95
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
12.3 Ағынды сулардан арылу
Компанияның тасымалдау қызметі жөніндегі мердігері
санитарлық тораптардағы / септиктердегі
кәріз суларын кестеге
сәйкес ТШО-ның кәріздік тазарту қондырғысына (КТҚ) жеткізуге
жауапты.
Егер мердігер өзінің санитарлық тораптарын орнатса, онда
кәріз суларын тазарту/шығару үшін мердігер жабдықты
мобилизациялау
нысанын толтырады, және оны мақұлдау
үшін келісімшарттар жөніндегі бөлімге ұсынады. Жабдықты
мобилизациялау нысаны мақұлданғаннан кейін аталмыш
санитарлық тораптар ағынды
суларды шығару кестесіне
енгізілетін болады.
Егер Компания мердігерге санитарлық тораптарды қамтамасыз
етсе, олар ағынды суларды шығару кестесіне автоматты түрде
енгізіледі.
Ағынды суларды шығару процесі:
f
вакуумдық көлік жұмыс алаңына келген кезде (ағынды
суларды шығару кестесіне сәйкес) мердігер өкілі вакуумдық
көлік жүргізушісімен ұсынылатын ТШО-ның сұйық қалдықтар/
ағынды сулар манифестіне (төменде көрсетілген) қол қояды.
f
Мердігер ағынды сулардың шығарылуын тіркейтін журнал
жүргізуі тиіс.
f
Егер санитарлық тораптар/септиктер
кестеге сәйкес
босатылмаса, мердігер Компанияның көлік және тасымалдау
бөліміне хабарласуы қажет.
f
Егер септиктердегі/санитарлық тораптардағы ағынды сулар
құрамында кәрізден бөлек басқа да қалдықтар болса (мысалы,
химиялық және құрылыстық қалдықтар), онда мердігер
осындай ағынды суларды қосымша тазартуға/өңдеуге
немесе
санитарлық тораптарды тазартуға Компаниямен жұмсалған
барлық шығындарға жауапты болады.