1.«Қазақстан тарихы» пәнінің мақсат-міндеті, кезеңделуі, дереккөздері, тарихнамасы. Пәннің мақсаты



бет1/4
Дата13.12.2023
өлшемі47.19 Kb.
#486458
түріСабақ
  1   2   3   4
тарихи


1.«Қазақстан тарихы» пәнінің мақсат-міндеті, кезеңделуі, дереккөздері, тарихнамасы.
Пәннің мақсаты:Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі негізгі даму кезеңдері туралы объективті тарихи білім беру.
Тарихтың негізгі міндеті ұлттық сананы қалыптастыру, өткеннен сабақ, ғибрат алу, болашаққа үмітпен қарау, зерделеу болады. Егер XXI
ғасырдың азаматы ұлтының өткенін білсе, ұлттың қалай қалыптасып, қанша
қан төгіп, өзінің жерін, елін, ұлттық дәстүрін сақтап қалғанын білсе, ол адам,
ол азамат өзінің ұлтқа деген ішкі сезімін одан әрі күшейте түседі.
Кезеңделуі
Қазақстан тарихы да дүние жүзі тарихы сияқты үлкен төрт кезеңге бөлінеді.

  1. Ежелгі Қазақстан (б.з. V ғ. дейін),

  2. Орта ғасырлардағы Қазақстан (VI – XVII ғғ.)

  3. Жаңа замандағы Қазақстан (XVII – XIX ғғ.),

  4. Қазіргі заманғы Қазақстан (XX ғ.).

Тарих – ғылым ретінде көптеген маңызды мәселелерді шешеді. Гуманитарлық ғылымдар кешенінде ол басты орын алады. Ол Отан – ата мекеніміздің өткені туралы білім беріп қана қоймайды, сонымен бірге, тарихи таным – отан тарихына ортақтастық сезім қалыптастырады. Тарихты оқу - әр азаматта азаматтық көзқарас, ұлттық мәдениет қалыптастыруға және өз халқының салт дәстүрін жалғастыруға мүмкіндік береді. Осының бәрі ұрпақтар сабақтастығын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.“Қазақстан тарихы” пәнінің маңызды міндеттерінің бірі - сонымен бірге жас ұрпақтың тарихи құбылыстар мен оқиғаларды зерделеуіне, бағалауына, оларға нақты баға беруге тәрбиелеу.Өз халқыңның өткенін, оның мәдениетін зерделеу, жастарға құндылық бағдарын анықтауға мүмкіндік береді, яғни тарихтың тәрбиелік маңызы өте зор.Келешекте өмір сүріп, күн кешетін жас ұрпақ өз атамекенінің тарихын, өз шыққан тегін, ата бабаларының тарихи тәжірибесін әрі қарай мақтанышпен жалғастыру үшін білу керек.
Қазақстан тарихынан кең көлемді дерек көздері бар. Оларды- археологиялық, ауызша, жазбаша, этнографиялық деп бөлуге болады.Археологиялық деректер: қару-жарактар, еңбек қүралдары, ыдыстар, архитектуралық ескерткіштер; этнографиялық: салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, наным-сенімдер; ауызша: жырлар, хисса-дастандар, аңыздар; жазбаша: көне түрік жазбалары(Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк жырлары), көне грек жазбалары(Герадот, Страбон еңбектері), парсы деректері("Авеста"), көп кездесетіні қытай(Сыма Цян) және орыс(П. И. Рычков, А.И. Левшин, В.В. Бартольд, В.В. Радлов) деректері. Орыс деректері негізінен күнделік, жол жазбалары, статистикалық есеп ретГнде болып келеді. Қазақстанның объективті тарихын жасауда ауызша тарихнаманың (шежіре) маңызы өте жоғары. Өйткені ХХғ. 1-жартысына дейін жазбаша эдебиет көшпелілер қоғамында елеулі рөл атқарған жоқ. Кеңестік тарихнама тарихты материалистік түргыдан түсінуді үстады. Ол тарихшылардан партиялық принципті қатаң сақтауды талап етті.
Тарихнама пәнінің мақсаты тарих ғылымының қалыптасу, даму кезеңдерінің, орта ғасыр, жаңа дәуірдегі шетелдік тарихнаманың негізгі мәселелерін оқып білу. Қазақстан тарихнамасын зерделеу, негізгі тарихи мәселелер бойынша жарық көрген монографияларға талдау жасау. Тарихнама пәнінің міндеті студенттерге тарихнама ғылымы туралы негізгі теориялық, методологиялық концепцияларды таныстыру. Шетелдік тарихнаманың қалыптасуы және даму тарихын, негізгі тарихи ойпікірлерді оқыту. Қазақстан тарих ғылымының негізгі басымдықтары, проблемалары, тарихи білім берудің келешегі, Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарасты қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет