Жоспар:
Кіріспе _______________________________________________________2
1 бөлім. Тауарлы-материалдық қорларды бағалау.
1.1. Тауарлы-материалдық қорлар туралы түсінік____________________3
1.2. Тауарлы-материалдық құндылықтар қозғалысын есепке алу жөніндегі
құжаттама_____________________________________________________6
1.3. Қоймалардағы және сақтайтын орындардағы материалдық
құндылықтардың есебі және ТМҚ-ның бухгалтериядағы есебі________8
1.4. Тауарлы-материалдық құндылықтарды түгендеу_________________10
2 бөлім. Тауарлы-материалдық қорларды бағалауының аудиті.
2.1. Материалдық құндылықтар, оларды жіктеудің, бағалаудың және
түгендеудің аудиті _____________________________________________ 12
2.2. Тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысының
есебінің аудиті ________________________________________________ 16
2.3. Аяқталмаған өндіріс есебінің аудиті. Дайын өнімдердің есебінің аудиті.
Тауарлардың есебінің аудиті_____________________________________24
Қорытынды____________________________________________________
Пайдаланылған әдебиеттер_______________________________________
Кiрiспе
Бухгалтерлiк есеп жүйесi дегенiмiз – кәсiпкерлер мен ұйымдардың операциялары мен жағдайлары жөнiндегi ақпаратты жинау, тiркеу және топтастыру жүйесi болып табылады1. Қазақстан Республикасының резиденттерi болатын мiндеттi тiркеуден өтуi қажет заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер және де Қазақстан Республикасында тiркелген, бiрақ резиденттер болып саналмайтын заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлеттiлiктерi бухгалтерлiк есеп жүргiзуге және қаржылық қорытынды есептi құрастырып, сәйкес орындарға тапсыруға мiндеттi. Бұл кәсiпкерлер мен ұйымдар бухгалтерлiк есептi жүргiзуде және қаржылық қорытынды есептi құрастыруда заңдық және әртүрлi нормативтiк-құқықтық негiздерге сүйенедi. Олардың қатарында Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлiк есеп және қаржылық қорытынды есеп жөнiндегi» заңын, Халықаралық қорытынды есеп стандарттарын, Ұлттық есеп стандарттарын, Бухгалтерлiк есептің Типтiк шоттар жоспарын атауға болады.
Ұйымдардың өнiмдер өндiрудегi (қызметтердi атқару, жұмыстарды орындаудағы) аса маңызды объектiлерi - шаруашылық қорлары болып табылады. Шаруашылық қорлар құрамына негiзгi құралдар, материалды емес активтер, тауарлық-материалдық игiлiктер, ақша қаражаттары, инвестициялар, дебиторлық қарыздар кiредi. Тауарлық-материалдық құндылықтар олардың iшiндегi ең бiр көлемдiсi болып табылады, себебi, бұл игiлiктер өндiрiлетiн өнiмнің материалдық негiзiн құрастырады, өндiрiлiп шығарылатын дайын өнiмдердің өзiндiк құнының басым бөлiгi ретiнде олардың бағасын анықтауға негiз болады.
Жоғарыда аталған жағдайлардан тауарлық-материалдық құндылықтардың ұйымдарға негiзгi қызмет түрiн жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн қорлар. Яғни, тауарлық-материалдық игiлiктердің бухгалтерлiк есебiнiң дұрыс ұйымдастырылуы және олардың дұрыс бағаланылуы мен ұтымды қолданылуы мәселелерi тереңiрек зерттеудi талап ететiн өзектi тақырыптардың бiрi болады.
«Кәсiпорындардың (ұйымдардың) тауарлық-материалдық қорларының аудитi» тақырыбында курстық жұмыс жазудағы басты мақсатым тауарлық-материалдық құндылықтардың қолданылуының есебiн ұйымдастыру, оларды аудиторлық тексеру мен талдау мәселелерiнiң теориялық және практикалық негiздерiн зерттеу болып табылады.
Курстық жұмысты жазу барысында тақырыпқа сәйкес төмендегiдей мiндеттер қойдым:
тауарлық-материалдық құндылықтардың есебiн жүргiзудi реттеушi нормативтiк-құқықтық негiздерге сәйкес тауарлық-материалдық қорлардың экономикалық мәнi мен маңызын ашу;
тауарлық-материалдық игiлiктердің жiктелуi мен бағалануының ерекшелiктерiн қарастыру;
ұйымдардың тауарлық-материалдық игiлiктермен қамтамасыз етiлуiн және олардың тиiмдi пайдаланылуын зерттеу;
тауарлық-материалдық игiлiктер есебi бойынша аудиторлық тексеру жүргiзудiң маңызын қарастыру;
дайын өнiмдер мен аяқталмаған өндiрiс есептерiн ұйымдастыру аудиторлық тексеру жүргiзудiң ерекшелiктерiн қарастыру;
Достарыңызбен бөлісу: |