1-тарау. Жалпы талаптары 1-параграф. Талаптардың қолдану саласы және тағайындалуы


-параграф. Газгольдерлерді орналастыру және



бет2/6
Дата12.06.2016
өлшемі490.5 Kb.
#130641
1   2   3   4   5   6

5-параграф. Газгольдерлерді орналастыру және

эксплуатациялауға қойылатын талаптар
79. Тұрақты көлемді (құрғақ) жалпы сыйымдылығы 50 м3 артық емес қалтқы қоңырауының жалпы сыйымдылығы 20 м3 артық емес газгольдерлерді генератор ғимараттарына орнатуға болады; сыйымдылығы үлкен газгольдерлер бөлек ғимаратқа немесе ғимарат сыртына орнатылады; сыйымдылығы 100 м3 және одан жоғары газгольдерлер тек ацетилен ғимаратының сыртына орналастырылады.

80. Қалтқы қоңырауы бар газгольдерлер қоңыраудың жоғарғы шекті және төменгі шекті күйлері кезінде дабыл бергішпен толу дәрежесін көрсеткішпен жабдықталады. Дабыл бергіш машина бөлімшесіне немесе ылғи да қызмет көрсететін қызметкерлер бар болатын басқа ғимартқа шығарылады. Дабыл бергіші және жалғауы дұрыс емес газгольдерді эксплуатациялауға жол берілмейді.

81. Газгольдер қоңырауының шекті рұқсатты жоғарғы және төменгі деңгейлерін айқын көрінетін сызықпен сызады. Газгольдер қоңырауының төменгі деңгейі көлемнің 15 %, ал жоғарғы шегі көлемнің 90 % сәйкес келуі қамтамасыз етіледі.

82. Газгольдер газдың шығуы мен кіруін сөндіретін бекіту құрылғыларымен жабдықталады. Сыйымдылығы 100 м3 және одан жоғары газгольдерлер үшін дистанциондық басқарылатын бекіту құрылғылары қаралады.

83. Газдың шығуы мен кіруін сөндіретін құрылғылары істемей қалғанда газгольдерлерді эксплуатациялауға жол берілмейді.

84. Газгольдерді үрлеу бекіту арматурасымен жабдықталған үрлеу құбырлы өткізгіші арқылы жиналған үрлеу газымен инертті газбен жүргізіледі.

Үрлеуді сөндіргеннен кейін газгольдерді жұмысқа қосар алдында газгольдер мен арматураның арасына тығын (журналда белгіленуімен) орнатылады.

85. Газгольдер резервуарында, гидро ысырмадағы судың және ацетиленнің кіре берісіндегі газ температурасы 50С төмен болуына жол берілмейді.

86. Сыйымдылығы 100 м3 және одан жоғары газгольдердің газды кіре беріс камераларында қопарылғыштың төменгі шегінен ауадағы ацетилен 20 % шамасында, (ауадағы ацетилен 0,46 % кезінде) белгі беретін дабыл бергіші бар газ талдағыштар орнатылады.

6-параграф. Ацетилен компрессорларын эксплуатациялауға

қойылатын талаптар
87. Компрессор жұмыс параметрлері төлқұжаттық шамалардан ауытқыған жағдайда оны сөндіруді қамтамасыз ететін автоматтау құралдарымен жабдықталады.

88. Ацетилен компрессорын немесе газ үрлеуішті қосу газгольдердегі ацетилен компрессордың немесе газ үрлеуіштің 20 минуттық өнімділігін қамтамасыз ететін мөлшерде бар болған кезде жүргізіледі. Компрессор жұмысы автоматты жалғанған кезде оны қосу газгольдердегі ацетилен компрессордың 5 минуттан кем емес жұмысын қамтамасыз ететін болған кезде рұқсат етіледі.

89. Ацетиленннің қысымы мен темперутурасы шамаларының компрессордың әрбір сатысында қысқаннан кейін дайындаушы жетекшілігінде көрсетілген шамалардан асып кетуіне жол берілмейді. Соңғы сатыдағы тоңазытқыштан кейін температура 3130 (400) асуына жол берілмейді.

90. Компрессордың әрбір сатысы өткізгіштік қабілеті компрессордың өнімділігінен төмен емес сақтандыру клапанымен жабдықталады. Соңғы сатыдағы сақтандыру клапанын компрессордың автоматты сөндіру қысымынан 0,05 – 0,1 МПа (0,5 – 1 кгс/м2) жоғары реттеледі.

91. Компрессордың әрбір сатысы манометрмен және термометрмен жабдықталады.

92. Компрессорда кіре беріс және шыға беріс құбырлы өткізгіштерінде оны сору және айдау құбырлы өткізгіштерінен сенімді және бөгетсіз сөндіруді қамтамасыз ететін сәйкес бекіту арматурасы бар.

93. Конструкциясы аттестациядан өткізілген конструкторлық ұйыммен келісілмеген барлық сатыдағы поршень сақиналарды сору және айдау клапандарын пайдалануға жол берілмейді.

94. Цилиндрлер мен сальниктерді майлау үшін эксплуатациялау жөнінде жетекшілікте көрсетілген, берілген компрессор үшін рұқсат етілетін ацетиленнің максимал температурасы тұтану температурасынан 200С төмен емес майларды қолданылады.

95. Ирек түтіктерді, тоңазытқыштарды, ылғал айырғыштарды және компрессор цилиндрлерін үрлеу, осы Талаптарға сәйкес жүргізіледі.

96. Компрессор гидравликалық сынақтан өткізілгеннен кейін қосу алдында монтаждау және күрделі жөндеуден кейін әрбір саты үшін жұмыс қысымында, бірақ бірінші саты үшін 0,3 МПа (3 кгс/м2) кем емес қысымда, саңылаусыздыққа сыналады.

97. Компрессордың автоматты сөндірілуін қамтамасыз ететін қандай да бір құрылғы істемей қалған кезде оны эксплуатациялауға жол берілмейді, олар:

1) сору құбырлы өткізгішінде қысым 0,004 МПа (40 мм су бағ.) төмендегенде;

2) қыздыру құбырлы өткізгішінде қысымның жоғарылауы берілген компрессор үшін рұқсат етілетін максимал жұмыс қысымынан жоғары, бірақ 2,8 МПа (28 кгс/м2) артық емес;

3) ацетилен температурасы 383 К (1100С) көтерілу;

4) қоңыраудың газгольдердің төменгі шегіне дейін түсіп кетуі.

98. Компрессор мынадай жағдайда тоқтатылады:

1) компрессорда және қозғалтқышта бөгде тарсылдар мен соққылар пайда болуы немесе басқа да келеңсіздіктердің анықталуы

2) ацетилен кысымы компрессордың кез келген сатысында рұқсат етілетін технологиялық регламентте көрсетілген шамадан асып кеткенде;

3) толтырылған кезде баллондардың қызып кетуі;

4) суытқыш су мен майдың қысымы жұмыс нұсқаулығында көрсетілген рұқсат етілетін шамадан төмен түсіп кеткенде;

5) 97-тармақта көрсетілген жағдайларда.

99. Ацетилен компрессорын мынадай келеңсіздіктер (немесе жетіспеушіліктер) болған кезде эксплуатациялауға жол берілмейді.

1) қыздыру тізбегінде кері клапан;

2) 3 тарау 7 параграфта аталған коммуникация орындарында жоғары қысымның от қорғағыштары.

100. Компрессор апаттық үрлеу кезінде туындайтын 40 МПа (40 кгс/м3) қарсы қысымға төтеп береді.

101. Сақтандыру клапандарына қызмет көрсету және эксплуатациялау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 189 бұйрығымен бекітілген қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және пайдалану талаптарына сәйкес жүргізіледі.

102. Компрессордың жұмыс журналының түрі 4-қосымшада келтірілген.

7-параграф. Ацетилен кептіргіштерін (адсорбциялық) эксплуатациялауға қойылатын талаптар
103. Ацетилендің кептіру құрылғысы мыналармен жарақтанады:

1) 3-тарау 7-параграф талаптарына сәйкес сақтандыру құрылғыларымен;

2) май ылғал айырғыштар;

3) температура мен қысымды бақылаушы аспаптар.

104. Кептіру массасын регенерациялау үшін аппаратқа берілетін газ температурасын 493 К (2200С) асуына жол берілмейді.

105. Ацетилен қысымын алдын ала түсіру және аппараттарды инертті газбен үрлеусіз ауамен регенерациялау үрдісін жүргізуге жол берілмейді.

106. Жүктеу және регенерациялаудан кейін аппараттар инертті газбен үрленеді және қажет болған жағдайда 400С аспайтын температураға дейін суытылады.

Адсорбент ретінде цеолиттер қолданылатын кептіргіштерде регенерациялау және инертті газбен үрлеу және суытудан кейін 10 г цеолитке 1 кг ацетилен есебінен кептірілген ацетиленмен адсорбентті қанықтыруды жүзеге асырады.

107. Кептіргіштерде сорбент күйін тексеру кем дегенде жылына бір рет жүргізіледі. Адсорбентті алмастыру жоғарғы қабатты майлау кезінде немесе кептіру үдерісінің бірінші тәулігінде ылғал регенерацияланған өзгеруде және сорбентте ацетиленмен қаныққан кезде жүргізіледі.

8-параграф. Ацетилен баллондарын толтыруға қойылатын талаптар
108. Толтыруға жеткізілген баллондар 0,1 кг дейінгі дәлдікпен өлшенеді.

Баллон массасы оны толтырар алдында нормадан төмен болса, ол толтыруға жатқызылады.

Баллондарды ацетоннан 0,4 МПа (4 кгс/м2) кем емес қысыммен жүргізіледі және 5 қосымшада келтірілген түрдегі журналда тіркеледі.

109. Баллондарға ацетилен толтыру өнімділігі 20 м3/сағ дейінгі цехта ацетон қорын сыйымдылығы 50 л саңылаусыз жабылатын ыдыста сақтауға рұқсат етіледі. Баллондарға ацетилен толтыру өнімділігі 20 м3/сағ жоғары цехта ацетон беру цех ғимаратынан тыс орнатылған қоймалардан оны инертті газбен сығу тәсілімен жүзеге асырылады.

110. Рампқа баллондарды жалғау алдында вентильдердің дөңгелекшелі қырнауларындағы төсемелердің күйін тексереді. Жарамсыз төсемелер алмастырылады.

111. Рампта орнатылған баллондар құлап кетуден сақтану үшін бекітіледі.

112. Ацетилен баллондарын рамппен (3 тарау 6 параграф) қосатын майысқақ түтіктер мен вентильдер араларын және рамптың кіре берістегі сәйкес өткізу қабілеті бар, от қоршауларын орнатусыз баллондарды толтыруға жол берілмейді.

113. Төгу және құйылған кеуекті массасымен баллондарды толтыруды бір рампта толтыруды жүзеге асыруға жол берілмейді.

114. Эксплуатацияда болмаған, жаңа және толтыруға әкелінген ацетилен баллондарын азотты шығарғаннан кейін үш дәрежелік жууға (үрлеуге) ұшырату керек, ол төгу кеуекті массасы бар баллондар үшін 0,6 МПа (6 кгс/см2) кем емес, құйылған кеуекті массасы бар баллондар үшін 2 МПа (20 кгс/см2) кем емес, алғашқы екі жууда қалдық қысымы 0,05 – 0,1 (0,5-кгс/см2) кезінде, ал үшінші жуудан кейін 0,4 – 0,5 МПа (4–5 кгс/см2) жууға ұшыратылады.

115. Баллондарды толтыру 6-қосымшадағыдай журналда тіркеледі.

116. Баллондарды толтыру кезінде оларды 313 К (400С) аса қыздыруға жол берілмейді. Баллондар бұдан жоғары температураға қызып кеткенде олар рамптан сөндіріледі, толтыру бөлімінен алысқа апарылады және суытылады. Бұдан кейін баллондар тексеру үшін жөндеу шеберханасына жөнелтіледі.

Толтырылған баллондар вентиль саңылаусыздығына тексеріледі, содан соң баллон мойнына сақтандыру қалпағын кигізеді.

Баллондарды сақтандыру қалпағынсыз сақтауға рұқсат етіледі.

117. Толтырылған баллондардағы ацетилен қысымы 2 кестеде келтірілген.

2-кесте


Қоршаған орта температурасы

К (0С)



Манометр көрсеткіштері бойынша баллондағы ацетилен қысымы, МПа (кгс/м2)

Қоршаған орта температурасы

К (0С)




Манометр көрсеткіштері бойынша баллондағы ацетилен қысымы, МПа (кгс/м2)

1

2

3

4

268/-5/

1,34/13,4/

293/20/

1,9/19/

1

2

3

4

273/0/

1,4/14/

295/25/

2,15/21,5/

278/5/

15,/15/

303/30/

2,35/23,5

283/10/

1,65/16,5/

208/35/

2,6/26

288/15/

1,8/18/

313/40/

3/30/

118. Толтыру бөлімшесінде баллондарды өлшеу үшін қолданылатын таразылар әрбір жұмыс ауыса басталар алдында бақылау тұлғаларымен гири – эталон көмегімен тексеріледі және тексеру нәтижелері журналға тіркеледі. Жылына бір рет, сонымен қатар әрбір жөндеуден соң таразылар Қазақстан Республикасының 2000 жылдың 7-маусымындағы «Өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңға сәйкес тексеріледі.

119. Мынадай баллондарды толтыруға жол берілмейді:

1) Айқын ақ түсті және төгу кеуекті массасы бар баллондар үшін қызыл түспен «Ацетилен», құйылған кеуекті массасы бар баллондар үшін «Ацетилен ЛМ» деген жазуы жоқ баллондар;

2) куәландыру мерзімі және массаны тексеру мерзімі белгісіз немесе асып кеткен;

3) жөнделмейтін вентилі бар;

4) башмактарсыз немесе механикалық зақымданған (жарықшақтар, үйкелген орындар тағы сол сияқты);

5) баллонның жарамдылық мерзімі асып кеткенде (30 жыл).

120. Ацетилен баллондары толтыру – зауыттарында кем дегенде бес жылда бір рет куәландырылады.

Баллондарды куәландыруға мыналар енгізіледі: сыртқы бетін тексеру, кеуекті массаны тексеру және пневматикалық сынақтар. Ацетилен үшін баллондарды куәландыру нәтижелері 7 қосымшада келтірілген түрдегі журналға толтырылады.

121. Баллондарды куәландыру мойнындағы немесе башмактағы босап қалған сақинаны алмастырғаннан кейін немесе бекіткеннен кейін орындалады.

122. Тексеруге және куәландыруға жатқызылатын әрбір баллоннан ацетилен шығарылады және баллон азот қысымы 0,3 МПа (3 кгс/м2) кем емес кезінде кем дегенде екі рет азотпен үрленеді.

123. Ацетилен үшін баллондардағы кеуекті масса күйі толтыру – зауыттарында кем дегенде 24 айда бір рет тексеріледі.

Тексеру журналы 8 қосымша.

Кеуекті массаны тексергеннен кейін әрбір баллонда мыналар жазылады:

1) кеуекті массаны тексеру жылы және айы;

2) толтыру станциясының таңбасы;

3) кеуекті массаны қанағаттандыратын таңба (Пм әріптері бейнеленген диаметрі 12 мм);

124. Төгу кеуекті массасын тексеру кезінде мынадай жағдайларда баллон ақауға шығарылады:

1) баллон мойынындағы тұтас кеңістік 150 м3 асып кеткенде (сыйымдылығы 25 л артық баллондар үшін);

2) масса жабысып қалғанда немесе ол ацетиленді полимерлеудің шайырлы өнімдерімен ластанғанда;

3) мойынның ішкі резьбасы жойылғанда немесе тозғанда.

Баллонда көлемі 150 см3 артық тұтас кеңістік бар болған кезде төгу кеуекті массасының бөлігі 250 – 300 см3 мөлшерде айырылады, тұтас кеңістік жаңа массамен толтырылады, ағаш конусты штырьмен жанышталады.

125. Құйылған кеуекті массаны тексеру кезінде балоннан түйірді төгу керек. Баллондар мынадай жағдайларда ақауға шығарылады:

1) баллонның сфералы бөлігі бойымен 3 мм артық шөккенде;

2) массаның қирау іздері бар болғанда (терең жарықшақтар, қабаттарға бөліну, ұсақталу);

3) жабысып қалу, бұрышталу, массаның шайырлы заттармен қанығуы (кеуекті массаның қалыпты түсі ақшыл – сұр).

Құйылған кеуекті массаны тексергеннен кейін баллонды «ұсатылған кварц» кесектерімен (кесектер өлшемдері 1-2 мм) толтырады. Кеуекті массаның күйіне байланысты жарамсыздарға шығарылған баллондарды тіркеу журналының 9-қосымшада.

126. Кезеңдік куәландырулардан өткізу кезінде баллондар 3,5 МПа (35 кгс/см2) қысымды азотпен сынақтан өткізіледі.

Сынақтан өткізілетін баллон тереңдігі 1 м кем емес суы бар ваннаға салынады және азотпен толтырылады; газ қысымы 3,5 МПа (35 кгс/см2) дейін баяу көтеріледі. 2 минут өткеннен кейін баллонның саңылаусыздығы және вентильдің жалғанған орны тексеріледі.

127. Жарамсыз деп танылған баллондарды, олардың тағайындалуынан тәуелсіз, оларды одан әрі эксплуатациялауға жол бермеу үшін кертікпен (мойындағы резъбаға) белгілейді.

9 параграф. Кальций карбидін сақтауға және пайдалануға қойылатын талаптар
128. Кальций карбиді бар барабандар көлденең және тік күйде сақталуы мүмкін. Барабандардың ярустарының араларына отқа төзімді құраммен қанықтырылған қалыңдығы 30-40 мм тақтайшалар төселеді. Көлденең төселген барабандардың домалап кетуінен сақтанады.

129. Кальций карбиді бар бесеуден артық барабанды сақтауға жалпы зауыттық материалдар қоймасында бір яруста тік күйде сақтауға немесе отқа төзімділігі 2-дәрежеден кем емес ол үшін арнайы бөлінбеген ғимараттарда келесі талаптарды сақтағанда рұқсат етіледі:

1) еденді нөлдік белгі деңгейінен 0,15 м кем емес биіктікке көтеру. Кальций карбиді бар барабандарды қалыңдығы 0,15 м кем емес ағаш төсемелер орнатқан жағдайда еден деңгейінің нөлдік деңгейде болуына рұқсат етіледі;

2) ғимарат пен барабандарға судың тиіп кетуіне жол берілмейді;

3) ғимарат құрғақ, желдетіледі және жылытылмайды.

130. Бөлек жағдайларда өрт күзетінің келісімімен, кальций карбиді барабанын бесеуден артық емес сақтау ғимаратын қабырғаның екі жағынан да штукатуркалап және жанбайтын материалдан жасалған төсеме салғанда рұқсат етіледі.

Қойма едені жерден 0,15 м кем емес орналастырылады, ал есіктері асбестпен қапталған.

131. Кальций карбиді бар барабандарды жанғыш және қопарылу қаупі бар заттармен бірге сақтауға, жер төле ғимарттарында, саты алаңдарында, өту жолдарында, подъездерде және дәліздерде сақтауға жол берілмейді.

132. Шаңнан босатылған бос ыдысты сақтау өндірістік ғимараттан тыс аспа астында бөлінген орындарда жүзеге асырылады. Ыдыс құрғақ және түбімен жоғары қаратып қойылған.

Тасымалданатын генераторлармен жұмыс істеген кезде бос барабандар шаңнан босатылады, сумен жуылады. Тығынан алу бөлімі ғимаратында жұмыс істеп тұрған генераторлар өнімділігіне ауысымына, бірақ 15 барабаннан артық емес бос ыдыс қоюға болады.

133. Кальций карбиді қоймаларына қол жеткізу тек бақылаушы тұлғаның қатысуымен рұқсат етіледі. Ашық қойманы қараусыз қалдыруға жол берілмейді.

134. Кальций карбиді сақталатын көрінетін орындарда «Темекі шегуге болмайды», «Қопарылу қауіпті», «Бөгде адамдарға кіруге болмайды», «Өрт сөндіру үшін суды пайдалануға болмайды» тағы сол сияқты жазулары бар плакаттар ілінеді.

135. Тасымалдау кезінде зақымдануы анықталған кальций карбиді бар барабандар табиғат жағдайынан тәуелсіз брезентпен мұқият жабылады.

136. Кальций карбиді бар барабан қақпаған ашу үшін ұшқынның түзілуіне жол бермейтін құрал – сайман қолданылады. Барабандар тығынын механикалық ашу кезінде болат пышақтар қолдануға болады, бірақ міндетті түрде қалыңдығы 2 мм кем емес тавот қабатымен кесу сызығын майлау керек.

137. Жылжымалы генераторларды эксплуатациялау кезінде кальций карбиді бар барабандарды ашу арнайы ғимаратта немесе аспамен жүргізіледі.

138. Кальций карбидін сақтау орнынан жылжымалы генераторға саңылаусыз жабылған ыдыста бір ауысымға кететін мөлшерден аспайтын шамада рұқсат етіледі.

139. Кальций карбидін тасымалдау генераторын бір зарядтау үшін 10 м аспайтын аралықта әкелуге рұқсат етіледі.

Кальций карбидін, ауа райынан тәуелсіз, брезентпен немесе резина табақшасымен қорғалады.

140. Бір қоймамен қызмет көрсетілетін бірнеше жылжымалы генераторларды бір уақтылы эксплуатациялау кезінде кальций карбиді бар бір барабанды жаңартуға рұқсат етіледі. Барабанның тығыз жабылатын қақпағы бар және құрғақ орында сақталады. Жұмыс аяқталғаннан кейін кальций карбиді бар барабан қоймаға тапсырылады.

141. Ашылған немесе зақымданған барабандарды сақтауға рұқсат етілмейді. Кальций карбидін тез арада қолдану мүмкіншілігі болмаған кезде оны саңылаусыз жабылатын (бидондарға) ыдысқа немесе үстінен құмы бар қаппен жабылған пайдаланылған құрғақ барабанға салу керек және бірінші кезекте пайдаланылады.

142. Кальций карбидін пайдаланғаннан кейін жиналған ұсақ – түйек пен шаңды, барабанда қалған шаңды сумен шаяды.

143. Кальций карбидін пайдаланған кезде мыналарға жол берілмейді:

1) тиеу және түсіру кезінде кальций карбиді бар барабандарды лақтыруға және оларға соққы жасауға;

2) ашу кезінде барабандарды тесу үшін ұшқын түзетін немесе қызған заттарды немесе ашық отты пайдалануға;

3) кальций карбидінің ірі кесектерін болат немесе ферросилиций бөлшектерімен қақтығысқан кезде ұшқын түзетін басқа да заттармен (балға, кувалда тағы сол сияқты) ұсақтауға;

4) кальций карбидіне судың тиюіне жол бермеу.



3-тарау. Газ жалынды жұмыстарының газбен қоректенуі құралдары мен тәсілдеріне қойылатын қауіпсіздік талаптары

1-параграф. Газбен қоректендіруге қойылатын талаптар
144. Цехтарды, мастерлер бөлмелері, телімдер және пісіру постыларын газбен қоректендіру былайша жүргізіледі:

1) жанғыш газдар мен оттегімен орталықтандырылған қоректендіру кезінде – ацетилен және ауа айыру қондырғыларынан, ацетиленнің жанғыш газдарды алмастырғыштарының резервуар қондырғыларынан, оттегі газификаторларынан және генераторлар реципиенттерінен немесе разрядтық рамптардан газ өткізгіштермен;

2) жеке қоректендіру кезінде – оттегі, ацетилен және басқа да жанғыш газдары бар бөлек баллондардан майысқақ түтіктермен, сонымен қатар жылжымалы ацетилен генераторлары мен сұйық жанғыш материалы бар бөшкелерден;

3) аралас қоректендіру кезінде – газдардың бірі (оттегі немесе жанғыш газ) газ өткізгіштер бойымен, ал екіншісі – бөлек баллоннан немесе жылжымалы ацетилен генераторынан майысқақ түтіктермен.

145. Газбен қоректіндіру тәсілі мынаған байланысты таңдап алынады:

1) пайдаланылатын газдың тегіне (ацетилен, пропан – бутан, табиғи және басқа да жанғыш газдар);

2) жанғыш газ бен оттегінің қолда бар цехтық (зауыттық) газ өткізгіштеріне қатысты металдарды газ жалынымен өңдеудің жобаланатын телімінің жоспарлануы және аумақтық орналасуы.

146. Стационар жұмыс орындарының (постыларының) саны газбен өңдеу телімдері және цехтарының газбен қоректенуі оннан артық болған кезде тек орталықтандырылған.

147. Аралас газбен қоректендіру кезінде бір уақтылы жұмыс істейтін пісіру постыларының саны оннан аспайды.

148. Стационар жұмыс орындарын (постыларын) орталықтандырып немесе аралас қоректендіру кезінде газ өткізгіштен жанғыш газ пайдалану жалынның кері соққысының өтуінен газ өткізгішті сақтандыру үшін сақтандыру құрылғысы арқылы ғана рұқсат етіледі. Сақтандыру құрылғысы 3 тараудың 7-параграфы талаптарына сәйкес жабдықталады.

149. Жанғыш газды газ өткізгіш берумен стационар жұмыс орындарын (постыларын) орталықтандырып немесе аралас қоректендіру кезінде оның пайдаланушыға шығар орнында бекіту құрылғысынан кейін газ қысымын түсіру үшін, егер де техникалық режим бойынша реттеу қажет болса немесе газ қысымын тұрақты күйде сақтап тұру керек болса, газ пайдалану машинасының немесе қондырғысының жиынында газ қысымын редукциялау құралдары қаралмаған жағдайда редуктор орнатылады.

150. Редуктор түрін (желілік немесе баллондық) таңдап алу қысым тегіне және берілген стационар жұмыс орнындағы (постындағы) ең жоғарғы газ шығынына байланысты жүргізіледі.

151. Егер газ өткізгіштердегі оттегі қысымы 1,6 МПа (16 кгс/см2) аспаса, онда газ пайдалану машинасын, қондырғысын немесе аппаратурасын оттегін өткізгішке жалғау тікелей бекіту құрылғысы арқылы майысқақ түтіктермен жүзеге асырылады.

152. Стационар жұмыс орны газ тәрізді постымен 3-тараудың 4-параграфына сәйкес жабдықталады.

153. Стационар жұмыс орнын (постын) газ өткізгіш бойынша пайдалану орнына газ тарату постын орнатумен бір баллоннан қоректендіруге рұқсат етіледі.

154. Стационар жұмыс орындарын (постыларын) разрядтық рамптардан қоректендіру кезінде оларды орналастыру және эксплуатациялау 5 тараудың 6 параграфы талаптарын сақтаумен жүргізіледі.

155. Газ жалынды жұмыстарының жылжымалы посты сәйкес редукторлары бар оттегі және жанғыш газ баллондарымен, майысқақ түтіктермен, қыздырғыштармен (кескіштер) немесе металлизатормен жиынтықталады. Сұйық жанғышы бар бөшке немесе сақтандыру ысырмасы бар жылжымалы ацетилен генераторын 253 және 466-тармақ талаптарын сақтаған кезде жанғыш газы бар баллондардың орнына пайдалануға рұқсат етіледі.

Баллондарды арбашалардан алмай – ақ пайдалануға рұқсат етіледі.

156. Жылжымалы пост құрал – жабдығын бір арбашаға орналастыруға рұқсат етіледі. Оны қуатталған күйдегі ацетилен генераторымен немесе қысымды сұйық жанғышы бар бөшкемен тасымалдауға жол берілмейді.

157. Әрбір тасымалдау постында біреуден артық жанғыш газы бар баллон және біреуден артық оттегі бар баллонның болуына жол берілмейді.

158. Жұмыс орындарында бір уақыт аралығында бірдей немесе әр түрлі газдары бар екі баллон, ал стационар жұмыс орнында, бұдан басқа, екі қосымша балоннның болуы мүмкін.

159. Цехта немесе газ жалынды өңдеу теліміндегі баллондардың жалпы санын мынадан асырмау керек: 10 – оттегі, 10 – ацетилен, 10 пропан – бутан.

160. Құбырлы өткізгіштер, газ тарату жұмыс орны және баллондардан жанғыш газ немесе оттегінің ағуы анықталған жағдайда зақымданған телім сөндіріледі, ал ғимарат мұқият желдетіледі.

161. Газ өткізгіш бойымен жұмыс орнына (постына) берілетін сұйылтылған немесе табиғи газ қысымын 0,15 МПа 1,5 кгс/см2) асырмайды. Жобамен негізделген жағдайда табиғи және сұйылтылған газды 0,6 МПа 6 (кгс/см2) қысыммен пайдалануға (мысалы, плазмалық тозаңдау тағы сол сияқты) рұқсат етіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет