1 тарау Мектепке дейінгі ұйымдардағы музыкалық тәрбие әдістемесінің мақсаты мен міндеттері.
Музыканың өнер ретіндегі маңызы.
Баланың рухани дамуына музыканың тигізетін әсері зор. Өнер- баланың әлемді тануына,халықтың мәдени мұрасынан рухани сусындауына,батылдық сезімдері мен азаматтық,адамгершілік қасиеттерінің қалыптасып,жан-жақты жетілуіне көмектеседі.
Бала дүниеге келген күннен бастап ана әлдиін естіп,отбасы тәрбиесін бойына сіңіріп өседі.Сондықтан да халқымыз « Бала,ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі»,-деп,ананың ақ сүтімен,әлдиімен бала бойына бар болашақ арманын,халқының мақсат мүддесін сіңіре білген.
Бала жанының бағбаны болып келе жатқан әр адам осынау асыл қазына-халық тәліміне сүйенбей,оны күнделікті өмірде пайданбай тұра алмайды. «балаңды өз тәрбиеімен тәрбиелеме,өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» -деген мақал барү Бүгінде біздің алдымызға қойып отырған мақсатымыз-музыканың құдіретін тең түсініп,оны өзінің рухани азығы етіп,бала өмірін нұрландыруға ат салысатын,жан-жақты білімді азаматты тәрбиелеу.
Музыка-адамның өмірлік серігі.
«Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең»-деп Абай атамыз айтқандай ,музыка адам өмірінің әр кезеңін,бастан кешкен күйлерін бейнелейді.Адам көңіл-күйінің сипаты-қуанышты сәттерде-салтанатты,көңілді;жорыққа шыққанда-ширақ,мұңайғанда-мұңңды әуендермен бейнеленеді.
Адам оқуға,жазуға,сурет салуға қалай үйренсе,музыканы танып,бағалай білуге,әуенді зейін қойып тыңдай білуге де дәл солай үйренуі қажет.Тыңдаушы музыканы терең ұғыну үшін,шығарманың даму барысына ілесе отырып қабылдауы тиіс.Сонда ғана бірте-бірте музыкалық талғам қалыптасады,музыкамен ұдайы шұғылдану қажеттігі туады.
Жалпы баланың музыкаға деген қызығушылығы жеке басының дамуына жәрдемдеседі.Тәрбиенің барлық түрінің өзара байланыстылығы,музыкалық қызметінің алуан түрлі формаларын ұйымдастыру процесінде қалыптасады. Балалардың эмоциялықьқабылдауы мен музыкалық есту қабілетінің жетілуі,олардың ізгі сезімдерге өз бетімен жауап беруіне мүмкіндік жасайды. Мектеп жасына дейінгілердің ақыл-ой өрісінің дамуы арқылы қимыл-қозғалыстары ширатылып,денелері шығады.Педагогтың балалар жас ерекшелітерін айыра білуі,музыкалық тәрбие беру прорцесінің жүйелілігін нақтылауына көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |