1 технологиялық карта тәрбиеші: Қуанышева Б. Д күні



бет8/40
Дата01.03.2024
өлшемі165.03 Kb.
#493676
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40
Экология негіздері

Рефлек-
сиялық-
түзетушілік

Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Бүгінгі жиынның түйінді ойы немесе тақырыбы жайлы естеріне түсіріп, сұрақтар қоя отырып пысықтайды.

Балалар топқа оралғаннан кейін көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.



Күтілетін нәтиже:
Біледі: судың сұйық, иісі, дәмі жоқ, түссіз екендігін білуі керек; судың адамдар, өсімдіктер мен жануарлар үшін қажеттілігін.
Игереді: судың сұйық, иісі, дәмі жоқ, түссіз екендігін біледі; оның түсі, дәмі және иісінің қоспалар арқылы өзгеретіндігін; өсімдіктер мен жануарлар үшін қажеттілігін.
Меңгереді: судың қасиеті туралы, суды үнемдей білуді.

4 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА


Тәрбиеші: Қуанышева Б.Д
Күні: 01.10.2015
Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология.
Тақырыбы: Бөлме өсімдіктері жүзжылдық (алоэ) аспидистра.
Мақсаты: алоэ және аспидистра өсімдіктерінің құрылысымен таныстыра отырып, олардың айырмашылығын көріп, айтып беруге үйрету. Өсімдіктің өсуіне жарық, ылғал, ауа, қалыпты температура және адамдар күтімінің қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту. Бөлме өсімдіктерін күтіп-баптай білуге баулу.
Көрнекіліктер: ыдысқа отырғызылған алоэ және аспидистра өсімдігі, гүлдердің суреті бейнеленген үлестірмелі суреттер.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, гүлдерді күтіп-баптауға арналған құралдар.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, практикалық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет