"Қараой селолық округінің
елді - мекендерінің көшелеріне
атау беру туралы" 2011 жылғы
16 қыркүйектегі № 5 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Қараой ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қараой ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 16 қыркүйектегі №5 «Қараой селолық округінің елді - мекендерінің көшелеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-11-96 санымен тіркелген, 2011 жылғы 17 қарашада аудандық "Ойыл" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тіліндегі атауы мен бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қараой ауылдық округінің әкімі С.Жумангалиев
«Көптоғай ауылдық округінің
елді мекендерінің көшелеріне
атау беру туралы» 2011 жылғы
12 қыркүйектегі № 8 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Көптоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көптоғай ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 12 қыркүйектегі №8 «Көптоғай ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-11-94 санымен тіркелген, 2011 жылғы 27 қазанда аудандық «Ойыл» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі атауы мен бүкіл мәтіні бойынша «аульного», «аула» сөздері тиісінше «сельского», «села» сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көптоғай ауылдық округінің әкімі Г.Амирова
"Ш. Берсиев атындағы селолық
округінің елді мекендерінің
көшелеріне атау беру туралы"
2011 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шығанақ Берсиев атындағы селолық округі әкімінің 2011 жылғы 20 қыркүйектегі №9 «Шығанақ Берсиев атындағы селолық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-11-97 болып тіркелген, 2011 жылғы 17 қарашада «Ойыл» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректемелерінде, атауында мен бүкіл мәтіні бойынша "селолық", сөзі тиісінше "ауылдық", сөзімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі А.Мубараков
2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытуға мемлекеттік білім беру
тапсырысын, жан басына шаққандағы
қаржыландыру және ата-ананың ақы
төлеу мөлшерлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1 тармақшасына сәйкес Ойыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлері 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қазыбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Аудан әкімі: М.Абдуллин
Достарыңызбен бөлісу: |