1-тарау. Жалпы ережелер


-тарау. СТАНДАРТТАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚҰЖАТТАРДЫ ҚОЛДАНУ



бет6/8
Дата23.09.2024
өлшемі158.5 Kb.
#503897
1   2   3   4   5   6   7   8
Стандарттау туралы

5-тарау. СТАНДАРТТАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚҰЖАТТАРДЫ ҚОЛДАНУ


26-бап. Стандарттау жөніндегі құжаттарды қолдану
1. Ұлттық, мемлекетаралық стандарттар және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштары, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында бұл жөніндегі нұсқаулар болса, қолданылуы міндетті болып табылады.
Техникалық регламенттердің талаптарын орындау және техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін бағалау үшін таңдау бойынша ерікті негізде өзара байланысты стандарттар қолданылады.
Өзара байланысты стандарттарды қолданбау техникалық регламенттердің талаптарын сақтамау ретінде қаралмайды.
Техникалық регламенттерге стандарттардың тізбелеріне енгізілген өзара байланысты стандарттар қолданылмаған жағдайда, сәйкестікті бағалау тәуекелдерді талдау негізінде жүзеге асырылады.
Ұйымдардың стандарттарына сілтемелер нормативтік құқықтық актілерде қолданылмайды.
2. Егер Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында өзгеше белгіленбесе, стандарттау жөніндегі құжаттар стандарттау объектілерінің шығарылған еліне және жеріне қарамастан, ерікті негізде қолданылады.
3. Егер ұлттық стандарттау жүйесінің субъектісі ерікті түрде стандарттау объектісінің стандарттау жөніндегі құжатқа сәйкестігі туралы мәлімдесе, оның ішінде стандарттау жөніндегі құжаттың белгілемесі таңбалауда, пайдалану немесе өзге де құжаттамада қолданылған жағдайда, сондай-ақ егер стандарттау объектісі ерікті түрде стандарттау жөніндегі құжаттың талаптарына сәйкестікке сертификатталса, стандарттау жөніндегі құжаттың талаптары ол үшін міндетті болады.
4. Жеке және заңды тұлғалардың стандарттау жөніндегі құжаттарды қолдануы авторлық құқықтар сақтала отырып жүзеге асырылады.
27-бап. Халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердiң стандарттарын қолдану
1. Халықаралық, өңірлік стандарттар және шет мемлекеттердің стандарттары Қазақстан Республикасының аумағында оларды ұлттық және мемлекетаралық стандарттар ретінде қабылдау арқылы қолданылады.
Ұлттық стандарттау жүйесінің субъектілері ұйымның мақсаттарын іске асыру үшін осы Заңның 16-бабы 2-тармағының және осы баптың 2-тармағының талаптарын ескеріп, стандарттау жөніндегі ұлттық органға тиісті хабарлама жібере отырып, халықаралық, өңірлік стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын тікелей қолдана алады.
2. Халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердiң стандарттарын қолдану үшін қажетті шарттардың бірі мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология және аккредиттеу жөнiндегi халықаралық және өңiрлiк ұйымдарға мүше болуы;
2) Қазақстан Республикасының cтандарттау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарының болуы;
3) стандарттау жөніндегі ұлттық орган мен халықаралық, өңірлік, шетелдік ұйым арасында cтандарттау саласындағы ынтымақтастық туралы шарттың болуы;
4) төлнұсқаларды ұстаушылардың халықаралық, өңірлік стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын қолдану жөніндегі талаптарын сақтау.
28-бап. Стандарттау саласындағы мониторинг
1. Стандарттау саласындағы мониторингті:
1) бекітіп берілген стандарттау объектілері бойынша стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер;
2) стандарттау жөніндегі ұлттық орган;
3) құзыреті шегінде мемлекеттік органдар жыл сайын жүзеге асырады.
2. Стандарттау саласындағы мониторингке:
1) ұлттық стандарттардың (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда) ғылыми-техникалық деңгейін талдау;
2) ұлттық стандарттардың (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда) қолданыстағы техникалық регламенттерге сәйкестігін талдау;
3) экономиканың әртүрлі салаларында ұлттық стандарттармен (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда) қамтамасыз етілуді талдау кіреді.
3. Ұсыныстар түрінде ресімделген мониторинг нәтижелері жартыжылдық қорытындылары бойынша стандарттау жөніндегі ұлттық органға жіберіледі.
Стандарттау жөніндегі ұлттық орган келіп түскен ұсыныстарды талдау нәтижелері бойынша ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда) әзірлеуге, қолданыстағы ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда) қайта қарауға, ұлттық стандарттардың (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда) күшін жоюға не оларға өзгерістер енгізуге бастамашылық жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет