Халық өмірінің орташа ұзақтығы 1998 жылы 64,4 жасты құраса, 2018ж. Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 72,3-ті құрады.
Үшінші халық санағы 2019 жылы Қазақстанда өтетін басты оқиға ұлттық халық санағы болмақ. Билік қазақстандықтардың санын жаңа әдіспен есептегелі отыр. Халық санағына Қазақстанның барлық азаматы, соның ішінде кәмелетке толмағандар, елде уақытша тұратындар мен шетелге уақытша кеткендер, шетелдіктер, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар да қатысады. Бұған қоса, үнемі шетелде тұратын қазақстандықтар да есепке алынады.
Бұл жолы жалпыға бірдей халық санағы әдеттегідей қағаз түрінде емес, электронды форматта өтеді. Ол үшін қазақстандықтар статистика комитеті іске қосатын сайтқа кіріп, 89 сұраққа жауап беруі тиіс. Оның ішінде 45 сұрақ – азаматтардың жеке мәліметтері мен алдағы жоспарларына қатысты. Халық санағы екі кезеңнен тұрады деп жоспарланып отыр. Алғашқысы мамыр-маусым айларында, екіншісі қарашада өтпек. Санақ электронды форматта өтсе де, ұйымдастырушылар 30 мың еріктіні жұмысқа тартпақ. Олар планшетпен үй-үйді аралайтын болады.
Санаққа мемлекет бюджетінен 8,8 миллиард теңге жұмсалады деп жоспарлануда.
Ұлттық халық санағы елімізде әр 10 жыл сайын өткізіледі. Қазір елімізде халық саны – 18 миллион 393 мыңнан астам.
Латын әліпбиі әлемде кеңінен қолданылады. Біздің заманымыздан бұрынғы 7 ғасырда Римдегрек және этрус әліпбиініңтармағы ретінде пайда болып, біздің заманымыздың бірінші ғасырында қалыптасты. Орта ғасырда Латын әліпбиі Еуропаға тарады, Африка, Америка және Азия халықтары пайдаланды. Латын сөздерін оқуға негізделген әріп таңбалары қалыптасты. Қазіргі латын әліпбиінде 25 әріп бар.