11 – сабақ. Вертикаль қозғалыс



Дата03.11.2022
өлшемі0.75 Mb.
#463949
түріСабақ
Практикалық жұмыс №10


11 – сабақ. Вертикаль қозғалыс

Тапсырманың мәні: бірнеше сұрақтар дайындап, флипчарт бетінің шекарасынан тыс жасырып қою. Сыртында біз тек сұрақ саны жазылған маркерді ғана қалдырамыз. Таңдалған сұрақты оқу үшін маркерді ұстап жоғары тартсақ, флипчарт бетіне шығады.


1. Жаңа флипчарт ашыңыз .
2. Беттің түсін беріңіз .
3. Фигура құралының көмегімен суреттегідей фигура салыңыз:

Тіктөртбұрыштың көлемі сұрақ мәтіні сиятындай болу керек.


4. Енді тіктөртбұрыш ішіне құралы көмегімен сұрақ мәтінін, ал дөңгелек маркерге сұрақ номерін жазыңыз.






  1. Алынған фигураны топтаңыз. Дәл осындай фигура біздің әрбір сұраққа қажет. Объектілерді басқару тақтасындағы көмегімен фигураның 5 дубликатын аламыз.




6. Барлық сұрақтарды, тек сұрақ номері ғана көрініп тұратындай флипчарттың төменгі жағына жасырып қойыңыз:



7. Әрбір сұраққа вертикаль қозғалысты орнатамыз. Ол үшін таңдау құралы арқылы барлық дөңгелектерді белгілеп шығыңыз. Сипаттама шолушысының Шектегіштер бөліміндегі Жылжуы мүмкін қасиетінің мәнін Вертикально деп тағайындаңыз.

8. Беттің бос жеріне арқылы шертіп, объектілерден белгілеуді алып тастаңыз. Сұрақ номері жазылған маркерді жоғары тартып көрсеңіз, сұрақ мәтіні шығу керек.
9. Беттің түрін қызықты жасау үшін, бетке тақырып пен сурет қосамыз. Инструменты для разработки урока – Кнопки и значки бөлімінен сурет және дұрыс жауаптарды санау үшін Инструменты для разработки урока – Приспособления бөлімінен Счетті қойыңыз.
Кейін қойылған объектілер, сұрақтар жазылған фигуралардан жоғары орналасқан. Сондықтан сұрақтарды шығарсақ, олар объектілердің астына жасырылып қалады. Сол үшін оларды Қайта реттеуКері жіберу командасы арқылы кері орналастырыңыз.

Бетке қойылған суреттер негізгі мазмұннан ерекшеленіп тұрмас үшін, оны жартылай мөлдір етіңіз. Ол үшін Сипаттама шолушысының Көрініс бөліміндегі Жартылай мөлдірлік қасиетінің мәнін өзгертіңіз.



Алынған сурет өте әсерлі болмау керек.



10. Сұрақтарды кездейсоқ таңдау әсерін жасау үшін, Математикалық құралдар бөлімінде орналасқан – Ойын сүйегін лақтыру құралын бетке орналастырамыз.


Пайда болған терезеде сырғымалы тізімнен 1–ді таңдаймыз, ол сүйектердің саны. Біздің жағдайымызда 6 сұрақ болғандықтан 1 ойын сүйегі жеткілікті.





Бұрау батырмасын басқан сайын сүйек лақтырылады және алынған сан бойынша сұрақ номері анықталады.
Флипчартты сақтап, орындап көріңіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет