Б Тәрбиеші: Қуанышева Б.Д
Күні: 26.11.2015
Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология.
Тақырыбы: Атжалман.
Мақсаты: табиғат бұрышында мекендеуші атжалманмен таныстыра отырып, бақылау жасай білуге үйрету. Атжалманның немен қоректенетіні, тамақтандыру реті туралы түсінік беру. Қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: табиғат бұрышындағы атжалман.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, қарындаштар, мата қиындылары, жұмсаң шөп, кішкентай саты, арпа, бидай, шемішке т.б.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, практикалық.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотива-циялық-қозғау-шылық
|
Шаттық шеңбері:
Бір сәтке өздерің алақандарыңда күннің кішкентай шуағын ұстап тұрмын деп ойлаңдар. Егер күннің шуағы сенің қолыңда болса, онда сен қараңғы түнде де жолды таба аласың және т.б.
|
Балалар көздерін жұмып, тәрбиешінің айтуы бойынша көз алдыларына елестетеді.
|
Ұйымдас-
тырушы-
лық-
ізденушілік
|
Педагог ішінде атжалман бар торды алып келеді де үстелдің үстіне қояды.
- Кім айтады, мынау қандай жануар?
Бұл - атжалман. Атжалман бүгіннен бастап біздің табиғат бұрышында тұрады. Біз оны күтіп, оған қамқор болуымыз керек.
Педагог тордың ішіне кішкентай сатыны қояды.
Педагог атжалманды қалай қоректендіруге болатындығын түсіндіріп, бір балаға дәнді- дақылдарды т.б. береді.
- Балалар, атжалман тамақтанған кезде не байқадыңдар?
Неліктен екі ұрты томпайып кетті?
Педагог атжалманға су беру керектігін айтады.
- Балалар, атжалман өзін жақсы сезіну үшін, оның жем салғышы мен су ішетін ыдысын күнделікті жуып тұру керек (жылы сумен жуып, орамалмен сүртіп, кептіріп көрсетеді).
Күнделікті осылай тазалап, атжалманды, тамақтандыратындықтарын айтады.
- Балалар, атжалманның түсі қандай?
- Аяқтары қандай?
- Атжалман туралы тағы не айта аласыңдар?
Тамақты қалай жейді?
- Атжалман немен қоректенеді?
- Атжалман қандай жануарға ұқсайды?
- Тышқаннан қандай айырмашылығы бар?
Балалар, тағы да бір құпиясы бар. Атжалман да өзінің бөлек жатын бөлмесі болғанды ұнатады (алдын ала дайындаған бөлмені қояды). Ол өзінің бөлмесінің жылы болғанын ұнатады. Сол себепті өзінің жататын жерін жылылап өзі жасап алады.
Кәне, сендер қазір жұмсақ шөп пен матаны тордың ішіне салыңдаршы, атжалманның ұяны қалай жасайтындығын көресіңдер. Педагог атжалманды табиғат бұрышына апарып қояды.
Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді.
|
Педагогтің қойған сұрақтарына
атжалманды бақылай отырып жауап береді.
Балалар атжалманның өрмелегенді жақсы көретінін байқап айтады.
Бала тамақты тордың ішіне салады да қалған балалар оның қалай тамақтанғанын бақылайды.
Оның екі ұрты томпайып кетті.
Ол жеген тамарын сол екі ұртына жасырып қойды.
Балалар суды беріп, оның ішетінін немесе ішпейтінін бақылайды.
Балалар жуылған ыдыстарды тордың ішіне қояды да жемін
салып, суын құйып қояды.
- Жотасының жүні қоңыр, іші аң.
- Аяқтары қысқа.
Дәптерде берілген тапсырманы орындайды.
Балалар тордың ішіне шөп пен матаның қиындысын салады да, атжалманның әрекетін бақылап, оның өзіне ұя жасағанын көріп таңырқайды. Атжалман туралы әңгімелейді.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |