1815 - Композитор, күйші, шертпе күй орындау шебері Тәттімбет Қазанғапұлының туғанына 190 жыл
Қазақтың күйші - композиторы, шертпе күй орындаушылық мектебінің негізін қалаушылардың бірі Тәттімбет Қазанғапұлы.
Тәттімбет күйлері бұл күнде тек Қазақстан аймағына емес бүкіл совет тыңдаушыларына, тіпті Европа, Азия, Америка елдеріне де мәлім. Қазақ халқының аса бай, әрі өзіндік ерекшелігі мол музыкалық фольклорында ХIХ ғасырда өмір сүрген халық композиторы Тәттімбет шығармалары ерекше орын алады, оның есімі халық композиторлары Құрманғазы, Дәулеткереймен бірге аталады.
Тәттімбет 1815 жылы Қарқаралы ауданының Абай атындағы селолық окрунің Қызылжар қыстауында орта шаруа жанұйясында дүниеге келген. Күйшінің әкесі Қазанғап орта дәулетті, ел жұртына қадірлі инабатты адам болған. Сондықтан Тәттімбет тұрмыстан кемшілік көрмей өседі. Бұл жағдай оның күйшілік өнерге жастайынан бой ұрып, талантының ерте қалыптасуына жағдай жасайды. Тәттімбетке домбрашылық өнер өзінің арғы тегінен бастап дарыған. Тәттімбет шыққан Қаракесектің Шаншар руында Битен, Шитен сияқты сөзге шешен, өнерпаз күйші - домбрашы серілер өткен. Бұлар өнердің қай түрінен болмасын құр алақан қалмаған. Күй тартуды ол бала жасында әлі домбрашыдан үйренеді, анасы Ақбөпе /Қалайы/ баласының күй шертіп үйренуіне ықылас білдірді.
Ел ішін жиі аралап, қалың көпшіліктің тұрмыс жағдайына, дәстүр-салтына көзі қана жүріп, ер жеткен Тәттімбет Балқантау, Қарқаралы төңірегіндегі күйші-домбрашылар өнерімен етене танысады. Сөйтіп, өсе келе ол бүкіл Сарыарқадағы Орта жүзге мәлім күйші атанды.
Туған өңіріндегі қалың елді тәнті еткен Тәттімбет «Сары өзен», «Қосбасар», «Сарыжайлау», «Теріс қақпай», «Сылқылдақ», «Былқылдақ», «Бес төре», «Азамат», «Алшағыр», «Көкейкесті», «Боз айғыр», «Бос торғай», «Қорамжан», «Ерке атан», «Ноғай қазақ», «Кер киік», «Сары қамыс», «Қашқан қалмақ», «Қара жорға», «Азына», «Балбырауын», «Жетім қыз», «Сал қоңыр», «Қош жанаған», «Шәйір қалды» барлығы қырықтан астам күйлердің авторы.
Тәттімбет күйлерінде негізінен өмір тартысы, тағдыр тауқыметі суреттеле отырып, адамдардың сұлулыққа құштарлығы, алыс қалған арманы, сайраған үміті, өкініш сарыны баяндалады. Композитор шығрмаларының ең биік шыңы - «Көкейкесті» күйі. Бұл күйді Тәттімбет өміріның соңғы жылдарында науқастанып жатып тартады. Мұнда халық шежіресінің ұлылғы мен ұлағатты ақыл-ойдың парасаты толғанады. Тәттімбет күйлерінде тілмен айтып жеткізе алмайтын асқан әсемділік пен музыкалық ой-дүниесінің жарасымдылығының сыры оның орындаушылық, яғни, домбраның қос шегін шерту тәсілдерінің неше алуан түрлерімен өрнектелуінде, оның асқан талантының, тамаша дарынының өзіндік ерекше қырын танытатын шығармасы - «Сылқылдақ» күйі. Бұл күйді композитор өзімен өнер сайысына күй төгілген домбрашы қызға арнап тартады. Тәттімбеттің «Қосбасар» күйінің бір түрін бірінші рет нотаға түсірген белгілі этнограф, музыка зерттеушісі, қазақтың 500 ән-күйлерін жинақтап, тұңғыш жарыққа шығарушы А.В.Затаевич.
Тәттімбет тек асқан күйші ғана емес, сонымен бірге сөзге де ұста, шешен, шыншыл, әділетті көксеген, ақын жанды адам болған. Ол реті келгенде жерде жуан таяқ бай-манаптарды өткір тілмен өріп, олардың дөрекі мінез, ожар қылықтарын бетіне айтудан тайсалмаған.
Тарихи құжатарға қарағанда, 1855 жылғы 24 наурызда Россия патшасы II Александрдың таққа отыруымен байланысты болған тойға Тәттімбет өнерпаз ретінде Арқа қазақтарының өкілдерімен бірге Петербургке барады. Осы сапарында қос шекті домбрада өзінің тамылжыта тартқан күйлері арқылы Тәттімбет өнер сүйген қауымның назарын ерекше аударып, сыйлық ретінде күміс медальға ие болады.
Дарынды композитор, асқан күйші Т.Қазанғапұлы көп жасамаған. Ол 1862 жылы қырық жеті жасында дүние салған. Бірақ ол өзінің қысқа өміріне қарамастан, артына өшпес мұра қалдырып кеткен өнер иесі.
Тәттімбетттің құрметіне оның есімімен Қарағандыдағы өнер колледжі, Қазыбек би селосындағы Мәдениет үйінің халық аспаптар оркестрі аталады. Қазыбек би селосында күйшіге мемориалдық ескерткіш-стелла (горельеф), мемориалдық тақта орнатылған, оның есімімен аталатын көше бар. Алматы консерваториясында 1971 жылдан шертпе күйлер класы жұмыс істейді. Қорыта айтқанда, өткен ғасырда өмір сүрген күйші Тәттімбет өнері біздің Совет дәуірінде қайта түлеп, өзінің мұрагер ұрпақтарына жалғасты. Тәттімбет күйлері ХХ ғасырдағы қазақ музыкасының мәдениетіне үлес болып қосылып, халықтың музыкалық өнерінің алтын қорынан орын алды. Тәттімбеттің күйшілік мектебі біздің дәуірімізде профессионалдық дамудың даңғыл жолына түсіп, көп дауысты оркестр үнімен жаңғырды.
Тәттімбет Қазанғапұлының өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер:
Қарағанды облысы. Қарағанды облыс әкiмi. Мәди Бәпиұлының 125 жылдығын және Тәттiмбет Қазанғапұлының 190 жылдығын мерекелеу туралы: Қарағанды облысы әкiмнiң өкiмi // Орталық Қазақстан.- 2005.- 23 сәуiр.-2 б.
***
Ахметова, Б.Т. Күйшi Тәттiмбет мұрасын насихаттаушы Т. Түсiпбеков / Б.Т. Ахметова.- Астана: "Сарыарқа" баспа үйi, 2004.- 28 б.: сур.
Әбдезұлы, Қ. Тарихи тұлғалар және қазақ әдебиетi: Оқу құралы / Қ. Әбдезұлы; Жауапты ред. З. Қабдолов.- Алматы: Қазақ ун-тi, 2004.- 163 б.
Бегалин С. Күй күмбезі Тәттімбет және оның күй тарту мектебі // Күй табиғаты.- Алматы, 1981.- 29-41 б.
Бейсенбаев, М. Абай жёне оның заманы: (Абай iзiмен).- Алматы: Жазушы, 1988.- 136 б.: сур.
Бекенов, У. Күй табиғаты.- Алматы: Өнер, 1980.- 180 бет.
Бекенов, У. Күй керуенi: Оқу құралы.- Алматы: Өнер, 2002.- 144 бет.
Жақанов И. Тәттімбет күйлері шертілген кеш // Аққулар қонған айдын көл.- Алматы, 1988.- 163-176 б.
Жолдасбекұлы, М. Елтұтқа: Ел тарихының әйгiлi тұлғалары / М.Жодасбекұлы, Қ.Салғараұлы, А.Сейдiмбек.- Астана: KUL TEGIN баспасы, 2001.- 358 бет.: сурет
Жұбанов, А. Ғасырлар пернесi / А.Жұбанов.- Алматы: Дайк - Пресс, 2002.- 328 бет.
Ләмбеков С. Тәттімбет: Хиқаят.- Алматы: Өнер, 1993.- 272 бет
Салықов К. Тәттiмбет: Поэма мен өлеңдер.- Алматы: Ж.Ш.С.Жалын, 1998.- 192 бет.
Сейдiмбек, А. Қазақтың күй өнерi / А.Сейдiмбек.- Астана: Күлтегiн, 2002.- 832 б.
Сейдiмбек, А. Қазақтың күй өнерi / А.Сейдiмбек.- Астана: Күлтегiн, 2002.- 832 бет
Тарақты, А. Қазақтың әйгiлi күйшiлерi [Мәтiн]: IX-XX ғасырлар: [альбом-кiтапша] / А. Тарақты; сурет. Н.Т. Жээренчиев, Г.С. Искакова.- Алматы: Қазақстан, 1992.- 24 б.: сур.
Тәттiмбет. Сылқылдақ [Мәтiн]: (қазақ халық аспаптары оркестрiне арналған партитура) / Тәттiмбет; Күйлердi өңдеп, оркестрге түсiрген Ә.Шоқанбаев.- Қарағанды: [б.ж.], 2004.- 108 б.
Тәттімбет Қазанғапұлы // Қазақ ССР. 4 томдық энциклопедия. Т 4.- Алматы, 1989.- 565 б.
Тәттімбет Қазанғапұлы // Қарағанды.Қарағанды облысы. Энциклопедия.- Алматы, 1990.- 532 б.
Тоғжанов, Е.Л. Атамекен: Оқу құрал / Е.Л.Тоғжанов, Т.Т. Аршабеков.- Қарағанды: Қарағанды экономикалық ун-тi, 2002.- 324 бет.
Янушкевич, А. Қазақ даласына сапар туралы жазбалар. - Астана: Аударма, 2003.- 264 бет.-(Тарих.Таным.Тағдыр)
***
Аляпин В. Халық композиторына арналады // Соц. Қазақстан.- 1977.- 16 қазан
Ахметов, Р. Әсерлi кездесу: мәдени хабар// Қарқаралы.- 2005.- 26 наурыз.-4 б.
Әбдешев М. Тәттiмбет медальмен наградталған: Дерек // Орт. Қазақстан.- 2001.-31 қазан
Әбдiәкiмов Ә. Қазақстан тарихы: Таным // Азия Транзит.- 2000.-N5 (тамыз).-30-42 б.
Әлмешов Ж. Халық композиторына арналды // Қазақ әдебиеті.- 1985.- 2 тамыз
Әукешова Ж. Тәттімбет туралы бірер сөз: /Тәттімбет ат-ғы ұлт-аспаптар оркестрі/ // Ленин туы.- 1986.- 6 желтоқсан
Баймұханбетова Р. Композитор құрметіне // Қазақстан мұғалімі.- 1987.- 20 қараша
Баймұханбетова Р. Көгілдір экранда «Тәттімбет бейнесі» // Қазақ әдебиеті.- 1992.- 6 қараша
Баймұханбетова Р. Тәттімбет туралы фильм // Нар. трибуна.- 1994.- 13 тамыз
Баймұханбетова Р. Тәттімбет атымен аталмақ: [Арқалық совзозына Тәттімбет аты берілді] // Халық кеңесі.- 1990.- 4-10 қыркүйек
Балқашұлы, Т. Тәттiмбет күйлерiнiң партитурасы: Тәттiмбет атындағы II республикалық конкурсы қарсаңында// Орталық Қазақстан.- 2004.- 23 қараша.-6 б.
Балқашұлы, Т. Тәттiмбет күйлерiнiң дүбiрлi мерекесi: Тәттiмбет атындағы II республикалық конкурсы қарсаңында// Орталық Қазақстан.- 2004.- 20 қараша.-16 б.
Балташұлы Е. Тәттiмбет - қоғам қайраткерi // Орт. Қазақстан.- 2001.-31 қазан
Балташұлы, Е. Бiр қайнауы iшiнде: Премьера // Орт. Қазақстан.- 2004.- 2 наурыз.-7 б.
Бейсембек, Т. Конкурс шарттары және қазақ домбыра: Тәттiмбет атындағы II республикалық конкурс// Орталық Қазақстан.- 2004.- 30 қараша.-5 б.
Бейсембек Т. Сылқылдақ: Дастан // Орт. Қазақстан.- 2001.- 31 қазан
Бекенов У. Ұлы күйшінің мұрагерлері // Ленин туы.- 1990.- 30 маусым
Бектұров Ж. Домбра мұңы // Орт. Қазақстан.- 1990.- 3 тамыз
Бектұров Ж. Партия, соғыс және еңбек ардагері Н.Төкішевке ашық хат // Ленин туы.- 1990.- 31 шілде
Бердібаев Р. Тәттімбет шыңы // Орт. Қазақстан.- 1990.- 18 желтоқсан
Ермегияев, А. "Тәттiмбет – Тәңiрiнiң тартуы": "Отан" партиясының төрағасы А.Ермегияевпен сұхбат / Сұхбаттасєан Е.Балташұлы// Орталық Қазақстан.- 2004.-30 қараша.-1,4 б.
Жақанов И. Тәттімбет күйлері шертілген кеш // Мәдениет және тұрмыс.- 1986.- №1.-8-9 б.
Жанғожин А. Тәттімбеттің кітабы - «Саржайлау» // Орт. Қазақстан.- 1989.- 28 қаңтар
Жүзбасов Қ. Күй ғұмыр // Орт. Қазақстан.- 2001.-31 қазан
Жүзбасов Қ. Күй ғұмыр // Қазақ әдебиеті.- 1990.- 7 желтоқсан
Кенжетаев, Т. Тәттімбет Қазанғаповқа ескерткіш орнатылды // Қазақ әдебиеті.- 1986.- 9 қыркүйек
Кенжетаев, Т. Ескерткіш орнатылды // Соц. Қазақстан.- 1988.- 27 қазан
Кикимов Т. Тәттімбеттің туғанына 175 жыл толуына тағы бір тың дерек // Орт. Қазақстан.- 1990.- 27 қазан
Қауысов Б. Ұлы күйшiнiң ұрпақтарын iздеген байқау: Өнер күнделiгi // Орт. Қазақстан.- 2000.- 20 желтоқсан
Қуанбаев, А. Күй құдiретi Тәтекең!: Тәттiмбеттiң туғанына 190 жыл толуына// Орталық Қазақстан.- 2005.- 9 шiлде.-16 б.
Лұқпан, Е. Дос туралы сыр: Жаңа кiтап // Орталық Қазақстан.- 2003.- 14 тамыз.-8 б.
Мейірқұлов Е. Тәттімбетке арналды // Қазақстан мұғалімі.- 1986.- 21 ақпан
Мерғалиев Т. Тәттімбет күйлерінің тарихы туралы // Қазақ әдебиеті.- 1963.- 19 шілде
Мұқашев М. Керемет күйші құрметіне // Соц. Қазақстан.- 1985.- 14 желтоқсан
Мұсабаев Б. Атақты күйшінің құрметіне // Орт. Қазақстан.- 1985.- 2 сәуір
Мұсаұлы Ы. Сыңғырлаған сұлу саз // Орт. Қазақстан.- 2001.-31 қазан
Мұстафин Б. Тәттімбет Қазанғапұлы: Арқа ардақтылары // Орт. Қазақстан.- 1990.- 12 қаңтар
Омарбекұлы, М. "Тәттiмбеттiң Алтын домбырасы" атты қор құрылды // Қарқаралы.- 2004.- 3 шiлде
Омарбекұлы М. Ұлан даланың ұлы күйшісі: [С.Ләмбекұлының «Тәттімбет» романы туралы] // Балқантау.- 1995.- 12 сәуір
Оразбай, Е. Тылсымы көп, тұңғиығы терең тұлға: Тәттiмбет атындағы II республикалық конкурс // Орталық Қазақстан.- 2004.- 30 қараша.-5 б.
Попов Ю. Ұлы күйші мұрасы // Коммунизм таңы.- 1990.- 31 шілде
Райымбекқызы, Ж. Күй күмбiрлейтiн күн жақын: Тәттiмбет атындағы II республикалық конкурсы қарсаңында // Орталық Қазақстан.- 2004.- 27 қараша.-6 б.
Райымбекқызы, Ж. Өнер байқауы басталды: Тәттiмбет атындағы II республикалық конкурс // Орталық Қазақстан.- 2004.- 2 желтоқсан.-16 б.
Сатаев А. Шадыман: Тәттімбет туралы повесть // Орт. Қазақстан.- 1968.- 24 шілде
Сауғабаев К. Той дүбірі жақын: /Тәттімбеттің туғанына 175 жыл толу қарсаңында/ // Орт. Қазақстан.- 1990.- 29 маусым
Сәдуақасова, А. Ұлы күйшiге арналады: Тәттiмбеттiң 190 жылдығына // Орталық Қазақстан.- 2005.- 16 маусым.-13 б.
Сейдiмбек, А. "Қазақтың ғұмыры- күй ғұмыр": Қаламгер А.Сейдiмбекпен әңгiме / әңгiмелескен Т.Майбас // Орталық Қазақстан.- 2004.- 30 қараша.-4 б.
Сейдiмбек А. Тәттiмбет Қазанғапұлы: (1815-1860)// Орт. Қазақстан.- 2001.-31 қазан
Сейдімбеков А. Бес төре // Орт. Қазақстан.- 1990.- 14 шілде
Сейдімбеков А. Тәттімбет // Орт. Қазақстан.- 1992.- 13, 14 наурыз
Сексенұлы, С. Күй мерекесi мәреге жеттi: Тәттiмбет атындағы II республикалық конкурсы қарсаңында// Орталық Қазақстан.- 2004.- 2 желтоєсан.-1, 4 б.
Семқұл Б. Тәттiмбеттiң бас сүйегi қайта жерлендi ме? Жерленбесе қайда ол: Қазақстан Республика назарына// Азия Транзит.- 2000.- 27 қаңтар(N3).-6 б.
Семқұлтегі Б. Тәттімбетті сан қырынан танытып, сомдаған туынды // Балқантау.- 1994.- 12 қараша
Смағұлов Ғ. Ұлы күйшiнi ұлықтаған зерттеушi// Орт. Қазақстан.- 2001.-31 қазан
Тартымды музыкалық хабар // Қазақ әдебиеті.- 1978.- 24 наурыз
Тайтөлеуов Ж. Күмбiрлеген күй-құдырет, күй-арман: Халық композиторы Т.Қазанғапұлының туғанына 185 жыл толуына арналған толғау// Орталық Қазақстан.- 2000.- 19 шiлде
Тәттiмбет қазақ совет энциклопедяиысында // Орт. Қазақстан.- 6 сәуір- 3 б.; Ленин туы.- 1979.- 1 мамыр
Тәттiмбетке арналған конверт // Орт. Қазақстан.- 1991.- 18 қаңтар
Тәттiмбет медальмен награтталған // Қазақ әдебиеті.- 1989.- 16 маусым
Тәттiмбет медалі // Егеменді Қазақстан.- 1991.- 24 тамыз
Тәттiмбет Қазанғапұлы: (1815-1862) // Орт. Қазақстан.- 2001.-31 қазан
Тәттімбеттің туғанына 175 жыл. // Ленин туы.- 1990.- 4 тамыз
Тоқтаған, А. Күй аңыздары мен мектептерi / А.Тоқтаған// Ана тiлi.- 2004.- N11.-6 б.
Тоқтамысов Т. Тәттiмбет және оның мұрагерлерi// Орт. Қазақстан.- 2000.-27 желтоқсан
Төкешев Н. Жазушы Жайық Бектұровқа ашық хат: Т.Қазанғапұлының туғанына 175 жыл //Ленин туы.- 1990.- 17 шілде
Төкешев Н. Кемел күйші Омбыдағы қабылдауда: /Т.Қазанғапұлының 175 жыл толуына/ // Ленин туы.- 1990.- 29 қыркүйек
Төкешев Н. Күй күмбезі // Орт. Қазақстан.- 1990.- 3 тамыз
Төкешев Н. Тәттімбет Омбыда // Орт. Қазақстан.- 1990.- 7 қазан
Төкешев Н. Халық композиторы Тәттімбет // Ленин туы.-1990.- 21 шілде
Күйші Т.Түсіпбековтың шығармашылығы туралы әдебиеттер:
Ауылдағы жас күйші // Орталық Қазақстан.- 1977.- 29 қазан
Баймұханбетова Р. Тәттiмбеттiң мұрагерi // Мәдениет.- 1994.- N2.-11 б.
Баймұханбетова Р. Тәттімбеттің мұрасы // Лениншіл жас.- 1981.- 22 қараша
Баймұханбетова Р. Тәттімбет мұрасын таратушы: Т.Түсіпбеков туралы бір үзік сыр // Арқа ажары.- 1999.- 25 ақпан
Баймұханбетова, Р. Тәттiмбет мұрагерi-күйшi Тұрысбек Түсiпбеков // Қазақстан музейлерi.- 2004.- N1(4).-53-55 б.
Баймұханбетова Р. Ұлы күйші Тәттімбет Қазанғаповтың туғанына 185 жыл // Астана ақшамы.- 2000.- 23 мамыр
Жазықбаев, Е. Тұрысбек күйшi – Тәттiмбет мұрагерi: Өнер // Азия Транзит.- 2003.- N4.-50, 51 б.
Киiк, Қ. Күй өлмейдi Тұрысбектей күйшi барда: Мұра // Орталық Қазақстан.- 2004.- 21 ақпан.-16 б.
Күйшіге арналған кеш: [Бұл кеште Т.Түсіпбеков композитордың бұрын белгісіз болған «Бертіс би», «Маныбай би» күйлерін орындады]//Орт.Қазақстан.- 1981.- 28 қараша
Мұқышев М. Республикалық конкурстың лауреаты Т.Түсіпбеков Тәттімбеттің «Майда-сары», «Мыржықта», «Сары-қамыс» күйлерін тартты // Қазақ әдебиеті.- 1984.- 18 мамыр
Мұрагер өнерпаз болсаң арқалан // Қазақстан эфирде.- 1989.- №13(1 сәуір)
Нұрсейтова Ғ. Тәттімбет тартқан тәтті күй: [Күйші Т.Түсіпбеков туралы] // Қапал еңбеккерлері.- 1989.- 30 қараша
Өнер жолы өзгеге өнеге: [Академик Ә.Марғұланмен болған бір күн] // Шұғыла.- 1988.- 21 қаңтар
Салықов, К. Күйшi Тұрысбек Түсiпбековке // Азия Транзит.- 2003.- N4.-54 б.
Сәулебеков А. Бабамыздың көзі еді ғой домбра: [Т.Түсіпбеков танымал күйші Тәттімбет мұрасын зерттеуші] // Қазақ әдебиеті.- 1990.- 2 наурыз
Семенов Л. Т.Түсіпбеков жасаған, күйшіге арналған альбомы // Орт. Қазақстан.- 1980.- 15 наурыз
Попов Ю.Г. Домбырашыға – Алғыс грамотасы // Орт. Қазақстан.- 1988.- 18 тамыз
Попов Ю.Г. Тәттімбетпен жүздесу: Ғасыр пернесі // Орт. Қазақстан.- 1990.- 27 ақпан
Тәттімбеттің тәтті күйлері: [Күйші Т.Түсіпбеков туралы] // Көкшетау правдасы.- 1989.- 7 қазан
Ысқақ, Д. Күй құдiретi: Очерк // Орталық Қазақстан.- Қарағанды, 2002.- 4 желтоқсан.-16 б.
Күйші Т.Түсіпбековтың мақалалары:
Түсіпбеков Т. Әлекеңнің аманаты // Орт. Қазақстан.- 1989.- 28 қаңтар
Түсіпбеков Т. Бағалы бастама: [Тәттімбеттің «Сары-жайлау» кітабына рецензия] // Қарағанды жастары.- 1990.- 12 қаңтар
Түсіпбеков Т. Жаңа ән Балқантау баурайында // Қазақ әдебиеті. -1979.- 21 қыркүйек
Түсіпбеков Т. Кемеңгердің көлеңкесі де ыстық // Ленин туы.- 1990.- 28 шілде
Түсіпбеков Т. Киелі домбра күмбірлеп: [Тәттімбеттің «Сары-жайлау» кітабына рецензия] // Орт. Қазақстан.- 1990.- 12 тамыз
Түсіпбеков Т. Күй сапары // Орт. Қазақстан.- 1985.- 16 тамыз
Түсіпбеков Т Күйшіге құрмет // Қазақ әдебиеті.- 1977.- 3 маусым
Түсіпбеков Т. Оркестрге көмек керек // Орт. Қазақстан.- 1976.- 20 тамыз
Түсіпбеков Т. Оркестрге Тәттімбет аты берілді // Қазақ әдебиеті.- 17 тамыз
Түсіпбеков Т. Өшпестей ұрпағыңа бердің азық: [Тәттімбет атын. музыка уч.-де Тәттімбеттану сабағын жүргізу керек] // Орт. Қазақстан.- 1993.- 6 қазан
Түсіпбеков Т. Таланттар өнер туындыларында // Қазақ әдебиеті.- 1982.- 29 қаңтар
Түсіпбеков Т. Тәттімбет: Деректі повесть.- Қарағанды, 1993.- 110 б.
Түсіпбеков Т. Тәттімбет күйлері: [жазушы Илья Жақанов кітапқа мақала жазды] // Қазақ әдебиеті.- 1985.- 20 қыркүйек
Түсіпбеков Т. Тәттімбет мұрасы: [Тәттімбеттің пластинкадағы шыққан күйлері жайлы] // Орт. Қазақстан.- 1981.- 16 тамыз
Түсіпбеков Т. Тәттімбетке арналған альбом // Лениншіл жас.- 1980.- 5 сәуір
Тәттімбетке арналған альбом Қарағанды тарихи өлкетану музейіне тапсырды: [авторы Т.Түсіпбеков] // Мәдениет және тұрмыс.- №9
Түсіпбеков Т. Тәттімбетке арналған кеш // Орт. Қазақстан.- 1977.-17 маусым
Түсіпбеков Т. Тәттімбеттің белгісіз күйлері // Соц. Қазақстан.- 1979.- 29 қазан
Түсіпбеков Т. Тәттімбеттің белгісіз күйлері // Соц. Қазақстан.- 1977.- 24 мамыр
Түсіпбеков Т. Тәттімбеттің кейбір күйлерінің шығу тарихы // Ленин туы.- 1966.- 4 қыркуйек
Түсіпбеков Т. Тәттімбет күйлері және ой таразысы // Ленин туы.- 1975.-16 қаңтар
Түсіпбеков Т. Тәттімбеттің күйлері: Жаңа кітап // Коммунизм таңы.- 1989.-28 желтоқсан
Түсіпбеков Т. Тәттімбеттің нар идірген күйінің шығу тарихы // Қазақ календары «Әсемдік әлемінде».- 1976.- 2 мамыр
Түсіпбеков Т. Тәттімбет туралы // Коммунизм таңы.- 1966.- 29 маусым
Түсіпбеков Т. Тәттімбет - «Саржайлау» // Ленин туы.- 1990.- 11 қаңтар
Түсiпбеков, Т. "Тiрiлтiп Тәттiмбеттiң он саусағын": Тәттiмбет атындағы өлкетану мұражайының меңгерушiсi Т.Түсiпбековпен әңгiме / Әңгiмелескен Ж.Райымбекқызы // Орталық Қазақстан .- 2005.- 1 қаңтар. – 13 б.
Түсіпбеков Т. Ұлы күйшіге лайықты құрмет // Орт. Қазақстан.- 1993.- 11 ақпан
Түсіпбеков Т. Шертпе күйдің атасы // Сарыарқа.- 1994.- №5.-3-15 б.
Достарыңызбен бөлісу: |