10-сынып информатика
1. Ақпарат термині латын тілінің «informatio» сөзінен аударылғанда қандай ұғымды білдіреді?
A. баяндау, түсіндіру, мәлімет
B. есептеу, мәлімдеу
C. орындау, өңдеу
D. сақтау
2. Ақпараттық процестер - бұл...
A. Ақпаратты жинау, сақтау
B. Ақпаратты жинау, түрлендіру, беру, қабылдау, сақтау, жеткізу.
C. Ақпаратты беру және сақтау
3. Адам қабылдайтын ақпарат түрлері:
A. жүйелік, қолданбалы
B. бейнелі және таңбалы
C. жасанды және табиғи
D. дыбысты, дыбыссыз
4. Алгоритм орындаушысы дегеніміз –
A. құрастырылған алгоритмді басқарушы субъект немесе нысан
B. мәтінді өзгертуге арналған программа пакеттері
C. құжаттарды құруға арналған программа пакеттері
D. процедуралар
5. Алгоритм –
A. базалық немесе жүйелік, қызметтік, қолданбалы түрінде орындау
B. программа пакеттері
C. орындалатын іс - әрекеттің немесе есептің нәтижеге жету жолын реттелген тізбектер түрінде орындау
D. ЭЕМ - ге қажетті программалар
Достарыңызбен бөлісу: |