19 наурыз 2012 жылы Экономика және басқару факультетінде «Есеп және қаржы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қош келдің әз – Наурыз!» мерекелік сайысы болып өтті. Бұл мерекелік сайыста студенттер мен оқытушылар төрт топ жарысқа түсті. «Абай ауылы» - «Есеп және қаржы» кафедрасының оқытушыларынан құралған топ, «Жәнібек ауылы» - 3 курс студенттері, «Қадыр ауылы» - 2 курс студенттері, «Бөкей ауылы»- 1 курс студенттерінен құралды. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. 1 кезең - «Таныстыру», 2 кезең - «Жорға» деп аталып, қатысушылар қазақтың ырымдарына, тағамдарына, тарихына, нақыл сөздеріне байланысты сұрақтарға жауап берді. 3 кезең - «Өнер көрсету», 4 кезең - «Салт-дәстүрден көрініс», 5 кезеңде - әр ауыл өздерінің дайындаған қазақтың ұлттық тағамдарын таныстырды. Бұл шарада топтар қазақтың ұлттық дәстүрі, ұлттық өнері, ұлттық тағамынан сайысқа түсті.
Абай ауылы баланы бесікке салу дәстүрін көрсетсе, 3 курс студенттері құда түсу, сырға салудан, 2 курс бет ашар, 1 курс тұсау кесу рәсімдерін жасады. Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды оқытушылардан құралған «Абай ауылы» жеңіп алды.
Шараның негізгі мақсаты қазақ ұлтының ұмыт бола бастаған салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын жастардың бойына сіңіріп, жаңарту болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |