Физиканың электр бөлімінен компьютерлік зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру



бет1/11
Дата14.06.2022
өлшемі38.67 Kb.
#459221
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Физиканың электр бөлімінен компьютерлік зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру
Жұмыстың тақырыбы: Физиканың электр бөлімінен компьютерлік зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру

Аннотация
«Физиканың электр бөлімінен компьютерлік зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру» атты дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде дипломдық жұмыстың көкейтестілігі, зерттеудің негізгі проблемасы, мақсаты, зерттеу нысанасы мен пәні, ғылыми болжамы және зерттеудің әдістері анықталып нақтыланды.
Бірінші тарауда компьютерлік моделдерді қолданып өтілетін сабақтардың түрлері, компьютерлік моделдермен жұмыс жасауды ұйымдастыруға арналған тапсырмалар, компьютерлік моделдер мен виртуал лабораторияларды қолдану әдістемесі, компьютерлік моделдерді қолданудың басқа мүмкіншіліктері, компьютерлік моделдермен жұмыс жасаудың кейбір ерекшеліктері, компьютерлік кластағы оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру, компьютер класында алғашқы сабақты қалай өту керек? деген мәселер талқыланып, сараптау келтірілген.
Екінші тарауда электр бөліміне арналған «Электроника. Constrctor» және «Открытая физика» бағдарламаларымен жұмыс атқару әдістемесі
Үшінші тарауда «Физиканың электр бөлімінен компьютерлік зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру ұйымдастырудың бланкі үлгілері» жасалды:

  1. Айнымалы ток тізбегіндегі конденсатордың реактивті кедергісінің айнымалы ток жиілігіне тәуелділігін зерттеу.

  2. Айнымалы ток тізбегіндегі индуктивті катушканың айнымалы ток жиілігіне тәуелділігін зерттеу

  3. Тізбекте күрделі жалғанған резисторлардың жалпы кедергілерін есептеу нәтижелерін компьютерлік тәжірибе арқылы тексеру.

  4. Тұрақты ток тізбегіндегі қуаттың бөліну заңдарын және ток көзімен жүктемеге сәйкес келуін зерттеу.

  5. Тұрақты ток тізбегін зерттеу.

  6. Зарядталған бөлшектердің электр өрісіндегі қозғалысын зерттеу.

  7. Зарядтар жүйесінің электр өрісін зерттеу

Барлық бланкілер үлгілерінде тапсырмалар саны артығымен берілген. Бір оқушы олардың барлығын жасай бермейді. Оқытушы ұсынылған тапсырмаларды сараптап, оқушылардың білім деңгейлеріне сай іріктеп беруі керек. Ұсынылған үлгілерге қарап оқытушы тапсырмалар аясын көбейтуіне болады.
Қолданылған әдебиеттер 72 тізімді құрайды. Дипломдық жұмыстағы суреттер саны – 28.
№1 қосымшада дипломдық жұмыстың нәтижелері бойынша «Научное обозрение» №2. 2017г. журналында «Самостоятельное конструирование исследовательских заданий компьютерных лабораторных работ по электричеству» атты мақаланың көшірмесі мен мектепте өткізілген сабақ туралы пікірлер берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет