12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент)


«Графика және жобалау» қолданбалы курсының құрылымы. 11-ші сынып



бет5/9
Дата10.06.2016
өлшемі0.88 Mb.
#126454
1   2   3   4   5   6   7   8   9

«Графика және жобалау» қолданбалы курсының құрылымы. 11-ші сынып

Графикалық білім беру мазмұнының модульдері кәсіби жобалау-графикалық қызметі салаларының ауқымын ескере таңдалған. Әрбір модуль екі құрамдық компоненттен тұрады: 1-ші компонет – кескіндер теориясы негіздері, 2-ші компонент – компьютерлік жобалау (үлгілеу).

1-ші модуль. (Техника, технология және графика) – «Инженерлік графика», «Компьютерлік графика – І».

2-ші модуль (Көркем бейне және графика) – «Сәулеттік графика», «Компьютерлік графика – ІІ».

3-ші модуль (Жобалық графика) – «Сызба геометрия және перспектива», «Компьютерлік графика – ІІІ».

Бұнда «Компьютерлік графика – І, ІІ, ІІІ» пәндеріндегі компьютерлік жобалаудың (үлгілеудің) мазмұны келесідей болады:



«Компьютерлік графика – І» – техика нысандарын құрылымдау және визуализациялау барысында КОМПАС, AutoCAD бағдарламалық пакеттерін қолдану амалдары.

«Компьютерлік графика – ІІ» – сәулет және монументальдық өнер нысандарын құрылымдау және визуализациялау барысында AutoCAD, ArchiCAD, КОМПАС бағдарламалық пакеттерін қолдану амалдары.

«Компьютерлік графика – ІІІ» – дизайн және сәндік қолданбалы өнер нысандарын құрылымдау және визуализациялау барысында «Adobe Photoshop», «Corel Draw», бағдарламалық пакеттерін қолдану амалдары.
Қолданбалы экономика
Қазақстанда Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның өзге де барлық елдеріндегідей тұрғындардың қаржылық сауаттылық деңгейі өте төмен. Бұл социалистік кезеңнің уақыттық мұрасы болып табылады, яғни жанұяның қаржылық жоспарлауы тұтынудың шектеулі мүмкіншіліктерімен және табыстың салыстырмалы түрде тұрақты болуымен байланысты. Сондықтан да қоғамның экономикалық өмірдегі жаңа құбылыстарға бейімделуімен қатар, айналадағы заттарға байыпты көзқараспен қарайтын, болашаққа сенім білдіріп, іскерлік мәселелер бойынша жоспар құрайтын, уақыт өте құндылығы өзгермейтін негізгі түсініктер мен білімдердің жиынтығын қамтитын базалық бағыт-бағытты сақтау маңызды болып табылады.

Қазіргі таңда қаржылық білім берудің маңыздылығы мынадай екі негізгі себептерге байланысты біршама артты:



  1. өмірге және болашаққа маңызды әсер ете алатын, шешімді қабылдаудың жауапкершілігі мен тәуелділігі мемлекеттен азаматтарға берілуде.

  2. қаржылық қызметтер күннен күнге түрленіп келеді, бұл тұтынушыларға таңдау нұсқаларының көптігінен қиын да болса таңдау жасау керектігін білдіреді.

Несие, жинақтау, сақтандыру және ақша аударымдары сияқты әртүрлі қаржылық қызметтерді пайдалану және жанұялық қаржылық басқару сұрақтарында жаңа талаптар мен ескі тәжірибе мен тәсілдер арасында маңызды мәселелер кездеседі. Басқаша айтқанда, мұндай жанұялар мен шаруашылықтар ақшаны табу және оны жұмсау, жинақтау, қарыз алу және инвестициялау сұрақтарында ақшаны басқарудың оңтайлы тәжірибесін меңгеруге мүмкіндік беретін білім, дағды және тәсілдемелерді қамтитын базалық қаржылық білім беру пен ағартушылықты қажет етеді. Мектеп оқушыларына арналған қаржылық сауаттылық бағдарламасы мәселелерінің өзектілігі Қазақстанның экономикалық және саяси өміріндегі түбегейлі өзгерістермен қатар, экономиканың бұл бөлімінің мектептегі білім беру ісіндегі орны туралы ұғымның жоқтығымен айқындалады.

Қазіргі таңдағы мектептің концепциясы негізінде экономиканы, қаржылық сауаттылықты, менеджментті және қолданбалы сипатқа ие болған басқа да бөлімдерді оқытудың негізгі мақсаттарын бөліп көрсетуге болады:



  • қазақстандық қоғамның өмірінде болып жатқан өзгерістерге оқушылардың әлеуметтік бейімделуі мен бағдарлауына, сонымен қатар түлектердің кәсіптік бағыт-бағдар алуына қажетті экономикалық және қаржылық сауаттылықтың базалық деңгейін қалыптастыру.

  • экономикалық ойлаудың мәдениетін қалыптастыру: экономикалық құбылыстар мен олардың өзара байланысының мәні жөнінде оңтайлы пікірлерді қарастыру, экономикалық сұрақтар бойынша дәйекті пайымдаулар жасау, нақты экономикалық жағдайларды талдауда тәжірибе жинақтау;

Алға қойылған мақсаттарды іске асыру жастарды тәрбиелеуге бағытталған, олар:

  • өз елінің жауапкершілікті азаматтары болады;

  • өзінің және қоғамның игілігіне өз мүмкіншіліктерін максималды түрде тиімді қолдана алады;

  • ынталы, белсенді, өздігінен шешім қабылдай алады;

  • жеке тұлға ретінде өзін-өзі дамыту мен өз білімін жетілдіруге бағыттайды.

Оқушыларға экономика мен қаржы сауаттылығы негіздерінен білім бере бастаған мұғалімдер жалпы білім беретін мектептерге енгізілген, экономикалық тұжырымдамалар жинағы нақты құрылған, сонымен қатар осы тұжырымдамаларды оқытудың терең және тиімді тізбегі айқындалған, қазіргі заманғы оқу бағдарламаларын қажет етеді.

«Практикалық экономика: экономика және қаржы сауаттылығы негіздері» бағдарламасы 12 жылдық мектептің 11 сынып оқушыларына арналған және қазақстандық оқушылардың базалық экономикалық түсініктер мен заңдарды зерделеуге бағытталған.

Бағдарламаның мұндай бағдар алуы қаржылық және экономикалық білім берудің қазіргі заманғы мектептің тұжырымдамасына, мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келеді, мектеп оқушыларының бұл білімі қазіргі сәтте қажет экономикалық және қаржылық сауаттылық бойынша білімге үйлесімділікті қамтамасыз етуге ықпал етеді. Сонымен қатар, бағдарлама бойынша жұмыс бизнес және кәсіпкерлік қызметпен байланысты процесстер туралы мектеп оқушыларына жалпы және жеткілікті бүтіндей көрініс алуына мүмкіндік береді.

Бағдарламаны «Экономика және қаржы сауаттылығы негіздері» деп алуының себептерін бөліп көрсетеміз. Бағдарламаны әзірлеу үшін Қазақстанда шыққан, сонымен бірге шетелде де жасалған жаңа оқу-әдістемелік материалдар таңдалып, қолданылды. Бағдарламада ағымдағы қаржылық оқиғалар мен жағдайларға талдау жасау, қазіргі таңдағы статистикалық және экономикалық мәліметтерді қолдану секілді жұмыстар жоспарланған. Бағдарлама бойынша жұмыс жасау компьютерлер, бейнетехника, интернеттік желі, мультимедиялық бағдарламалар мен арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету сияқты қазіргі таңдағы техникалық құралдарды қолдануды ұйғарады және ынталандырады.

Бағдарлама бойынша жұмыстың ең көп қайтарымы оқытудың қазіргі таңдағы әдістемесін (компьютерлік модельдеу, шағын топтардағы жұмыс, рөлдік ойындар және т.б. қоса алғанда) кең түрде пайдалану арқылы алынады. Білім мониторингісінің қазіргі заманғы әдістерін (автоматты түрде нәтижелерді өңдеуден өткізетін бақылау тест тапсырмаларын, экономикалық есептерді шығару, экономикалық диктант, реферат, эссе, іскерлік ойын барысында өз бетімен қабылдаған басқару шешімін бағалауды қоса алғанда) қолдану қарастырылған. Бағдарлама 34 сағатқа есептелген нұсқа ретінде жасалған.

Ұсынылған оқу жүктемесінің тақырыптар бойынша бөлінуі бағыт беруші болып табылады. Мұғалім бағдарламаның берілген тарауларына оқушылардың дайындық деңгейі мен олардың танымдық сұранысын ескере отырып, акцент жасауға құқығы бар. Мұғалім өзінің жеке бағдарламасын жасау барысында экономика мен қаржы сауаттылығы курсының базалық мазмұнын көрсететін және орта білім беретін мектепте негізгі ұғымдарды жас ерекшелегіне байланысты тізбектей оқытуды ұсынған негізгі экономикалық түсініктердің тізімін қолдануға болады.

«Практикалық экономика: экономика және қаржы сауаттылығы негіздері» бағдарламасы сабақты жүргізудің белсенді формаларын кеңінен қолдануға бағытталған. Оларды қолдану оқушыларға пәнді меңгеруді жеңілдетеді және тездетеді, практикада экономикалық ұғымдарды бірінші рет қолдану тәжірибесін алады, теориялық білімді тереңдетіп меңгеруге көмектесетінін тәжірибе көрсетті. Сабақты жүргізудің белсенді формаларын қолдану іскерлік және компьютерлік ойындардың ережелерін түсіндіру үшін және әсіресе алған нәтижелерге талдау және өзінше пайымдау жасау үшін уақытты қажет етеді.

Оқу сағаттарының жоғарыда ұсынылған кестесі сабақты жүргізудің белсенді формаларына 50% уақытты қолдануын ескерумен көрсетілген.


Экологиялық мәдениеті
«Экологиялық мәдениет» курсының бағдарламасы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан – 2050 стратегиясына», Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011– 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасындағы 12-жылдық орта білім беру Тұжырымдамасына негізделіп жасалған.

Ұсынылған курс оқушылардың пәндік және негізгі құзіреттерін дамыту арқылы оқушының экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Оқушылар экология ғылымының негізгі заңдарымен және теориялық материалымен биология курсында танысқандықтан, курс мазмұнында бұл тақырыптар қарастырылмайды.

Пәнді оқыту үрдісі икемді және практикаға бейімделген. Экологиялық мәдениеттің негізгі аспекттерін меңгеру оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға арналған экологиялық тренингтер, эссе және зерттеу жобалары арқылы іске асырылады. Экологиялық тұрғыдан мәдениетті тұлғаны қалыптастыру мақсатында практикалық дағдыларды дамытуға арналған зертханалық, практикалық және өздік жұмыстарға баса көңіл аударылды. Бұрын меңгерілген пәндік құзіреттер (арнайы жаратылыстану ғылымының білім, білік, дағдылары) «Экологиялық мәдениет» элективті курсының аясында оқушылардың түйіндік құзіреттері мен функционалдық сауаттылығының әрі қарай дамуына ықпал етеді.

Интеграциялау және пәнаралық принциптері оқушылардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру жұмыстарын ретімен жүргізуге мүмкіндік беретін жалпы ғылыми түсініктер мен заңдарды тереңдету және жалпылау үшін жетекші болып табылады.

Пәнді оқытудың мақсаты оқушылардың бойында Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы үшін білім берудің негізі – оқушыларда экологиялық мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін негізгі және пәндік құзыреттер арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту болып табылады.

Мақсатты іске асыру үшін келесі міндеттер қойылады:



  • адамның басты экологиялық қажеттiлiктерiн сын тұрғысынан қарастырып, оқушылардың ойы мен санасын дамыту, тұтыну мәдениеті дағдыларын қалыптастыру;

  • оқушыларда экологиялық мәдениет туралы білім мен біліктерді ноосфералық ойлау, жауапкершілік және борыш тұрғысынан қалыптастыру;

  • оқушылардың бойында экологияның өзекті мәселелерінің шешімін мотивациялық іс-әрекет және сын тұрғысынан талқылау арқылы іздестіріп, шығармашылық көзқарас дамыту.

«Адам және тұтыну мәдениеті» атты бірінші бөлім мазмұны оқушылардың бойында тұтыну экомәдениетін тәрбиелеп, тиісті дағдыларды қалыптастыру мақсатында құрылған. Тұлғаның экологиялық қажеттіліктерін қалыптастыру кезінде түйіндік құзіреттерді қалыптастыру үрдісін біз, адамзаттың тұтыну мәдениетінің жоқтығынан пайда болған экологиялық мәселелерді шешуді негізге алатын, қоршаған ортаны қазіргі және болашақ ұрпаққа сақтап қалуды көздейтін дүниежүзінің тұрақты дамуы бойынша БҰҰ конференциясы резолюцияларының Қағидаларын (Рио-де-Жанейро, 1992) талқылаудан бастаймыз.

Қазіргі заман адамының бойында тұтыну мәдениетін қалыптастыру үшін оқушыларды іс-әрекетке бейімделген ортаға, негізінен алғанда экологиялық моделдеу, сараптама, зерттеу және практикалық жұмыстары, Менің гардеробым», «Жанұя бюджеті» сынды жобаларға және оқытудың т.б. формаларына тарту қажет деген ойдамыз.



«Ноосфера және экологиялық ойлау» атты екінші бөлім мазмұны экологиялық сана және ноосфералық ойлау арқылы оқушылардың бойында түйіндік құзіреттер мен экологиялық мәдениетті дамытуды көздейді. Қазіргі заманда, адамды және оның қажеттіліктерін бірінші орынға қоюы салдарынан қоршаған ортаға залалын тигізетін, адамның антропоцентрлік экологиялық санасы басшылық етеді. Қоғамдық экологиялық сананың бұл түрін өзгертпесек, экологиялық мәселелерді ғаламдық деңгейде шешу мүмкін емес.

«Адами өзгешелік» парадигмасы біздің ғаламшарымыздағы экологиялық кризистің негізгі себептерінің бірі. Бағдарламада ұсынылған эссе тақырыптары, тренинг элементтері бар іс-әрекетке бейімделген сабақтар тұлғаның бойында экологиялық сананың экоцентрлік типін дамытуға бағытталған.

«Экологиялық мәдениет жауапкершілік және борыш тұрғысынан» атты үшінші бөлім мазмұны адамның тұлғалық, басқарушы және азаматтық құзіреттерін дамытуға, сонымен қатар табиғат пен оның өкілдеріне деген моральдік қатынасын реттеп отыратын этикалық принциптерді ұстануын дамытуға бағытталған.

Бөлімнің негізгі идеялары «Экологиялық клуб құруды ұйымдастыру» іскер ойыны, лозунгтер құрастыру, слайд презентацияларын дайындау, «Халықтық метеорологиялық болжамдар» тақырыбына эссе жазу, шығармашылық жұмыстарды қорғау және дүниежүзілік Жер күні қарсаңында «Жаһандық ойлап, жергілікті әрекет жаса!» тақырыбына экологиялық акция ұйымдастыру арқылы іске асырылады.

Нәтижесінде жастардың өзін-өзі ұйымдастыруы, тәртіптілігі, жауапкершілігі және борышы сияқты өзіндік белсенді ұстанымдарының құндылығы арта түседі.

Бағдарламаның «Экологиялық тәуекелді басқарудағы экологиялық іс-әрекет» тақырыбына арналған төртінші бөлімі оқушылардың бойында іс-әрекетті адам мен қоршаған ортаның белсенді әсерлесу үрдісі ретінде қалыптастыра отырып іске асыруға негізделген.

Бағдалама тақырыптық экотренингтерді сын тұрғысынан талқылау, экожобаларды қорғау, шығармашылық жағдаяттық есептерді шығару, әртүрлі экологиялық тәуекелдерді анықтау бойынша практикалық жұмыстарды жасау, қала шуының адам денсаулағына әсерін зерттеу және мәселенің шешімін табу, тұрғылықты мекен ауданының және су қоймаларының экологиялық жағдайын анықтау мақсатында топсеруен ұйымдастыру арқылы іске асырылады.

Кұзіреттерді бағалау критерийлері халықаралық бакалавриат бағдарламаларының негізінде іске асады. Критериалды бағалау жүйесі арқылы материал қаншалықты меңгерілгендігін, қайсы бір практикалық дағды қалай қалыптасқандығын анықтауға болады. Бұл өз алдына, оқушылардың деңгейін экологиялық мәдениет курсында меңгеруге қойылатын талаптарға қалай сәйкес келетіндігін анықтауға мүмкіндік береді.



Курс мазмұны 34 сағатқа арналған, оқу жұктемесінің жалпы көлемінің 50% -зы практикалық жұмыстарды орындауға бөлінген.

«Бекітемін»

Қазақстан Республикасының

білім және ғылым вице-министрі

___________________ М. Әбенов

«_____» ____________ 2013 ж.

Оқытудың 12 жылдық моделі бойынша эксперименттік мектептердің 11-12 сыныптарына арналған байқау Типтік оқу жоспары
Оқыту қазақ тілінде

Жаратылыстану-математикалық бағыт




Білім салалары және оқу пәндері

Сыныптар бойынша апталық сағаттар саны

Жүктеме, сағат

11

12

апталық

жылдық

Инварианттық компоненті

Бейіндік пәндер

І

Математика және информатика

6

6

12

408

1

Алгебра және анализ бастамалары

3

3

6

204

2

Геометрия

2

2

4

136

3

Информатика

1

1

2

68

ІІ

Жаратылыстану

8

9

17

578

4

Биология

2

2

4

136

5

География

2

2

4

136

6

Физика

2

2

4

136

7

Астрономия

-

1

1

34

8

Химия

2

2

4

136

Бейіндік емес пәндер

ІІІ

Тіл және әдебиет

6

6

12

408

9

Қазақ тілі

1

1

2

68

10

Қазақ әдебиеті

2

2

4

136

11

Орыс тілі

1

1

2

68

12

Орыс әдебиеті

1

-

1

34

13

Әлем әдебиеті

-

1

1

34

14

Ағылшын тілі

1

1

2

68

ІV

Адам және қоғам

5

5

10

340

15

Қазақстан тарихы

2

2

4

136

16

Дүниежүзі тарихы

1

1

2

68

17

Адам.Қоғам. Құқық.

1

1

2

68

18

Өзін-өзі тану

1

1

2

68

V

Технология

1

1

2

68

19

Технология (ер және қыз балаларға арналған)

1

1

2

68



Дене шынықтыру

3

3

6

204

20

Дене шынықтыру

2

2

4

136

21

Алғашқы әскери дайындық

1

1

2

68

Инварианттық оқу жүктемесі

29

30

59

2 006

Вариативтік компонент

Мектеп компоненті

Қолданбалы курстар

4

4

8

272

Оқушы компоненті

Таңдау курстары

3

2

5

170

Вариативтік оқу жүктемесі

7

6

13

442

Оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі

36

36

72

2 448



ЖМБ бейіндік сыныптарының вариативтік компонентінде жүзеге асырылатын қолданбалы курстар мен таңдау курстарының атаулары
Қолданбалы курстар:


    1. Қолданбалы экономика

    2. Экологиялық мәдениет

    3. Графика және жобалау


Таңдау курстары:


  1. Генетика бойынша есептер шығару

  2. Физикадан стандартты және стандартты емес есептер шығару

  3. Стандартты емес химиялық есептер шығару

  4. Сандар теориясының элементтері

  5. Планиметрия мен стереометриядан практикалық есептер

  6. Қазақстанның агроэкологиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет