Дайындау жолдары



Дата12.07.2016
өлшемі201.97 Kb.
#193607
ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІГЕ
ДАЙЫНДАУ ЖОЛДАРЫ

Кіріспе
Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі артқан жаңа ғасырда мектеп түлектерін Ұлттық Бірыңғай Тестіге дайындауда көптеген мәселелерге баса назар аударған жөн.

Қазақ тілі бойынша тест орындағанда тіліміздің даму жүйесі мен нормаларының меңгерілу дәрежесі, қоғамдық-әлеуметтік қатынастар жүйесі мен шешендік үрдістегі рөлін қаншалықты меңгергені тексеріледі.

Мектеп бітіруші түлектерді қазақ тілі бойынша Ұлттық Бірыңғай Тестігі дайындауда мектеп оқушылары (5-11 сынып) басты назарға алынуы тиіс, өйткені қазір «Шың», «Оқушы анықтамасы» т.б. оқу құралдары көп-ақ. Ол оқу кітаптары талапкерге өткенді еске түсіруге, түрлі сызбалар арқылы меңгеруге, сондай-ақ жаттығу, тест тапсырмаларымен білімін шыңдауда пайдасы мол. Дегенмен кей ережелерде бірізділік сақталмай, тест жауабында оқулықтағы жауап дұрыс болып шығып жүр.

Мысалы: «Қайталама қос сөздердің жасалу жолдары» аталған кітаптарда 5 түрлі болса, оқулықта 6 түрі болып көрсетіліп, тест жауабында соңғысы дұрыс деп көрсетілген.

Оқушы апелляцияға (қайта қарауға) берген жағдайда да оқулық метериалына жүгінетін болады.

Қазақ тілінің негізгі салалары – Лексика, Фонетика, Сөзжасам, Морфология, Синтаксис, Тыныс белгілері мен Стилистиканың жеке ережелерін бастамас бұрын, Ана тіліміздің қызметі, Әдеби тіл туралы түсінік, Мәтін туралы мәліметтер беріледі.

Ана тіліміздің қызметі:


  1. Адамдардың бір-бірімен сөйлесу, пікір алысуы үшін

  2. Қоршаған орта жөнінде өз ойларын тіл арқылы жеткізу

  3. Адам өзінің бір нәрсе туралы көзқарасын, күйініші мен сүйінішін тіл арқылы білдіреді.

Қазіргі кезде дүние жүзінде 5651 тіл болса, сөйлеушілердің саны жағынан қазақ тілінің 70-орында екендігі белгілі.

Әдеби тіл – сол халықтың бәріне ьірдей ортақ, түсінікті тіл. Ол екі түрлі формада өмір сүреді:ауызша тіл және жазбаша тіл.

Мәтін – «байланысу», «бірігу» деген мағыналарды білдіреді. Оған газет-журнал материалдары, өлең шумақтары, оқулық ережелері және түрлі тақырыптағы сөйлесулер жатады.

1. «Лексика» тарауын қайталауда ескерілетін мәселелер
Сөз мағыналарын қайталауда оның салалары - лексикология, семасиология, этимология, фразеология, диалектология, топонимика, лексикография, т.б. жан-жақты түсіндірілгені дұрыс.

«Кірме сөздер» тақырыбында қазақ тілінің терминдерінің қай елдің сөзі екені арнаулы кестемен көрсетіліп, жаттауға ұсынылады.




Латын

Араб-парсы

Грек

Орыс тілі


Ассимиляция

Мектеп, қалам

Алфавит

Жәшік

Диссимиляция

Қайрат, сезім

Антоним

Кәмпит

Интонация

Дәптер

Архаизм

Сөмке

Историзм

Заман, ғылым

Диалог

Бәтеңке

Лингвистика

Әдебиет, әліпби

Диалект

Кереует

Пунктуация

Әріп, мақал

Лексика

Кәрзеңке

Рецензия

Кітап, мұғалім

Монолог

Тәрелке

Диспут

Мағына, құдірет

Морфология

Самаурын

Конспект

Тақта, парта

Неолизм

Сіріңке

Термин




Омоним

Бөтелке







Орфография

Сот







Орфоэпия

Доға







Сингармонизм

Пеш







Синтаксис

Шәйнек







Эвфемизм










Дисфемизм










Тезис



Сондай-ақ, «Талапкерде» жиі кездесетін сұрақтар, сөздерді қолданылу өрісіне қарай топтастыру да жақсы нәтиже береді.



Жаттығу


Кәсіби

сөздер

(2 сала)

Диалект

сөздер

Термин «Арнаулы сөздер»

Көнерген (архаизм, историзм)

Жаңарған сөздер

Таспа

Кәсе

Фонетика

Хан

Әкім

Мұрап

Пиала

Буын

Дат

Саяжай

Терімші

Нән

Эвфемизм

Барымта

Сынып

Жабағы

Іңкәл

Көбейтінді

Жебе

Құжат

Күзем

Пәс

Полюс

Уәзір

Ғарыш

Пышқы

Жар

Жанр

Сауыт

Отбасы

Қызанақ

Тұқым

Сөз таптары

Айбалта

Жер серігі

Шербек

Келулі

Орамжапырақ

Садақ

Жолсерік

Атауыз

Баралы

Омоним

Адырна

Үнтаспа

Қаза

Кәуіп

Жазық

Торқа

Жеделхат

Балдаң

Жадағай

Айырма

Биқасап

Ермексаз

Торлама

Шаппа




Дүрия

Зейнетақы

Жылым

Опан




Пітір

Ұжым

Тарамыс

Маңлай




Сауын айту

Ойталқы

Күнжара

Қоңсы




Сәукеле

Әмбебап

Шиіт

Бәдірен




Ұрын бару

Кешен

Сота

Шеккі




Қызыл отау

Нарық




Келімдәрі




Би


















Бұл кестені алғашқы 4-5 сөзден кейін Талапкер кітапшасы бойынша толықтыру, іздену жұмыстарын беру жақсы нәтижеге қол жеткізері сөзсіз.

Сөз мағыналарының басқа мағынаға ауысуы да түсіндіріліп, сызбамен көрсетілгені жөн.

Метафора

Метонимия

Синекдоха

Сөз мағынасын салыстыру, жақындату негізінде астарлы тың мағына жасау. Мыс, Өзім - күнмін, өзім – от. (Мағжан

Зат, құбылыс атауларының екінші бір құбылысқа шектестігі, ұласпалылығы негізінде жұмсалуы. Мыс, ақпа құлақ-ұғымсыз, құйма құлақ – зерек.

Жалпының орнына жалқы, бүтіннің орнына бөлшек қолдану. Мыс, Көп қорқытады, терең батырады. (Ел, халық)



11.Фонетика тарауын қайталау
Әліпби (араб алфавитінің алғашқы екі әрпі)-әріптердің рет-ретімен тізілген жиыны.Олардың тізбектелген қатары мынадай:
А,ә б,в г,ғ

д (7)


е,е ж,з и,й

к,қ (15) л,м н,ң

о,ө п,р с,т

у (26)


ұ,ү ф х,һ

ц,ч -- ш,щ

ь (36)

ы,і ъ э,ю



я
Тестіде «Жұп дауыссыздарды тап» деген сұрақтар жиі кездеседі,сондықтан төмендегі жұп дауыссыздар қатарын жаттатқан жөн:

Қатаң : қ к п ф т с ш х

Ұяң: ғ г б в д з ж һ
Дыбыс үндестігі (ассимиляция)
Түбір мен қосымша жігіндегі, сөздер аралығындағы, сөз ішіндегі ілгерінді, кейінді ықпалдар жүйелі түсіндірілуі керек.


Түбір мен қосымша

Сөз аралығында

Сөз ішіндегі ықпал

Дос+тар, бала+ны

Доп+ым, жүрек+і

Сөнбе, түнгі


Бір қатар, көп бала

Жас шағы, тұз сал

Он бес, ақ лақ


Айтбай,

Жаңақорған,

Бозжан, Жүсіпбек

Тест кезінде оқушылар қиналатын тақырыптардың бірі – орфографиялық принциптерді ажырату. Қазақ орфографиясы сөздердің жазылу нормасын 3 принципте қарастырады.




Дәстүрлі (тарихи)

Морфологиялық

Фонетикалық

Сөз түбірі, қайдан шыққаны ескерілмейді, қалыптасқан күйде жазылады. Бұл принцип көп қолданылмайды, кей сөздер мағынасын ажырату үшін керек.

Қал-хал, қан-хан, қат-хат.



  1. Х әрпіне байланысты сөздер: хабар, хакім, ханша, хикая, хош (иіс).

  2. У әрпіне байланысты: айуан, кейуана, миуа, хайуанат.

  3. Щ әрпіне байланысты: ащы, тұщы, кеще.

  4. Қ әрпіне байланысты: қате, қауіп, қиуа, қожайын.

  5. Кісі аттары мен біріккен сөздер: Ахмет, Хамит, Бақтығұл.

6) Орыс тілінен енген сөздер: бәтеңке, болыс, кереует, шәйнек.

Сөздердің қалай айтылуы ескерілмейді, түбір қалпы сақталады.

Ұшқыш


Жер-көк

Басшы


Сөнбе

Он бес



Сөз бөлшектері қалай айтылса, солай жазылады. Сөзге қосымша жалғанғанда түбір өзгереді.

Құлақ+ым – құлағым

Шап+ып – шауып

Теп+іп – теуіп

Апар - алып бар

Әпер - алып кел

Бергем – бергенмін

Біріккен сөздер де осы принцип бойынша дыбыстық өзгеріске ұшырайды.

Бүрсігүні, қолғап, ашудас, Қожахмет, Торайғыр.

Сөздердің дұрыс жазылуы орфографиялық сөздікте беріледі.


Жаттығу-талдау кезінде төмендегі тапсырманы жиі орындатқан жақсы.


Орфографиясы (жазылуы)

Орфоэпиясы (айтылуы)

Қонысбай




Жаңақорған




Кім келді




Ант берді




Жанболат




Жазса




Бозжігіт







Жылаңғұрт




Қайраң ғалу




Қайыр ғош




Қақ пөлу




Саптаяқ




Сарауыз




Сегізғанат




Түйгіссе




Тайақ




Жам бағу


111.Сөз таптарын қайталауда сөз түрлендіретін және сөз тудыратын жұрнақтарды ажыратып үйрету керек.
Зат есім жасайтын жұрнақтар:
1) Рең мәнін тудыратын жұрнақтар (сөз түрлендіруші)

  1. –й: апай, атай, ағай

  2. –еке, -ке, -а, -е,: атеке, әпке, Мұқа, Нүке

  3. –тай: ағатай, шешетай

  4. –жан: Абайжан, бөлежан

  5. –қан, -кен, -қай, -кей, -ан, -ң: балақан, шешекей, Дәкең, Ақаң

  6. –шақ, -шек: құлыншақ, інішек

  7. –шық, -шік: қапшық, төбешік

  8. –ша, -ше: сандықша, күркеше

  9. –ыш, -іш, -ш: қалқаш, Нұрыш

  10. –сымақ: ақынсымақ, үйсымақ



2) Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақтар (сөз тудырушы)

1. –шы, -ші: аңшы, күйші

2. –шылық, -шілік: шаруашылық, кеңшілік

3. –лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: жақсылық, кішілік, жеңілдік, жолдастық

4. –кер, -гер: айлакер, саудагер

5. –кеш, -хана, -паз, -қой, - стан, -қор: арбакеш, емхана, әсемпаз, жемқор,

Өзбекстан

3) Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақтар

1. –ым, -ім, -м: күзем, өнім, қысым

2. –ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе: бөлме, сүзбе, кеспе

3. –қы, -кі, -ғы, -гі: шапқы, бұрғы

4. –ыс, -іс, -с: тартыс, келіс

5. –ық, -ік, -ақ, -ек, -қ, -к: санақ, күрек

6. –ыш, -іш: қуаныш, өкініш

7. –ын, -ін, -н: боран, түйін, келін

8. –у: сабау, көсеу, жамау

9. –ынды, -інді: үйінді, жуынды

10. –ғыш, -гіш, -қыш, -кіш: сыпырғыш, сүзгіш

11. –уыш, -уіш: бастауыш, өлшеуіш

12. –ыр, -ір, -р, -ар, -ер: үңгір, шұқыр
Міне, осы үлгімен басқа сөз таптарының жасалуы да түсіндіріледі.

Жаттығу-талдау, тест жұмыстары арқылы пысықталады. Етістікті түсіндіргенде Күрделі етістік, Негізгі, көмекші және құранды етістік түрлері ажыратылып, көрсетілуі мүмкін.



  1. Күрделі етістік - негізгі етістік пен көмекші етістіктің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы, бара жатыр (бара – негізгі, жатыр – көмекші етістік), оқып жүр, жүгіріп бара жатыр.

  2. Сөйлемде бір етістік бірде негізгі, бірде көмекші етістік болып ауысып келе береді. Мыс: Ол орындықта отыр екен (мұнда отыр – негізгі етістік). Марал кітап оқып отыр (мұнда отыр – көмекші етістік). Бала ойнап жатыр (көпмекші етістік). Ол үйде жатыр (негізгі етістік).

Ескерту: Отыр, тұр, жүр, жатыр деген қалып етістіктері жалың нақ осы шақ жасағанда, негізгі етістік болады. Мыс: мен тұрмын, сен жүрсің. Ал күрделі нақ осы шақ жасағанда, көмекші етістік болады. Мыс: Мен айтып тұрмын. Сен ойнап жүрсің.



  1. Егер күрделі етістіктің негізгі сыңары есім сөзден болса, ол етістік құранды етістік деп аталады. Мыс: жәрдем ет, үлгі қыл, дем ал, жақсы көр. қабыл ал, бас и, еңбек сіңір т.б.


1V. Синтаксис бөлімінің Сөз тіркесі тақырыбын өткенде, Сөздердің байланысу түрлерін оңай меңгертудің мынадай тәсілін қолданамын.


Атау

Мен

(бастауыш)

-қиысу

Ілік

Менің

(анықтауыш)

-матасу

Барыс

Маған

(дейін, қарай, шейін)



-меңгеру


Табыс

Мені




Жатыс

Менде




Шығыс

Менен

(кейін,соң, бұрын)

Көмектес

сенімен

(бірге, қатар, қабат)




Қабысу

Мысалдар

Есімді қабысу

Етістікті қабысу

1.

Зат есім-зат есім

темір жол, алтын сағат

*




2.


Сын есім- сан е.-зат есім:

қызық кітап,сары ала гүл,

бес оқушы,ширек ғасыр


*




3.

Есімдік-зат есім

мына бала, осынау әлемде


*




4.

Есімше-зат есім:

айтар сөзіңді,оқитын өлең


*




5.

Туынды сын е.-зат

тәуелсіз ел,күн дидарлы Қазақстан, таудағы ән

*




6.

Сын есім-етістік:

жақсы айтты, тамаша орындады





*

7.

Сан есім-етістік

үш келді, екі рет алды




*

8.

Еліктеу сөз-етістік

Жалт қарады




*

















Жанасу

Мысалдар

Етістікті тіркес




1.

Үстеу-етістік:

Биыл келді, шын ниетімен айтты

*




2.

Көсемше-етістік:

Қызығып тыңдады, сөйлей кірді, жалт етіп қарады.

*














Сөз тіркесіне талдау:
Бұл – өткен он жылдағы жұмысымыздың қорытындысы.

  1. Бұл – қорытындысы – интонация арқылы, қиысу.

  2. өткен жылдағы – орын тәртібі, қабысу, анықтауыштық қатынас, есімді тіркес

  3. он жылдағы – орын тәртібі, қабысу, анық.қат. есімді т.

  4. жылдағы жұмысымыздың – орын тәртібі,қабысу, анық.қат. ес.т

  5. жұмысымыздың қорытындысы – жалғау арқылы, матасу, анық.қат. ес.т

Қазақ халқы бие сүтінің қасиетін ертеден білген.

  1. қазақ халқы білген – жалғау арқылы, қиысу

  2. бие сүтінің қасиетін – жалғ.арқ.матасу, анық.қат.есімді тіркес

  3. қасиетін білген – жалғ.арқ. меңгеру, толық.қат.етістікті тіркес.

  4. ертеден білген – орын тәрт.жанасу,пыс.қат.етістікті тіркес.

Сөз тіркесін өзіне ұқсас тұлғалардан ажырата білуде төмендегі сызбаны жиі толтырып отырған жақсы.


Ажырат

Сөз тіркесі

(еркін тіркес)

Тұрақты тіркес (фразеология)

Күрделі сөздер

Синтаксис

Лексика

Морфология

әдемі гүл

қою қара қас

қөпірден өту

кәсіптік даярлық

жастар өнері

қызыға қарау



қоян жүрек

жұмған аузын ашпау

уайым жеу

ат төбеліндей

күлін көкке ұшыру

тас қараңғы



қызыл ала

он жеті


Сәкен Сейфуллин

қазақ тілі

айтуға тура келді

күні бойы




V. Әр тарауды қайталаған соң 15 сұрақтан тұратын тестілер бойынша оқушы білімі тексеріледі.Тест сұрақтары бұдан жеті-сегіз жыл бұрынғы «Талапкер» кітапшасынан алынды. Соңғы сұрақтарда «Шешендік сөздерден»,Стиль түрлерінен,сондай-ақ үзінді авторлары жөнінде міндетті сұрақтардың болуы көп нәтижеге қол жеткізеді.

ПӘН МҰҒАЛІМІ КОРАЗОВА С.Б.

«Мамандандырылған экономикалық

лицей» ММ

Ақтау қаласы Маңғыстау облысы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет