19 билет. Банктің депозит операцияларының есебі



бет1/3
Дата11.09.2022
өлшемі55 Kb.
#460545
  1   2   3
Дәріс 14



19 билет.
1.Банктің депозит операцияларының есебі
Депозиттік операциялар банктің пассивті операциялары ішіндегі негізгілерінің бірі болып табылады. Банктер өзінің активті операцияларын жүргізу үшін пассивті операцияларды өткізу нәтижесінде пайда болатын тартылған қаржыларды қолданады. Коммерциялык банктің пассивті операциялары келесі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін:

  • Банк қорын қалыптастыру және ұлғайту үшін банктердің пайдасы есебіне аударулар;

  • Басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер(заемдар);

  • Салымдық (депозиттік) операциялар.

Салымдық операциялар – бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған қаржылары бойынша немесе талап ету салымы бойынша белгілі бір мерзімге белгіленген банктердің операциялары.
Депозит банкке керекті қаражаттарды тарту көзі ретінде қарастырылады. Депозиттік операциялар заңды және жеке тұлғалармен жүргізіледі. Егер депозиттік сомалар заңды тұлғалармен ашылса, онда қаражаттар есеп айырысу шоты арқылы жүргізіледі. Жинақтау шоты бойынша операциялар жинақтау кітапшасы бойынша жүргізіледі.
Салымдық операцияларды жүргізу кезінде кез келген банк өздері дайындаған депозиттік саясатты ұстанады және олар өз кезегінде келесі ережелерге негізделеді:

  • Салымдық операциялар банктің пайда табуына немесе болашақта пайда табуға мүмкіндік жасауға негізделіп ұсынылады;

  • Депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде салымдық операциялар субъектісінің әр түрлілігіне және салымдардың әр түрлі нысандарының үйлесімділігіне ұмтылыс болады;

  • Салымдық операцияларды жүзеге асыру барысында осы және салымдық пен несиелік салымдардың мерзімдері мен сомалары бойынша несие ұсыну операциялары арасындағы өзара келісімділіктің болуын қамтамасыз ету қажет;

  • Салымдық операцияларды ұйымдастыру процесінде банк балансының өтімділігін жоғары деңгейде қамтамасыз ететін мерзімдік салымдарға ерекше назар аударған жөн;

  • Салымдық операцияларды ұйымдастыра отырып, банк салымдық шоттардағы бос қаржы резервтерінің (активті операцияға тартылмаған) ең аз болуына талпынуы керек;

  • Салымдарды тартуға әсер ететін банктік қызметтерді дамыту және қызмет көрсету сапасы мен мәдениетін жоғарылату шараларын қарастырған жөн;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет