1 тарау консалтинг қазіргі нарықты экономикадағы жұмыс істеудің мәні мен қажеттілігі



бет1/5
Дата17.07.2016
өлшемі0.86 Mb.
#205255
  1   2   3   4   5
ЖОСПАР

КІРІСПЕ
1 тарау. консалтинг – қазіргі нарықты экономикадағы жұмыс істеудің мәні мен қажеттілігі



    1. Консалтингілік қызмет көрсетудің мәні мен мазмұны

    2. Кеңес берушінің қызметі және консалтингілік қызмет өнімі

    3. Консалтингілік қызметтің жұмыс істеу қажеттілігі мен тиімділігі

    4. Қазақстан Республикасындағы консалтингілік қызмет нарығының қалыптасуының экономикалық және ұйымдастыру алғы шарттары

2 тарау. «Казагромаркетинг» АҚ мысалында кәсіпорынның консалтингілік қызметін талдау



    1. «КазАгроМаркетинг» АҚ ҚР АПК нарығындағы қызметі

    2. «КазАгроМаркетинг» АҚ консалтингілік қызметінің өнімі

    3. «КазАгроМаркетинг» АҚ консалтингілік қызмет нарығындағы әрекеттерінің нәтижелерін талдау

3 тарау. Қазақстан Республикасындағы консалтингілік қызмет нарығының даму келешегі

қорытынды
қолданылған әдебиеттер тізімі
қосымша

КІРІСПЕ


Консалтинг – жұмыс орынын ауыстырғысы келетін жас мамандардың, жоғары оқу орыны түлектерінің және тәжірибелі кәсіпқойлардың арасындағы қызметтің ең танымал түрлерінің бірі. Электрондық бизнес пен жоғары технологиялық компаниялардың тартымдылығының төмендеуімен байланысты, көптеген университеттер мен бизнес-мектептердің түлектері, оны мансаптық өсу жоспарындағы жұмысорынының келешектілерінің бірі (мүмкін, ең келешекті) деп есептейді. Бұл сала өте жылдам дамуда, оған ықпал етушілер: консалтингілік қызметке сұранымның өсуі және кеңес берушілер қызметіне талапкерлер санының артуы. Жыл сайын мыңдаған ізденушілер, он мыңдаған өзінің қарсыластарын бәсекелестік күресте жеңіп шығып, ашылып жатырған бос орындарға ие болады. Мұндай қатаң бәсекелестік, кандидаттарды әңгіме өткізудің әрбір кезеңіне шындап дайындалуға мәжбүр етеді. Бұл кітап, басқарушы консалтингтің осындай ерекше қызық және динамикалық әлеміне кіргісі келетіндерге пайдалы болады деп үміттенеміз.

Студенттерге кеңес берушінің жылдам мансаптық өсу мүмкіншілігі ерекше ұнайды, сондықтан бұл кәсіп, бірінші жұмыс орынын таңдау алдында тұрған бастаушы мамандар арасында ең беделділердің бірі болып саналады. Жоғарғы оқу орындарының экономикалық факультетін бітірушілердің жуық шамамен 40 % консалтингілік қызметпен айналысуға тырысады, бірақ олардың 30—35% ғана оған қол жеткізе алады. Талапкерлергеде бұл сала өте қызықтырарлықтай көрінеді, оларға оқу орынына түсу кезінің өзінде-ақ қатаң бәсекелестіктен өтуге тура келеді.

Консалтинг алдарынан ашатын келешекке қызыққан, құқықтану, гуманитарлық, жаратылыс тану және техникалық ғылымдар бойынша магистрлік, докторлық және басқа ңылыми дәрежесі барлардың өзі, өте жиі жұмысқа қабылдау туралы өтініш жасайды. Тіпті танылған мамандардың өзі консалтингіден өзінің кәсіптік деңгейін жоғарылату үшін, ал кейде қызмет аясын түбегейлі өзгерту үшін мүмкіндіктер іздейді. Консалтингілік қызмет көрсетуші фирмалардың санының өсуі мен жоғарылау шамасына қарай, тапсырыс беруші компаниялардың ең ақылға сыймайтын проблемаларын шығармашылықты шешуге қабілетті, тәжірибелі мамандарға сұранымда артуда. Дегенмен тағыда ескертуге тұрады, үміткерлер саны бос орындар санынан асып кетеді, бұл өз кезегінде бәсекелестікті өте қатаң етеді.

Фирмалар түйіндемелерге көміліп қалды десе болғандай. Сондықтан олар ең жақсы мамандарды іріктеудің әртүрлі әдістемелерін әзірледі. Соңғы кездеріі ерекше танырман болғаны – жағдайлық тапсырмаларды орындаумен өтетін әңгіме жүргізу. Бұл, шындығында, сұхбаттың ең күрделі (кандидаттар үшін) және түсініксіз нысандары. Үміткерлердің ең қатты қиналатындары абстрактілі сұрақтар, әсіресе техникалық егжей-тегжейлікпен байланысты. Тіпті сіздің жолыңыз болды және сөз әңгіме өткізуге шақырылдыңыз делік, дегенмен, келесідей жалғыз сұрақты беріп-ақ, сізді тез арада «сұрыптайды»: " авиа­лайнер Boeing 747 салмағы қандай?" немесе "Amtrak компаниясы Бостоннан Вашингтонға дейінгі темір жол билетіне бағаны қалай белгілейді?"1

Тіпті, сіз бірінші әңгіме өткізуден өтіңіз дейік, сізге, қалайда, осындай үш-бес сынамадан өту керек. Бұл өте әйгілі «қамшы мен күлше» әдісін еске түсіреді: бір әңгімеден соң екіншісінен өте отырып, сіз ақырғы мақсат қалай қашықтап бара жатқанын сезінесіз. Барлығы басынан басталады. Тағыда бір тапқыр кеңесші сізді кезекті әңгіме өткізумен сынға салуға дайын болады. Осылардың кез-келгенінің нәтижелері бойынша сізді «сұрыптап шығара алады», тіпті сөз алдыңғы әрекеттеріңізде фирмаға жақсы әсер қалдырсаңызда. Тек қана ынтагерлікті, табандылықты және ең соңғы интевьюге дейін әрбір әңгіме өткізуде үлгіру үмітін сақтай алған үміткерлер ғана, ақырында жұмысқа алынады.

Бәсекелестік соншалықты қатаңданып кетті, қазіргі кезде үміткерлер көп уақыттарын фирманы зерттеуге және әңгімеге дайындалуға шығындайды. SAT немесе GMAT типті стандартталған тесттік жүйе бойынша емтихандарға дайындық курстары, ізденгіштерге ең жоғарғы баллдарды жинауға көмектескендей, әңгімі өткізуге дайындықта консалтингілік компаниялардан табысты жұмыс іздеуге әсер етеді. Сізге, басқарушы консалтингтің сіз баратын фирмалар өткізетін әңгімеге дайындалушы құрдастарыңызға лайықты бәсекелестік көрсету үшін, кез-келген көмекті қолдану қажет. Барлығыда ескеріледі: қызметтің әртүрлі саласындағы компаниялар туралы сіздің хабардарлық деңгейіңіз; олардың күшті және әлсіз жақтарын түсіну және оны үйлесімді қолдана білуіңіз; сіздің қаншалықты консалтинг терминологиясын меңгергендігіңіз; сіздің реакцияңыз бен жауап беру жылдамдығыңыз; фирманың ұйымдастыру мәдениеті мен «көңіл күйін» бағалай білуіңіз.

Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы, дамудың ерекшеліктерімен, бетбұрыстарымен және механизмдерімен айрықшаланатын, салалық нарықтардың көптеген түрлерінің жұмыс істеуі үшін қажетті негіздерді қалыптастырды. Қалыптасатын салалық нарықтардың кешендігі халық шаруашылығы экономикасының тиімді жұмыс істеуін жоғарылату үшін жағдай жасайды және бұл осы дипломдық жұмыстың көкейтестілігін шарттайды.

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасында ресурстар нарығы, халық тұтынушы тауарлар нарығы қалыптасқан және дамуда, дегенмен нарықтардың көбі тек қалыптасу кезеңінде жайғасқан. Осындай нарықтың біріне консалтингілік қызмет көрсету нарығыда жатады.

Консалтингілік қызметтер – экономиканың өндірістік секторларының дамуына белгілі бір ғылыми және әдістік үлесті қамтамасыз ететін экономиканың өндірістік емес саласы элементтерінің бірі.

Кәсіптік көмек көрсетуші мамандар мен ұйымдар, консалтингілік қызметтің субъектілері болып табылады, ал басқарушы проблемалардың шешіміне мүдделі, кәсіпорындар мен фирмалар – консалтингілік қызметтің объектісі болады.

Көмекті ұйымдастырудың кез-келген нысаны, кеңесшінің өзі міндеттердің орындалуына жауап бермейтін, бірақ жауаптыларға көмек беретін процесс мазмұнына, міндеттің немесе міндеттер құрылымына қатысты, кеңес беру процесін көрсетеді. Кеңес беру процесі, кеңесші жағдайды өзгертуге немесе жақсартуға әрекет еткенде, бірақ оны тікелей басқармайтын кезде орын алады. Штаттағы жұмыскерлердің көп бөлігі, мәні бойынша, кеңесшілер болып табылады, тіпті олар өздерін ресми кеңесшілер деп атамасада.

Консалтингілік қызметтер өткізілуі үшін, менеджерлердің кеңесшілерге көмек сұрап өтінішпен баруының негізгі себептерінің болуы керек.

Консалтингілік қызметтерді көрсету үшін және менеджерлер жағынан осы қызметті қажетсінудің тууының, экономикалық жағдайының болуының алғы шарты болып, шешімі мәнді сипатты болатын проблемалар болғанда кеңесшілердің осы жерде және барлық уақытта, керектігін айтатын факт табылады. Осы мәнділік бұл проблеманың шешімін, ең жақсысы, кәсіпкерге, маманға, атап айтқанда – кеңес берушіге міндеттеген дұрыс екенін көрсетеді. Кеңесшілерді, жауапты басқарушылық шешімдерді дайындау, қабылдау және жүзеге асыру процесінің әртүрлі сатыларында пайда болатын анықсыздықты жою үшін тартады.

Зерттелетін диплом жұмысында зерттеу объектісі болып, мамандандырылған және Қазақстан Республикасының агро өнеркәсіптік кешенінің даму бағдарламасы негізінде құрылған, «КазАгроМаркетинг» АҚ табылады.

Зерттеудің іс-әрекеті көптеген компаниялармен көрсетілетін консалтингілік қызмет нарығы болып табылады. Зерттеу үшін, тәжірибелік мысал ретінде, «КазАгроМаркетинг» АҚ қызметі алынды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.


1 тарау. консалтинг – қазіргі нарықты экономикадағы жұмыс істеудің мәні мен қажеттілігі
1.1. Консалтингілік қызмет көрсетудің мәні мен мазмұны
Жетпісінші жылдардың ортасынан бастап, дүниежүзілік нарықта консалтингілік қызметтің көлемі күрт жоғарылады, ол өткен жиырма жылмен салыстырғанда оншақты ретке өсті және ары қарай қарқынды өсуде. Мысалы, АҚШ-та 1993 жылы, өздерінің қызметі үшін 17 млрд. дол, алған 80 мыңға тарта кеңесшілер болды, ал 1996 ж. айналым 20 млрд. дол., өсті. Ұлы­британияда 1995 жылы басқармалық кеңес беруде 23 мың адам тіркелді, 1994 жылы 12,1 мың адам тіркелген болатын.

Қазақстан мен ТМД елдерінде бұл салада басқадай жағдай пайда болды. Зиялылық меншік пен ресурстардың отандық сатушылары, өзінің тауарын нарықта көрсетуге және тиімді сатуға толық дайын емес. Мұндай жағдайлар көптеген себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, көптеген шаруашылық басшылары консалтинг пен оның мүмкіндіктері туралы толық білмейді; екіншіден, консалтингілік қызметтің отандық нарықта дамуы жеткіліксіз; үшіншіден, консалтингілік компаниялардың қызметінде маркетингілік әдістердің енгізілуі әлсіз екені белгіленеді.

Консалтинг — нарықты экономиканың ұғымы, ол мамандар жағынан фирманың жетекші қызметкерлеріне басқару бойынша, жұмыс істеу және даму проблемаларын шешу және талдауда, кеңестер, ұсыныстар, тапсырыскерлермен бірігіп әзірленетін шешімдер нысанында жүзеге асырылатын, кәсіптік көмекті көрсетеді.

Консалтингілік фирма немесе кеңесші консалтингілік қызмет нарығының негізгі субъектісі болып табылады. Ол, өзінің қызметін коммерциялық бастамада жүзеге асырады және қызмет көрсетудің тәуелсіз өндірушісі болып табылады.

Консалтингілік қызмет көрсетудің негізгі сипаттамалары келесідей:

♦ консалтингілік қызметтің дәмін татуға болмайды, оны көру мүмкін емес, яғни олар сезілмейтін болып табылады;

♦ консалтингілік қызмет нарығында басты тұлға кеңесші болады. Консалтингілік қызмет, оны көрсететін субъектіден бөлінбейді.

♦ консалтингілік қызмет сақталына алмайды және алдын-ала дайындалмайды.

♦ консалтингілік қызметтің сапасыда тұрақсыз болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, консалтингілік қызмет материалдық емес, тапсырыскер оны сатып алып, қызметтің белгілі бір саласында білім, шеберлік және дағды алады.

Кеңес беру процесі – бұл, кеңесшінің өзі міндеттердің орындалуына жауап бермейтін, бірақ жауаптыларға көмек беретін процесс мазмұнына, міндеттің немесе міндеттер құрылымына қатысты көмек көрсетудің кез-келген нысаны.

Консалтингтің негізгі міндеті тапсырыскерді проблемалық жағдайдан шығуын қамтамасыздандырумен қорытындыланады. Консалтингілік компанияның (кеңесшілердің) тапсырыскерлері болып мемлекеттік кәсіпорындардың, ведомстволардың жетекшілері, биліктің орталық және жергілікті органдары, жеке фирмалардың иелері немесе менеджерлері және т.б. табылады.

Кеңес беру процесі келесідей кескінде болады:



1 сурет. Кеңес беру процесінің құрылымы.
Кеңес беру процесінде маңызды орынды кеңесші алады. Ол өз білімінің саласында эксперт болып қана қоймай, сонымен қатар келесідей қасиеттерге ие болуы керек:

♦ нақты заттық салаға қатысты білімінің болуы;

♦ осы салада үлкен тәжірибесінің болуы;

♦ міндетті дәл тұжырымдап, дұрыс шеше білуі.

Консалтингілік қызметтің ерекшеліктерінің бірі, кеңес берілушіге жеке тәсілдеме болып табылады. Осыған байланысты, консалтингілік қызметтің нарығын талдау нарықтың бүкіл аумағын, оның күйін және даму бетбұрысын алдын-ала айқындауды болжайды, бұл фирманың мүмкіндіктерін объективті бағалауға, коммерциялық тәуекелдік деңгейін және оны болдырмау жолдарын айқындауға мүмкіндік береді.

Консалтингілік қызмет нарығын талдауды келесі жайғасымдар бойынша жүргізу қажет:

♦ имидж;

♦ тауар;


♦ бәсекелестік артықшылық;

♦ тапсырыскерлер таңдауы;

♦ жоспарланатын қызметтің құрылымы мен көлемі;

♦ тапсырыскерлерге тиімді қызмет көрсету стратегиясын таңдау;

♦ компания қызметкерлері;

♦ шығындар, пайда, мүмкіндікті тәуекел.

Қолданылатын әдістер тұрғысынан консалтинг үшке бөлінеді: эксперттік, процестік және оқытушы консалтинг.

Эксперттік консалтинг. Бұл жағдайда кеңесші диагностиканы, шешімді әзірлеуді және оны ендіруді дербес жүзеге асырады. Тапсырыскердің ролі қажетті ақпаратты берумен және нәтижелерін бағалаумен қортындыланады.

Процестік консалтинг. Консалтингтің бұл түрі кеңесші мен тапсырыскердің белсенді өзара әрекеттесуімен сипатталады. Бұл кезде кеңесшілер ролі ішкі және сыртқы идеяларды жинаумен, тапсырыскермен біріккен жұмыс барысындағы алынған шешімдерді бағалаумен және оларды ұсыныс жүйесіне келтірумен қортындыланады.

Оқытушы консалтинг. Кеңсші жайғасымы өте белсенді. Ол тек идея жинап, шешімді талдап қоймайды, сонымен қатар тапсырыскерге сәйкес ақпаратты дәріс, семинарлар, құрал және т.б. түрінде бере отырып, олардың пайда болуы үшін тиянақты негіз дайындайды.

Қазіргі кезде Қазақстанда консалтингтің дамуы қажеттігін ешкім талқыға салмайды. Карағанды регионындағы консалтингілік қызмет нарығы тек қана институционалдық рәсімдеу алды. Ол бірнеше фирмалармен көрсетілген. Оларға жататындар: "Интеркомпьютерсервис" компаниясы, Кәсіпкерлік және мәдениет менеджменті институты, Шағын бизнес орталығы, Жұмыспен қамтудың областық орталығы, Сауда-өнеркәсіптік палата, Бизнес орталығы, ЖШС «Кеңес» фирмасы. Бүгінгі күні бұл фирмалар жеке бөлекше қызметтер көрсетеді және, тек қана Сауда-өнеркәсіптік палата қызметтің көп жақты сипатында болады.


    1. Кеңес берушінің қызметі және консалтингілік қызмет өнімі

«Адвокат», «сәулетші» немесе «дәрігер» сияқты кәсіптердің дәстүрлі аттарында кеңінен белгілі ұғымдар тұрады. Бірақ адамдар «кеңесші» дегенді естігенде, ол туралы былай ойлайды:

1) ірі компаниялардың жоғары басқарушы аппараты дағдарыс жағдайларды шешу үшін тартатын төтенше маңызды, үлкен қабілеттілігі бар, айқын тұлға деп;

2) немесе, басқа маңызды бірнәрсе тапқанша ақша тапқысы келген, жай жұмыссыз.

Бірақ осы анықтамалардың бірде-бірі шындыққа жатпайды.

Кеңесші — басқаларға ақылы көмек көрсететін кез-келген маманның қызметін баяндауға арналған әмбебап термин. Кеңесшілер қызметтің кез-келген аясында бар, мысалы графикалық дизайн бойынша, үйлену тойларын ұйымдастыру бойынша, сән мәселелері бойынша, мансап таңдау бойынша кеңесшілер. Осының бәрі — кеңінен таралған консалтингілік қызметтің түрлері. Одан өзгеде мамандар бар, мәнділігі бойынша олар кеңесшілер болады, атап айтқанда: талапкерді жоғары оқу орынына түсуге дайындаушы репетиторлар, жақсы мамандарды бір фирмадан екіншісіне қызықтырып әкетуші мамандар, туристік бюроның агенттері және жылжымайтын мүліктермен операциялар жасаушы агенттер. Тізімді шексіз жалғастыра беруге болады. Жайғана өнеркәсіп саласының немесе қызмет түрінің атауын алып, оған «консалтинг» сөзін қосыңыз — сіз оның тағы бір түрін аласыз. Басқарушылық консалтинг — бары–жоғы консалтингтің бір түрі, бірақ сонымен байланысты жалғыз кәсіптік емес.

Басқару бойынша кеңесшілер немесе айналысады (ары қарай, қысқалық үшін, біз «кеңесші» терминін қолданамыз)? Олардың негізгі міндеттеріне бизнестің проблемарын айқындау, диагностика және бизнес проблемаларын шешу жатады. Табысы төмендей бастаған компания, осы беталысты жеңу бойынша стратегия әзірлеу үшін консалтингілік фирма қызметкерлерін тарта алады. Өз кезегінде, өсудің жылдам қарқынындағы және жоғары пайдалылықты компанияда, табыс толқынында қалу үшін кеңесшілерді жалдайды. Басқа жағдайларда жұмыс процесінде кеңесшілермен жасалған қорытындылар, олардың келешекте қызмет көрсететін ұйымдары үшін, өте маңызы. Басқару мәселелері бойынша кеңесшілер әртүрлі проблемалардың пайда болу мүмкіндігін көруі және компанияға нарықтағы жағдайлардың өзгеруін бақылауға көмектесуі керек.

Тізілген міндеттерден өзге, басқару бойынша кеңесшілерге басқа функциялардыда жүзеге асыруға тура келеді:

1) өндірістік технологиялар немесе нарықтағы жағдайлар бойынша экономиканың осы аясында эксперттің міндетін орындауға;

2) тұжырымдаманы бағалау немесе аргументті негіздеу кезінде бейтарап «үшінші» жақ ретінде болуға;

3) қандайда бір гипотезаны немесе көзқарасты, жан-жақты талдау жүргізгеннен соң алынған мәліметтерді қолдана отырып, мақұлдауға;

4) жанжалдық жағдайларды шешу кезінде делдал ретінде түсуге;

5) компания қызметкерлерін оптималды шешімдер қабылдауға үйрету;

6) маңызды проблемаларды талқылауға, істік ойындарды жүргізуге және т.б. ұйымдастыру.

Міндеттер тізімі өте үлкен. Бірегей арнайыландырылған қызметтер ұсынатын, жаңа консалтингілік фирмалар, жыл сайын пайда болады және басқарушылық консалтингте жетілдірілуді жалғастырады. 1997 жылдан 2005 жылға дейін кеңесшілер қызметіне сұраным күрт өсті, ал олардың сомалық табысы ғалами масштабта 51 млрд. долл. 114 млрд. долл. асаға жоғарылады. 2 суретте кескінделгендей, экономиканың осы сегменті, мамандардың болжауы бойынша, өзінің дамуын осындай жоғары қарқынмен жалғастырады, және оның табысы 2008 жылға 200 млрд. долл. жетеді.

Консалтингілік фирмалар не сатады? Неге олар сондай жоғары табыстар алады? Негізгі өнім — бұл кеңесшілердің зиялы әлуеті: қарапайым емес талдамалық қабілеттіктері, ұйымдастырушы және бизнес-стратегиялық білімі, басқару қабілеттілігі. Сонымен, консалтингілік өнім едәуір өзгерістердің жоғары әлуеті бар қызметті көрсетеді. Кеңесшілер — сөзсіз, тағдырды айтқыштар немесе сиқыршы емес, сондықтан олар өзінің жұмысының дәл нәтижесін кепілдендіре алмайды. Олар тек қана табысқа қалай жетуге болатыны, кенеттен туатын жағдайларға және кедергілерге дұрыс қарсы тұруға қалай дайындалуға болатыны туралы ұсыныстар береді және қойылған мақсаттарға жету үшін стратегияны әзірлеуде тапсырыскерлермен тығыз ынтымақтасады. Осылай, кеңесші қызметінің ақырғы нәтижесі болып, оған жетудегі сенімділік емес, мақсат табылады. Өзгелердің өсуі үшін көмектесетін оқытушыларға ұқсас, кеңесшілерге экономикалық көрсеткіштерді жақсартудағы көмегі үшін ақша төленеді. Сондықтан кеңесшінің қызметінің тиімділігі консалтингілік команданың интелектуалдық әлуетіне ғана тәуелді болады.



2 сурет. 1995-2005 жылдардағы консалтингілік қызметтің дүниежүзілік нарығы


Бірақ, барлық фирмалар оларда ең талантты және ең кәсіпкер кеңесшілер жұмыс істейтіні туралы айтқан кезде, олардың ішінен ең жақсысын қалай таңдап алуға болады? Консалтингілік фирмалар бұл проблеманы түсінеді және тапсырыскерлерді тартуға тырысады, өздерінің интелектуалдық әлуетін тұжырымдама қабығына «орай» отырып, және осының бәрін меншікті тауарлық белгімен ұсынады. Соңғы уақыттарда нарықта көптеген әртүрлі тұжырымдамалар ұсынылды. Олардың ішіндегі ең белгілілері 1 кестеде келтірілді.
1 кесте. Танымал консалтингілік тұжырымдамалар


Концепция

Жыл

Кеңес беруші


Ұйым

Портфелдік талдау

1976

Хендерсон (Henderson)

Boston Consulting Group

Бәсекелестіктің бес күші

1980

Портер (Porter)

Monitor Company, Гарвард университеті

Құндылықтың қалыптасу буындарын талдау

1985

Портер (Porter)

Monitor Company, Гарвард университеті

Өзекті құзыреттіліктер

1990

Хамэл және Прахалад (Hamel& Prahalad)

Strategos, Гарвард университеті, Мичиган университеті

Тапсырыскерді ұстау

1990

Райхельд (Reichheld)

Bain & Company

Циклдің ұзақтығын қысқарту

1990

Сток (Stalk)

Boston Consulting Group

Жаппай

1992

Пайн (Pine)

Strategic Horizons,

индивидуалдану







Diamond Technology Partners

Реинжиниринг

1993

Хаммер мен Чэмпи (Hammer & Champy)

CSC

Акциялардың биржалық құнын талдау және қосылған экономикалық құндылық

1993

Стюарт (Stewart)

Stern Stewart

Құндылықтың көшіп-қонуы

1996

Сливоцкий (Slywotsky)

Mercer Management Consulting(Corporate Decisions, Inc)

Құндылықты құру желісі

1996

Бранденбургер және Нейлбафф(Brandenburger & Nalebuff)

Гарвард университеті және Йельск бизнес мектебі

Пайда аймағы

1998

Сливоцкий және Моррисон (Slywotsky & Morrison)

Mercer Management Consulting


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет