа отбасылардың құрылуына кедергі жасайды.Қазақ халқы өзінің демографиялық қатынастағы тарихи және әлеуметтік дамуының жоғарыда аталып кеткен кезеңінде болып отыр.Оның жастық құрылымы жас(қазақтардың орташа арифметикалық жасы қазіргі деректер бойынша 26-28жас)сондықтан олар миграциялық қозғалысты,әлеуметтік мобильді және экономикалық белсенді.

Миграцияның және миграциялық ағын туралы ақпараттың жеткілікті болуы,миграцияны дұрыс басқарудың ең негізгі,әсерлі элементі.(Қазіргі кезде нақты мәліметтер,ағынның дұрыс бақылануына,тенденцияны түсіну,яғни бағдарлама мен саясаттың құрылу базасына ықпалын тигізеді.,келісімдердің негізі-стстистикалық және документалды ақпараттардың дұрыс шешімдерді шешуге көмек береді.Халықтың миграциясы туралы негізгі ақпарат көзі-мемлекеттік статистика ,ол халық санағы және ағымдағы миграцияның есеп беруі.Сонымен қатар,таңдамалы тексерулер жүргізіледі.Оның себебі,көшу себептерін іздейді.Халықтың миграциялық қозғалысын көрсеткіштер жүйесі арқылы іздейді.Ол құбылыстың белгілі бір жағын анықтауға әсерін тигізеді.Мысалы:мигранттардың құрамын,көлемін,көшудің бағытын,көшу интенсивтілігін және нәтижелігін анықтауға болады.

Миграцияның есеп беруі,арнайы мемлекеттік статистиканың статистикалық зерттеуге арналған толон толтыру(келу,кету) қағаз арқылы жүргізіледі:

Келу адресі бойынша толон толтырылатын статистикалық есеп беру қағазы-миграцияның ағымдағы есеп беруін толтыратын ең бірінші құжаттардың бірі.Бұл толон Қазақстан Республикасының заң ұйымдарымен құрастырылған,тіркеу,яғни көшіп кету,көшіп келу тағы сол сияқты адресті –анықтамалық жұмыстарға арналған.толонда келгендердің саны көрсетіледі,

сондай-ақ 16 жасқа дейінгі балаларда жазылады,және миграциялық ағын-

ның көмекші мәліметтері: азаматтығы,келген жері,қайдан,қайда,жынысы,

жасы,ұлты,жұмысбастылығы,мақсаты,білім деңгейі,мамандығы,некедегі

жағдайы,келгендердің статусы (эммигранттар үшін) тағы басқа көрсеткіштер көрсетіледі.

Кету адресі бойынша толон толтырылатын статистикалық есеп бе-

ру қағазы-келу толоны секілді мәліметтерді қажет етеді,және сол сияқты ақпараттар жиынын қамтиды.Алайда,онда мигранттардың келген жерін,кет-

кен жерін және қанша уақыт болғанын көрсетеді.Статистикалық есеп беруде

белгілі бір категориялар орын алады.Қалаға келгенде,ауылды жерге кеткен-

дер немесе қарама-қарсы ,сонымен қоса,шетелден келгендер мен кеткендер,

тұрақты қоныс аударуға немесе жұмыс бабымен,оқуға(яғни шетелге,керек десеңіз,жаздық демалуға,каникулға,курортты жерлер мен санаторияларда дем алуға емделуге келгендер,жұмыстар мен съездер,конференцияларға,жұ-

мыс бабымен іс-сапарларға кеткендер саны тіркеледі.

Статистикалық есеп беру толоны,яғни келу кету,жағдайларын толтыру келгенде немесе кеткенде(тұрақты тұрғын жерлерінде алты айдан астам уақыт) заңнамалық ұйымдарда бір даналап жазылады.Статистикалық есеп беру қағазы толтырылмайды:

-16жасқа толып,паспорт алғандарға

-паспортын ауыстырушыларға

-фамилиясын,аты-жөнін ауыстырушыларға

16жасқа толғандар егер өз ата-анасынан(асыраушыларынан) бө-

лек кететін,көшетін болса,тіркеледі немесе тіркеуден алынып,жалпы туу куәлігін алу негізінде есепке алынып отырады.Есеп беру толондары(келу,ке-

ту)мемлекеттің статистикасы ай сайын құрастырылып,өзінің реквизиттерімен қаитамасыз етеді.Ол мемлекеттің миграциясының сандық көрсеткішін анықтап қана қоймай,сонымен қатар жоғарыда айтқандай,білімнің,нәсіл,жы-

ныс ұлттық неке жағдайларын,мигранттардың санын көрсетіп,ауылдық,қала-

лық,облысаралық,аудан аралық көшіп-қонуларды анықтайды.Алынған мәлі-

меттердің дұрыстығын,бақылаудың дәлдігін аудандық статистика тексерсе,

тексерілген мәліметтерге код қою,бақылау,сорттау облыстық статистикалық бөлімдер атқарады.Мәліметтер базасының жүйелік ақпараттарын,(әрине барлық тексерулер мен бақылаудан кейін)Қазақстан Республикасының агент-

тігіне жіберіледі.Халық миграциясын есептеу,сондай-ақ халық санағын жүргізгенде,таңдамалы бақылаулардың арқасында,халықтың әр түрлі әлеу-

меттік-демографиялық жағдайларын білуге болады.Мигранттардың есеп бе-

руі,елге амалсыздан күштеп көшірілген босқындар санын анықтап береді.Ол есеп Қазақстан Республикасыныңеңбек пен әлеуметтік жағдайын сақтау министрлігінің комитеті жүргізеді.Миграциялық статистикасына мінездеме беру үшін,көшіп-қонудың механикалық толықтырудың абсолютті және қатысты көрсеткіштері қолданылады.Миграция көлемінің көрсеткіштері мигранттардың абсолютті сандық көрсеткіштері болып табылады.Бұл сандар бір-бірімен тең келмеуі мүмкін,себебі,бақыланған кезде бір адам бірнеше рет көшіп-қонуы мүмкін.Сондықтан,миграцияның саны мигрантталған адамдардың санынан үлкен немесе тең,бірақ одан кіші болуы мүмкін емес.Қазіргі кезде,келгендер мен кеткендер саны есептеледі де,әңгіме келу мен кету жайлы болады:яғни миграция көрсеткіштері болып саналады.

-келгендер саны(келулер)

-кеткендер саны(кетулер)

-миграциялық өсу(кему)

-миграция сальдосы

-таза миграция

-миграция көлемі

-таза миграция

-жалпы миграция

-брутто миграция

Келгендкр саны-есепті кезеңде,шектелген территория бойынша белгілі бір жерге келушілер саны.

Кеткендер саны-есепті кезеңде,шектелген территория бойынша белгілі бір жерден кеткендер саны.

Миграция сальдосы-белгілі бір территорияға келгендер санынан кеткендер санын алып тастағандағы сандық көрсеткіш.Ол оң болуы немесе теріс және нольдік мәнді көрсетуі мүмкін.

Жалпы миграция-әр түрлі жекеленген бағыт бойынша мигранттал-

Ғандардың саны жалпы келгендер саны және жалпы кеткендер саны болып табылады.

Миграция көлемі бірнеше мағыналық бөлімдер бойына жіктелуі мүмкін.(территория,уақыт,әлеуметтік-демографиялық жағдайлар бойынша). Талдау қатысты көрсеткіштер арқылы жүзеге асырылады.Миграция интенсивтілігі,ол белгілі бір уақыт аралығындағы көшіп-қонудың жиі болатынын көрсетеді.Көбінесе,миграцияның жалпы көрсеткіштерінің бір жылдық мәнінің 1000 немесе 10000 тұрғындар санына қатынасымен беріледі. Бұл кезде,халық саны мен мигрантталғандардың орташа мәні алынады.Бұл коэффиценттік көрсеткіштер,әр түрлі бағыт бойынша есептеледі.

»Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес статистика органдары:

-статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын,дұрыстығын және жеткіліктілігін;

-Қазақстан Республикасында болып жатқан экономикалық және әлеуметтік процестердің және олардың даму үрдістерін жан-жақты және дұрыс зерделенуін,қорытындылануы мен талдануын;

-статистикалық ақпараттың Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген шектерде қол жетімділігі мен анықтығын

-қолданылатын әдіснаманың және есептелетін негізгі көрсеткіштердің

Жұмыстың ұйымдастырылуы:

1.Бөлімді бөлімнің бастығы басқарады,бөлімге берілген жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді,бөлімнің атқарушылық және еңбек тәртібін қадағалайды;

2.Бөлім бастығы:

2.1.бөлім қызметін басқарады,бөлімге берілген жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді,бөлімнің атқарушылық және еңбек тәртібін қадағалайды;

2.2.бөлімнің жұмыс жоспарын құрастыруға,Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің бұйрықтарын,нұсқауларын сапалы және уақытылы орындалуына бөлім қызметкерлерінің кең көлемді қатысуын қамтамасыз етеді;

2.3.өндірістік жиналыстар ұйымдастырып,шешімдер қабылдап,оның орындалуын қадағалайды;

2.4.бөлімге жүктелген жұмыстардың тиімді және сапалы орындалуын,оған әр жұмысшының қатысып,жауапкершілікті арттыруына көңіл бөледі;



3 Қазақстан халқының халықаралық миграциясы туралы статистикалық көрсеткіштерді талдау.

Қазақстанның егемендік алуымен,әлеуметтік-экономикалық қалыптасуының өзгеруі және әлеуметтік,ұлттық қиыншылықтардың өсуі постсоветтік кеңістікте көші-қон процестерінің жағдайын қиындатты.Көші-қонның негізгі себептері болып мемлекеттің ұлттық құрылыстары болып саналады.Орыстар-Ресейге,өзбектер-Өзбекстанға,немістер-Германияға тағы басқадай кетіп жатты.Көші-қон процестерін реттеу мен бақылаудың кешенді проблемаларын шешу мақсатында,осы процеске заңдық негіз беру үшін Қазақстанда Қазақстан Республикасының «Көші-қон туралы»Заңы 1992 жылы қабылданды.Онда азаматтардың көші-қонға құқы анықталған,яғни республика ішінде тұрғылықты жерін өзгертуге,басқа елге көшу немесе қайта көшіп келуге құқы.Отандастар,яғни шет елдегілер өздерінің тарихи мекені-Қазақстан Республикасына еркін түрде қайтіп келе алады.

1997жылы әлеуметтік сфераны оптимизациялау үстінде көптеген ауылды аз кешенді мектептер,медициналық пунктер және басқа да әлеуметтік мекемелер табылады.Халық ағымы күшейді,көшіп кеткендер саны 504 мың адамға өсті.Өмірлік маңызды құрылымдарды одан ары қарай орнына келтіру халықтың орнын ауыстыруға деген ойын төмендетті.

Мемлекеттер арасындағы халық айырбасы сандық және сапалық әлеуметтік салдарға әкеледі.Қазақстан үшін,жеке алғанда халық санының төмендеуі-еңбек күшінің орнын толтырмайтын жоғалту болып табылады,өйткені елдің өз күшіне сенімді экономикалық белсенді азаматтар-творчестволық интеллигенция,мамандандырылған техникалық кадрлар,яғни оларды дайындауға үлкен қорлар кетті.Халықаралық көші-қонның қазіргі құрылымын жасына,тұрғылықты мекен-жайына және тұратын еліне қарай бөледі.

Экономикадағы жетістіктері,ұлтаралық келісім Қазақстанды көші-қонға тартымды ел етті.Елде халық ағымын төмендетуге шаралар қолданылуда.Болжамдарға қарағанда жақын уақытта халық санының деңгейі 15 млн. Адамға жеткізілмек,яғни табиғи өсім арқасында және теріс сальдоны 13,7 мың адамға жеткізу алға қойылған.Еліміз тәуелсіздігін алғанынан кейін Монғолия,Қытай,Ауғаныстан және басқа да жақын және алыс шет елдерден оралмандардың қайтіп келуіне жол ашты.1991-ден 2000 жылдар арасында республикаға 43 мың қазақ отбасылары көшіп келді,олардың саны 183 мың адамды құрады.Жыл сайын отандастардың шет елден көшіп келуіне квоталар өсіріліп келеді.Егер республикалық бюджетте 2003 жылы оралмандарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге 2414 млн.теңге сомасында құралдар қаралды,көшіп келушілер квотасына бюджетте 2004 жылы бұл 4599 млн. Теңгеге немесе 1,9 есеге өсірілді.

Енді Қазақстан Республикасындағы халықтың 2000-2004 жылдардағы көші-қонына тоқталамыз.



1-кесте.Қазақстанға көшіп келгендердің динамикасы.


жылдар

Көшіп келгендер-

дің саны ,

адам


Абсолюттік өсім,адам

Өсу қарқыны %

Өсім қарқыны%

1%өсімнің абсолютті мәні

2000

47472






















2001

53548

6076

6076

112,8

112,8

12,8

12,8

474,7

2002

58211

10739

4663

122,6

108,7

22,6

8,7

535,5

2003

65584

18112

7373

138,2

112,7

38,2

12,7

582,1

2004

68319

20847

2735

143,9

104,2

43,9

4,2

655,8

1-кестенің көрсеткіштеріне талдау жасай отырып ,мынадай қорытынды жасауға болады:уақыт өткен сайын ,яғни 5 жыл аралығында (2000-2004 жыл) көші-қон,яғни Қазақстанға көшіп келгендердің саны ғана өз- геріп қоймай,сонымен бірге динамикалық қатарлардың көрсеткіштері де өзгеріп отырады және оған әр түрлі себептер әсерін тигізеді.Соның салдарынан динамикалық қатарлар көрсеткіштерінің даму дәрежесі әр жылдары әр түрлі болады.

Енді осы көрсеткішті көрнекті түрде көрсету үшін графикте бейнелейміз



1-сурет Қазақстанға көшіп келгендер,адам
сурет

Сонымен 2000-2004 жылдардағы Қазақстанға көшіп келгендер саны орташа шамамен 58626,8 адамды құрады.1-суретте көріп отырғанымыздай көшіп келгендер саны жылдан жылға өсіп отыр.2000 жылы-47472 адам болса,2001 жылы-53548 адамды құраған.Ал 2002 жылы-58211 адам,2003 жылы-65584 адам,2004 жылы-68319 адамға өскен.Келесі қарастыратынымыз Қазақстаннан көшіп кеткендер саны.



2-кесте.2000-2004 жылдардағы Қазақстаннан көшіп кеткендердің динамикасы.


Жылдар

Көшіп кеткен-

дердің


саны,

адам


Абсолютті өсім

адам


Өсу қарқыны

%


Өсім қарқыны %

1%өсім-

Нің абсолют-ті мәні



тұрақты

тізбектел- ген

Тұрақ-ты

Тіз- бек-тел-ген

Тұ-рақ-ты

Тіз-бек-тел-ген

2000

155749






















2001

141710

-14039

-14039

91,0

91,0

-9,0

-9,0

1557,5

2002

120223

-35526

-21487

77,2

84,8

-22,8

-15,2

1417,1

2003

73890

-81859

-46333

47,4

61,5

-52,6

-38,5

1202,23

2004

65530

-90219

-8360

42,1

88,7

-57,9

-11,3

738,9

2-кестенің көрсеткіштеріне талдау жасай отырып,мынадай қорытынды жасауға болады:уақыт өткен сайын,яғни 5 жыл аралығында (2000-2004 жылдар)Қазақстаннан көшіп кеткен халықтың саны ғана өзгеріп қоймай,сонымен бірге динамикалық қатарлардың көрсеткіштері де өзгеріп отырады,яғни әртүрлі себептер әсерінен әр жылдары дәрежелері әртүрлі болған 2-кестенің көрсеткіштерінің кему динамикасын көрнекі түрде көру үшін келесі 2-суретке көз саламыз:


2-сурет Қазақстаннан көшіп кеткендер,адам


Сонымен 2000-2004 жылдар аралығында Қазақстаннан шет елге көшіп кеткендер саны орта есеппен 111420,4 адамды құрады.Графиктен көріп отырғанымыздай,5 жыл аралығында елден көшіп кетушілер саны саны біршама азайған.Егер 2000 жылы көшіп кеткендер саны 155749 адамды құраса,2001 жылы 141710 адамға азайған.Одан ары 2002 жылы120223 адамға азайса,2003 жылы 73890 адамға қысқарған.Ал 2004 жылы 65530 адамды құраған.Әрине бұл тенденция еліміздің демографиялық жағдайына оң ықпал етеді.Өйткені халықтың жылдан-жылға жағдайының жақсаруы,өзінің тұрғылықты мекеніне қалып қойуына әсер етеді.Демек халық санында теріс сальдо болмайды.

Қазақстан Республикасының көші-қон процестерінің құрылымына тоқталсақ.

3-кесте Халықаралық көшіп-қону

адам





2000

2001

2002

2003

2004

Қазақстанға көшіп келгендер-барлығы

Соның ішінде елдерден



47472



53548



58211



65584



68319



ТМД


43460

49932

54206

60781

61831

Ресей

23941

23497

21758

21565

18565

Белорусия

427

383

364

323

300

Қырғызстан

1673

2145

2566

2818

2612

Украина

1381

1190

771

691

555

Өзбекстан

12810

18783

24628

31191

35795

ТМД-дан тыс

3982

3616

4005

4803

6488

Германия

548

599

603

776

764

Греция

44

28

31

28

14

Израиль

85

103

84

94

91

Монғолия

658

407

476

1177

1607

Қытай

189

655

1059

2080

3463

Канада

10

12

53

31

31

АҚШ

27

36

140

46

38

Қазақстаннан көшіп кет- кендер-барлығы соның ішінде елдерге

155749

141710

120223

73890

65530







2000

2001

2002

2003

2004

ТМД

116707

101009

85317

49260

46929

Ресей

108724

94917

80052

45451

44215

Белорусия

3265

2340

1829

1086

753

Қырғызстан

736

548

584

461

304

Украина

2172

1801

1568

1046

764

Өзбекстан

1277

1032

961

982

678

ТМД-дан тыс

39042

40701

34906

24630

18601

Германия

35938

38469

32832

22520

17221

Греция

152

91

56

22

18

Израиль

1278

713

508

328

248

Монғолия

207

126

23

43

50

Қытай

1

11

159

407

121

Канада

236

305

324

398

309

АҚШ

528

459

396

422

335

Қорытынды пайызбен








2000

2001

2002

2003

2004

Қазақстанға көшіп келген- дер барлығы соның ішінде елдерден

100

100

100

100

100

ТМД

91,5

93,2

93,1

92,7

90,5

Ресей

55,1

47,1

40,1

35,5

30,0

Белорусь

1,0

0,8

0,7

0,5

0,5

Қырғызстан

3,8

4,3

4,7

4,6

4,2

Украина

3,2

2,4

1,4

1,1

0,9

Өзбекстан

29,5

37,6

45,4

51,3

57,9

ТМД-дан тыс

8,4

6,8

6,9

7,3

9,5

Германия

13,8

16,6

15,1

16,2

11,8

Греция

1,1

0,8

0,8

0,6

0,2

Израиль

2,1

2,8

2,1

2,0

1,4

Монғолия

16,5

11,3

11,9

24,5

24,8

Қытай

4,7

18,1

26,4

43,3

534

Канада

0,3

0,3

1,3

0,6

0,5

АҚШ

0,7

1,0

3,5

1,0

0,6

Қазақстаннан көшіп кеткендер-барлығы соның ішінде елдер

100

100

100

100

100

ТМД

74,9

71,8

71,0

66,7

71,6

Ресей

93,2

94,0

93,8

92,3

94,2

Белорусь

2,8

2,3

2,4

2,4

1,6

Қырғызстан

0,6

0,5

0,7

0,9

0,6

Украина

1,9

1,8

1,8

2,1

1,6

Өзбекстан

1,1

1,0

1,1

0,2

1,4

ТМД-дан тыс

25,1

28,2

29,0

33,3

28,4

Германия

92,0

94,5

94,1

91,4

92,6

Греция

0,4

0,2

0,2

0,09

0,1

Израиль

3,2

1,8

1,5

1,3

1,3

Монғолия

0,5

0,3

0,07

0,2

0,3

Қытай

0,003

0,03

0,5

1,7

0,7

Канада

0,6

0,7

0,9

1,6

1,7

АҚШ

1,4

1,1

1,1

1,7

1,8



















Сонымен Қазақстандағы халықаралық көші-қонның соңғы 5 жылдағы жағдайына қарасақ,Қазақстанға көшіп келушілер ішінде ең көп үле- сін 2004 жылғы мәлімет бойынша 6183 адам немесе 90,5% ТМД елдерінен болады екен.Оның ішінде 57,9%-і көршілесӨзбекстаннан,30%-і Ресейден,қалған 8,4%-і ТМД-дан мемлекеттерден,11,8%-і Германиядан келеді екен,53,4%-і Қытайдан,24,8%-іМонғолиядан келеді екен.Ал Қазақ- станнан көшіп кеткендерге келер болсақ 2004 жылы елге көшіп келгендердің ең көп үлесін 46929 адам немесе 71,6%-і ТМД елдерінен көшуде .Соның ішінде 94,2%-інемесе 44216 адам Ресейге кетуде,1,6%-і Украина,Белорусьқа көшеді екен.Ал қалған 28,4%-і немесе 18601 адам ТМД-дан тыс мемлекет- терге кетуде.Оның ішінде 92,6% немнсе 17221 адам Германияға,1,8%немесе 335адам АҚШ-қа, 1,7%-іКанадаға, 0,7%-і Қытайға кетуде.



Қазіргі кезде елдің жағдайының жақсаруына байланысты өзге ұлттар өз елдеріне оралуда,ол өзге жұрттағы қандастарымыз еліміз тәуелсіздік алуымен туған жеріне ағылуда.Енді көшіп-қонушылардың ұлттық құрамына тоқталамыз,яғни Қазақстан ішінде немесе шет елдермен көшіп-қону процесіндегі ұлттардың қайсысы белсенді түрде осы процеске қатысуын қарастырамыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет