1-тарау Қазақстан Республикасының миграция туралы статистикалық көрсеткіштер жүйесі



бет1/4
Дата25.02.2016
өлшемі0.57 Mb.
#19964
  1   2   3   4


Жоспар
Кіріспе бет

1-тарау Қазақстан Республикасының миграция туралы статистикалық көрсеткіштер жүйесі .................................................................................................

1.1 Статистикалық көрсеткіштер теориясының жалпы принциптері...............................................................................................................

1.2 Халықаралық миграция көрсеткіштер жүйесі..........................................................................................................................

2-тарау Халықаралық миграция туралы статистикалық есепті ұйымдастыру..............................................................................................................

2.1 Халықаралық миграцияны статистикалық органдарда есепке алу...............................................................................................................................

3-тарау Қазақстан халқының халықаралық миграциясы туралы статистикалық көрсеткіштерді талдау.............................................................

Қорытынды................................................................................................................

Қолданылған әдебиеттер.........................................................................................

Қосымшалар...............................................................................................................




Кіріспе
Миграция ерекше феномен ретінде ғылыми бөлінісінен бастап,әйтеуір бір контекстіде-экономикалық немесе әлеуметтік ,тарихи немесе мәдени демографиялық немесе этникалық тұрғыдан қарастырылып келген еді.Бұл кездейсоқтық емес.Өйткені миграциялық процестер бір жағынан бір немесе бірнеше қоғамда болып жатқан өзгерістермен тығыз байланысты және осы мағынада алғанда оның әржақты дамуының өлшемі болады.

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтің»Қазақстан 2030»атты Қазақстан Халқына жолдауында бүгінгі дамуымыздың келеңсіз сипаттарының жеті осал жағын атаған болатын.Осының ішіндегі алтыншы осал жағымыз-кез келген тұрғыдан қауіпті ,ол-демографиялық өнімсіздігіміз болып табылады.1992жылдан бастап соғыстан кейінгі 50жыл ішінде тұңғыш рет біздің халқымыздың саны қысқара бастады»-деді ол.

Зерттеліп отырған тақырыптың актуалдығы-қазіргі кезде миграция процесі тек қана Қазақстанда ғана емес,сонымен қатар ТМД елдерінде де актуалдылық проблемалардың бірі.Елдегі саяси және экономикалық жағдайлар мигранттар ағысын ынталандырады.Қазақстан соңғы 25-30 жылдардан бері өз халқын миграция арқылы жоғалтып келеді.

Сыртқы миграция немесе білікті мамандардың кетуі,Қазақстан үшін экономикалық және демографиялық тұрғыдан да жағымсыз.

Көптеген себептерге байланысты елден негізінен ғалымдар,бизнесмендер,өнер адамдары,заңгерлер,архитекторлар,мұғалімдер,инженерлер тағы басқа сала мамандары кетуде.Олардың шетелдерге кетуі Қазақстан экономикасына жағымсыз әсер етуде және келешекте де әсер ететін болады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты-халық миграциясын статистикалық зерттеу болып табылады.Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

1)статистикалық көрсеткіштер жүйесін қарастыру

2)халықаралық миграцияны статистикалық органдарда есепке алу,мәліметтерді жинау,жинақтау,өңдеу және талдау жұмыстарын ұйымдастыру.

3)миграция туралы статистикалық көрсеткіштерді талдау.

Дипломдық жұмыстың объектісі-Қазақстан Республикасы және облыстар болып табылады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы:Дипломдық жұмыс –кіріспеден,үш бөлімнен,қорытындыдан,қолданылған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады.

Бірінші бөлім:»миграция туралы статистикалық көрсеткіштер жүйесі»деп аталады.Мұнда абсолютті көрсеткіштер,қатысты көрсеткіштер,миграция баланстары мәселелері қаралған.

Екінші бөлім»Миграция жайындағы ақпарат көздері»деп аталады.Мұнда миграция туралы есепті ұйымдастыру,мемлекеттік статистика органдарында жұмысты ұйымдастырумәселелері қаралған.

Үшінші бөлім»Қазақстан Республикасының миграциясын статистикалық талдау»деп аталады.Бұл жерде миграциялық кестелерге динамикалық талдаулар,тағы басқа есептеулер жүргізіледі.

1 Қазақстан Республикасының миграция туралы статистикалық көрсеткіштер жүйесі

1.1 Статистикалық көрсеткіштер теориясының жалпы принциптері

Халық миграциясы-өзінің табиғи көрінісінің формасымен және салдарымен күрделі процесс.Ол басқа да әлеуметтік-экономикалық құбылыстармен өзара тығыз байланысты.Миграциялық процестер өндірістік күш дамуының салдары бола тұра бүкіл өндірістік қатынастар жүйесінің интенсивті дамуына ықпал етеді.Бұл көрініс тұрғылықты халықтың дамуынан байқалады.Миграциялық процестің өтуі интенсивті болған сайын халықтың әлеуметтік құрылымының әр түрлі аспектілеріне нақтылы өзгерістер еніп,территориялық орналасу жаңарады.Миграция еңбек біліктілігімен және өндірістік тәжірибемен алмасуға жағдай жасап,тұлғалық дамуға,отбасы құрамына және жыныстық-жастық құрылымға ықпал етеді, халықтың әлеуметтік,салалық және кәсіби байланысты мамандардың жаңаруына әкеледі.

«Миграция» терминінің шығу төркіні-халықтың қозғалысын,көшіп-қонуын білдіреді.Бірақ,қазіргі кездегі бұл сөздің мағынасы айтарлықтай кең.Бұдан басқа да терминді өзінің сипаты бойынша салдарымен келісілген факторлардың бірдей еместігімен сипатталынатын құбылыстарды белгілеу үшін қолданылады.Халық миграциясы анықтамасына ең аз дегенде төрт түрлі көзқарасты бөліп қарастыруға болады.Олар төмендегідей:

Біріншіден,ең ауқымды ойлауға сәйкес миграцияға қоғамдық мағынасы бар халықтың қозғалыстарының барлық түрлерін жатқызуға болады.Мұнда тек кеңістікте қозғалуды ғана емес сонымен қатар мамандардың ағынын,олардың кәсіпорын ішіндегі қозғалысын,әлеуметтік қозғалысын және тағы басқаларын жатқызуға болады.Шынында да салалық кәсіби және басқада қозғалыстарды миграцияға жатқызуға болады,егер ол территориялық қозғалыспен байланысты болса.

Екіншіден,миграция ретінде халықтың,оның сипаты мен мақсатына байланыссыз кеңістіктегі барлық қозғалысы танылады.Бұларға халықтың бір елді мекеннен екінші елді мекенге қозғалысы,мекен ішіндегі және одан тыс жерлерге күнделікті жұмысқа немесе оқуға бару,сонымен қатар маусымдық жұмыстар,іс сапарларға шығу демалысқа кету және басқа да қозғалыстарды жатқызады.Кейбір зерттеушілер бір елді мекенін кеңістігі ішінде болатын қозғалысты жатқызуға болмайды дейді.

Үшіншіден,миграцияға тұрғылықты жерін тұрақты немесе уақытша ауыстыруға әкелетін елді мекендер арасындағы болатын қозғалысты жатқызады.Мұның құрамына бір елді мекеннен екінші елді мекенге жұмыс бабы бойынша қозғалуларды жатқызуға болмайды.

Төртіншіден,миграцияға территориялық қайта бөлінуге әкелетін халықтың кеңістіктегі қозғалу процесін жатқызады.Бұл жағдайда миграцияға кеңістіктегі қозғалысты жатқызу екі сипат бойынша анықталады:бір жерден екінші жерге ақиқатты көшуі және екі елде тұрақты жазылуына қарай.Мұнда тұрақты тұрғылықты жері мен жұмыс істеу орнының бірігуі болды.

Егер ішкі орналасуы бойынша қозғалысты қоспасақ халықтың кеңістіктегі қозғалысының негізгі төрт түрін бөліп көрсетуге болады.Оларға,эпизодикалық,маятникалық,маусымдық және қайтымсыз миграциялар жатады.Миграцияның бұл негізгі түрлері сипаттамалары бойынша және ондағы халықтың көздеген мақсаттары бойынша әр түрлі болып келеді.

Эпизодикалық миграция-бір бағытта және бір уақытта болмайтын үздіксіз жүзеге асырылмайтын іс-сапарлы және басқа да қайтымды қозғалыстарды сипаттайды.Егер іс-сапарларда жұмыс қабілеттігі бар тұлғалар қатысса,басқа да қайтымды қозғалыстарда қалған тұлғалар қатысады.Эпизодикалық миграция қатысушының құрамы әр түрлі болып келеді.

Маятниктік миграция-халықтың тұрғылықты жерінен басқа елді мекенде орналасқан жұмыс орындарына немесе оқу орындарына күнделікті немесе апталық қозғалыстары.Маятникалық миграция кең масштабта үлкен қалаларда жүзеге асырылады.

Маусымдық миграция-бұл еңбек қабілеттілігі бар халықтың тұрғылықты жеріне қайтіп келу мүмкіндігін сақтау негізінде бірнеше ай мерзімге басқа елді мекенге уақытша жұмыс және өмір сүру бойынша кетуі.Мұндай миграциялар экономикадағы өндіріс саласы басымдылық алған аудандарда жұмыс кезеңіндегі өндірістік маусымдық уақыттың аз болған жағдайында басқа елді мекендерден уақытша жұмыс күшін жұмылдыру кезінде болды.Себебі мұндай мұқтаждық жергілікті жұмыс күшімен қанағаттандырылуы мүмкін емес.

Қайтымсыз миграция-халықтың мұндай қозғалысы кезінде территориялық қайта бөлінуі жүреді.Миграцияның бұл түрі бір уақытта екі шартқа жауап береді.

Статистикалық бақылаудың жинақтаудың және топтаудың нәтижелерінде барлық жиынтық бірліктері бойынша және оның жеке бөліктері туралы көптеген мәліметтер алынады.Осы алынған мәліметтер өздеріне тән белгілеріне қарай бірнеше топтарға бөлінеді,өзара байланысты сандық көрсеткіштер жүйесімен сипатталады және статистикалық кестелер арқылы көрсетіледі.Жеке топтарды немесе барлық жиынтықты бүтіндей сипаттайтын сандық мәндер қорытындылаушы көрсеткіштер деп аталады.Мысалы,Республикамыздағы халықтың саны,өнеркәсіп орындарының өндірген өнімдерінің көлемі,әр гектардан түскен орташа өнімнің мөлшері және тағы сол сияқтылары жатады.

Статистикада қорытындылаушы көрсеткіштер өздерінің сандық мәндеріне қарай нақты (абсолютті),қатысты және орташа шамалар арқылы беріледі.Осының ішінде нақты шамалар жиі қолданылады және бастапқы түрі болып табылады.Ол статистикалық бақылау нәтижесінде жиналған мәліметтерді өңдеу,жинау және қосудан алынады.Осының негізінде,қатысты және орташа шамалар есептеледі.Сонымен бірге бұл көрсеткіштер нақты шаманың сандық өзгерістерін толықтырып отырады.Сол себепті әлеуметтік- экономикалық құбылыстар мен процестер туралы зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде нақты,қатысты,орташа шамалардың атқаратын рольдері өте жоғары және олардың сандық көрсеткіштері қорытынды жасау үшін жиі пайдаланады.Статистикалық нақты шамалардың ғылыми және тәжірибелік жұмыстардағы маңызы мен атқаратын ролі өте жоғары бағаланады.Себебі нақты көрсеткіштерді қолдана отырып,әрбір кәсіпорындар мен шаруашылықтардың,мекемелер мен ұйымдардың,ұжымдардың және тағы басқа әлеуметтік-экономикалық дамуына немесе кемуіне толық қорытынды жасауға мүмкіндік туады.Міне,осыған байланысты басқару орындарын жан жақты сипаттайтын мәліметтермен қамтамасыз етіп отырады және оның кемшіліктерін ашық көрсете алады.Бұл арнайы есептеу әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылады.Сондай ақ статистика мекемелерінде жұмыс істейтін мамандардың негізгі бір міндеті болып табылады.

Статистикалық ақты шамалар деп қоғамдық құбылыстар мен процестердің белгілі бір жердегі және уақыттағы мөлшерін,көлемін,аумағын,деңгейін сипаттайтын нақты сандық көрсеткіштерді айтады.Мысалы,топтағы студенттердің саны,белгілі бір уақыт аралығындағы өндірілген өнімнің көлемі және тағы басқалары.

Нақты шамалар өздерінің көрсеткіштерінің қолданылуына қарай жеке және жалпы немесе жиынтық қосындысы болып екіге бөлінеді.Жеке нақты шамалар жиынтықтың жеке бөліктерінің мөлшерін,көлемін өздеріне ғана тән сандық көрсеткіштер арқылы көрсетеді.

Жалпы нақты шамалар жеке нақты шамалрдың қосындысынан алынады.Мысалы,халық санағы кезінде республика бойынша жалпы халықтың саны алынады.Ол әрбір адамның жиынтығынан құралады.Жалпы нақты шамалар қоғамымыздағы болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерін көрсететін жиынтық көрсеткіштер және оны күрделі зерттеу жұмыстарында пайдаланады.Олай болса,жалпы нақты шамалар статистикалық қорытындылаушы жинақтаушы көрсеткіш болып табылады.

Нақты шамалар қоғамдық құбылыстар мен процестердің табиғи негізін бейнелейді.Сол себепті зерттеліп отырған объектінің-әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты.

Миграцияның көлемдік көрсеткіштері миграцияның немесе мигранттардың абсолютті сандарынан тұрады.Бұл абсолютті сандар бір бірімен сәйкес келмеуі мүмкін,себебі қарастырылып отырған кезеңдердің ішінде бір адам бірнеше рет көшіп-қонуы мүмкін.Сондықтан миграция саны мигранттар санынан көп болады немесе тең болады,ешқашан кем болмайды.Ағымдағы статистикалық есепте қазіргі кезде келгендер мен кеткендердің саны шартты белгіленіп отыр,шын мәнінде сөз келгендер мен кеткендерде.Миграцияның негізгі көрсеткіштеріне мыналар жатады:

-келгендердің саны;

-кеткендердің саны;

-миграциялық өсу(немесе төмендеу)миграция сальдосы,таза миграция;

-миграция көлемі,жалпы миграция,брутто миграциясы;

Миграция көлемінің көрсеткіштері әр түрлі нышаналарына байланысты бөлінеді және топтастырылады(территориясы бойынша,уақыты бойынша,әлеуметтік-демография бойынша,бағыты бойынша)

Сыртқы миграцияға әсер ететін себептермен факторлардың арасында ең негізгісі мыналар:

-бұрынғы ССР құрамында болған барлық ұлт өкілдерінің әлеуметтік-саяси және ұлттық санасының оянуы;

-Қазақстан экономикалық жағдайын басқа мемлекеттермен салыстырғанда төмендігі;

-сыртқы миграцияда Қазақстанға келгендердің арасында қаэақтар саны басым.Олардың келуіне төмендегідей себептер мен факторлар әсер етеді:

-өзінің ұлттылығын сақтап қалуға ұмтылысы;

-басқа елдердегі әскери қақтығыстар нәтижесінде;

-тарихи отанына оралуына құштарлығы;

Негізінен Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық,құқықтық және экологиялық проблемаларына байланысты мигранттар басқа елдерге кетеді.Сыртқы миграцияда иммигранттардың санынан эммигранттардың саны басым,бірнеше есеге көп болуы мынандай себептермен байланысты;

-бағаның өсуі

-ұзаққа созылатын экономикалық тоқырау

-өмір сүру деңгейінің төмен болуы

-зейнетақы қамсыздандырудың анық еместігі

-жоғары және орта арнайы білім алудың қиындығы

-Қазақстанның көптеген региондарындағы ауыр экологиялық жағдай

-нормативтік заңдық жетілдірілмегендігі

-мемлекеттік құқық қорғау және фискалдық органдардағы сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейі

Ал ішкі миграцияда:

-аграрлық сектордың құлдырау нәтижесінде ауылдық тұрғылықты жерлерден халықтың кетуі

-кіші және орта қалалардан әр түрлі салалардағы кәсіпорындардың тоқтауына байланысты адамдардың кетуі

-Семей полигонындағы және Арал өңіріндегі аймақтарындағы экологиялық жағдайлар себеп ретінде көрінеді.

Халықтың миграциясы-тұрғылықты адамдардың бір аумақтан екінші аумаққа(елге,облысқа,қалаға,ауданға т,с,с)мекендерін ауыстыруға байланысты орналасуы.Мигрант-миграция процесіне қатысушы адам.Әрбір мигрант кеткен аумағы жөнінде көшіп келуші болып табылады.Келушілер саны-есепті мерзімде сырттан осы аумаққа көшіп келген адамдар саны.Кетушілер саны-есепті мерзімде сыртқа осы аумақтан көшіп кеткен адамдар саны.

Миграция сальдосы-есепті мерзімде аумаққа көшіп келгендер саны мен одан көшіп кеткендердің саны арасындағы айырмашылық.Ол теріс мәнді болуы мүмкін,егер кеткендердің саны артық болса.Егеменді Қазақстан Республикасының миграциялық саясат саласындағы негізгі ілімі өткен тарихи жағдайларды колониялизмдік салдарды,орталықтан көшіруді қазіргі кезде күрделі демографиялық жағдайларды,халық дамуының региондық болашағын қамтылуы мүмкін емес.

Егеменді Республиканың миграциялық саясаты,егер ол шынында да өзінің ұлттық және региондық мүдделерін халықаралық құқықтық негізінде қорғайтын болса өткен кезеңде жіберілген қателіктерді ескеріп түзетуі тиіс.Демографиялық шолу және талдау көрсеткендей халықты қоныстандыру процесінің сыртқы тенденциясы қазіргіге қарағанда бұрын екі есе жылдам болған.Халықтың қоныстандыру тенденциясының негізінде этникалық аспектілер жатыр,бұл олардың салдарын күрделендіріп соның нәтижесінде қазіргі кездегі ұлтаралық қатынастарға әсер етеді.Миграциялық саясат Қазақстандағы этнодемографиялық жағдайды орнығу және тұрақтандыру процесінің жеделдеуіне жағдай жасау керек.


1.2 Халықаралық миграция көрсеткіштер жүйесі
Зерттеліп отырған көрсеткіштерге талдау жасау,олардың өзара байланыстылығы мен заңдылықтарын анықтау және тұжырымды қорытынды жасау үшін нақты шамамен берілген көрсеткіштер жеткіліксіз болады.Сондықтан статистикалық зерттеуде нақты шамалармен қатар қатысты шамалар да қолданылады.

Қатысты шамалар деп қоғамдық өмірдегі әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың сандық қатынасының мөлшерін көрсететін көрсеткіштерді айтады.Қатысты шама қорытындылаушы көрсеткіштің негізгі түрінің бірі болып саналады.Себебі оның нәтижесінде нақты шама көрсеткіштеріне талдау,қорытынды жасауға толық мүмкіндік туады.

Қатысты шамаларды есептеуде өзара байланысты екі нақты шаманың қатынасы қарастырылады және ол екі көрсеткішті біріне-бірін бөлу арқылы айқындалады.Мұнда бөлшектің бөлімін салыстыру негізгі немесе базалық шама деп,ал алымын салыстырмалы шама деп атайды.

Біршама бөлшектің негізгі шамадағы үлесін анықтау үшін,сол берілген шама бөлшегін негізгі шамаға бөлу керек.

Сонымен статистикалық қатысты шамалар әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерді бір-бірімен салыстыру кезінде олардың өзгеруін,дамуын,құрылымын анықтауға,талдауға мүмкіндік береді және сол берілген сандық көрсеткіштердің қатынасына мәні мен мақсатына қарай бірнеше түрге бөлінеді.Оған жататындар төмендегілер:жоспардың орындалуы,жоспарлық тапсырма, өсіңкілік, құрылымдық,үлестік,үдемелік салыстырмалық,дәрежелік.Жоғарыдағы қатысты шамаларды сипаттай келе,енді миграциялық қатысты көрсеткіштерге терең тоқталып кетейік. Миграция көлемінің көрсеткіштері сәйкес территориядағы тұрғындардың санына байланысты болғандықтан миграциялық процестерді талдау үшін қатысты көрсеткіштер қолданылады.

Миграция интенсивтілік көрсеткіштері белгілі бір кезеңдегі жалпы халықтың ішіндегі өмір сүру орнын ауыстыру жиілігін сипаттайды.Көп жағдайда бір жылға есептегендегі 1000 немесе 10000 тұрғын есебіндегі миграция интенсивтілігінің жалпы коэффиценттері қолданылады.Жекелеген жылдардағы миграциялық процестердегі кездейсоқ ауытқуларды болдырмау мақсатында бірнеше жылға миграцияның орташа коэффиценттерімен есептелінеді(мысалға 5 жыл).

Мұнда миграцияның көрсеткіштермен алынған белгілі бір кезеңдегі тұрғындардың саны қолданылады.Интенсивтілік коэффицентті келу бойынша,кету бойынша,миграциялық өсу бойынша,сонымен қатар тұрғындардың әр түрлі топтары бойынша(жасы,жынысы,этникалық және тағыда басқа) есептеуге болады.Миграциялық коэффиценттері келесі формулалар арқылы есептелінеді:

Миграция интенсивтілігінің жалпы коэффиценті:

S=M\P*1000 (1)

Миграциялық айналым интенсивтілігінің коэффиценті:

S=Q\P *1000 (2)

Миграция тиімділігінің коэффиценті:

W=M\Q*100 (3)

мұнда:


П-келгендердің саны;

В-кеткендердің саны;

М-миграциялық өсу(миграцияның сальдосы) П-В

Q -миграция көлемі П+В

Р-халықтың орташа жылдық саны

Мұндай коэффиценттер халықтың немесе әр түрлі топтардың белгілі бір территорияда бірнеше жылдар динамикасында миграциялық қозғалысын(белсенділіктің)миграциялық қозғалысын айырмашылықтарын көрсетеді.

Сонымен қатар миграцияның интенсивтілік көрсеткіштері осы процестердегі жекелеген территориялар және бірдей емес уақыт кезеңі бойынша салыстыруға мүмкіншілік береді.Бірақ бұларда территория аралық салыстыру кезінде абайлау керек,себебі коэффиценттер тек халық миграциясының интенсивтілігін ғана көрсетіп қоймай келу және кету территориядағы олардың құрылымдық ерекшеліктерінде көрсетеді.

Арнайы әдебиеттен мәлім,халықтың абсолюттік өсу қосындысының динамикасы мен санының сегіз типін бөліп көрсетуге болады,олардың әр бір жұбы табиғи және механикалық өсуді,табиғи және механикалық кемуді сипаттайды.

Аталған топтастыруды жүргізу үшін елдегі халықтың құрылуындағы миграция ролін анықтау үшін халық саны динамикасының демографиялық баланстардың әр түрлі түрлері қолданылады.

Sk=Sn+(N-M)-\+(П-В) (4)


Осы теңдік негізінде жылдық халық саны балансын құруға болады:


Жыл

Халық саны

Абсолюттік өсім

Соның ішінде

Жыл басында

Жыл аяғында

Табиғи өсу

Халық миграциясы сальдосы


















Баланстың мәні:

1)ұзақ уақыт мерзімде елдегі халықтың абсолюттік өсу қосындысын шығару мүмкіндігі.

2)халық санының өсу көзі құрылымындағы пропорцияларды анықтау.

3)елдегі халық санының өсуіндегі жекелеген кезеңдердің ролін көрсету,яғни

Уақыт факторына баға беру.

Халықтың құрылу көздерін зерттегенде белгілі-бір көмекші миграция мен табиғи өсудің бөлу балансы көрсетуі мүмкін.


Көрсеткіштер

Мың адам

Кезең басындағы халық саны




Кезеңде туылғандар




Ішкі миграция есебінен қалалық жерлерге келгендер




Ішкі миграция есебінен басқа аудандардан ауылдық жерлерге келу сальдосы




Барлық келгендер




Кезеңде(жылда)өлгендер




Басқа аудандарға қалалық жерлерден кеткендер




Ішкі аудандық миграция тәртібінде қалалық жерлерден кеткендер




Ішкі миграция есебінен және ауылдық жерлерден басқа аудандарға кеткендер сальдосы




Барлық кеткендер




Кезең соңындағы халық саны



Миграциялық ағыстың негізгі бағыттарын зерттеу мақсатында халық миграциясының шахматтық территориялық балансы құрылады.




Халықтың кіру ау-

дандары


Халық-

Тың шығу


аудандары

Халық категориясы бойынша

Халықтың барлығы

100мың адам және одан да көп халқы бар қалалар

Қалалық жерлер

Ауылдық жерлер

100мың адам және одан да көп халқы бар қалалардан














Басқа қалалық жерлер













Ауылдық жерлер













Халықтың барлығы













Халық категориясы бойынша шахматтық территориялық баланс мыналарды анықтауға көмектеседі:

1.Халықтың кіру және шығу аудандарындағы халық құрылуындағы халықтың жекеленген категорияларының саны.

2.Ірі орташа қалаларға,басқа қалалық жерлер,ауылдық жерлерге келгендердің (кеткендердің) құрылымын зерттеуге.

Миграцияның үшінші функциясы-араласу функциясы.Бұның мәні әр түрлі әлеуметтік-демографиялық топтардың миграцияға тең емес үлесте қатысуының нәтижесінде әр түрлі территориядағы тұрғындардың сапалық құрамының өзгеруіне әкелуімен түсіндіріледі.Тәжірибе көрсетіп отырғандай еркектер және еңбек қабілеттілігі бар жастағы тұлғалар,әйелдер және еңбек қабілеттілігі жоқ тұлғаларға қарағанда миграцияға белсенділік қатысады.

Миграция функциялары жеке-жеке тәуелсіз бола тұра өзара тығыз байланысқан.Халықтың территориялық құрамының өзгеруіне сәйкес тұрғындардың қозғалушылығы болған жағдайда жүзеге асады.Тұрғындардың сандық қайта бөлінуі аудандардағы мигранттардың сапалық құрамының өзгеруімен қатар болуында болмауында мүмкін.Осыған сәйкес тұрғындардың интенсивті сапалық араласуы тұрғындардың сандық қайта бөлінуі нәтижесі айтарлықтай болмаса да бола береді.Миграцияның қозғалушылық,қайта бөлуі және араласу функциялары миграцияның әр түрлі түрлерінде әр түрлі сипатта болады.

Адамдардың территориялық қозғалысы бір елдің ішінде немесе елдер арасында жүзеге асуы мүмкін.Сондықтан миграцияның негізгі екі типін бөліп көрсетуге болады-мемлекетаралық және мемлекет ішіндегі.Мемлекетаралық миграция типі атауы айтып тұрғандай екі немесе оданда көп мемлекеттер арасындағы жүзеге асатын миграция.Мемлекет ішіндегі миграция дегеніміз-халықтың бір мемлекет ішінде аудандар арасында,қалалар арасында,ауылдар арасында және әр түрлі аумақтар арасындағы миграция.

Бұл қозғалулар мемлекеттік шекарадан аспайтын болады ішкі миграцияға сол мемлекеттің халқы,өздерінің азаматтығын ауыстырмай қатысады халықаралық тәжірибеде пайдаланылатын статистикалық стандарттармен салыстырымдылығын қамтамасыз етуге міндетті.

2 Халықаралық миграция туралы статистикалық есепті ұйымдастыру



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет