1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: мақсаты мен жүзеге асырудың негізгі бағыттары



бет34/41
Дата03.05.2024
өлшемі191.96 Kb.
#500416
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   41
1. XX асырды басында ы аза станда ы нерк сіпті дамуы (1)

82.«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: мақсаты мен жүзеге асырудың негізгі бағыттары.
2004 жылдан бастап Елбасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы іске кірісті. Бағдарламаның 1-бағыты халықтың бай мәдени мұрасы арқылы қазақстандықтардың ұлттық сана сезімін дамыту мен бекітуге бағыттылған. «Мәдени мұраның» 2 маңызды бағыты - әлемге бай ұлттық рухани қазынасын ашу. Бағдарламаның 3- бағыты - тарих, философия, этнография, тіл, әдебиет, көркем өнер, музыка және т.б ұлттық мәдени мұраны зерттеу жүйесін құру; «Мәдени мұра» бағдарламасы қазақстандықтармен тек ғана рухани-мәдени ғана емес, еліміздің барлық қоғамдық өмірімен белгілі бір кезең ретінде үлкен жігерлікпен қабыл алынды. «Мәдени мұра» мемлекеттік мұрасы кезеңге бөлініп, жүзеге асырылды: 2004-2006 жылдар, 2007-2008 жылдар, 2009-2011 жылдарға және жақын арадағы жиырма жылға ұзақ мерзімді бағдарлама әзірленді. Мәдени мұра бағдарламасы негізінде: елімізде 25 мыңнан астам ескерткіш, 2 миллионнан астам құнды мәдени заттар бар деп есептелуде, Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі мен Тамғалы шатқалының петроглифтер кешені Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енгізілді.
«Мәдени мұра» бағдарламасын орындау барысында 2004 бастап бүгінгі күнге дейін 73 аса археологиялық және сәулет ескерткіштеріне қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, 40 аса археологиялық, 26 ғылыми қолданбалы зерттемелері жүргізілді. Қазақстанның еуразияға және әлемге танылған, кеңінен танымал ескерткіштерінің арасында - Сайрам, Отырар, Тараз, Қаялық Сығанақ, Жанкент, Жент ескі қалалары, Есік, Берел зираттары, Тамғалы пероглифі, Айша - бибі, Бабажы-Қатын кесенесі, Яссауи кешені.
«Біздің елімізде мысыр пирамидалары және Римдік Колизейлер жоқ, бірақ Қазақстан аумағында көне дәуірде өмір сүрген көшпелілердің ролі Еуразия үшін ғана емес, сондай ақ әлемдік тарих үшін бағасыз». Біз дала өркениетінің ұлылылын әлемдік деңгейде көрсетуіміз керек - бұл «Мәдени мұра» бағдарламасының басты тапсырмаларынығ бірі - деп Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев ерекше атап өтті.
Бағдарламаның екінші үлкен бағыты - Қазақстан тарихына қатысты, кітаптардың, құжаттардың. қолжазбалардың көшірмелерін алу. «Мәдени мұра» бағдарламасының арқасында 10 мыңнан аса мұрағаттық материалдар, құжаттар, қолжазбалар және жасанды заттар анықталды. Шетелдік мұражайлардағы ең көптеген мәлімет - 3 мың құжат - Қытайда болды. Бұл құжаттар ғылымға бүгінгі күнге дейін белгісіз, олар Қазақстан тарихын жүйелендіруге көмектеседі. Сондай ақ Шығыс Еуропадан, АҚШ, Түркия, Қытай, Ресей, Жапония және Арениядан республикаға 5 мың бірегей тарихи құжаттары қайтарылды. Бағдарламаның үшінші бағыты: ұлттық әдебиеттің бай мұрасын зерттеу, оны жүйелендіру және көптомдылық шығару. Ғылыми-танымал. әдебиет жұмыстарының тұтас сериясы өңделді, тарих, этнография, археология бойынша 400 аса кітап атаулары, сондай ақ жаңа энциклопедиялық сөздіктер шығарылды. «Бабалар сөзі» (Слово предков) жүзтомдық басылымының 66 томы басып шығарылды. Онда ежелгі қазақ ертегілерінен заманауи әдебиет әңгімелеріне дейін бар. 200 томдық «Жүз қазақ романын» шығару жалғасуда. Оған соңғы 100-150 жылдардағы қазақстандық жазушылардың ірі әдеби туындылары енгізілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет