Ф КГМУ 4/3-04/02
2007 ж. 14 маусымдағы №6 НХ
Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы
Дәрістер
Тақырыбтар: Мамандыққа кірісу, терідегі патологиялық үрдістер.
Пән Der 3228 «Дерматовенерология»
Мамандық 051302 «Стоматология»
Курс: 3
Уақыты (ұзақтығы) – 1 сағат
ҚАРАҒАНДЫ 2014
Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген «____»_____2014 ж. №_____ Хаттама Кафедра меңгерушісі,м.ғ.д.,профессор А.А.Ким
Тақырыбы: Мамандыққа кірісу, терідегі патологиялық үрдістер.
Мақсаты: Дерматовенеролигия ғылымының тарихын зерттеу, терінің және шырышты қабаттарының құрылысын және қызметі. Тері қосымшаларының құрылысы және қызметі.
Лекция жоспары:
-
Дерматовенеролигияның даму тарихы
-
Терінің құрылысы
-
Терінің қызметі
-
Терінің қосымшаларының құрылысы мен қызметі
Мазмұны:
Дерматология грекшеден «dermа» тері және «logos» ғылым, яғни тері аурулардың ғылымы деген мағынаны береді. Дерматология терідегі қалыпты және патологиялық жағдайдағы терінің құрылысы мен қызметін, сонымен қатар патологиялық жағдайды организмен байланысын, сонымен қатар дерматоздардың этиологиясын, патогенезін, диагностикасын, терапиясын, профилактикасын зерттейді. Осы мақсатта гистологиялық, микробиологиялық, иммунобиологиялық, биохимиялық, гистохимиялық,экспериментальды және статистикалық әдістерін қолданады. Дерматология жалпы және жеке болып бөлінеді. Жалпыға: сау және қалыпиы терінің морфологиясы мен физиологиясы, тері аурулардың дамуы, емдеу принциптері және профилактикасы, ал жеке бөліміне дерматоздар мен синдромдар.
Дерматология венерологиямен тығыз байланысты. Себебі тері ауруларың 10% венерология ауруларды құрайды. Тері аурулар өте ертеден белгілі болған. Осыдан төрт мың жыл бұрын Қытай лепраны, қышыманы білген және олар құрттармен шақырылатын білген.Б.Э.Д жетінші ғасырда фавус, витилиго, тілме, экзема, аурулары әдибиеттерде кездеседі. Б.Э.Д 1350 египет папирустарында тері аурулары және косметология бойынша рецепторлар келтірілген.460-370 жылдардығы Гиппократ өз еңбектерінде тері аурулары және кейбір терминдер және оллардың қысқаша түсіндірмесі. Қаіргі уақыттта бұл : фликтена, герпес, алопеция, лепра,пустула қолданады. Гиппократ өз еңбектерінде дерматоздардың себептерін организмнің негізгі төрт элементтің бұзылыстарында көрген:қан, қара және сары өтте, шырышта.
Римдік уақытта белдемелі теміреткі, импетиго, сикоз, дыныс мүшелерін іріңді бөліністер, карбункул туралы жазылған. Б.Э.Д 9ғасырда Жапонияда жаңа венерология аурулардың таралуы туралы белгілі болған, ол ауру «lues venera» деп аталған. Ол ауруды Колумбиядан Америкаға теңізшілер әкелген. Бұл ауру туралы бірінші мәліметтер1494 жылы Испананияда, сол жылда Италияда, содан кейін Батыс Европада белгілі болған. Ал Ресейде бұл ауру 1499 жылы белгілі болды. Д.Фракостра бұл ауруды мерез деп атаған. 19-ғасырда Францияда дерматологиялық мектеп Ж.Алибер басшылығымен ашылды. 19-Ғасырдың бірінші жартысында дерматологиялық аурулардың морфологиясына көңіл аудара бастады.1832-1914 жылдары Фурньеның мерез туралы жұмыстары жарыққа шықты. 19- ғасырдың орта шегінде Ф.Гебра басшылығымен неміс дерматологиялық мектептерінің өркендеу болған. 1845 жылдарда ол патологоанатомиялық принциптер негізінде дерматоздардың жіктемесін құрастырған. Оның оқушысы М.Капоши көптеген тілге аударылған дерматологиядан нұсқау жазған. 19- ғасыр аяғында дерматоздардың қоздырғыштарын іздеу жүзеге асырыла бастаған. Оған басшылық еткен Е.Видаль эксперименттік эдістердің негізін қалаған. Гонорея жұқпалы ма, әлде өзінің «конституционды» шығу тегі бар ма деген келіспеушілік толығымен 1879 жылы А.Нейсер гонококк қоздырғышын тапқанда толығымен шешілді. 20-Ғасырда дермптологияның дамуы негізінен дерматоздардың патогенезін және ішкі мүшелердің өзгерістерді зерттеуге бағытталды.Осы ғасырларда француз мектебенің басшылары Л.Брок,Ж.Даре, Ре Сабуро микология бойынша нұсқау жазған. Сифилидология мәселелер 1903 жыл И.И.Мечников және Э.Ру алғаш рет маймылға жасалған егудің жақсы нәтиже беруі 1905 жыл Ф.Шаудин және Э.Гофманның бозғылт трепонеманың ашылуы, А.Нейсердың жұмыстары;1906 жылдың А.Вассерман, А.Нейсер мен К.Брук серологиялық реакциялары,1910 жылы П.Эрлих пен С.Хатаның мерез емінде сальварсан енгізуі, Левидата висмут препараттары, 1921 жылы Флемингтың пенициллин қолдануын енгізген.
Қазіргі кезде дерматологияның дамуында ішкі мүшелермен ,сыртқы ортаның әсер етуі, организмнің реактивтілігінің өзгеруі, жүйке жүйесінің өзгерістермен байланысы бар.Қазіргі кезде дерматологияның дамуына жаңа иммунологиялық, боихимиялық, генетика, геронтология, химио және антибактериальды терапия жетістіктерінде дамиды. Ресейде дерматология деке дисциплина ретінде жылдары құрылды. Ең бірінші Варша университетінде,кейін Мәскеу, Петербургта тері және венерология кафедрасы ашылды. Бұған дейін тері мен мерез ауруларын хирургтар мен терапевтер емдеп келген. Белгілі клиницистер Г.А. Захарьин, А.А.Остроумов, М.Я.Мудров, С.П. Боткин еңбектері отандық дерматологиның дамуына зор үлес қосқан.
А.Г.Полотевнев мектебінен көптеген дерматологтар шықты,олар өз оқытушының ойларын әрі қарай дамытқан. Варшава университтің кейін Ростов универитеттің профессоры П.В.Никольскийдың листовидты күлдіреуік кезінде эпидермистың мүйіздегенін алғаш рет байқаған.
Әлемдік және отандық венерология дасуына зор ұлес қосқан профессор В.М.Тарновский жылдары сифидология кафедрасын басқарған. Мәскеулік дерматология мектебінің негізін қалаушысы А.И.Поспелов,ол бірінші боп тері аурулар бойынша оқулықты жарыққа шығарды. Сонымен қатар отандық дерматологияның дамуына үлес қосқан редакторлар А.Г. Ге, И.Ф. Зеленов журнал «Русского журнала кожных и верерических болезней» және П.С.Григорьев.
Батыс Европаға қарағанда Ресейде дерматология ғылым ретінде кеш дамығанмен, әлемдік дерматология ғылымында өз орын алды.
Совет дерматологы В.В.Иванов «орыс дерматологтар әрқашанда тері ауруларын ішкі мүшелердің мен жүйке жүйеснің аурулармен және толық организммен байланыстырған.» деп айтқан.
20- Ғасырда Қазақстандық мектебінің басшысы Өтемесов.Б.И болған. 1931 жылы алғаш рет тері және венерологиялық ауруларын зерттеу институты ашылды. Келесі жылдары бұл институтты профессор М.С.Брагин, С.А.Поплавский, У.Б.Бердыбаев, К.А.Калантаевский, М.О.Омаров, Р.К.Макашев басқарған.
У.Б.Бердыбаев саңырауқұлақтармен шақырылатын ауруларды зерттеулерге көп еңбегін сіңірген. «Себореялық экзема» монографияның авторы Р.К.Макашев болды. Қазіггі күнге дейін Қазақстандық тері және венерологиялық ауруларын зерттеу институті өз жоймады. Институт құрамында бактериологиялық, серологиялық, клиникалық, биофизиологиялық және иммунологиялық лабораториялар бар. Ғылыми зерттеу жұмыстарына тері аурулардың этиологиясын, патогенезін, клиникасы, емі және профилактикасы зерттелуде. Бұл еңбектер ғылыми журналдарда, кітаптарда жариялануда. Алғаш рет қазақ тілінде жарық көрген «тері және венеролоргия аурулар» кітабының авторы доктор, профессор, қазіргі кезде институттың директоры З.Б. Кешилева. Ол кісі көптеген авторлармен бірге «дерматологиядағы фармакотерапия» және терінің тұқым қуалаушылық аурулары» атты монографияларын жариялады.
Терінің құрылысы.
Тері сыртқы жабын мүшесі. Теріде эпидермис, дерма және тері касты май клечаткасын ажыратады. Оларда морфофункциональды бірліктер орналасқан. Терінің құрылуы ұрықтың бірінші аптасында екінші эмбриональды эктодермадан және мезодермадан түзіледі. Эктодермальді жапырақшалардан эпидермис құрылса, мезодермадан дерма мен тері асты май клечаткасы құрылыды. Айда алақан мен табанда эпидермистің барлық қабаттармен қоса мүізденген қабат дамиды. Осы кезеңде эластикалық және коллаген талшықтары, тырнақ, шаш, шаш фолликулары дамиды.
Эпидермис (тер үсті қабат) терінің сыртқы көп қабатты және бес қабаттан тұратын құрылым. Жасушалардың саны мен көлемімен және функциональді ерекшеліктермен ерекшеленеді. Эпидермистің негізі болып базальді немесе ұрықтық қабат, одан кейінгі тікенекті,түйіршікті қабат жылтыр және мүйізді. Сыртқы мүйізденген қабат бірқалыпты емес, сондықтан оны мүйізденген тығыз қабат керотиноциттерден және жылтыр қабаты бөлінеді. Дермамен шекаралас бірінші қабаты базальды призмалық, цилиндрлік жасушалардан орналасады. Базальді қабат осы жасушалардың төменгі беткейінде түбіршек ретінде орналасқан. Ол эпидермиспен дерма арасында тығыз байланысын түзеді. Базальді қабаттың кератониттері митоз процестерінде болады сол себептен осы клеткалардың цитоплазмасында көп мөлшерде ДНК және РНК құрылымдары, рибосомалар және митохондриялар бар. Базальды қабаттың клеткаларының арасында меланин пигменттін түзетін меланоциттер орналасқан.Эпиодермиоцитттер (Лангенгарс клеткалары) және сезім клеткалары (Меркель клеткалары) бар. Базальді қабаттың үстінде тікенекті эпиодермиоциттер орналасқан. Олар көптеген цитоплазмалық өсінділердің тығыздалған клетканың қабыршақты десмосомальдықұрылысы, тонофибриллалардан және тонофиламенттердің болуымен ерекшеленетін 3-8 қатар клеткалардан тұрады.Цитоплазмалық өсінділер клетка аралық байланыстың арасындағы каналдар жүйесін құруғақатысады.Ол жерде клетка аралық сұйықтық циркуляцияланады.
Эпидермиоциттер мен кератеноциттер қорғаныштық иммундық функция қызметін атқарады. Тікенекті қабаттан кейінгі түйіршікті қабат 1-2қатар клеткалардан, ал алақан мен табанда 3-4қатар клеткалармен көрінген. Тері беткейіне жақын орналасқан клеткалар тығыз ромб тәрізді формаға, тікенкті қабатқа жақын орналасқан клеткалар цилиндр және кубтық конфигурацияға ие.Кератонициттердің ядролардың құрамында ДНК және РНК құрылымдары жоқ, цитоплазмасында кератогиалин түйіршіктері, тонофибрилларлы кератогиалин комплекстер бар. Клеткаларда түйіршіктер болуынан осы қабатты кератогиалинді қабат деп атайды.Түйіршікті қабаттың цитоплазмасында кератогиалин өнімінің болуы, эпидермистың өсу факторын төмендетеді және полипептитдердің және кейлондардың жиналуына әкеледі.Тікенекті және түйіршікті қабаттардың митоздық бөлінуі оларды бір өсу эпидермис қабатына жинайды. Түйіршікті қабаттың кератогиалинінің кератинизация үрдісі элейдиннің элейдинді жылтыр қабатқа айналуына ықпал жасайды. Ол кератиннің элейдинге айналуы, эпидермистің мүйізді қабаттың дамуымен аяқталады. Базальді қабат өте мықты, бір бірімен тығыз орналасқан базо ядролы пластинкалардан тұрады.
Эпидермисте кератогиалиннің синтезделуі жүреді. Эпидермис белок синтезінен басқа пигмент түзуші,қорғаныштық және иммундық қызметін атқарады. Эпидермистің бұл қызметтері айрықша бездің эпителиальді клеткалардың қызметіне ұқсас. Кератиноциттер клеткалық иммунитеттің медиаторларын (лимфокиндер) ,интерлейкендер, активті Влимфациттерді бөледі. Эпидермис дермадан базальді мембрана арқылы бөлінеді.
Базальді қабаттың қалыңдығы 40-50нм ол дермаға түзу емес контурлар арқылы кіреді. Базальді мембрананың физиологиялық қызметі барьерлі, срнымен қатар ол эпидермис пен дерма арасындағы зат алмасуына қатысады.
Тері бұлшықеттері:жұмсақ бұлшықет жіпшелерінен тұрады, олар өрімдер түрінде тамырлар шаш фолликуласының аймағында орналасады. Бұлшықеттердің элементтері автономды орналасуы мүмкін, олар әсіресе баста, бетте, маңдайда, аяқ пен қолдың сыртқы беттерінде орналасады. Көлденең бұлшықет бет терісінде орналасады (мимикмлық бұлшықет).
Терінің қан және лимфа ағымы: теріні қоректендіретін артериялар гиподерманың арасында жалпақ тор құрады, фасциальді тор деп аталады.Бұл торлардан ұсақ бұтақшалар шығып, емізікше қабатта терминалді артериальді аркаларды құрайды. Венозды жүйе посткапиллярлы венулалардан басталады. Ол емізікше және тері асты май клечаткасында венозды өрім құрайды. Теріде жиі гломустар немесе артероивенозды шумақты қысқа дәнекер артерио және венозды капилярсыз анастомоздар ққұрайды. Олар терінің температурасые және интерстициальді қысым сақтауға қатысыды.
Тері иннервациясы: Тері рецепторлары маңызды роль атқарады. Тері сыртқы тітіркенулерді қабылдайды.Тері орталық және вегетативті жүйке жүйелермен жүйкеленеді. Олар тері асты май клечаикасында косылған.
Тері қосымшалары: (шаш, тырнақ, май, тер бездері). Шаштың құрылуы екінші айдың соңында үшінші айдың басында басталды. Эпидермис айағында базальді жасушалы өсінділерден шығады, олар кейін шаш фолликуласына айналады. 4-5ші айдан бастап ұрықтың шоғырланған шаштары бүкіл тері, тек алақан, табан, еріннің қызыл беткейінде, сүт безінің емізікшесінен басқа жерлерде орналасады. Тері беткейіне шығып тұрған бөлігін шаш стержени деп аталады.Ал ішкі бөлігі шаштың түбірі деп аталады. Тері беткейінде орналасқан стержень бөлігінде воронка тәрізді терең жерде орналасады.Шаш түбірі шаш фолликуласымен қоршалған, шаштың түбірі мен стержені үш қабаттан тұрады: орталық –милық, қыртысты, кутикуладан.
Милық зат негізінен теріде орналасқан. Шаш стержені коратизирленген жамушалары құрайды.Шаштың дистальді бөлігін пиязшығы құрайды. Шаштың түсі милық затқа байланысты. Шаш сыртынан ұзын және шоғырлы болады. Шаш өсуі ұзақ жүреді тәулігіне 0.3-0.5мм-ге өседі.
Тырнақтың райда болуы эмбриональді кезеңнің үшінші айында пайда болады. Алғашында тырнақ арнасы пайда болады. Сонан кейін тырнақ арнасының эпителиі бөлігі, матрица қатаяы, тырнақ түбірін құрайды. Тырнақ тығыз орналасқан мүйізді пластикалардан тұрады. Өсу матриксі клеткалардың бөлінуінен пайда болады.
Эктодермальді жапырақшалардан шаш пен тырнақтардан басқа, тері және май бездері де қалыптасады. Тері бездерінің қалыптасуы ұрықта екінші айдан бастап дамиды. Екі жыл көлемінде тер бөліну қызметі қалыптасып отырады. Балалық тер бөлінуі үлкендердің тер бөлінуіне ауысуы жыныстық жетілу кезінде болады. Тері бездерінің екі түрлері бар. Олар жай немесе мекрокринді және апокринді бездер. Тері бездері жыныс мүшенің басында, жыныс еріндерінде болмайды. Басқа аймақтарда олар диссерминирленген түде орналасқан. Бір см2 аймақта 200-800 мөлшерде орналасқан. Тері бездерінің жұмысы терлік орталықпен реттеледі. Ол аралық мидың үшінші қарыншасында, шеикері орналасқан. Апокринді тер бездері секрет бөледі. Олар түтікшелі, үлкен көлемді болады. Олар гениталий терісінің шаш фолликуласында, ануста, емшектің ореоларында, қолтық астында орналасады. Олардың шығару түтіктерінде бар. Апокринді бездердің өмір сүруі циклді болады және олар тер бездердің секреция фазалармен байланысты болады. Тері бездері күрделі альвеоларлық құрылымнан тұрады. Клетканың дифференциясы орталықтан өтеді, олар шаш фолликуласының жанында орналасады. Әр фолликул 6-8 тер бездерінен тұрады.
Тері және май бездерінің секреті терінің физиологиялық, иммунды және қорғаныш функцияларда маңызы зор.
Иллюстрационды материал:
Таблица
Слайдтар
Муляж
Әдибиеттер:
Негізгі әдибиеттер:
-
Виленчик Б.Т Кожные и венерические болезни (учебное пособие).- Минск «Амалфея»-1999
-
Кожные и венерические болезни (учебник для учащихся медицинских училищ) под.редакцией Зудина Б.И. М.Медицина,1996.
-
Кожные и венерические болезни (учебник для медицинских ВУЗов) Ю.К.Скрипкин, М.Триада Х, 2000
-
Кожные ивенеричесесие болезни (для студентов мед. Институтов) ЮК.Скрипкин, А.Л.Мшкиллейсон, М, 1995
Қосымша әдибиеттер:
-
Справачник по кожным ивенерическими заболеванием подюред А.Н.Родионова, Питер,2000
-
Самцрв А.В., Барбинов.В.В«Кожные и венерические заболеваеия»С-Пб,200-312 бет
-
«Кожные и венерические болезни» под/ред. Иванов О.Л «Шико» 2002- 178бет
Қорытынды сұрақтар:
-
Дерматологиялық мектептерді ата
-
Эпидермистың құрылысы
-
Дерманың құрылысы
-
Гиподерма құрылысы
-
Терінің инервациясы
-
Шаштың құрылысы
-
Тері, май бездерінің құрылысы
-
Тырнақ құрылысы
Достарыңызбен бөлісу: |