1194 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: «Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгі шарттарды бекіту туралы»



Дата23.02.2016
өлшемі48.28 Kb.
#5961



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы

1194 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгі шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы № 1194 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 45, 493-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Байланыс операторлары үшін байланыс операторларының телекоммуникация желiлерiн жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желiсіне жергілікті деңгейде, аймақішілік және қалааралық деңгейлерде, қалааралық және халықаралық деңгейлерде қосу және телефон трафигін (жергілікті, аймақішілік, қалааралық, халықаралық, ұялы операторлардың желісінен (-не) өткізу жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгі шартта:

тақырыбында және одан әрі мәтін бойынша «телефон трафигін (жергілікті, аймақішілік, қалааралық, халықаралық, ұялы операторлардың желісінен (-не)» деген сөздер «қосатын байланыс операторларының телефон трафигін қосылатын байланыс операторларының (жергілікті, аймақішілік, қалааралық, халықаралық) желісінен (-не), ұялы операторлардың, ІР-телофония (Интернет-телефония) операторларының желісіне (-не)» деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«ұялы операторлардың желісінен (-не)» деген сөздерден кейін «ІР-телефония (Интернет-телефония) операторларының телефон трафигін» сөздермен толықтырылсын;

7-тармақтағы «және ұялы байланыс операторларының желісінен (-не) телефон трафигін» деген сөздер «, ұялы байланыс операторларының желісінен (-не) телефон трафигін және ІР-телефония (Интернет-телефония) операторларының желісіне (-не) телефон трафигін» деген сөздермен ауыстырылсын;

15-тармақтағы «10 (он)» деген сөздер «30 (отыз)» деген сөздермен ауыстырылсын;

25-тармақтың 2) тармақшасындағы «11» деген сандар «10» деген сандармен ауыстырылсын;

40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«40. Шартта реттелмеген басқа да барлық өзара қатынастар Тараптар арасында жеке шарттарда және (немесе) қосымша келісімдерде ескеріледі.»;

45-тармақтағы «жергілікті, қалааралық және халықаралық трафик пен Тараптар желілерін пайдаланушылар генерациялайтын ұялы операторлардың желісінен (-не)» деген сөздер «жергілікті, қалааралық және халықаралық телефон трафигі, Тараптар желілерін пайдаланушылар генерациялайтын ұялы операторлардың желісінен (-не) телефон трафигі және ІР-телефония (Интернет-телефония) операторларының телефон трафигі» деген сөздермен ауыстырылсын;

осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы

1194 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Рет



Жобада көрсетілуге тиісті мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

2

Қаулыны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес

3

Жоба қабылданған жағдайда болжанып отырған әлеуметтік-эконо-микалық және/немесе құқықтық салдарлар

Осы жобаны қабылдау жағымсыз әлеуметтік-экономикалық салдарларға әкелмейді

4

Жобаны іске асыруға байланысты болжанып отырған қаржы шығындары

Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржылық шығындарға алып келмейді

5

Жоба қабылданған жағдайда күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары, мерзімдері мен болжанатын тиімділігі

Табиғи монополия саласына жататын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынған кезде құқықтық қатынастарды реттеу

6

Жобада қаралып отырған мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған кесімдері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Жоқ

7

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтірудің қажеттілігі

Талап етілмейді

8

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Жоқ

9

Өзге мәліметтер

Жоқ

Төраға Б. Сағынтаев

«___» ____________ 2007 ж.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет